Инфоурок Классному руководителю КонспектыТәуелсіздік - мақтанышым

Тәуелсіздік - мақтанышым

Скачать материал

ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

 

Сыныбы:   6а    Күні:10.12.14ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - мақтанышым

Мақсаты: 

Оқушыларға тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, ел тәуелсіздігінің сақталуына үлес қосу. Желтоқсан құрбандарымен таныстыру, олардың Отан үшін құрбан болғандарын айтып өту. Отанын, елін, жерін қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі:  ертеңгілік, пікірталас, ой толғаныс, топпен жұмыс

 Көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, мақалдар, слайд

Барысы:

ҚР Гимні орындалады.

Кіріспе сөз.
Құрметті оқушылар! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздігім - мақтанышым» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер.
Мұғалім: Балалар, біздің еліміз тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқ. Тәуелсіздік ата - бабаларымыздың талай жылдардан бері аңсап келе жатқан армандарымен, ата - әжелеріміздің көз жасымен, аға - апаларымыздың қанымен келген. Өз тілін, мәдениетін, елінің болашағын дамытамын деген қазақ халқы тәуелсіздіктің туын алғаш көтеріп, 1986 жылы 16 желтоқсан күні алаңға бейбіт шеруге шыққан еді. Оның себебі 26 жыл бойы республиканы үздіксіз басқарып келе жатқан Д. А. Қонаев орнынан түсіріліп, оның орнына Колбин ешкімнің пікірінсіз ұсынылған еді. Шешімге қарсы болған студент және жұмысшы жастар ұрандатып алаңға шығады. Бұл қарсылыққа шыдамаған үкімет басшылары жастарға қақаған аязды боранда мұздай су шашып, иттермен қуып, қыздардың шашына сүйреп, ер - азаматтарымыздың басынан күрекпен ұрып күш көрсетеді. Сол атышулы 1986 жылғы желтоқсан құрбандары деп кімді айтуға болады?
Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев.
(слайдтар арқылы таныстыру)
Балалар, осы Желтоқсан оқиғасынан кейін біздің еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Аружан: Тәуелсіздік –
Тәубелі елдің қыраны,
Қиялы елдің қыраны,
Жат рухқа жалтақтатпас пендесін
Жанарлардың шырағы
Тәуелсіздік –
Пейіл сыйы қазақтың
Арамыздан арылғаны азаптың
Батыры көп, ақыны көп халыққа
Алла жар боп туа қалған ғажап күн.
Тәуелсіздік –
Көрдік сені, тіріміз
Көре алмады көсеміміз, іріміз.
Ұлтшылы аз, ұлтсыздықпен күресте
Қазақ болған әзірге құр түріміз
Тәуелсіздік –
Сен келгелі қазақпыз
Қазақтығын қазақша айта алатын
Ұлттың жоғын жоқтаймын деп «жоқ» болған
Ұлыларын «тұтқыннан» қайтаратын
Тәуелсіздік –
Айналайын құныңнан
Түсе көрме тұғырдан
Отаныма мәңгілігің үшінде
Садағаң болсын шыбын жан
 Айбек : 1991 жылы желтоқсанның 1 - де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.
Дархан: шықты тарап ой - данадан
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қарап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Бір көрген жан сағынып,
Ақорда, алтын тағы бар,
Нұрсұлтандай ұлы бар,
Қазағымның бағы бар!
Мадина:
 Әр елдің өз азаматтарына арналған Ата Заңы – Конституциясы болады. Біздің де Ата Заңымыз бар. 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – Конституция қабылданды. 1991 жылы 4 маусымда Елбасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
1991 жылы қазан айында тұңғыш рет қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды. Бүгінде қазақ тіліміз – мемлекеттік тіл болып, өсіп - өркендеп, қанат жаюда
Бүгінде тәуелсіздіктің рахатын көріп отырғандар біздер, қай салада болмасын озық келеміз. Біздің елімізді бүгінде қаншама мемлекет таниды. Осы тұрғыда еліміздің танытуда спорт шеберлерінің еңбегі өлшеусіз. Алпауыт елдерге спорт түрлерімен шығып, кеуделерінде алтыннан, күмістен, қоладан алқа тағып, көк байрағымызды өзге мемлекетте биікке көтеріп, әнұранымызды асқақтатып келді. Қандай спорт жұлдыздарын танисыңдар?
(спорт жұлдыздарын слайдтар арқылы көрсету)
Сондай спорт майталманы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жерлесіміз – Илья Илин.
Бүгінде тәуелсіздіктің туын тігіп, еңсемізді тік көтеріп жатқан тұста Елбасымыздың еңбегін айтпай кету мүмкін емес. Н. Ә. Назарбаевтың тағы бір ерлікке пара - пар еңбегінің жемісі, сарабдал саясатының бірі – астанасы Ақмола қаласында көшіруі еді. Астанамыз – Ақмола қаласына 1997 жылы көшіріліп, 1998 жылдан бастап Астана атауымен қайта жаңғырып келеді.
 Арманға айналған Астана шаһарына, оның әсем ғимараттарына көз жіберсек.
(Астана туралы слайдтар көрсетіледі.)
Жүргізуші: Оқушылар, ата - бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген шақта, балалық шақтарың бақытты болатынына мен кәміл сенімдімін. Мақтанышқа айналған тәуелсіздіктің қадірін біліп өсіп, ел дамуына үлес қосқандарыңды қалаймын. Себебі осы елдің тілегі де, тірегі де сендерсіңдер!
Қорытынды:
Құрметті оқушылар! Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Қатысқан оқушылар бірге:
Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғып, Тәуелсіздік туы халқымыздың еркіндігін паш етіп желбірей берсін!

 

ІҮ. Үйге тапсырма: Сынып белсенділерінің есебіне дайындалу

 

Сынып жетекші: Досполова Сауле А

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздік - мақтанышым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Досполова Сауле Амангельдиновна Алматы қаласы Құлагер ықш.ауд.36-32 Тел: 2399-811 8 701 749 2573 Туған күні, жылы Туған жері Білімі § 15.01.1969 § ШҚО, Жарма ауданы Жалғызтөбе ауылы 1. Жоғары, Арқалық педагогикалық Институты, физика-матемтика факультеті, 1993ж 2. Жоғары, Қазақ Қыздар Педагогикалық Институты, информатика факультеті, 2011ж Мамандығы Тілдер білу деңгейі Педагогикалық өтілі Санаты Физика, математика және информатика пәні мұғалімі Қазақ тілі –ана тілі Орыс тілі –еркін Ағылшын- оқимын,сөздікпен аударамын 19жыл Жоғары деңгейлі бірінші санатты математика және физика және информатика пәні мұғалімі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2014 2267
    • DOCX 20.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досполова Сауле Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3061
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе