1242819
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 60%
ИнфоурокКлассному руководителюРабочие программыКітап -ақыл ойдың айдыны

Кітап -ақыл ойдың айдыны

Лабиринт
библиотека
материалов

Тақырыбы: Кітап – ақыл ойдың айдыны
Мақсаты:

Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу;

Оқушының біліктілік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру;

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекілігі: Кітаптар көрмесі (Қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, математика, ағылшын, тарих, жаратылыстану т.б.)


Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгінгі “Кітап – ақыл ойдың айдыны” атты тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағалы тұрмын.


Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, оқып байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?

Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер іздеп тауып алалық та!


Кітап қалай жасалады?


1 – оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.


2 – оқушы: Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады.


Кітап: Ой, бәрекелді! Өздерің менің тарихымды біледі екенсіңдер. Мен адамның досымын. Менің атым – кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған автор жазады, суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп, ауыл – ауылға, қаладан – қалаға , кітапханаға таратады. Міне, мен енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күт, жыртпай ұста. Мен сенің досыңмын!




3 – оқушы:

Адамның досы – кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған дүние – мүлкі.

Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.


4 – оқушы:

Тұрады басын құрап әріп неден?

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түрсіз мұхит,

Оқысақ кітап сырын ашып терең.


5 – оқушы:

Кітапты оқымайды сыйламаған,

Білімге жанын жанып қинамаған.

Өсірген кімнің болсын ой – өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.


6 – оқушы:

Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп,

Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,

Береді білім нәрін кітап көптеп.


7 – оқушы:

Кітаптар бейне жапырақ,

Жырлайтын сырын өмірдің.

Оқисың кейде жаттап,

Көтеріп күйін көңілдің.


8 – оқушы:

Айдын шалқар кейде бір,

Кітапты тұнған көл дерсің.

Ауадай қажет бейне бір,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.


Мұғалім: Қазақ даласында мектеп салған, қазақ балаларына арнап “Әліппе” жазған кім еді?


Оқушылар: Ыбырай Алтынсарин атамыз.


Мұғалім: Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім айтады?


Оқушы: “Кел, балалар, оқылық”


9 – оқушы: Кітап!

Сен адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы.

Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,

Басылған таңба болып өзіңдей осы.


10 – оқушы:

Кітапта алма ағашы,

Жемісі біздің теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабіңнің әр бетін.


11 – оқушы: Кітап!

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.

Жеркезіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достар сырласады.


12 – оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмен бір бетке.


13 – оқушы: Кітап!

Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда – ақ өткен күнмен беттеріңді,

Келер күн көз алдыма кеп тұрады.



Көрініс: “Оқушы мен кітап”


Оқушы: Асыл ойдың иесі, бар ғаламның жүйесі.

Қуанышы көңілдің, баспалдағы өмірдің.

Жаз азығым, серігім, ардақтамас сені кім?


Кітап: Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін.

Көптің тауып керегін. Кезінде айтып беремін.

Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді.


Оқушы: әсерлемей, асырмай, айтып берші жасырмай,

Жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім екен?


Кітап: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады,

Оныменен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды,

Налымайын мен неге ол секілді пендеге.


14 – оқушы:

Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінді.

Көрініс.

Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік? Тірімісің өзің?


Әдебиет: Ой, мазамды алма, бүйткен тірлігім құрысын! Мұнанда парақтарым дал – дүл болып, желмен бірге ұшып, не өртеніп кеткенім жақсы еді!

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет?! Біздің де көрген қоорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрасайық. Кімсің өзің?

Әдебиет: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтын, ішім түтін. Әдебиет оқулығымын. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп, қанша қызмет етті десеңші! Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрінікі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеуге тырыстым. Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп, бір жыл бойы осындай күйге ұшырадым. Қайтейін, өткен күнім есіме түссе, сай сүйегім сырқырайды.


Қазақ тілі: Тұрыңдар достар! Мені ұстаған Дәуренбек деген бала бар. Сол сендерді бүтіндейді, құдайым Адырбай мен Сотқарбай сияқтылардан сақтасын. Келесі оқу жылында Дәуренбек сияқты балаға тап болғайсыңдар.


Математика:

Дарындарым оқы, ойла,

Оқу – білім саған пайда.

Кітабыңның шетін жыртып,

Сияменен бояп қой ма?


Әдебиет:

Оқы талмай, түй санаңа, жас дарын,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені, қастерле,

Бар білімді мен егемін санаңа.


Қазақ тілі:

Кітабіңді құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмен бір бетке.

Балалар біз де Дәуренбек сияқты балалар бар ма? (Балаларды мадақтау).


Жұмбақ.

К – Бірінші әріп көзде бар, мұрында жоқ.

І – Екінші әріп тісте бар, бұйымда жоқ.

Т – Үшінші әріп бетте бар, білекте жоқ.

А – Төртінші әріп құлақта бар, жүректе жоқ.

П – Бесінші әріп ақырғысы.


Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы.

Кәне, балалар, қандай сөз шықты.

Кітап.


15 – оқушы:

Кітабіңді түптеймін, жыртылмасын,

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген адам кітабыңді кір демесін.


16 – оқушы:

Оқулығым, құралым,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.


Мұғалім: Балалар, кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап – адал пейіл, асыл дос. Қойған жеріңде жатады, қолыңа алсаң тіл қатады.


17 – оқушы:

Оқы талма, түй санаңа, жас дарын,

Сыр құямын, нұр құямын бойыңа.

Таза ұстап оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін миыңа.


Мұғалім: Кітапты мұқият ұстау үшін не істейміз?

Кітап беттерінің бұрыштарын бүктемеу керек.

Кітап мұқабасын бүлінбес үшін қаптап алу керек.

Кітап беттерін жыртпау керек.

Кітапқа сурет салмау және жазбау керек.

Тамақ ішіп отырғанда кітап оқымау керек.

Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салмау керек.


Қорытынды.

Мұғалім: Балалар, біздің ата – бабаларымыз “Кітап – көп ақылдың құйылған көлі”, “Кітап – білім бұлағы”, “Кітап ғажап дос” деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді.

Осымен “Кітап – ақылшы досың” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.



Лабиринт
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Кітап – көп ақылдың құйылған көлі”,  “Кітап – білім бұлағы”,  “Кітап ғажап дос”  деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Осымен “Кітап – ақылшы досың” атты тәрбие сағатымыз аяқталды.  Кітапты мұқият ұстау үшін не істейміз? Кітап беттерінің бұрыштарын бүктемеу керек. Кітап мұқабасын бүлінбес үшін қаптап алу керек. Кітап беттерін жыртпау керек. Кітапқа сурет салмау және жазбау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап оқымау керек. Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салмау керек.  
Общая информация

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Оказание первой помощи детям и взрослым»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Профориентация школьников: психология и выбор профессии»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.