Мусаева Қымбат Қыдырбаевна
Шаған орта мектебі
Бастауыш
сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
Білімді тиянақтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: есепті теңдеу арқылы
шығару жайлы оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылық:
оқушылардың ой-өрісін, дүние туралы танымын дамыту, өздігінен қорытынды шығаруға
үйрету, пәнге қызығушылығын және белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақстанның болашағына деген сенім және біліинің әрқашан қымбат екенін түсіне
білуге баулу.
Сабақтың типі:
білімді тексеру және бағалау.
Сабақтың түрі:
жарыс.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
интерактивтік тақта, суреттер, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
-Сәлемдесу
Сабақтың әдеттегіден тыс, жарыс түрінде
өтетінін айта кетемін (топтастырып, ауылға бөліп, капитандарын сайлап,
орындарына отырғызамын)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ Математикалық диктант (теңдеу құру)
1. Қарындасы 8 жаста және ол ағасынан 3 жас
кіші. Ағасы неше жаста?
Дұрысы
Х-3=8
2. Шаруашылық бірнеше жабағы және
торпақ өсірді. Жабағылар санын 2-ге арттырса, ал торпақтар санын 3-ке кемітсе,
олардың сандары бірдей болады. Шаруашылық неше жабағы өсірді?
Дұрысы
2+Х=16-3
ІV Ауызша есептеу
Бәйге
900:3
1200:4 1800:6
900:6
1200:6 1800:3
1500:10
1600:4 7200:6
1800:4
2000:5 1000:8
V Мазмұнды есеп (теңдеу құру арқылы
шығару)
Кіріспе: -Біз қайда тұрамыз? (ауылда)
-Ауылда қандай шаруашылықпен шұғылданады? (мал
шаруашылығы, егін)
-Мал шаруашылығынан қандай өнім аламыз?
(ет,сүт, май) т.б.
Ауылдан қалаға дейін 300
км. Олардан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан жеңіл машинамен жүк
машинасы 2 сағаттан кейін кездесті. Жүк машинасының жылдамдығы 60км/сағ болса,
жеңіл машина қандай жылдамдықпен жүрген?
Дұрысы
х*2+60*2=300
х*2+120=300
Х*2=300-120
Х*2=180
Х=180:2
Х=90
_______________
90*2+60*2=300
300=300
Исатай ауылы
Ø
Бұтақта 5 қарға, 8 торғай отыр еді, олардың 6-уы
ұшып кетті. Қалай ойлайсың, ең болмағанда бір торғай ұшып кетті ме жоқ па?
Махамбет ауылы
Ø
Егер тауық бір аяғымен тұрғанда салмағы 3
кг болса, екі аяғымен тұрғанда салмағы қанша болады?
Сырым ауылы
Ø
Ағашта 2 қарға қонып отыр, біреуі оңтүстікке ,
екіншісі солтүстікке қарап отыр.
Біреуі екіншісіне сенің табаның кір
дейді, ал екіншісі біріншісіне сенің тұмсығың неге жерге қарайды?,- дейді.
Олар бір бірін қалай көріп отыр?
Исатай ауылы
Ø
Бір автомобиль тәулігіне 20
кг газ бөліп шығарса, 6 автомобиль бір айда қанша кг газ бөліп шығарады?
Махамбет ауылы
Ø
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1
стақан(200 г) су ағады . Осындай краннан 1 сағатта неше литр су ағады?
Сырым ауылы
Ø
Бамбук ағашы тәулігіне жуық шамамен 30 см-ге өседі,
12 сағаттан кейін оның биіктігі қандай болады?
3)(Капитандарға) Амалдар орындау тәртібі
Исатай ауылы капитанына
Ø
(210-30):9*(999+1)=
Ø
120-20:4*6=
Махамбет ауылы
Ø
(480+320):8*(9+91)=
Ø
360:4+10-8*5=
Сырым ауылы
Ø
(540-360:9):5*2=
Ø
460+40-50*4=
Сыныпқа тапсырма
1957 ж
|
66000 км2
|
1977 ж
|
2000 км2
|
Исатай ауылы
Мына геометриялық
фигурада қанша үшбұрыш, қанша шаршы бар?
А)1 шаршы, 9 үшбұрыш
Б)1шаршы,
5 үшбұрыш
В)1 шаршы, 4 үшбұрыш
Махамбет ауылы
Мына фигурада
неше шаршы, неше үшбұрыш бар?
А)3
шаршы, 13 үшбұрыш
Б)2 шаршы, 13 үшбұрыш
В)3 шаршы, 14 үшбұрыш
Сырым ауылы
Мына фигурада неше
шаршы, неше үшбұрыш бар?
А)1 шаршы, 11 үшбұрыш
Б)1 шаршы, 12 үшбұрыш
В)1 шаршы, 14 үшбұрыш
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.