Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииОткрытый урок на тему "Сен өз құқығыңды білесің бе"

Открытый урок на тему "Сен өз құқығыңды білесің бе"

Скачать материал

 

№5 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

«СЕН ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                           Өткізген: Князова Б.Б.

                                                                               сыныбы:       5 В          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шалқар   2016-2017 ж

 

 

Күні:18.11.2016ж

Сыныбы: 5В

Сабақтың тақырыбы:  Сен  өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын , міндетін білуі, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау,  Бала құқықтары туралы Конвенциясы  туралы  құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру,ата-аналардың міндеттері мен құқықтары жөнінде  білімдерін шыңдау.

Білімділік:  Тақырыптың мазмұнына байланысты білім беру арқылы оқушылардың азаматтық жауаптылығын, қоғам алдындағы міндеттерін түсіндіру.
Дамытушылық:  Оқушылардың терең ойлау,  өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:  адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы.  суреттер,презентация
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сынып ұжымын сабаққа бейімдеу.

Сергіту сәті:оқушылар  дөңгелене тұрып:

Ø  Егер сендер үй тапсырмасын әрқашан орындасандар, қолдарыңды жоғары көтеріңдер!

Ø  Кімде -кім сағат кешкі 8-ден кейін үйде болсаңдар аяқтарыңды қозғалтыңдар!

Ø  Егер сендер әрқашан әдептілікті сақтасаңдар, шапалақтандар.

Ø  Үнемі ата-ана және ұстазыңның айтқаның тыңдасаңдар 1 қадам алға басындар!

Ø  Егер сендер үй жануарларына тиіспейтін болсаңдар 1 қадам артқа

Ø  Темекі денсаулыққа зиян деп санасандар, қолдарыңды алға созыңдар!

Ø  Таңғы әнұранға кешіккендер болса, басыңды шайқа!

Ø  Егер сен мемлекетіміздің заңына бағынатын болсаң, қасындағы көршіңе қолыңды соз!

Сынып 4 топқа бөлінеді: 1,2,3 – топ оқушылар  және 4 – топ  ата-аналар.

Кіріспе сөз

        Мұғалім: Мектебімізде  «Бала құқығы,адам құқығы »  атты  құқық  апталығының  өтуіне байланысты  бүгін  біздің 5-в сыныбында   «Сен өз құқығыңды білесің бе?»  атты  ашық  тәрбие сағатымызды  бастаймыз. Бүгін  бізде  қонақта  жасы  кәмелетк е толмағандар істері жөніндегі инспекторы  полиция   капитаны Бағым  Ғалымбек  Амангелдіұлы  және  ата-аналар, ұстаздар қатысуда.

Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер де жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Дүниеге келген осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады.                                                           Ол – Конституция деп аталады.
Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.

Қазақстанда барлық ұлт өкілдері татулықта,достықта өмір сүреді. Тәуелсіздігімізді  1991 жылы 16 желтоқсанда алдық,олай болса биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.Ата Заңымызды  1995 ж 30 тамызда қабылдадық. Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.

             Әр мемлекетте Бала құқығы туралы конвенция қабылданған. Баланың құқығын қамтамасыз ету адамзаттың ең бір маңызды проблемаларының бірі. Бірінші дүние жүзілік соғыстың халыққа тигізген зардаптары, панасыз балалар санының өсуі, бала еңбегін пайдалану, құлдықта ұстау, балаларды сату сияқты келеңсіз жайлардың өріс алуы 1924 жылы Ұлттар Лигасына бала құқықтары Декларациясын қабылдау қажеттілігін туғызды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінде балалардың құқықтары аяққа тапталды. 1989 жылы 20 - қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы толығымен баланың құқығын қорғайтын құжат - баланың құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. Қазақстан Конвенцияға 1994 жылы қосылып, оның барлық ережесін толық орындауға міндеттеме қабылдады. 8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

            2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.

            Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі..

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие. Бірақ ересектерге қарағанда өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері аз болғандықтан ерекше құқықтық қорғауды қажет етеді. Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан:

Қазақстан Республикасының Конституциясы

Бала құқықтары туралы Конвенция. Конвенция дегеніз ол- бала құқығы туралы келісім шарт.

Бала құқықтары туралы Декларация

Азаматтық кодекс

.Неке және отбасы туралы Заң.

·                   ББаланың құқығы туралы заң қанша тарау, қанша баптан тұрады?(10 тарау,53 баптан).
Заң бойынша бала деп кімді атайды?(18 жасқа толмаған адам).

10-желтоқсан 1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады.
1959 жылы Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979 жылы Балалардың халықаралық жылы өтті
20-қараша 1989 жылы БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28-қазан 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.
8-маусым 1995 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

 

 

1 – маусым

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

20 – қараша

Балалардың дүниежүзілік күні

10 – желтоқсан

Адам құқығы күні

 

1-тапсырма .Әр топқа 7  минут уақыт беріледі, осы уақытта олар өз жұмыстарын  берілген күн суретінің шуақтарына жазып толық орындап, қорытындыларын ортаға салып, көрсетеді. 


І –топқа    " Бала  құқықтары  туралы  Конвенциясы ”

ІІ–топқа          «Оқушының   міндеттері»

ІІІ –топқа          «Оқушылардың   құқықтары»

IV –топқа          «Ата-аналар  құқықтары  мен  міндеттері»

 

І –топ.   " Бала  құқықтары  туралы  Конвенциясы

Мазмұны:

БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын  54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет.

Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың  8-ші маусымында бекіткен. Конвенцияның  44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ-на есеп беру тиіс.

 

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан

-Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

-Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

-Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

-Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

     -Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға,      кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

-Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

-Әрбір баланың ой – пікір, ар -  ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

-Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

-Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

-Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

 

·                    ІІ–топқа «Оқушының міндеттері»   Оқушы — белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.    

  

Сабақ үстіндегі оқушының міндеттері

·                    Бала қандай баға алғанын білуге құқылы.

·                    Бала сабақ тақырыбына сай өз ойын айтуға құқылы.

·                    Бала сабақ уақытында оқытушыдан сұранып, сыртқа шығуға (әжетханаға, су ішуге, т.б себептер) құқылы.

·                    Оқушы сапалы әрі тегін медициникалық көмек алуға құқығы бар.

Мектептегі оқушының міндеттері

·                    Кез-келген оқушы мектеп мүшелерін құрметтеуге тиіс.

·                    Әрбір оқушы мектеп мүшелерімен амандасуы қажет.

·                    Оқушы сабаққа белсенді қатысуы тиіс.

·                    Оқушы мектепке келмеген жағдайда оқытушыға себебін түсіндіруі керек.

·                    Әрбір оқушы мектеп заңдарын орындауы қажет.

·                                 

 20-бап. Баланың мiндеттерi

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын  және  заңдарын  сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

Ата Заң- қорғанымыз. «Азамат жолы-ар жолы» демекші, ешкімнің ала жібін аттамай, өз құқымызды да, өзгенің құқығың да бұзбай тәуелсіз елдің арқа сүйер айбынды, ақылды ұл-қызы болып өсейік.

 

 ІІІ –топқа тапсырма   

Оқушылардың құқықтары:

1.     Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзінің ой-пікірлерін білдіруге;

2.     Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;

3.     Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып,білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

4.     Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

5.     Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

6.     Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға жәңе т.б.шараларға қатысуға;

7.     Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

2 - бап.  Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет.
13
- бап Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
14 - бап. Заң алдында жұрттың бәрі тең.

15-бап.   Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.

75 - бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
5 - бап.   Басқаны қинауға, оған қатал қарауға, кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ!
12 - бап. Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге,      біреудің хатын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.
19 - бап. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға құқы бар.
24- бап.  Әркімнің еңбек етуге, тынығуға құқығы бар.
27 - бап. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы.
29 - бап. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30 - бап. Азаматтардың, тегін орта білім алуына, жоғары білім алуына құқығы бар.
4. Оқушы ретінде қандай міндеттері білуге тиіссің?
(Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)

 

IV –топ мүшелері (ата-аналар)  Ата-аналар құқықтары мен міндеттері

 Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы. Баланы тәрбиелеу – ата - ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті дейміз, неге?
(Қазақстан Республикасының заңына бойынша орта білім алуға балалар міндетті болса, оларға оқу үшін жағдай жасап, қамқорлық көрсету – ата - аналардың міндеті. Яғни, ер жеткенше киіндіру, асырау, оқыту, бәрін де білуге баулу, өмірге керек болатын нәрсенің бәріне тәрбиелеуге аса көңіл бөлу – ата - ананың міндеті)

Ата-ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті. ҚР-ның Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заң түрінде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады.

11-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

68-бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең мiндеттерi (ата-ана құқықтары) болады.
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде тоқтатылады.

70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
1. Ата-аналар өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға мiндеттi.
2. Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. 
3. Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ата-аналардың бала жалпы орта білім алғанға дейін оның пікірін ескере отырып, білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
4. Баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірін ескере отырып, өзара келісу арқылы ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушіліктер болған кезде, бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға немесе сотқа жүгінуге құқылы.

71-бап. Ата-аналардың баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттері

1. Ата-аналар өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және арнайы өкiлеттiктерсiз кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды. 

2. Егер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналар мен баланың мүдделерi арасында қайшылықтар барын анықтаса, ата-аналар өз баласының мүдделерiн бiлдiруге құқылы емес. Ата-аналар мен баланың арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн өкiл тағайындауға мiндеттi. 

Егер ата-аналар балаға қатысты ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген жағдайда, баланың мүдделерін білдіруге құқылы емес.

2-тапсырма.Ситуациялық сұрақтар.

1-топқа:

1.Арман  сыныптасының  ескертуіне қарамастан  сабағынан қашып кетті.Оның бұл әрекеті  дұрыс деп ойлайсың ба?

 

2- топқа:

Елдос үзіліс кезінде  Айбардың өз партасында отырғанын көрді. Қоңырау соққаннан кейін Айбардың озінің партасына барып отыруын өтінді. Бірақ  Айбар Елдостың сөзіне мән бермей отыра берді. Осы кезде екеуінің арасында келіспеушілік туындады. Осы мәселені сен қалай шешер едің?

 

3-топқа:

«Тығырықтан шығар жол қайсы»
(ситуациялық жағдайды шешу)

Көшедегі көрініс
Алмат: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Мұхтар: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Мұхтар: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дамир: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Осы жағдайға байланысты сендер қандай пікір айтар едің?

 

4-топ Ата –аналарға

 1.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «сен істей алмайсың, қолыңнан келмейді», - деп айтып жататынын байқаймыз. Балаға осылайша баға беруге ата-ана жалпы құқылы ма?

2.     Балаңыз 16 жастағы жасөспірім. Ол қазір өтпелі кезеңді бастан өткізуде. Жазды күні Сіз оған ұялы телефон және компьютер сатып алып бердіңіз. Енді ол оны айналшақтап, қолынан тастамайды. Тамақтанса да, теледидар алдында да, тіпті сабаққа дайындалып отырған кезде де үнемі алаңдап отырады. Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

3     Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

4.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

 

 

 

3-тапсырма: Конституция-ерікті елдің құқы(Оқушылардың айтатын тақпақтары)

1 – оқушы Жанель
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.

2 – оқушы Жамила
Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.

3 – оқушы  Даурен
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт
4 – оқушы  Алина
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап
5 – оқушы  Бибізейнеп
Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым - қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым

6 – оқушы Гулдана
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси - құқықтық акт.
7 – оқушы Айкоркем
Мораль - адамның іс - әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т. б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
8 – оқушы Арайлым
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.

9 – оқушы  Данияр
Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20 - қарашасында «Балалар құқықтары туралы конвенция» қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.

10 – оқушы Айнұр
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді.

11 – оқушы   Санжар
- Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы
- Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы

12 – оқушы  Жаннұр
Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:
1. Әрбір оқушы ҚР -ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
2. Басқа адамның құқықтарын, ар - намысы мен қадір - қасиетін сақтауға,

13 – оқушы Мадина
1. Табиғатты қорғауға
2. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті

1-оқушы Арайлым .

Конституция ерікті елдің құқы,

Адам құқы,алдымен ердің құқы.

Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,

Конституция-алтын заң,елдің құты.

2.-оқушы Жаннұр. 

Ол бойынша бекіген бостандығым,

Ол бойынша сақталған сөз сандығым.

Ол бойынша тілім де мемлекеттік,

Қуаттайды  мұны бар достар бүгін.

3- оқушы Бибізейнеп .

Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,

Ол бойынша біртұтас бай далам да.

Сансыз ұлттың өкілі бірордада,

Тең құқылы барлығы айналамда.

4- оқушы Жамила

.Қалауымша оқимын,білім алам,

Еңбек етем,қартайсам тыным алам.

Емделемін ауырсам заңды түрде,

Өз елімде қастерлі, құрметтімін,

5- оқушы. Дана

Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.

Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,

Заң алдында жауапқа міндеттімін.

Баға жетпес құным бары,

Еркін шыққан ерекше үнім бары,

Елтаңбалы жығылмас туым бары-

Алтын заңда айтылған мұның бәрі.

 

4 тапсырма :Ант беру рәсімі.  Сынып үздігі- Дана Тыныштықбай сыныптастарының атынан :
«Мен – Қазақстан азаматы «Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел болуы үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата- дәстүрін жалғастырамын. Мемлекеттің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. Қазақстан 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя мектебімді сыйлап, қастерлеймін» деп Ант етемін !

 

Енді сөз кезегін жасы  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы  полиция   капитаны Бағым  Ғалымбек  Амангелдіұлына  беріледі.

·                   . «Туған еліме тілегім» 
Балалардың алдына Тәуелсіздігімізге 25 жыл,Ата Заңның  ,бейбітшілік символы   көгершіннің суреттерін үлестірмелі түрде беріледі. Не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.

ІІІ. Қорытынды.
Мұғалімнің сөзі:
Сонымен, қорыта келгенде  бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік деп ойлаймын,өзіміздің құқығымызды қорғауға, міндеттерімізді орындауға, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. 
Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.Осымен сабағымыз аяқталды.



       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Сен өз құқығыңды білесің бе""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 048 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2016 974
    • DOCX 186.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Князова Балзира Бакытжанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Князова Балзира Бакытжанкызы
    Князова Балзира Бакытжанкызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25895
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе