Инфоурок Всеобщая история КонспектыНаучный проект история краеведческому конференцию

Научный проект история краеведческому конференцию

Скачать материал

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі

Комуналдық мемлекеттік мекеме

«Солдатово орта мектебі»

 

 

 

 

 

 

Секция:Аймақтық география және өлкетану бағыты бойынша оқушылардың ғылыми жобалауы.

  

 

 

 

ЖОБА

Тақырып: «Мәңгіге ұмыт қалған Көккөл»

 

 

Орындаған:Жанәбілов Саяхат

9 – сынып оқушысы

КММ «Солдатово орта мектебі»

 

Жетекшісі:Серғазина К.Қ

КММ «Солдатово орта мектебі»

 

Ғылыми жетекшісі:Сергазин. А

 

 

 

 

СОЛДАТОВО ауылы 2014ж

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ_________________________________________3

_______________________________________________4

НЕГІЗГІ БӨЛІМ___________________________________5

_______________________________________________6

_______________________________________________7

_______________________________________________8

_______________________________________________9

_______________________________________________10

_______________________________________________11

_______________________________________________12

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ_____________________________13

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ______________________________14

ҚОСЫМША_____________________________________15

_______________________________________________16

_______________________________________________17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе                                                    3

 Сенің елдігің тарихыңды зерттеуден басталады. [Қ.Мырзалиев] айтқандай туған ел тарихы жалпы тарихтың бір ұшы, бөлшегі. Белгілі жазушы [Мұхтар  Әуезов] «Біздің қазақ – жер аты, тау атын әммәнда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездесетін кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына,  шешілмеген құпия сыр жатады»--деген екен. Міне осыған сүйене отырып мен өзім өз ауданымның, өз өлкемнің  көмескіленіп  бара жатқан  тарихының  бір бөлшегін  зерттеуден бастадым. Осындай білуге, зерттеуге деген құштарлық менде бесінші, алтыншы  сыныптарда оқып жүргенде басталған.  Ақпарат беттерінен тарихқа қатысты мәдени–этнографиялық,  археологиялық, тарихи тақырыптарға жазылған материалдарды  жинап, оқып танысып, зерделеп жүретінмін. Өйткені кез-келген өз елін, жерін сүйетін адамды өз елінің тарихының құпиясы қызықтырмай қоймайды деп ойлаймын  Осындай жинақталған  материалдар арасынан аудандық «Арай» газетінің 2002  жылғы нөмірінен Пошта жәшігі -1,2 ...15 авторы Меңғали Мусин деген  журналистің мақалаларын оқып таныстым. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарында Катонқарағай, Үлкен –Нарын аумағында Алтай тауының  бауырынан сонау Свинчаткадан Катон жерінің төріне дейін құпия рудник-кеніштер болғанын жазған. Ары қарай толыққанды ақпаратты, яғни, онда еңбек еткен адамдар, олардың тұрған жері, не өндірген, өнімді қайда жіберген және оның атауы жасырын құпия тек қана «Пошта жәшігі» деп аталып  ең соңғы нүктесі  Көккөл  болғанын  интернеттен тауып  таныстым.  2010 жылы ата-анам авторы жерлес жазушы Әлібек Асқаровтың «Алтай –алтын бесік, ата жұрт» деген кітабын сатып әкеліп берді. Содан да біраз мағлұмат жинап зерттеуге кірістім. Ондағы мақсатым:

     1)Сонау Алтай тауының төрінде 3000 м биіктікте Ұлы Отан соғысы жылдары алдында  қайнаған  өмір, қасіретті тағдыр, адамдардың, яғни, менің  жерлестерімнің  ата-апаларымның  қажырлы еңбегі, маңдай тері сіңген, сол жерде қапылыста қаза болған  адамдарымен  мәңгіге  ұмыт қалған  ауыл болғанын көрсету.

    2)1941-1945 жылдары Ұлы Жеңіс үшін үмітін үзбей, ел үшін, жер үшін  деп еңбек етіп радияциясы өте жоғары кеніштен вольфрам, молибден және тағы басқа руда кендерін өндіріп, адам төзгісіз

                                                                                                                  4

жағдайда өмір сүрген адам тағдырларын зерттеп көпшілікті хабардар ету. 

   3)Сол кездегі солақай саясаттан ба, әлде шарасыздықтан ба осындай  қиянда тарихымыздың куәсі болып тұрған салынған кеніш Көккөлге  болашақта еліміздің туризмін дамытуға үлес қосу .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

       Шетел тұрмақ өз елімізге аты белгісіз болып қалған бұл елді мекенді мен «Мәңгіге ұмыт қалған Көккөл» деп атадым. Енді сол Көккөлге жетудің жол бағдарымен таныссақ.

Мен тұратын елді мекеннен  Көккөлге дейінгі қашықтық 225 км.

 КӨККӨЛ - Язевка ауылы арасы 40 км

Язевка ауылы - Берел ауылы арасы 28 км

Өрел ауылы - Берел ауылы арасы 20 км

Еңбек ауылы - Өрел ауылы арсы 15 км

Шыңғыстай ауылы - Еңбек ауылы 20 км

Жаңаүлгі ауылы - Шыңғыстай ауылы 10 км

Қабырға ауылы - Жаңаүлгі ауылы 10 км

Катонқарағай ауылы - Қабырға ауылы 10 км

Топқайың ауылы - Катонқарағай ауылы 12 км

Белқарағай ауылы - Топқайың ауылы 8 км

Солдатово ауылы - Белқарағай ауылы 25 км

Мынау менің маршрутым

 

 

6

2012 жылы Көккөлге баруға талпынғанмен көп дайындық қажет болғандықтан мақсатым іске аспай қалды. 2013 жылы тамыз айында жоспарлап жүрген ісім жүзеге асып сапарға аттандым. Іс-сапарым сәтті болды. Осы сапарымызда демеушіміз болған туыстарым және әкемнің достарының арқасында Көккөлде көргенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мұнда менің алдыма қойған міндетім:

    1)Өзім жинаған, оқыған ақпараттардан, алған мәліметтерді көзбен көру және суретке түсіру.  2)Табиғи-экологиялық жағдайды бақылау.  3)Титтейболса да бір жәдігер алып қайту .


 Осы сапарымда мені таң қалдырған Көккөлге бара жатқан жолдағы 1938 жылы салынған көпір.

Ол көпір «Төменгі лагерь» деп аталатын ауылға дейін 4 километрде

7

аралықта Ақбұлқақ өзеніне салыныпты. Көпірдің инженерлік құрылысы өте күрделі, асқан шеберлікпен Алтайдың қызыл қарағайынан салынған. Көпірдің салынғанына 60 жыл өтсе де мықты. Біз жолбасшымыздың айтуымен сақтық жасап көпірден жаяу өттік. Ал аттарды төменірек өткелден өткізді.  

Көпірден өткен соң «Төменгі лагерь» деп аталатын ауылға жеттік. Жолда биіктігі 80 метрден құлап ағып жатқан «Көккөл» сарқырамасын кездестірдік. Ерекшелігі су аппақ көпірген, 2 адам қатар тұрып айғайласып сөйлессе де дауыс естілмейтін, құлақ тұндыратын, өте шулы, ағыны қатты, қорқынышты екен. Интернет беттерінен «Көккөл» сарқырамасының Қазақстан бойынша ең биік сарқырама екені туралы мәлімет алдым.  

Сарқыраманың өр жағында Көккөл өзенінің 2 жағында жаңағы «Төменгі лагерь» орналасыпты. Менің көргенім әр тұстан қирап қалған үйлердің жұрттары. Ескі жұртта қышыма, қурай дөңгеленіп өскен екен. Осыған қарап бұл ауыл кезінде біршама үлкен болғанға ұқсайды. Енді интернет беттерінен ақпарат: осы лагарьде тұрғын үй, мектеп, наубайхана, кеңсе, монша жұмыс

8

істеген деген мәлімет бар. Осы лагерьде жоғарғы лагерьден әкелінген кенді сұрыптап Өрелге, Үлкен нарынға, Самарға пар ат шегілген арбамен 1950 жылға дейін жіберіп отырған. 1950 жылдан кейін полуторка машинамен тасыған екен.

Төменгі лагерьден жоғарғы лагерьге дейін тауды жарып, тасты бұзып алып граниттерді жолға төсеп арба жүру үшін табан жасап салынған жол бірден өрге қарай биіктей береді де жоғарғы лагерьге жетеді. Бір кезеңді асқанда алдымыздан үйлері қап-қара ауыл көрінді.

 

9

Ауыл ашық алаңқайға салыныпты. Шығысында қап-қара тау жатыр, келесі жағында мұз қарлы тау қоршап жатыр. Үлкендер мына қап-қара тау «Вольфрам» тауы деп аталады деді. Ұзын-ұзын оннан аса барақ үйлерді көрдік. Үйлердің астына тастан фундамент ретінде жиған табан тұғыры бар ағаштары қатты жел мен қар-жауыннан қарайып кеткен бөренелері әдемі қиюластырылған екен. Үлкендер құрылысын қарап «шкантқа» отырғызылған қатты желге қарсы мықты болсын деп көрсетіп жатты.

 Салқын климат арқасында бұл ауылдың құрылыс жүйесі жақсы сақталыпты.

10

Үй-барақтарда үш-төрт жанұядан он бір - он екі адам тұрған деген мәлімет бар. [ интернет ақпараты]

Үлкендердің айтуы бойынша ауыл түрмесі, қойма, магазин және байыту фабрикасын аралап көрдік. Ішінде сол кезде пайдаланған заттар: керует, шкаф, стол сақталып қалыпты.

      

   

 Бұл жерден көргенім биік- биік қадалар. Басында шам болғанға ұқсайды. Бұларды үлкендер «штольня» деп атайды деді. Оларды шахтаға кіретін есіктерде орнатады екен. Бірнеше штольня тұрған жерге бардық, бірақ кіруге мүмкін емес екен. Себебі, біз көрген шахта ауыздарын динамитпен жарып бітеп тастапты. Яғни, ғылыми тілмен айтқанда консервацияланған.Кен байыту фабрикасы  1955 жылға дейін жұмыс істеп тұрған деген мәлімет бар.

 

 

 

11

 Көккөлде тағы бір байқағаным климат қолайсыз, ауа райы сағат сайын өзгеріп тұрады екен. Жел соққанда ауа сиреп, оттегі азаяды. Тұмсықпен ғана дем алу мүмкін емес, аузыңды ашып қысылып, басыңа целофан қап кигізгендей әсер аласың. Мен таудың баласымын, сонда да өзімді өте қолайсыз сезіндім.Жетекшім Берелде қалған, себебі денсаулығы келмейді екен. Ал біздің ата, апа, әпкелеріміз осындай жағдайда қалай еңбек етіп, өмір сүргеніне таң қалдым.

      «Қыстың күні қар қалың, күнде боран, үй мен үйдің арасына арқан тартып  қояды. Үйге кірер тұста қызыл шүберек байланған таяқ шаншылып тұрады дегенді кезінде елдегі үлкендер аузынан жазып алдым» - деп  Әлібек  Асқаров өз кітабында мәлімет келтіреді.Тағы бір байқағаным төменгі лагерде  төбе үстінде үлкен зират қорым бар екен. Үстіңгі лагерьден де қайтыс болғандарды да, жұмыс кезінде опат болғандарды да осында әкеліп жерлеген екен.

12

Кен таситын американдық «ФОРД» автомашинасын 1950 жылдары бөлшектеп шығарған деген мәлімет бар.

      Бір кезде жұмысы өрбіп, өмірі қайнап тұрған ауыл кеніші 1955 жылы жабылып, халық жаппай көшіп кеткен.[интернет ақпараты] Ал алыстағы  қиянға ауыл салып шахта ашып кен қазудың өз себебі бар болған. 1934 жылы барлау жұмыстары нәтижесінде Никонов деген геолог 1936 жылы Көккөлден вольфрамит, молибденит металлын табады. Кейінгі жасақталған экспедициялар бұдан басқа да металл концентраттарын анықтайды. Ал шахта, ауыл 1938 жылдан бастап салынып 1955 жылға дейін  17 жыл жұмыс істеді. Жұмыс мұнда негізінен еңбек армиясы – Самар, Үлкен – Нарын, Катонқарағай аймақтарындағы репрессияға ұшыраған азаматтардан жасақталған. Күш көлігі де репрессияға ұшыраған жылқылардан болған. Ерлер шахтёр, взрывник, ал әйелдер, балалар сүзуші «старатель» жұмысын атқарған. Сүзгіштерді экспонат ретінде алуға рұқсат етпеді. Көккөл кенішінде вольфрам концентрантын өндірген. Вольфрамды таза соғыс мақсатында танктердің бронын жасауға пайдаланған. Сонымен қатар басқа да қымбат металдар өндірген. Осындай жұмыстардың болғанын айғақтайтын экспонаттар ашық аспан астында әр жерден локомобиль, дизель, су айдайтын насостар, тас уатқыш транспортерлер, керуеттер, шкаф, сөрелер, кен байыту фабрикасын көруге болады.

 

 

13

 Халықтың әлеуметтік жағдайы өте қиын болған. Отын тапшы екі-үш үй бірігіп шай қайнатып ішкен. Кезінде ауылда дүкен,түрме сияқты әлеуметтік нысандар болған екен. [Авторы Әлібек Асқаров]     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14

Қорытынды бөлім

      Осы көрген білгендерімді, қорыта келгенде, айтарым 3000 метрлік биікте жатқан Көккөлдің  болашақта ұмыт қалмай, тарихымыздың бір бөлшегі ретінде ел есінде қалса деген ой түйдім. Қаладан мұражай ашып, оған экспонаттар тасығанша, мына ашық аспан астындағы мұражайды қаз-қалпында сақтап  халыққа, ел-жұрттарға таныстырса деген ұсыныс айтқым келеді.

      Сонау Оңтүстік Американың Анды тауындағы инктер тайпасының қалаларымен, Египеттегі пирамиданы көруге қыруар қаржы жұмсайтын азаматтар ол жерлерден титтей де кем емес, «Көккөлді» келіп көрсе, оның қойнауында қандай тарих тұнып жатқанын көкірегімен түйсінсе, шетелдіктерге  жарнамалап таныстырса, елдің экономикасынада,Өлкетану- тарих ғылымының дамуына да үлес қосқан болар еді.

      2000 жылдары Көккөлге жету өте қиын болған екен. Одан бері  13 жыл уақыт өтті. Баратын жолдарды Ұлттық бақ қызметкерлері біршама жөндеп  қалыпқа келтіріп қойыпты. Сонда да арнайы дайындықсыз, демеушісіз бару мүмкін емес. Қазіргі кезде тегін еш нәрсе жоқ. Бірақ та сонау  Алтай тауының төрінде жатқан құпия мекенді көру естен кетпес ерекше құбылыс деп білемін. Осы елдімекеннен қайтардағы сезімімді мен Әлібек Асқаров ағамыздың «Қалай болғанда да,осы бір жұттан қалғандай жұмбақ ауыл бізге  елдіктің қасиетіндей, ерліктің  символындай көрінген. Өр Алтайдың мұзарт шыңында адамның жасампаз рухына орнатылған мәңгіліктің ескерткішіндей  елестеп өтті» деген цитатасымен аяқтағым келді.

                                                                  16

Аннотация

Бұл бөлімде өз өлкемнің тарихын зерттеуге не түрткі болғаны жазылған.Алғашқы зерттеу ақпараттарының қайнар көзі туралы айтылған. Туған өлке тарихын зерттеудің үш түрлі мақсаты берілген .

Негізгі бөлімде зерттеу обьектісі Көккөлге дейінгі маршрутым берілген. Көккөлге барарда алдыма қойған міндетімді анықтап көрсетіп жаздым .Әрбір көрген обьектімнің фотосуретері мен тарихы және географиялық атаулары берілген. Мысалы: Алғашқы көпір,ең биік сарқырама, жоғарғы және төменгі ауыл,қорымдар,салынған жол нақты сипатталып жазылды. Әрі қарай жоғарғы ауылдағы әрбір обьектілердің сипаттамасы фотосуретімен айғақталған сол обьектілердің сонау жылдары атқарған қызметі жайында зерттеме нәтижелері жазылды . Сонымен қатар, Көккөл климатының шұғыл өзгеретіні жайында оның адам ағзасына әсері сипатталады. Осындай қиын, қатал климат жағдайында біздің өлкенің адамдарының қалай еңбек еткеніне баға берілген.

Көккөл кенішін не үшін ашып ол жерден қандай кен өндіргені ол кеннің Отанымыз үшін, болашақ жеңіс үшін аса пайдалы болғаны туралы ақпараттар келтірілген. Осындай қымбатта, бағалы кенді өндіру үшін 3000м биіктіктте, Алтай тауының төріне ауыл салынғаны, сол ауылдың аты бүгінгі күні ешкімге белгісіз болып қалғаны туралы жазылған. Сол ауылда адамдар өмір сүрген өздері тұрғызған үйлер және қызмет обьектілері еш бүлінбей ашық аспан астында мұражай сияқты сақтаулы тұрғаны айтылған. Сол кездегі құрылыстың адам таңғаларлық  күрделілігі  және сапалылығы жайында мәліметтер келтірілген.

Қорытынды бөлімде осы көрген білгендерімді көпшілікке жеткізіп болашақта өз өлкемнің тарихын зерттеуге  бір аз болсада үлес қосатынымды айтып өттім ол үшін Әлібек Асқаров ағамыздың “Алтай алтын бесік ата жұрт” кітабынан фотосуреттер алып мағлұматтар келтірдім және интернет ақпараттарын пайдаланғанымды айттым.

 

 

 

 

17

                                                        Summary 

In this report to be said that pushed me to investigate history of the edge and as what sources were used at its writing. At researches I set the purposes: to show that at height 3000м to be, forever the forgotten village. And tasks: 1.1938-55 YEARS In these parts there was an open mine and for what it served. 2 . This historical object future became the center of tourist culture.

In the main section my route and the purpose and still problems of my research is given. Here historical and place names of objects, and as photos are given (for example - in 1938 the built bridge, the highest across Kazakhstan falls, the top and bottom village, distance between which it is equal to four hours' journey. The characteristic is given to Kokkol's sharply changing climate. The assessment is given to work of inhabitants at severe climatic conditions,

Purposes of opening of mine: type of being extracted minerals, information and the facts.

In far 1938 the village which is forgotten for any reasons was built. Though, it is the village now I remained as the museum open-air, but it remains to nobody known,

In the conclusions I would like to show interested to people summary to give examples the facts from stories of the edge, in hope in the future that will open a tourist route in Kokkol. For this purpose I went itself with the sponsors, to this region both was surprised seen and would like on to share with you with the impressions.

 

 

 

 

 

 

 

 

18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Асқаров.Ә  АЛТАЙ АЛТЫН БЕСІК АТА ЖҰРТ

2 Егемен Қазақстан газеті 2001 жыл

3.Арай газеті 2002 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

19

Тақырыптың  өзектілігі

«Біздің қазақ – жер аты, тау атын әммәнда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездесетін кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына,  шешілмеген құпия сыр жатады»--деген екен.

Мұхтар Әуезов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

Жетекшінің пікірі

Тақырыптың  өзектілігі

«Біздің қазақ – жер аты, тау атын әммәнда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездесетін кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына,  шешілмеген құпия сыр жатады»--деген екен.

Мұхтар Әуезов

Зертеушінің сіңірген еңбегі үлкен, өйткені зерттеу обьектісі оқушының тұрғылықты жерінен 225 км қашықтықта 3000 м биіктікте орналасқан.

Жол жағдайы күрделі,климаты қатал обьектіні өзі көріп, суретке түсіріп келді.Жолда көрген бақылағандарын күнделікке түсіріп отырды.Бұл обьектіні зерттеуге дейін қосымша ақпараттармен танысып өзі де ақпараттар жинап, көргенімен салыстырды.Өкінішке орай, түсіріп әкелген фоталары климатық жағдайға және т.б себебтерге байланысты сапасы өте төмен, сондықтан зертеуші қалаумен қосымша ақпараттардан фото суреттер алынды.Келешекте жақсы және сапалы жұмыс атқаруға ұсыныс жасаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

Гипотеза

Сонау Алтай тауының төрінде 3000 м биіктікте Ұлы Отан соғысы жылдары алдында  қайнаған  өмір, қасіретті тағдыр, адамдардың, яғни, менің  жерлестерімнің  ата-апаларымның  қажырлы еңбегі, маңдай тері сіңген, сол жерде қапылыста қаза болған  адамдарымен  мәңгіге  ұмыт қалған  ауыл болғанын көрсету.

1941-1945 жылдары Ұлы Жеңіс үшін үмітін үзбей, ел үшін, жер үшін  деп еңбек етіп радияциясы өте жоғары кеніштен вольфрам, молибден және тағы басқа руда кендерін өндіріп, адам төзгісіз

жағдайда өмір сүрген адам тағдырларын зерттеп көпшілікті хабардар ету. 

Сол кездегі солақай саясаттан ба, әлде шарасыздықтан ба осындай  қиянда тарихымыздың куәсі болып тұрған салынған кеніш Көккөлге  болашақта еліміздің туризмін дамытуға үлес қосу .

Сонау Оңтүстік Американың Анды тауындағы инктер тайпасының қалаларымен, Египеттегі пирамиданы көруге қыруар қаржы жұмсайтын азаматтар ол жерлерден титтей де кем емес, «Көккөлді» келіп көрсе, оның қойнауында қандай тарих тұнып жатқанын көкірегімен түйсінсе, шетелдіктерге  жарнамалап таныстырса, елдің экономикасынада,Өлкетану- тарих ғылымының дамуына да үлес қосқан болар еді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научный проект история краеведческому конференцию"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.10.2015 932
    • DOCX 17 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сергазин Алтай -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сергазин Алтай -
    Сергазин Алтай -
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4417
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 312 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе