Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Ұлы Жібек жолы, Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Ұлы Жібек жолы, Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Ұлы Жібек жолы, Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы». Сабағымыздың мақсаты- осынау кең байтақ шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін байланыстырып жатырған Ұлы Жібек жолы туралы, Қытай мемлекетіндегі басқыншылық жорықтар мен оның алғышарттары және елдегі халық көтерілістерімен танысатын боламыз. Біз өткен сабағымызда топқа бөлініп, әр топқа бүгінгі жаңа сабағымызға қатысты тақырыптарға тапсырмалар берілген болатын. Сол тапсырма бойынша әр топ өздерінің таңдаған бағыттары бойынша дайындалып келулері тиіс. Ендеше, кезекті 1-ші топқа берейік.

I-топ.Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы. (Көрініс көрсету арқылы түсіндіру)

I-топ басшысы Есболсын Жасмина. Бізге берілген тақырып «Ұлы Жібек жолы»деп аталады. Сондықтан ең алдымен сіздердің назарларыңызды мына видеороликке аударсақ дейміз. (Ұлы жібек жолы туралы қысқаша видеоролик көрсетіледі)Біз өзімізге берілген тақырыпты көрініс көрсету үлгісін пайдалану арқылы толықтырмақпыз.

1-бала(жүгіріп шығады)-Уа, халайық қуанышты хабар. Сүйінші, сүйінші! Мұндайды көргенде арманда, көрмегенде арманда. Біздің ауылымызға тұңғыш рет сауда керуені келе жатыр. Ол жай ғана сауда керуені емес, Шығыс пен Батысты байланыстырған Ұлы Жібек жолымен атақты, әйгілі Саудагерлер мен Шығыстың хас сұлулары келе жатыр. Қане, халайық, қалыс қалмаңыздар, келіңіздер, көріңіздер. Қызу саудаға араласыңыздар. Оған ешқашан өкінбейсізде. (Шығыс музыкасы естіледі, бишілер, саудагерлер келе жатады) Бас саудагер:-Уа, жарандар! Бүгін сіздердің ауылдарыңызда үлкен жәрмеңке өткелі тұр. Келіңіздер, көріңіздер, сұранысқа ие болған жібек матамызды, әшекей-бұйымдарымызды т.б тауарларымызды саудаға саламыз. Бірақ, біздің бүгінгі жәрмеңкеміз ерекше болмақ. Егерде кімде-кім бұйымдарымызды халыққа жеткілікті түрде жарнамалап, нақты мәліметтер айтатын болса, оларға бұйымдарымызды тегін береміз. (Жібек маталар, әшекейлер, шәй т.б сатылады.

II, III топтан оқушылар бөлініп шығып,саттықтағы заттар туралы мәлімет айтып, заттарды сатып алады.

Бас саудагер: Саудамыз, мінеки халайық сіздердің арқаларыңызда біздің бүгінгі саудамыз сәтті өтті. Біздің тауарларымыз туралы жақсы-жақсы мәліметтер алдық. Көп біледі екенсіздер. Бұған біз еш өкінбейміз. Өкінішке орай, біздің әліде баратын жерлеріміз, аралайтын елдеріміз көп. Сондықтан да сіздермен қоштасуға тура келеді. Ал, саудагерлер, жиналыңыздар, жолға аттанайық. Сау болыңыздар (керуен шығып кетеді).

Топ басшысы: Бүгінгі сіздерге дайындаған көрінісімізді тамашалағандарыңызға көп рахмет. Біздің мақсатымыз - Ұлы Жібек жолы арқылы өткен сауда керуенін көз алдарыңызға келтіре отырып, түсіндіру. Назарларыңызға рахмет!

II-топ.Тақырыбы: «Басқыншылық жорықтар, көтерілістердің алғышарттары. (слайд көрсету, «Білгірлер отауы» сайыс.)

II-топ басшысы: Амангелдина Ғазиза. (слайдпен түсіндіру.) Біздің тақырыбымыз- «Басқыншылық жорықтар, көтерілістің алғышарттары». Ең алдымен,слайд-шоуға назар аударайық.(топ басшысы слайдпен түсіндіріп өтеді)

Тақырыбымызды толықтыру және қорытындылау үшін,біз «Білгірлер отауы» сайысы түрінде өткізуді ұсынамыз.

I-жүргізуші:(Қапсиқов Әділет)-Армысыздар, білімді тұмар қылған, көрермен!

Біздің сайысымыз 4-кезеңнен тұрады:

I кезең. Деректер.(әр топ сұрақтарға жауап береді)

II кезең. Дәлелдер.(Сұрақтарға ия, жоқ деп қысқа қайыру және дәлелдеу)

III кезең. Бедерлер.(1-2 топқа арналған жасырын суреттер, ұяшықты ашу арқылы, суретті табу)

IV кезең. Жеделдер.(жедел сұрақтар қойылады)

(Әр кезең бойынша 2 топтың жылдамдығы, білгірлігі анықталады.)

I кезең сұрақтары:

1.Чжан Цзянь бастаған керуен елег неше жылдан кейін қайтып оралды?(13 жыл)

2.Шығыс пен Батысты байланыстыратын жол қалай аталады?(Ұлы Жібек жолы)

3.Батыстаға алыс елдерге баратын жолды өзіне қарату үшін әскери жорыққа дайындалған патша?(У Ди)

4.Шығыс Түркістан жеріне бірнеше жорық жасаған Қытай қолбасшысы кім?(Бань Чао)

5.Шандун аймағындағы ірі көтеріліс қашан басталды?(б.з 18жылы)

6.Цинь патшалығының орнына келген әулет?(Хань)

7.Фан Чун әскерінің саны қанша?(10мың)

8.Сары орамалдылар көтерілісінің қолбасшысы кім?(Чжан Цзяо)

II кезең сұрақтары:

1.Б.з.б. III мыңж.Қытайда Жібек маталар жасалынды ма? (ия)

2. Б.з.б. III ғ.с. құлаған Цинь патшалығының орнына Тонь әулетінің билеушілері келді ме? (жоқ)

3.Басқыншылық жорықты батыл жүргізген Қытай билеушісі У Ди болды ма?(ия)

4.Чжан Цзянь елдеріне баратын жолды барлап қайтуға жіберілген елші керуенін басқарды ма?(ия)

5.Қытайда еңбекші халықты және құлдарды қамау болған жоқ дегенге келісесіз бе?(жоқ)

6.Бан Чао-Қытай патшасы болды ма? (жоқ)

7.Қытай билеушілерінің басқыншылық жорықтары б.з. 1 ғ.с. күшейді ме?(ия)

8.Батысқа жасалған жорықтардың басты мақсаты-халқын бағындыру болды ма?(жоқ,жаңа жерлерді басып алу,сауда жолына ие болу)

III кезең.Жасырын суреттерді ұяшықтар таңдау арқылы табу.

IV кезең сұрақтары: Жеделдер.(жедел сұрақтар қойылады)

I топ сұрақтары :

1.Өзін патша деп жариялаған кім?(Ван Ман)

2.Сары орамалдылар көтерілісі қашан болды?(Б.з. 2 ғ.с.)

3.Чжан Цзян басқарған көтеріліс қалай аталды?(сары орамалдылар)

II топ сұрақтары:

1.Қызыл қастылар көтерілісінің басшысы?(Фан Чун)

2.Қытайда көтерілістер неше жылға созылды?(20жылға)

3.Керуен басшысы?-(Чжан Цзян)

Бұл сайыс бойынша 1 топ мүшелері жеңімпаз болды.

III топ.Тақырыбы: «Халық көтерілістері».(слайд көрсету, «Айтуға оңай» желісінде түсіндіру).

III топ басшысы:Гайнуллин Алпамыс. III топқа берілген тақырып: «Халық көтерілістері». «Ең алдымен осы тақырыпқа арналған слайдпен топ басшысы мағлұмат береді.Біздер бүгінгі тақырыбымызға қатысты кейіпкерлерімізді «Айтуға оңай» бағдарламасына шақырған болатынбыз.Олай болса, «Айтуға оңай» бағдарламасын бізбен бірге тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Гайнуллин Алпамыс.

-Армысыздар!Бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламамызға қош келдіңіздер!Біздің кешімізге келген алғашқы қонағымыз-өзін Қытай мемлекетінің патшасы деп жариялаған,билікті тартып алған Ван Ман патшаны ортаға шақырайық.-Қош келдіңіз,Ван Ман мырза.Біздің шақыруымызды қош алып,ойыңызбен бөлісу үшін келгеніңіздің өзі біз үшін үлкен мәртебе.Олай болса,Ван Ман мырза сізге қояр алғашқы сұрағым:-Сіздің билікті тартып алып,патша болуыңызға қандай жағдай әсер етті?

Ван Ман мырза:

-Сұрағыңыз өте орынды.-Иә,әрине мен патша болып,билікті тартып алғаным рас.Бұлай етпеуге амалым болмады.Өйткені,өздерін ірі шонжарлар қатарына санайтын байлар,еңбекші халықты,құлдарды қанауды күшейте түсуі мені қатты ойландырды.Онымен қоймай,олардың мойнына алым-салықты көбейтті,халықтың халі күннен-күнге ауырлай түсті.Үкіметке қарсы наразылыққа шықты.Осы жағдай мені қатты алаңдатты.Осындай жағдайлар менің билікті тартып алуыма,өзімді патша деп жариялауыма себепкер болды.

Жүргізуші: Гайнуллин Алпамыс

-Патша болғаннан кейін алдыңызға қандай міндеттер қойдыңыз?

Ван Ман мырза:

-Ең алдымен,халықтың қолдауына ие болуым қажет болды,сол себепті бірнеше заңдар қабылдадым.Жер мен құлдарды сатуға тыйым салдым.Әр отбасының жері-2га-дан аспауына көңіл бөлдім.Бірақ,менің бұл ойларымның іске асуына ірі жер иелері мен шонжарлар мүмкіндік бермеді.Сол себепті осы уәделерім орындалмай,халық қолдауына ие бола алмадым.

Жүргізуші:Ван Ман мырза,біздің бағдарламамызға келіп,ашық өз ойыңызды ортаға салып,ойыңызбен бөліскеніңіз үшін,сізге алғысымыз шексіз.Сау болыңыз. -Міне,осы кезде Ван Манның да бастамаларының іске аспайтынына көздері жеткен еңбекші халыққа көтеріліске шығудан басқа ештеңе қалмады.Неғұрлым ірі көтеріліс Хуанхэ өзенінің төменгі ағысындағы «Шандунь» аймағында б.з-ң 18 жылы басталған екен.Бұл көтерілістер тарихта «Қызыл қастылар» және «Сары орамалдылар» деген атпен белгілі болды.Ендеше,қарсы алайық,қара халықты соңдарынан ертіп,көтеріліске бастап шыққан батырларымызды қошеметтеп ортаға шақырайық.«Қызыл қастылар» көтерілісінің қолбасшысы-Фан Чун мырзаны, «Сары орамалдылар» көтерілісінің қолбасшысы-Чжан Цзяо мырзаны ортаға шақырайық.(батырлар келіп,ыстық орындыққа жайғасады)

Жүргізуші:-Алғашқы сұрағым,Фан Чун мырзаға:

-Фан Чун мырза сіздің көтеріліске шығуыңызға не себеп болды?

Фан Чун мырза:- Иә,бұл көтеріліс мені қатты алаңдатты.Билеушілер тарапынан,өзім секілді қара халыққа қысымшылық күшейді,бар ауыртпалық халыққа түсті,жағдайлары күрт ауырлады,соны көре тұра шыдай алмадым.Халқымды қысымшылықтан құтқарып,бастарына теңдік алып берейін деген бағытта көтеріліске шығуға бел будым.

Жүргізуші:-Бұл көтеріліс неге «Қызыл қастылар көтерілісі» деп аталды?

Фан Чун мырза:-Сұрағыңыз өте орынды.Себебі,соғыс алаңында жүріп,өз адамдарымды тез тануым қажет болды.Сондықтан оларды басқалардан тез ажырату үшін қастарын қызыл бояумен бояуды бұйырдым.

Жүргізуші:-Бұл көтеріліс қалай аяқталды?

Фан Чун мырза:-Б.з.23ж. елдің астанасын басып алдық,және бізге көп уәде беріп,орындай алмаған патша Ван Манды өлтірдік.Билікке қайтадан бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайта келді.Олар құлдарға бостандық берілетінін,алым-салықтың азайтылатынын мәлімдеген соң,оған сеніп,көтерілісті тоқтатуымызға тура келді.

Жүргізуші:-Әңгімеңізге көп рахмет.Келесі кейіпкеріміз Чжан Цзяо мырза,сұрағым өзіңізге арналады.-Жақсы,алғашқы көтеріліс аяқсыз қалды,сондықтан бұл көтеріліске шықпасқа болмас па еді?

Чжан Цзяо мырза:-Сіз айтқан,аяқсыз қалған көтерілістің басшысы Фан Чунның көтерілісі бізге үлкен рух,жігер берді.Әлі де болса,еңбекші халықтың жағдайы жақсара қоймады.Сөйтіп,б.з.II ғ.с. бізде көтеріліске шықтық.Өзіммен бірге қасымда екі бауырым болды.Оларда халыққа теңдік орнатуды қалады,және халық та біздерді қолдады.Халқымыздың арман-тілегін орындағымыз келді.Көтерілісшілердің саны бірнеше жүз мыңға жетті.Көтерілісті күшейте түсуге солтүстіктегі көшпелілердің шабуылы бізге кедергі келтірді.

Жүргізуші:-Сіздердің бастарыңызға сары орамал тағып келгендеріңізге мен қатты таңғалып отырмын,оның да бір себебі бар шығар,сірә?

Чжан Цзяо мырза:-Фан Чун айтып өткендей,соғыс алаңында адам көп.Оларды тез айыру үшін бір белгі қажет болды.Фан Чун «қастарын қызылға боятса,мен адамдарымның бастарына сары орамал байлаттым.Бұл біздің белгіміз болғандықтан,сары орамал байлап келдік.

Жүргізуші:-Бүгінгі қонақ болып келген кейіпкерлерімізге алғысымызды айтамыз.Ортамызға келіп,өз ойларымен бөлісті.Бізде осы кісілерден бүгінгі сабағымызға қажетті көптеген мағлұматтар алдық.-Мінекей,өздеріңіз көріп отырғандай,бұл көтеріліс 20 жыл уақытты қамтыпты.Бірде көтерілісшілер жеңсе,бірде үкімет әскерлері жеңіп отырған.Осы кезеңде солтүстіктен көшпелілер шабуылы да күшейе түсіпті.Ақыры,Ежелгі Қытай мемлекеті үш патшалыққа ыдырап кетіпті.Кім білген,егер елде бұл көтерілістер болмаса,соғыс болмаса,осы күнге дейін «Ұлы держава» деген атқа лайық болар ма еді?Зұлымдық үстемдік құрған кезде әділдік үшін күрестің болатыны да ақиқат.Әрине,кейінгі ұрпақ,мына біздер үшін мұның бәрі-айтуға оңай.Сіздермен бірге болған мен-Алпамыс Гайнуллин.

Мұғалім сөзі:-Мінеки, балалар бүгінгі сабағымызға үш топта өте жақсы дайындалған.Өздеріне берілген тапсырмаларын мүлтіксіз орындап шықты.Осы көріністерден кейін «Ұлы Жібек жолы» және Қытай мемлекетінің қалайша ыдырап кеткендігі туралы әр топ өз тапсырмалары арқылы жеткізе білді деп есептеймін.Барлығыңызға да рахмет.

Бағалау:(әр топ бір-біріне өз пікірлерін айтып,бағалайды!)

Үйге тапсырма: 21.(Ван Ман,Чжан Цзяо,Фан Чун, туралы қосымша мәліметтер әкелу)


Әдебиеттер тізімі.

  1. Ежелгі дүние тарихы оқулық, Алматы «Атамұра», 2011 ж.

  2. Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы оқулық, Алматы «Атамұра», 2011 ж.

  3. Орта ғасырдағы дүние жүзі тарихы оқулық, Алматы «Атамұра», 2007 ж.

  4. Қазақстан тарихы әдістемелік журналы 2014 ж.

  5. Қазақстан тарихы, I том.













Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 14.09.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров876
Номер материала ДA-045183
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх