994893
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокМатематикаДругие методич. материалыМатематикадан сыныптан тыс жұмыстар

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Меруерт Жалдықарақызы

Таласбаева

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

180 «Қызылмақташы» орта

мектебінің математика

пәні мұғалімі



Баланы жастан баулысақ...



Әлем бүгінде техника тілінде сөйлеп, адамзаттың даму бағыттарының көпшілігі жаратылыстану саласына басымдық беріп жатқанда, қазақ балаларының математикалық қабілеті жайында аз айтылып жүрген жоқ. Баланың математикаға қабілетін дәл тауып, оны әрі қарай дамыта алып жүрміз бе, әлде оның қабілетін елемей, дер кезінде анықтай алмай өшіріп алып жүрміз бе? деген сауал әрбір жанашыр ұстазды толғандыруы тиіс.Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір салаға қабілеттілігін (сурет салу, ән айту, ақындық өнер, билеу, шахмат ойнау, логикалық есептер шығару т.б.) байқатады. Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын біртіндеп жойыла бастайды да, көзі ашылмаған бұлақтай бітеліп тынады. Әр баланың өзіне ғана тән ерекшелігі дер кезінде ашылса, оның келешекте үлкен жетістіктерге жете алары сөзсіз. Ұғымтал, ой-өрісі кең , есте сақтау қабілеті жоғары оқушыларды қалай анықтауға болады? Оқушының бастауыштан бастап математикалық қабілеттілігін анықтаудың мынадай бірнеше әдістерін атап өтуге болады: сабақ беріп жүрген сынып мұғалімімен пікірлесу арқылы, оқушымен әңгімелесу арқылы, бақылау жұмысын алу, логикалық тапсырмалар орындату, білімі мен біліктілігін анықтайтын тестілер арқылы, көп нұсқалы тапсырмалар орындату т.б. арқылы.Жоғары сыныпқа сабақ беретін математиктер оқушы келешекте өз алдына келетін болғаннан кейін сырттан бақылап отыра бермей, олардың математикалық қабілетін ашу үшін оқушыны өз қамқорлығына бала жастан алуы тиіс. Себебі, бастауыш сынып мұғалімдерінің барлығына математикалық қабілеттілік дарыған деп айта алмаймыз. Пән методикасын жақсы меңгеріп, оқушыға арифметикалық амалдарды орындауды жақсы меңгертуі мүмкін, алайда оқушының логикалық ойлауы мен шығармашылығын дамытуда ақсап жататындары аз емес. Оны мына балам математик деп ұсынған оқушысының логикалық тапсырмаларды орындауда сүрініп жататынынан байқауға болады, яғни бастауыштың жақсы оқитын қабілетті баласында есептер шығаруға керекті теориялық білімдері мен оны пайдалана білуі жеткілікті болғанымен, ол логикалық ойлауға жоқ болуы мүмкін. Сондықтан біз, ауыл мектебінің математиктері, математикаға ойын баласын жастайынан баулып, пәннің қызығы мен қиындығын тең көтере білетіндей қабілетті ізбасарларымызды Тәуелсіз еліміздің гүлдене беруі үшін осы бастан даярлауымыз керек, яғни бұлақ көзі бітелмей тұрып әрекет жасауға тиіспіз.Елбасымыз бен үкіметіміз мұғалім беделін көтеру жайында мәселе қозғап жатқанда, келешек мектептің математик мұғалімі тек қабілеттілер қатарынан келуі тиіс. Ол үшін бүгінгі мұғалім біздер қандай әрекет жасауға тиіспіз.Баланы ерте жасынан бастап нақты ойлауға, логикалық пайымдау мен өз ойларын жүйелі , анық баяндауға үйрету керек. Баланың жеке дарындылығын дамыту, оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру мұғалімнен педагогикалық шеберлікті, жан-жақты білімдарлықты талап етеді. Оқушының математика пәніне деген ынта-ықыласын, қызығушылығын 5-6-сыныптан бастап емес 5-6-жастан бастап арттырсақ, олар тапқырлыққа, ой –жүйріктігіне , тез әрі дұрыс шешім қабылдай білуге бейімделеді, ал бұл олардың ой-өрістерінің кеңейіп, білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік береді.Математиканы терең меңгерген адамның қай салада қызмет етсе де бәрібір, өз ісінің майталман маманы болып шығатыны жайында аз айтылып жүрген жоқ. Оған атақты ақиық ақындар Қадыр, Мұқағалидың, «өңкей нөлден не пайда, единица болмаса» деп сан туралы жырлаған ұлы ақын Абайдың өмірінде математиканың терең орын алғанын дәлел етіп айтуға болады. Біздің дайындаған шәкіртіміз математика емес басқа саланы таңдап кетеді деп өкінетін әріптестеріме еңбектеріңіз ешқашан да еш кетпейді, барлығы да келешекте еліміз үшін қызмет ететін отансүйгіш азамат болса, мақсатымыздың орындалғаны дегім келеді.

Төменгі сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстардың атқарылуы маңызды орын алады. Оларға арнап «Математика ғажайыптары», «Жас математик» пән үйірмелерін , «Интеллект » шахмат үйірмелерін ашып, олардың қызығушылығын оятып, ынта-ықыласын арттырып, ойлау қабілетін дамытуымыз керек. Үйірменің ақылы, ақысыз болуы маңызды емес, ең бастысы «ой салу –ұстаздан, ойлану -шәкірттен демекші» оқушы ойына қозғау сала білу. Үйірме жетекшісі тек сынып жетекшісімен ғана емес, оқушының ата-анасымен де тығыз байланыста болу керек.Себебі кейбір ата-аналар баласының қабілетін дұрыс бағаламай, оның математикамен айналысуы оның жүйкесіне күш түсіреді деп келісім бермейді. Ұстаз бала ерекшелігін ата-анаға түсіндіре отырып, баласының келешекте математика саласына бейім болатынына көзін жеткізіп, келісімін ала отырып жұмыс істеу керек. Бала қабілетінің ашылуына ұстазбен қатар ата-ана да жағдай жасау керек.Қалада мүмкіндік мол, бізге де жағдай жасағанша күте тұрайық деп ойласақ, үлкен қателік жібергеніміз.Ауыл баласының қала баласынан қабілетінің еш кемшілігі жоқ. Қалада шахмат ойнаудан оқушы халықаралық дәрежеде жеңімпаз атанып жатса, неге бізден шықпасқа... Шахмат ойнауды бала қара танымай тұрып–ақ, 5-6 жасында–ақ меңгере алады . Бұған күнделікті өмірімізден дәлел келтіруге болады. Демек баланың әріп, цифр танып, есептеуден бұрын ойлау қабілетінің ерте дамитынын байқауға болады. «Данышпандар ойыны» деп аталатын шахмат өте байыптылықты, шыдамдылықты,ізденуді, еңбекқорлық пен табандылықты, үлкен төзімділікті қажет етеді.Ал бұл қасиеттер математиканы терең меңгеру үшін де талап етіледі. Ендеше логикалық ойлауға үйрететін көптеген әдістердің бірі –шахмат ойынын меңгерту дер едім. Шахмат ойнай білген оқушы ойлана біледі, ал ойлана білген оқушы математиканы түсінеді, терең меңгереді деген сөз. Ендеше шахмат ойынының әліппесіне төменгі сынып оқушыларынан бастап баулу керек деп ойлаймын. Осы мақсатта төменде шахматқа үйрету кезеңдерін былайша жоспарладым:

  1. Оқушы, ата-ана өтініштерін қабылдау

  2. Үйірме жоспарымен, мақсатымен таныстыру

  3. Үйірменің белсенді топ мүшелерін сайлау

  4. Шахмат ойынының шығу тарихын түсіндіру

  5. Шахмат тақтасы, шахмат нотациясы

  6. Фигураларының аталуымен, олардың орналасу ерекшеліктерімен таныстыру

  7. Фигуралардың әрбірінің өзіне тән жүріс жолдарын түсіндіру

  8. Партияның кезеңдері

  9. Шахмат ойнау ережесін түсіндіру: шах, мат, пат

  10. Дебют: тактика туралы түсінік

  11. Стратегия

  12. Шахмат дебютінің топтары

  13. Қызықтыру және көңілін басқа жаққа аудару

  14. Қорғануға және соққы жасай білуге үйрету

  15. Қорғанысты бұзып өту

  16. Жұптар арасында шахмат ойнату

  17. Атақты шахмат ойыншыларының өмірінен мәліметтер беріп отыру, олардың партияларынан мысалдар келтіру

  18. Қазақстандық шахматшы оқушыларды үлгі ретінде көрсету

  19. Шахмат есептерін шешу, шебер ойыншылардың партияларын талдау, олардан үйрену және оны қолдана алуға машықтандыру

  20. Компьютер және адам: «Кім мықты?» ойыны

  21. Мектепішілік мықты ойыншыларды сайыс арқылы анықтау

  22. Аймақтық, аудан мектептері арасындағы сайыстарға қатыстыру

  23. Қабілетті оқушыларды іріктеп, одан әрі тәжірибелерін жетілдіріп, тереңдете даярлау.

  24. Облыстық, республикалық (біріншіліктерге) қатыстыру

Аптасына 1 сағаттан немесе оқушы өтінішіне байланысты.

Шахмат ойнауға оқушыны үйрету оның оқу үлгіріміне кедергі келтірмейді, керісінше ойлауға, кез келген қиындықтан шыға білуге, жетістікке қол жеткізуіне көмектеседі.

Осы сатылардан табандылықпен өтсек, 5-6 жылда бір нәтижесі байқалары даусыз.Шахматты меңгерген ауыл баласының қаланың озық ойлы оқушылары қатарынан көрінері сөзсіз. Математиканың гректің «ғылым » сөзінен алынғанын, яғни бар ғылымның бастауы математика екенін ескерсек, математика пәні мұғалімдерінің бұрынғыдан да көбірек тынымсыз әрі жүйелі еңбектенетін кезі келді.







Общая информация

Номер материала: ДВ-266435

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Табличный процессор MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики»
Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогическое проектирование как средство оптимизации труда учителя математики в условиях ФГОС второго поколения»
Курс профессиональной переподготовки «Математика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Экономика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания основ финансовой грамотности в общеобразовательной школе»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Инженерная графика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Развитие элементарных математических представлений у детей дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО»
Курс профессиональной переподготовки «Черчение: теория и методика преподавания в образовательной организации»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.