Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыОткрытый урок

Открытый урок

Скачать материал

Павлодар облысы

Качир ауданы

Березовка жалпы орта

білім беру мектебі.

Өзін-өзі тану мұғалімі:

А.К. Жанакулова

 

 

Ашық сабақ

Өзін-өзі тану

1 «А» сынып

 

 

Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштармын

 

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Р. Сәтімбекұлы

 

Сабақтың мақсаты: «Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.

 

Міндеттері: 

-балаларды судың қасиетімен таныстыру.

-балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

-үнемшілдікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

Көрнекі құрал-жабдықтар:  дәйексөз жазылған плакат, түрлі-түсті қағаздар, бояу қарындаштар, стақан, су, таяқшалар.

 

 

Сабақтың барысы:

 

1.     Шаттық шеңбері.

Мұғалім: Канеки, балалар, қол ұстасып, шеңбер құрып тұра қалайық та, мына өлең жолдарын бірге қайталап, табиғат-анамызбен амандасайық:

Армысың шапағатты күніміз,  (Балалар күнге қарайды)

Армысың мейірімді жеріміз,    (Қолдарын жерге жақындатады.)

Армысың табиғат-анамыз,       (Бастарын иеді.)

Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.  (Өздерін көрсетеді)

 

2.     Мәтінмен жұмыс

Ә.Ысқақтың «Табиғат деген не?» деген әңгімесін оқып, талдауға ұсынады. Әңгіме мазмұны балалардың табиғатты тереңірек түсінуіне көмектеседі.

 

-Табиғат деген не?-деп сұрады кішкентай шабақ.

-Табиғат дегеніміз-телегей-теңіз су,-деді бақа.

-Табиғат деген не?-деп сұрады аюдың қонжығы. – Мен талай жерде болғанмын, мен де білемін, ол- орман,-деді түлкі.

-Табиғат деген не?-деп сұрады бота енесінен.

- Ол- көп құм, тікенек шөп. Талай жерде болғанмын, мен де білемін.

-Табиғат деген не?-деп сұрады тоқылдақ қарлығаштан.

-Әрине, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар.

Ұсақ жәндіктер де бір-бірімен «табиғат деген не?» деп, сұрап, таласып үлгерді.

-Жер-жер!- деп жар салды бөкен. «Әрине, бәріміздің асыраушымыз, анамыз-Жер-Ана»- десті барлығы бір дауыспен.

 

 

·        Неліктен табиғатты Анаға теңейміз?

·        Сендер табиғат дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

3.     Тақтадағы суреттермен жұмыс.

Балалар суретке  табиғат туралы білгендерін айтады.

 

4.     Жұмбақ          Өзі түссіз, дәмсіз,

                           Өмір онсыз нәрсіз.       (Су) 

Мұғалім:

-Дұрыс айтасыңдар балалар!   Табиғаттың бір бөлігі ол-су. Сондықтан біз бүгін судың қасиеттерімен танысамыз. Судың қандай қасиеті болатынын өздерің тәжірибе жасап, білетін боласыңдар.

Судың табиғат байлығы екенін түсініп, оны сақтау керектігін білесіңдер. Су көздерін таза ұстап, үнемдеуді үйренесіңдер.

 

№1 Тәжірибе  

Суды бір стақаннан екінші стақанға құйыңдар.

Не байқадыңдар?

Судың қандай қасиетін бақадыңдар?

Түйін: Су ағады, ол сұйық.

 

№2 Тәжірибе

Балалар судың дәмін көріңдер.

(балалар ішіп көреді)

Дәмі қандай?

Түйін: Судың дәмі жоқ.

 

№3 Тәжірибе

Суы бар стақанды алыңдар.

Оған қасық салыңдар.

Қасық көріне ме?

Түйін: Су мөлдір.

 

№4 Тәжірибе

Стақандағы суға түрлі-түсті таяқшаны салыңдар.

Түйін:  Су түссіз.

 

№5 Тәжірибе

Мынау белгісіз сұйық. Мұның иісі жағымсыз болуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оның иісін білуіміз керек.

Ол ушін сұйық тұрған ыдысты алысырақ қоямыз. Қолымызбен толқын тәрізді қимыл жасап, ыдыстағы суды өзімізге шақырамыз.

Мұрынымыз не сезді?

Судың иісі бар ма?

Түйін: Судың иісі жоқ.

Мұғалім:

-Иә, балалар, өздерің тәжірибе жасап көргендей, судың өзіндік қасиеті болады.

Сендер судың мынадай қасиеттерін анықтап білдіңдер.

 

Су-сұйық.

Су-дәмсіз.

Су-мөлдір.

Су-түссіз.

Су-иіссіз.

 Жер бетінде сусыз тіршілік болмайды. Су барлық табиғатқа өмір береді. Суды үнемдеп, сақтау керек.

 

5.     Тыныштық сәті.

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Күннің көзі жарқырап тұр, айнала көк шөп, әртүрлі гүлдер. Сен сол гүлдердің арасында жүрсің. Бір, екі гүл сондай әдемі. Ойнап жүріп көлге келдім, көлдің суы керемет, қолымды суға салып бетімді жудым. Мен табиғатты сүйемін, қорғаймын, аялаймын.  Мені қоршаған табиғат қандай әдемі!  Ал енді көздеріңді ашыңдар.

 Сұрақтар: Не көрдіңдер? Қандай гүлдерді елестеттіңдер? Су жылы болды ма әлде суық болды ма? Т.б. (Оқушылар өздері не сезгендерін айтады)

 

 

6. Ойын-жаттығу

-Бүгін бізге қонақ еліп отыр. Мен оның кім екенін жасырып көрейін, сендер оны шешуге тырысыңдар:

-Ол өте нәзік, әдемі;

-Ол ешкімге жамандық ойламайды;

-Гүлдерді өте жақсы көреді;

-Ол әдемі алқаптарда ұшып жүреді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

-Иә, бұл-әдемі көбелек (мұғалім көбелектің суретін көрсетеді). Ендеше, Көбелек-қонағымызға қошемет көрсетіп, гүлді алқап жасайық.

Оқушылар түрлі-түсті қағаздан гүлді алқап жасайды, сол гүлге көбелекті қондырады.

Балаларға сұрақ қойылады.

-Табиғаттағы неге ұқсағыларың келеді?

(Балалар жауап береді).

 

7.  Тапсырма.   Берілген суретті бояп, өз суретіңді қосып сал.

(дайын суретті оқушылар өздері бояйды.)

 

 

8. Қорытындылау

-Балалар, табиғатқа тамсанып бір қараңдаршы: алуан түсті сурет салып қойғандай. Осы алуан түсті көріністен ағаш та, шөп те, гүл де, тау мен тас та таңданып тұрғандай. Бұлардың бәрі «табиғат» деп аталады. Осы дүниенің ішінде сен де барсың. Табиғат қандай әсем де сұлу болса, біз де сондай әсем де сұлумыз. Осындай сұлу дүниені жаратқан- табиғат-ана.

 

9. Бағалау

 (Мұғалім балаларды сабаққа жақсы қатысқан үшін мақтап әр баланың басынан сипап, гүлдей әдемісің, аққуға ұқсайсың т.б. ).

 

10. Жүректен жүрекке

 

Балаларды шеңберге жинап, сабақты қорытындылайды:

-Балалар міне көктем де келе жатыр, бізді көп тостырмай көбелегіміз де келіп қалады, ендеше барлығымыз табиғатқа, көбелекке жақсы, жылы тілек айтып қоштасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өзін-өзі тану в 1 классе  Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа құштармын  Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,  Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. Р. Сәтімбекұлы мақсаты: «Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Балаларға табиғаттың маңыздылығын түсіндіру.  Міндеттері:  -балаларды судың қасиетімен таныстыру. -балалардың табиғатқа аялы қарым-қатынастарын тәрбиелеу. -үнемшілдікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.   Көрнекі құрал-жабдықтар:  дәйексөз жазылған плакат, түрлі-түсті қағаздар, бояу қарындаштар, стақан, су, таяқшалар. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 048 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2014 908
    • DOCX 42 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кузкенова Кымбат Кабиденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кузкенова Кымбат Кабиденовна
    Кузкенова Кымбат Кабиденовна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 7
    • Всего просмотров: 36296
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 400 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 557 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 149 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 125 человек

Мини-курс

Стимулирование интереса к обучению у детей дошкольного возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Фитнес: особенности построения смешанных групповых тренировок

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 18 регионов