Классный час на тему "Ұстаз-халық анасы"

Предпросмотр материала:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

 

«БЕКІТЕМІН»

Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледж директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

                                                                                      ___________ К. Дәндібаев

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Құттықтау акциясы

 

 

 

 

Тақырыбы: Ұстаз-халық анасы

Дайындаған: Алпамышева Қарлығаш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақорған 2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Ұстаз-халық анасы

 

Сабақтың мақсаты: Ұстаздардың қадыр-қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды құрметтеуге тәрбиелеу; студенттердің ой-өрісін кеңейту; ұстаз бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге үйрету.

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильм

 

Сабақ әдісі: Құттықтау акциясы

 

Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Ұстаздар күні-білім саласы қызметкерлерінің кәсіби меркесі-1994 жылы ЮНЕСКОмен бекітілген және әдетте қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі. Күрең күздің жаңға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде төл мерекелеріңіз-Ұстаздар күні де келіп жетті. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

1-студент:

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

 

Жүргізуші: Студенттердің орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар! Ән «Ұстазым, менің ұстазым»

 

2-студент:

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

 

Жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер алдан тусын әлі.

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

 

«Білгенге маржан» (ұстаз туралы нақыл сөздер мен қанатты сөздер айтылады):

Адамның адамгершілігі ұстаздан болады.

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Қайратсыз ашу-тұл,

Шәкіртсіз ұстаз-тұл.

Ұстаз көрген хат таныр және т.б.

 

Жүргізуші: Мұғалім-мәртебелі мамандық. Шәкірт жүрегіне білім нұрын себумен қатар оны болашағына бағыт-бағдар беретін де мұғалім. Ұстаз болу ұзақ жылдар тәжірибе жинақтап, көп іздену қажет. Дана да, ақын да, ғалым да, болашақтың басшысы да ұстаз алдынан дәріс алған. Шынында да, ұстаз еңбегі-ұлы да ұлағатты еңбек. Ұстаз еңбегінің өлшемі шәкіртімен өлшенеді, бағаланады. «Білімді, сауатты адамдар-бұл XXI ғасырда адамзат дамуының негізгі  қозғаушы күші» деген елбасымыздың сөзі әрбір мұғалімге ой салады. Еліміздің келешігі-жастар, ал олардың болашағы ұстаздардың білім-білігіне тәуелді. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ақын Абай атамыздың жыр жолдарын жанына серік еткен ұстаздар әрдайым құрметті.

 

3-студент:

Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Төгілген арай шуағым.

Арманым қонса қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын.

Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым,

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

 

Жүргізуші: Келесі кезекте ұстаз туралы студенттердің түсірген бейнебаяны. Бейнебаян.

 

4-студент:

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін.

Келешекке-алтын бақ,

Қосар таудай үлесін.

Жасай берсінжарқылдап,

Ұстаз атты ұлы есім!

 

Жүргізуші: Келесі кезекте ұстаз туралы студенттердің ұстаз туралы ойлары мен пікірлері, ұстаздарға арнаулары, құттықтау сөздері.

 

Ұ-тәрбиелеуші

С-колледждің жүрегі

Т-ұлағатты есім

А-ұлы тұлға

З-ұлттың тірегі.

 

5-студент:

Ұстазым екінші анам аялаған,

Біздерден бар білімін аямаған.

Оқысын, білім алып, үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.

Ақ көңіл, іскер қашанда,

Ақылшым менің-ұстазым!

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Күз мерекелерінің ішіндегі жарқын мереке Ұстаздар күнінде шын жүректен бейбітшілік және қамқорлық, махаббат пен құрмет, бақыт пен денсаулық, талантты шәкірттер мен шығармашылық белестерді тілейміз!

 

 

 

 

Классный час на тему "Ұстаз-халық анасы"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Алпамышева Карлыгаш Орынбасаровна

преподаватель физики

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 48284
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 20
  • 48284
    просмотров
  • 20
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Алпамышева Карлыгаш Орынбасаровна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: