Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект урока по математике в 1 классе "7 санын қосу және азайту"

Конспект урока по математике в 1 классе "7 санын қосу және азайту"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:     « 7 санын қосу және азайту»

Сабақтың мақсаты:          1. Білімділік

Оқушыларға 7 санын қосу және азайту әдістері жайлы жалпы мағлұмат беру. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы білімдерін пысықтау.Тірек білімдерін жетілдіру үшін ойын арқылы ауызша санау дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық

Оқушылардың жан- жақты  ойлау, есте сақтау, өз бетінше шешім қабылдау, қорытынды шығару, ой- пікірлерін білдіру, логикалық ойлау  қабілеттерін, ой- өрісін  дамыту. 

3. Тәрбиелік

Оқушыларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа және шапшандылыққа тәрбиелеу. Математика пәніне деген құштарлығын, қызығушылығын ояту. Қазақ халқының салт – дәстүрін есте сақтап, оқушыларды адамгершілікке баулу және тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: проблемалық сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау,

ой қозғау, жұмбақ шешу, ойын ойнату, әңгімелесу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес-  ертегі сабақ

Пән аралық байланыс: дене тәрбиесі, өзін өзі тану, ән-күй, ана тілі

Сабақтың көрнекілігі: математикалық сызбалар, сан сәулесі, сюжетті суреттер, жұмыс дәптері №3, оқулық, мақал- мәтелдер, сауыт, кәмпит, тәрелке, дидактикалық материалда, геометриялық фигуралар, оқу құралдары, шот таяқшалары.

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі

-          Сәлеметсіздер ме балалар?

-          Отырыңдар

-          Сыныпта бүгін кім кезекші?

-          Сыныпта бүгін кім жоқ?

2. Үй тапсырмасын тексеру

     -   Үйге қандай тапсырма берілді?

     -   Үй тапсырмасын барлықтарың орындадыңдар ма?

     -   Өте жақсы.

3.  Жаңа сабақ

      I. Балалар, бүгін біз  сендермен  7 санын қосу және азайту әдістерімен танысамыз. Сабағымызды бастамас бұрын бір – бірімізге өзіміздің жылы жақсы сезімдерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік. Қимылдарды көтеріңкі көңіл  күймен, өз еркімізбен жасайық.  

                                    Қуанамын мен де,

                                    Қуанасың сен де,

                                    Қуанайық, достарым,

                                    Арайлап атқан күнге.

Рахмет балалар, орнымызға отырайық

Балалар , бүгін біздің сабағымызға  қонақтар келіп отыр, қонақтарымызға сәлем берейік.

Армысың сұлу күн,

Армысың ашық аспан,

Қайырлы күн баршаға!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Рахмет балалар, орнымызға отырайық.

II.                 Мұғалімнің кіріспе- әңгімесі:

Балалар, бүгінгі сабағымыз 7 санмен байланысты болғандықтан, мен сендерге осы сан туралы толығырақ айтып берейін.

Қазақта 3,5,7 сандары киелі, қасиетті сандар болып саналады. Әсіресе 7- ге байланысты  көптеген ұғымдарды білеміз.

Кәне есімізге түсірейік? 

7 ата- Кім атап шығады?(ата- әке- бала -немере- шөбере- шөпшек-немене- туажат )

7  қазынаны-  Кім атап береді? (ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,  берен мылтық )

Ал бір аптада неше күн бар?  (7)

Кәне кім маған атап береді? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі )

Өте жақсы, одан басқа 7 санына байланысты тағы әлемнің 7 кереметі, 7 нота,

 7 ғашық және т. б ұғымдар бар.

Ал, 7 саны туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

-          Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

-          Жерден жеті қоян тапқандай.

Балалар мен сендерге 7 күн туралы бір қызықты ертегі айтып берейін бе?  Ертегі тыңдауды ұнатасыңдар ма?

-          Өте жақсы, ал ендеше мені мұқият тыңдап отырыңдар.

Ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде  «Апта» деген бір патша өмір сүріпті. Оның 7 ұлы болыпты. Патшаның ұлдары бір- бірімен ұрсысып, төбелесіп, тәртіпсіз болған екен. Бұл дұрыс па? Осы ұлдарын достастыру үшін патша не істерін білмей, ақыры аяғында мындай құлыққа барады. Ұлдарын жанына шақырып, былай дейді:

-          Әр біреуіңе өздеріңе тән қызметтерін бөліп беремін. Бұл қызметтерге ие болу үшін мынадай тапсырмаларды орындау керексіңдер- деп тіл қатады. Егер орындай алмасаңдар онда мен сендерді ұлым деп атамаймын,және ешбір байлығыма ие болмайсыңда – дейді. Ұлдары не істерін білмей сендерден көмек сұрай келіпті.

-          Көмектесеміз бе?

-          Жарайды , ендеше іске сәт балалар.

1 ұлы – Дүйсенбі:

Математикалық диктант

(дәптерге жазу)

4- пен 5- тің қосындысы         4+5

     7- мен 3- тің айырмасы          7-3

     8- бен 1- дің қосындысы          8+1

     10- мен 4- тің айырмасы        10-4

2 ұлы – Сейсенбі:

    Оқулықпен жұмыс жүргізу:

№1 Сан сәулесімен жұмыс жүргізу.

                                               (ауызша)

Оң жағында  - «+»,  кейінгі сан шығады

 

 


     0        1         2        3        4        5        6        7        8       9        10  

   

    Сол жағында - «-», алдыңғы сан шығады

 

 


     0        1         2        3        4        5        6        7        8       9        10

 

 

                                                       3 ұлы – Сәрсенбі:

              «Арифметикалық таразы» ойыны арқылы орындау           

    № 2    «7 санын қосу және азайту кестесімен таныстыру»

                                             (дәптерге жазу)

1+7             7+1          8-7

2+7             7+2          9-7

3+7             7+3         10-7

       Сергіту сәтін өткізу

Иіл оңға,  түзу тұр,

Иіл солға, түзу тұр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

                                                           4 ұлы – Бейсенбі:

                                          «Математикалық ойын есептер»

                                                                       (ауызша)

Табақта бес алма,                                 Екеуін бердім апама,

Қолымда екі алма,                                 Біреуін алды атам да,

Барлығын қосқанда                               Үшеуін бердім әкеме,

Болады неше алма?(7)                           Нешеуі қалды өзіме?(1)

 

5 ұлы – Жұма:

                                    № 3-ші сөзді есепті шығару

                                             (дәптерге жазу)

                         Сөзді есептің элементтерін атап беру

·         Шарты:                       Кәмпит – 6

                                           Тәрелкеде – 2

·         Сұрағы:                       Сауытта -?

·         Шешуі:                         6 -2 =4

·         Жауабы:                      Сауытта 4 кәмпит бар.

 

       Сергіту сәтін өткізу:

 Бас бармағым – алғашқы,

 Балан үйрек - жалғасы,

 Ортан терек – нағашы,

 Шылдыр шүмек – ағасы,

 Кішкене бөбек- балақан,

 Бәріне ортақ – алақан.

 

     6 ұлы – Сенбі:

                            №5  «Кім тапқыр» ойынын ойнату

                                                      (ауызша)

- Балалар, мынау ненің суреті?

                                              Бұл мысық.

- Қандай фигуралардан құрастырылған?

                               (Дөңгелек, үшбұрыш, сәуле)

- Неше дөңгелек, үшбұрыш, сәуле бар?

                    (дөңгелек- 3; үшбұрыш – 8;  сәуле – 6)

 

     7  ұлы – Жексенбі:

                                                    «Жұмбақ шешу »

                                                             (ауызша)

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.    (сызғыш)

 

- Сызғышты не үшін пайдаланамыз?

- Кесінді, геометриялық пішіндерді сызғанда.

  

III   Сабақты қорытындылау:

-          Өте жақсы, балалар біз сендермен «Апта» патшаның ұлдарына көмектестік. Олар сендерге өздерінің ризашылығын бідіріп жатыр. Енді бүгіннен бастап патшаның ұлдары өз міндеттерін, қызметтерін толық орындайды және сендер сияқты ақылды, тәртіпті, әдепті балалар боламыз деп уәде берді.

-          - Сонымен балалар, бүгін біз сендермен  қандай санды қосып және азайтып үйрендік?

-          7 санын қосқанда алдыңғы ма, әлде кейінгі ме сан шығады?

-          Кейінгі

-           Керісінше саннан 7 санын азайтқанда алдыңғы ма, әлде кейінгі ме сан шығады?

-          Алдыңғы

-          Өте жақсы

Үй тапсырмасын беру: 131 бет № 4

        Бағалау: Сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыға, және сабақта дұрыс жауап беріп отырған оқушыға тиісті бағасын қою.

 

        

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по математике в 1 классе "7 санын қосу және азайту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2015 552
    • DOCX 35.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаукерова Анаргуль Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6122
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе