Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Математика ашық сабақ Тақырыбы " а+3 а-3 түріндегі өрнектер " 2 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Математика ашық сабақ Тақырыбы " а+3 а-3 түріндегі өрнектер " 2 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы :Өрнектер.а +3 , а -3

Сабақтың мақсаты:Білімділік: а +3 , а -3 өрнектерін шешіп жаттықтыру өрнектің мәнін таба білуге үйрету. Дамытушылық:оқушылардың математика пәніне қызығушылығын тудыру, олардың білім , білік және дағдыларын дамыту ,ой – өрісін кеңейту, таным қабілетін арттыру. Тәрбиелік:Ұлттық ойындарды ойната отырып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, жарыстыра отырып ұйымшылдыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.

Сабақтың әдісі:түсіндіру әдісі , кубизм стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар ,ұлттық ойындар, жылқы,ұшақ, машина суреттері

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң достым

Қайырлы күн болсын

Аптамыздың әр күні,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

--Оқушылар , біздерде бүгін ерекше сабақ. Бүгін біздер ұлттық ойындар ойнай отырып, жарысамыз.Яғни өз білімдерімізді, ұйымшылдығымызды көрсетеміз.

--Сабаққа жақсы қатысып 5 алсаңдар—ұшақ, 4 алсаңдар---машина, 3 алсаңдар-- мотоцикл мініп қайтасыңдар.Сондықтан сабаққа жақсы қатысыңдар.

II Үй тапсырмасын тексеру. Көкпар ойыны

Көкпар – ұлттық ат ойыны. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір- бірінен ала қашып, мәз- мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға ойынға айналған.Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны.Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді.Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

1 мин уақыт ішінде санды және әріпті өрнекті ажырату.

Жаңа сабақ III. Білімдерін пысықтау. Үш саны туралы мағлұмат беру.

3-тақ сан

Сәрсенбі

Ер баланың үш жұрты болады

Үш би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

Бағдаршамның үш көзі бар (қызыл , сары , жасыл)

Үш арсыз(ұйқы , тамақ , күлкі)

Бәйге ойыны Мұнда жүйрік , жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл , сай-сала , бел- белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті.Аламан бәйге үлкен тойда , үлкен аста , торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Ат жарыстыру арқылы № 1 тапсырманы ауызша орындау. Топтық жарыс. Сақина салу ойыны Бұл—қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны.Ойын ережесі бойынша қыз- жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір- біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам тұр», - дейді.Сол сәт сақинаға тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті. «Сақина менде», деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.

2

Ұл-3 Ұл-3

Қыз-4 Қыз-4

Кеміді-? Шығып кетті-?

Ш:3+4=7 Ш:3+4=7

Ж: оқушылар 7-ге кеміді. Ж: оқушылар 7-ге кеміді.

Сергіту сәті. Ұшты-ұшты ойыны. Орамал тастау ойыны

3

5-3-1 =1 1+6-3 =4

4+1-2 = 3 1+4+2 = 7

Шығармашылық тапсырма IY. Бекіту.

Арқан тартыс. Бұл ойынның екі түрі бар.Біріншісі жазда көгал үстінде , екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса,ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. «Арқан тартыс» ойыны. Біздер күшпен емес біліммен күш сынасамыз. Қағаздан арқан жасап, өрнектер жазамын. Әр топтан бір оқушыдан шығып өрнек шығарып, арқанды өз жағына қарай тартады.

Y.Қорытынды.

Үйге тапсырма беріледі.

Оқушыларды бағалау


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров222
Номер материала ДВ-360786
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх