Инфоурок Начальные классы КонспектыӘдебиеттік оқу 4 сынып «Алматы -бас қала, Жас қала -астана»

Әдебиеттік оқу 4 сынып «Алматы -бас қала, Жас қала -астана»

Скачать материал

ШҚО    Семей қаласы

“Прииртышский жалпы орта

 білім беретін мектебі”  КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Баешова Айгуль Кабденовна

 

 

Әдебиеттік оқу  4 сынып

 

Сабақтың тақырыбы:             Алматы – бас қалам,

                                  Жас қала – Астанам.   Жарасқан  Әбдірашев.

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын,  баланың сөзжұмбақ шешу арқылы іздену, ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.  

Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

-         Үй тапсырмасына не берілді?

-          Ілияс Жансүгіровтің «Көкшетау» атты өлеңінде не жайлы әңгімеленеді деп ойлайсың?

-         Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?

-         Ақын тауды кімге теңейді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

-         Сенің ойың?

-         Көз алдыңа елестетіп көрдің бе?

-         Қане, өз елестетуіңмен сипаттап айтып көрші?

 

 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.     Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау

- Тақтадаға назар аударындаршы?

-         Бұл қай қалада орналасқан? (Алматы)

-         Ал мына ғимарат қай қалада орналысқан? (Астана)

 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Тақтада берілген суреттер топтамасымен жұмыс.

-Балалар Алматы, Астана қалалары жайлы не білеміз? (оқушылар өз білетіндерін әңгімелейді.)

- Бұл қалалар Қазақстанның қай  облыстарында орналысқан?

- Картада көрсете алаламыз ба?

-1-2 оқушы картадан Алматы, Астана қалаларын көрсетеді.

АЛАТАУ

Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде.  Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, көркейтіп, көктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле өзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш көліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр.

Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала – Алматы да Алатаудың баурайында. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты көптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім.

Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде.

                                                                                  С.Шүкірұлы

АЛМАТЫ

         Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады.

         «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді.

         Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы өзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған.

         Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды.

АСТАНА

Бүгінде жас қазақ мемлекетінің астанасы ретінде әлемді тамсандырып отырған Астана қаласы жайлы деректер көп. Ол Есіл өзенінің оң жағасындағы жазық жерге орналасқан және Есіл өзенінің көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін бұл тайыздау жерін Сарыарқа қазақтары Қараөткел деп атаған.

Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланды. Оның атауы 13-14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Әуелде Ақмола әскери бекініс болған, кейіннен, 1862 жылы, сол жерге қала мәртебесі берілген. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. Қала Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқандықтан, жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық және мәдени орталыққа айналды. 1914 жылы қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді.  Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 1914 жылы 15 мыңға жетті.

Кеңес дәуірінде де Ақмола Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде үлкен орын алды. 1929 жылы қалаға алғашқы поезд келді. 1950 жылы қалада 58 өнеркәсіп орны жұмыс істеді. 1954 жылы 5 наурызда Ақмолаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшалондар келіп тоқтады. 1956 жылы 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград болып өзгертілді. Қалада алғашқы жоғары оқу орындары – ауыл шаруашылығы институты, пединститут, инженер-құрылыс институттары ашылды. 1960-80 жылдары қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 жылы Тың өлкесі таратылып, 1994 жылы қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.

1996 жылы 6 шілдедегі Министрлер кабинеті ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. 1997 жылы 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылға 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Астана қаласы 2 ауданға – Сарыарқа және Алматы аудандарына бөлінеді.

Ү. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе: Жарасқан Әбдірашев – белгілі ақын. «Тұңғыш кітап» деген алғашқы жыр жинағы 1969 жылы жарық көрген. Оның өлеңдері неміс, өзбек, тәжік тілдеріне аударылған. Жарасқан Әбдірашевтің «Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңінен еліміздің бас қалалары жайлы көбірек білуге тырысайық. Ол кісі қалай әсемдікті шырқайтыны жайлы түсінейік.

2.Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу.

А) мұғалім оқиды

Ә) 2-3 оқушы оқиды.

Б) Талдау: -өленде не туралы айтылған?

- Қай  қалалар  өленде аталды?

 - Өленде  қай тау аталады?

- Ал енди сенермен сөзжұмбақты шешейік.

 

қ

а

р

а

 

 

б

а

с

 

 

 

т

а

у

ы

 

с

а

р

ы

а

р

қ

а

к

е

р

і

л

г

е

н

 

 

 

б

о

л

а

ш

а

ғ

ы

 

 

 

 

 

 

1.     Қарт Алатауды автор кім дейді? (қара шал). 

2.     Ақын Алматыны қандай қала деп атайды? (бас қала). 

3.     Елге несі бар қала жарасады дейді? (тауы).

4.      Алашаны еске түсіретін қай өлке? (Сарыарқа).

5.     Астана қандай даланың сәні? (керілген).

6.     Сарыарқада қазақтың несі бар дейді? (болашағы).

 «Астана»   видиофильм ұсынылады.

 

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Өлеңде не жайлы жырлайды екен?  Өлеңнің мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, қызыл түсті торкөзден «Астана» деген сөз шығады. Осы сұрақтар арқылы өлең мазмұнын әңгімелеп айтуға дайындал.

-         Балалар , қазақ тілі сабағында қай тақырыпты оқу барысындамыз?

-         Етістіктің шақтарын пайдалана отырып , ЭССЕ жазамыз?

-         Алматы, Астана қалаларында болған балалар өткен шақта жазады. Ал болмаған балалар келер шақта жазады.

 

ҮІІ.  Қорыту.

-Бүгін не жайлы өттік?

- Сонымен, Алматы, Астана қалалары туралы не білдік?

ҮІІІ.  Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу,  өзіңе ұнаған әсем қаланың суретін сал. 2. Бағалау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу 4 сынып «Алматы -бас қала, Жас қала -астана»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Әдебиеттік оқу 4 сынып Сабақтың тақырыбы: Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам. Жарасқан Әбдірашев. Бұл сабақта оқушылар Қазақстанның ең басты қалалар туралы білетін болады. Сабақ барысында осы қалалардың тарихы мен дамуымен танысады. Алматы және Астана қалалары туралы жазған автордың өмір баянымен танысады. Автор осы қалаларды немен теңейтінін, қалай салыстыратының аңықтайды. Сабақ барысында әр түрлі тапсырмаларды орындайды.Астана қаласы жайлы видиофильм көреді Сөзжұмбақты шешіп, сабақты қорытындылайды. АЛМАТЫ Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2014 2214
    • DOCX 236.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баешова Айгуль Кабденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баешова Айгуль Кабденовна
    Баешова Айгуль Кабденовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 116217
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек