Инфоурок Начальные классы КонспектыЕңбекке баулу пәнінен "Ою түрлері" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Еңбекке баулу пәнінен "Ою түрлері" тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Скачать материал

Ою – өрнек құрастыру

4 сыныптағы «Ою – өрнек құрастыру» тақырыбы бойынша ашық сабақ жоспары 
Сабақ тақырыбы: Ою – өрнек құрастыру 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділігі: оқушыларға ою - өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы малұмат беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілірін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету. 
2. Дамытушылығы: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту; шығармашылық ізденісін дамыту; икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру; 
3. Тәрбиелігі: ою – өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу; эстетикалық талғамын арттыру; қолөнерге, еңбекке баулу. 
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру. 
Көрнекілігі: «Ою – өрнек түрлері» буклетті, «Ою – өрнектің қолданылуы» суретті плакат, сөзжұмбақ – «Қолөнер», тест сұрақтары. 
Пәнаралық байланыс: еңбек. 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Жұмыс орынын ұйымдастыру, құрал – жабдықтарын түгендеу. 
2. Жаңа сабақ. Сабақ тақырыбын хабарлап, ою – өрнек туралы баяндау. 
Қазақтың «Ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою – өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, киылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. 
Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жүкаяқ беттерін,киім – кешектерді, ыдыс – аяқтарды, қару – жарақ, зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданылады. 
Ою – өрнек түрлері мен атаулары көп. Ғылымда ою – өрнектерді 4 топқа бөледі. Олар: жануарлар тектес; өсімдік тектес; геометриялық және ғарыштық деп бөлінеді. 
Оюдын әрбір элементінде құрамында терең мағына, үлкен мән бар. Ою – өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, теекмет, сырмақ, сандық т.б. қолданылады. 
Қабырғаға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенің байқаймыз. Ою – өрнектің мағынасы жайында мынанадай аңыз-әңгіме бар екен. 
Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен, жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы: 
-Е, қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайрандап өмір сүріп жүр екен,-деп мәз болысады. 
Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағыда бір бет орамал әкеледі. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы: 
-Қызымыз бұрынғы сауық-сайраннан, бас бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты. 
Міне, ою-өрнектерді «сөйлетіп», ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен. 
Ою-өрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты құралдарымыз д дайындаймыз. 
Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.
Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалануды ескеру. 
3. Тапсырма. 
Түрлі-түсті қағаздан өз киялдары бойынша ою-өрнек құрастыру, қиып, жапсыру. Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету,іліп қою. 

4. Топпен жұмыс. 
Оқушылыларды үш топқа бөлу.Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына оқушылар бірлесіп жауап береді. 
1 - топ 
1. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді? 
а. 5 
ә. 3 
б. 4 
2. Геометриялық ою-өрнектерге қай ою жатады? 
а. Қошқармүйіз 
ә. Тұмарша 
б. Бүршік 
3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс? 
а. Торсық 
ә. Ожау 
б. Саба 
2 – топ 
1. Жануар тектес ою-өрнек? 
а. Ирек 
ә. Айшабибі 
б. Сынық мүйіз 
2. Ыдыс-аяқ салатын тұрмыстық бұйым? 
а. Аяққап 
ә. Абдыра 
б. Адалбақан 
3. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек? 
а. Шұғыла 
ә. Жіліншік 
б. Өркеш 
3 – топ 
1. Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады? 
а. Айшық 
ә. Балдақ 
б. Бүршік 
2. Қыздарға арналған ұлттық бас киім? 
а. Сәукеле 
ә. Кимешек 
б. Тақия 
3. «Ою-өрнек» атауы қай сөзден шыққан? 
а. Живопись 
ә. Орнамент 
б. Натюрморт 

Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдерін сөздерінің орнын тауып жалғастыру. 
1. Үйренгенің өзіне құт, 
Істегенің еліңе кұт. 
2. Үлгісі көптің өрнегі көп, 
Өрнегі көптің ермегі көп. 
3. Асыл қайшы пішуге сән, 
Күміс қасық ішуге сән. 


5.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағұлмат алып, оны қиып үйрендік. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден ақ өнердің барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына арналған. 
6. Оқушылардың жұмыстарын бағалау. 
7. Үйге тапсырма беру. 
Қағазды екі бүктеп, ою үлгілерін қию, түсті қағаздарға жапсыру.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Еңбекке баулу пәнінен "Ою түрлері" тақырыбы бойынша сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.10.2015 4259
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Катешова Нургуль Танатхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Катешова Нургуль Танатхановна
    Катешова Нургуль Танатхановна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12327
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе