Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыКәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамытудың инновациялық бағыттары

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамытудың инновациялық бағыттары

Скачать материал

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

ФИЛИАЛ АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ»

 

РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ РУКОВОДЯЩИХ И НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИХ  РАБОТНИКОВ СИСТЕМЫ ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

 

 

Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасы

 

Тақырыбы:

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамытудың инновациялық бағыттары

 

 

 

 

Орындаған:

Ғ.Мүсірепов атындағы аудан,

 Айқын Нұрқатов атындағы

 Шұқыркөл ОМ директоры С.Е.Разахова                                                                                                      

 

 

                                                                                   Тексерген: Көмекова С.

 

 

 

 

 Петропавл қаласы, 2015жыл

Жұмыс тақырыбы: Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзырет-тілігін дамытудың инновациялық бағыттары

Мақсаты: кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамыта-тын  инновациялық бағыттардың түрлері, оны тиімді пайдаланудың маңызын ашу

Жоспары:

1.     Кәсіби бағдар беру  жұмыстарын басқару құзыреттілігіне түсінік беру;

2.     Басқару құзыреттілігін дамытудағы инновациялық бағыттарға түсінік беру;

3.     Инновациялық бағыттардың түрлерімен таныстыру;

4.     Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін оқу үрдісінде   ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Елбасының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты  негізінде- әлемнің құбылмалы жағдайында инфрақұрылымды дамытуға басымдық беру мен табысты ұлттық  ортақ тренді қалыптастыру, сапалы жолдармен ком-муникациялар салу, инфрақұрылымдар құрылысының кең ауқымды жоба-ларын іске асыру, лайықты еңбекпен қамту, барлық өңірлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасаумен қатар мемлекетіміздің экономикалық саясатын берік ұстану- ол  дағдарыстан шығудың қазіргі таңда бірден бір көзі болып отыр.

      «Қазақстан-2050»- мәңгілік  Елге бастайтын ең абыройлы,ең  мәртебелі жол екендігін анықтайтын жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін он креа-тивті  идеяларының бірі: инновциялар мен ғылым.

       Еліміздің  жарқын болашағын бағдарлайтын нақты істер бағдарламасы екені белгілі. Кезеңмен  бесжылдықтарда мобильді,мултьимедиялық,нано және ғарыштық технологиялар, роботты техника,  гендік инженерия сала-лары, болашақтың энергиясын іздеумен ашудың негізгі бағыттары көрсе-тілген. 

      Елбасының жолдауының маңыздылығы- еліміздің болашақ бағыт-бағдары айқындалып «Қазақстан  -2050» стратегиясының  жүзеге асу барысы белгі-ленген.

      Жолдаудағы он жаңашыл идея тұлғаның патриоттық сезімін көтерін нық даму жолына бастайтынын білеміз.

    Осыған байланысты Қазақстандық  білім жүйесіндегі жаңа  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, халықаралық мектеп-термен жалпы орта және кәсіптік, жоғары білім сатыларында білім мазмұнының жаңғыруын  заман талап етіп отыр.

       Жалпы орта білім алушылар  кәсіптік білімнің өзіндік құндылығымен, ерекшелігін  тани отырып, қоғамдық қарым-қатынастың өзгермелі уақытта жүйесіздігінен мамандық алуда  өз еріктерінен тыс табыс көзіне мақсатталған мамандықтарды таңдауға мәжбүр  болып отыр.

     Осыған орай қазір  білім беру  жүйесін жетілдірудегі  маңызды міндеттер қойылып отыр:

 -педагогикалық білімнің мазмұны мен әдістерін жаңарту;

-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауда  теориялық және практикалық инновациялық бағыттарды анықтау;

-оқу-тәрбие процесіне инновациялық ақпараттық-коммуникациялық білім беру   технологияларын енгізу;

-кез келген  жағдайда өз бетімен  оң шешім қабылдай алатын, өзіндік білім алу  траекториясын құрастыра білетін және  оны тиімді  жүзеге асыру жолдарын анықтай алатын, оны тиімді жүзеге асыра білетін интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу, яғни адами капиталды  қалыптастыру.

       Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамта-масыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алды-мен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталанды-руды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті деген мағынаны білдіреді.

       Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана бол-са, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселе-лердің бірі болып отыр.

       Жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бөлуге болады.

        Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі жэне оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

      Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

          Радикалдық инновация  – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, пара-метрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптасты-рады.

          Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.

       Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

-инновация туралы білімі;

-инновацияны жан-жақты меңгеру;

-инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;

-инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

      Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

-  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы    жаңа   инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа   инновациялык   технологияларды   енгізу   жүйелі  әрі   мақсатты  түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Бүгінгі мақсат — әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

        Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

        Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.

       Барлық мектептерде, ресурс орталықтарында кәсіби бағдарлау  мақсатында педагогикалық іс-әрекеттер ұйымдастырылған.

     Орта білім саласында кәсіптік бағдарлау мақсатында қосымша дәрістер жүргізіліп, ресурс орталықтармен тығыз байланыс орнатылған.

       Мектептің қабырғасында түлектер тек мамандықтың түрлері, оның маңыздылығы мен  ерекшелігін танып түсінеді.

      Мектептегі ұлттық біріңғай  тестілеу – тұлғаның пәндік құзыреттілігін, функциональдық сауаттылығын бағаласа, қазіргі таңда оның мамандыққа бейімдеуі мен  бағдарлануын бағалай алмайды.

     Жаңа форматтағы ұлттық біріңғай тестілеу    2015-2016 оқу жылында 3+2 (3 пән міндетті  + 2 пән таңдаулы) үлгісінде  жүзеге асырылмақ. Одан кейінгі жылдары шет  тілінің кіріктілуі қолданысқа енгізіледі. Осыған орай мектепте тұлғаға кәсіби  бағдар беру жұмыстары: кәсіптік оқыту кабинеті, сауална-малау диагностикасы, өндірістік саяхаттар ұйымдастыру, пәндік бейімделу бағытындажәне жаңа мультимедиялық ақпараттар беріліп отырады.

      Жалпы кәсіптік бағдар мына сұрақтарды: әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды.

                Жазылған жұмыс негізінде - кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамытудың инновациялық бағыттардың оқу үдерісінде дұрыс таңдалуы бойынша білім берудің сапасын басқарудың  жобасы ұсынылды.

       Жұмыстың қорытындысы- кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігі заманауи талаптарға сай келуі, оны ұйымдастыру– мектеп басшысының әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, менеджерлік іс-әрекеті қабілетінің арқасында жүзеге асуы керек.

Кәсіптік бағдар - бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет.

        Тәжірибе көрсеткендей оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсыр-маларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр.

          Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педаго-гикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады.

«Кәсіптік бағдар» түсінігі - қоғамның мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады.

Сондықтанда кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын:«іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық.

Философиялық сөздіктерде «іс әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады.

     «Бағдар» түсінігі мамандық таңдауда  негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.

Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы.Осыған байланысты  кәсіби бағдар беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз.

 

 

Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.

Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.

Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

Бұл топтағы соңғы принцип-даму принципі. Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.

             Мектептегі ұйымдастырылған - кәсіптік бағдар кабинеті

Кәсіптік бағдар әдістері әр-түрлі. Оқушының (жеке тұлғаны) зерттеу мақсатында педагогикалық бақылауды, іс әрекет қорытындысын (талдауларын) оның оқу биографиясындағы нәтижесін, анкеталық, интервью алу, әңгімелесу, социометрия, психоло-педагогикалық және лабораториялық эксперименттер, психологиялық тестілерді қолданылады.

Кәсіптік ақпаратта әңгіме, демонстарциялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.

 

Кәсіптік консультация ұзақ жүйелік бақылау және түрлі оқып үйрену әдістермен жүргізілген бақылау көмегімен анықталған және нақтыланған, сонымен қатар консультация кезінде психологиялық және лабораториялық эксперимент, медициналық және түрлі әдіс көмегімен тұлғаның мінездік қасиеттерін есепке алады.

Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөліп көрсетуге болады;

a) оқу процесіндегі іс әрекет - кәсіпорындағы өндірістік практика;

б) сабақтан тыс жұмыстар барысы.

Ұжымдық әдіспен топ, бригада болып жұмыс істеу жақсы жетістіктерге жеткізеді. Кәсіптік мектептің оқу жоспарының кешеніне қоғамдық, жаратылыстану, математика, кәсіптік-техникалық білім салалары енгізіледі. Бұл салаларыда кәсіптік бағдар берудің мақсат міндеттері айқындалады.  Оқушылардың үздіксіз білім алу жүйесінде әлеуметтік кәсіптік тәрбие беру ісі оң нәтижелерін көрсетуде.

Сондай-ақ жоғарыда атап көрсетілген жүйені мектептерде ғана емес, кәсіптік мектептерде де іс жүзіне асыру мүмкіндігі мол.

 

            Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін оқу үрдісінде   ұйымдастыру

Үздіксіз білім берудің жаңа жүйесін құруда білім мазмұны және құрылымын өзгертумен қатар, инновациялық үрдісті басқаруда білім мекемесі басшысының құзыреттілігін зерттеу және бағалау мәселесі туындаған.

Білім жүйесінің дамуы мен басқарудың заманауи жағдайлары инновациялық үрдістерді зерттеудің аумағын кеңейтуді талап етеді.

Ол тұлғаның жаңа экономикалық және әлеуметтік өзгерістерде тұрақты икемделуі мен оның қоғамда, тұрақты иекмделуімен оның қоғамда, адами шығармашылық потенциалының дамуы мен өзі көздеген талаптар, мақсат, құндылықтарды ескеріп өз өмірін ұйымдастыруы мен басқаруын көздеп отыр.

Қазіргі таңда инновациялық үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі жеткіліксіз болып тұр.

Инновациялық  жобалар талдауының болмауы, сапа мониторингісі мен оны енгізудің жеткіліксіздігі басты мәселеге айналды.

Соңғы он жылда заманауи білім жүйесіндегі инновациялық үрдістердің теориялық негізін өңдеуге бірнеше зерттеулер жүргізілген.

Осы бағытта Л.Н.Абдуллина, К.Ангеловска, А.В. Бельков, Е.Г. Ефимова, Г.В.Ильяхинская, М.В.Кларин, Г.М.Ковалев, С.А.Кузнецова, В.С.Лазарев, Н.П.Макаркин, Л.С.Подымова, М.М.Поташник, С.К.Сергеев, В.И.Слободчиков, О.Г.Хомерин, А.В.Хуторской, В.А.Шаповалов, Т.И.Шамова, Н.Р.Юсуфбекова, Е.А.Ямбург және т.б. ғалымдар зерртеулер жүргізген.

Төменде құзырлылықтың түрлерінің сызбасы келтірілген.

 

 

                                 Құзырлылық

 

    Инновациялық                                Басқару құзыреттілігі

 

 

           Инновациялық-басқару құзырлылығы

 

 

Білім  беруді  басқару психологиясы мен социологиясы, жалпы педагогика, кәсіби білім беру бойынша отандық және шет ел әдебиеттерінің теориялық талдауы негізінде, келесі құзыреттіліктер ұсынылып отыр.

Өзіндік инновация немесе жаңалыққа құштарлығы, жаңалық элементін тани білу, мәселені шешудің жаңа жолын ұсыну, басқару жұмысына дайындығы және т.б.

Басқарудың инновациялық құзыреттілігі - басқару субьектісін рефлексивті тәжірибе негізінде, яғни инновациялық жаңа мазмұнын көруге бағдарлауды білдіреді.

Еркін шығармашылық ізденіс күйде болған субьект жаңа шешім, тәсіл мен технологияны ұсынуы міндетті.

Қазақстандық патриотизді дамытудың философиясы негізінде, талантты және дарынды балалармен жұмыс жүйесі ұлттық интеллектуалды потенциалды дамытудың факторы негізінде, білімнің бәсекеге қабілеттігі ретінде үш тұғырлы тілді кеңістігін дамыту мәселесі көтеріліп отыр.

Білім берудің сапасын басқару нақты, дәл ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.

Мониторинг- білім беру үрдісінің талдауы болып табылады.

Басқарудың ақпараттық базасы негізінде басқару, бағалау, жоспарлау кіреді.

Сіздерге инновациялық бағыттарды басқарудың өзіндік үлгісі ұсынылып отыр.

Басқарудың мақсаты:  Кәсіби бағдар беруді дамытудың инновациясы негізінде - білім мазмұнын жаңартуға бағытталған кәсіби бағдар беріп оқыту сапасын арттырудағы  жаңа бағыттарды таңдау

Басқару қағидалары: үздіксіздік, басқару қарқындылығы

Басқарудың әрекет тәсілдері: жүйелілік, дамытушылық, мақсат бағыттылық

Бақару әдістері: өзара тәуелділікпен өзара байланыс

Жоспарлау фукциясы: Ұжымдық мақсат пен міндеттерді таңдау.

Білім ортасының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктерін, қауіптілігін талдау, іс-әрекет жоспарларын құру, жоспарды ұжымның әрбір педагогына жеткізу және білім сапасын арттыру әдістерінің көрсеткітерін таңдау

Ұйымдастыру фукциясы: міндеттер мен жүктемелердің тең бөлінуі, ұйымдастыру құрылымын қалыптастыру, оқу ісі жөніндегі орынбасардың лауазымдық жұмысының ұйымдастырылуы, ақпараттық- әдістемелік, маманмен, материалды қаржы ағындарымен қамтамасыз ету

Басқару функциясы: педұжым мүшелеріне үйлесімді өзара қарым-қатынас орнату арқылы ұйымдасқан түрде жоспарды іске асыру, инновация ресурстарын құру, инновация қалыптастыру

Бақылау функциясы бұл - сапалы білім беруді ұйымдастырудың негізгі мәселелеріне стратегиялық бақылау- инновациялық қызметті өздігінен бақылауы. Қызмет нәтижесінде сандық және сапалық баға беру

Бағалау түрі критерий қою арқылы сауалнама  сараптамасының қорытындысы

Осының негізінде мақсатты бағытталған жұмыс маңызды және мазмұнды болады, сонымен қатар мектепішілік бақылауды таңдау, білім қызметінің өзекті және қолдаушы нәтижелерін білім сапасын арттырудың ресурсы ретінде қарастырылады.

Жоғары  сынып  оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын мониторингілеу (бақылау және бағалау нәтижелері ) 

Мектеп бітірушілердің мамандықты дұрыс таңдауы кәсіптің қоятын талаптары бойынша оқушылардың мүмкіндіктерін, икемділіктерін, қызығушылығының кәсіпке жарамдылығын көрсетеді.

Мектепте дифференциалды - диагностикалық сауалнама, диагностикалық сұхбаттау әдісі, «қызығушылық картасы», «коммуникативті ұйымдастыру-шылық қабілеті», мектеп бітірушілердің икемділіктерін кәсіптік айқындау сауалнамасы түрінде жұмыстарды, кәсіптік бағдар беру, ресурс орталығымен байланысты ұйымдастырып, кәсіби бағдарлауды басқару құзыреттілігін жетілдіруіміз қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Егемен Қазақстан, № 11, 2014. 1 б.

2.sciencle-education.ru

3. Юсуфбекова Н.Р. О педагогической инноватике / Н.Р.Юсуфбекова//  Советская педагогика. – 1991. - № 11

4. . Юсуфбекова Н.Р. Проблемы и перспективы развития теории инновационных процессов в системе бразования / Н.Р.Юсуфбекова// Единое образовательное пространство стран СНГ и ближнего зарубежья. –М., 1993 (1994) . – с.31-44.

5. Қазақстан   Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы,  2007.

6. Жолмұқан Түрікпенұлы. Кәсіптік бағдар. -Алматы: Санат, 1995-145 бет.

3. Мектеп және мамандық таңдау. Мектеп баспасы, Алматы: 1973-207 бет

4. Витиньш В.Ф. Реформа школы и профессиональная ориентация

    школьников; - М.: Педагогика, 1988-120 с.

5. Захаров Н.М. Профессиональная ориентация школыников. - М.:

    Просвещение, 1988-272 с.

6.  Климов Е.А. Как выбрать профессию. - М.: Просвещение, 1990-160-с.

7.  Клосова Л.А. Профессиональная ориентация учащихся и труд семейные

     династии. - Воронеж: Изд. Вор. универ, 1992-136с.

8. Чистяков С.Н., Захаров Н.М.Профессиональная ориентация школьников.

    - М.: Педагогика, 1987-160 с.

9.  Шадиев     Н.Ш.     Венкласная     и    внешкольная профессиональная

     ориентация учащихся. - Ташкент: Фантазия, 1988-112 с.

10.Калугин Н.И. и другие. Профессионалыная ориентация учащихся. - М.:

     Просвещение, 1983-190 с.

11. Кальней В.А. и другие. Основы методики труда и профессионального

      образования. - М.: Просвещение, 1988-179 с.

12. Сейтешов А.П. Пути профессионального воспитания учащихся

      молодежа. - Алматы: Мектеп, 1988-189 с.

13.Чистяков  Н.Н.  жәнө т.б.   Еңбек пәні  мұғаліміне оқушылардың

     кәсіптік бағдары туралы. - Алматы: Мектеп, 1988-176 бет.

14.Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. - М.: Просвещение,

     1981-146 с.

15.Дьяченко Н.Н.  О профессиональном орентации молодежа. - М.:

     Высшая школа, 1969-135с.

16.Профессиональная орентация учащихся. / А.Д. Сазонов, В.Д.

    Симоненько, С.В. Аванесов, Б.И. Бухалов; Под. ред. А.Д. Сазонов. - М.:

      Просвешение 1988-235 с.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кәсіби бағдар беру жұмыстарын басқару құзыреттілігін дамытудың инновациялық бағыттары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2015 6442
    • DOCX 69.9 кбайт
    • 33 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Разахова Салтанат Ерсайновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Разахова Салтанат Ерсайновна
    Разахова Салтанат Ерсайновна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 121455
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс повышения квалификации

Созревание оболочки: процессы, технологии, требования

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Реализация ФОП: содержание, внеурочная деятельность и оценка качества образования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе