Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация "Біз бақытты балдырған"

Презентация "Біз бақытты балдырған"

Скачать материал

Тақырыбы: «Біз – бақытты балдырған!»

Мақсаты: Отан, ана тілі, отбасы, мектеп жайлы білімдерін толықтыру.

Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,интерактивті тақта,шарлар

                                                Барысы

Дильнура:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар, ұзтаздарым қымбатты.

Абдрахман:Құрметті ұзтаздар,ата-аналар! 3 «г» сынып оқушыларының дайындаған «Біз бақытты балдырған» атты сыныптық кешіне хош келіпсіздер!

Сыныпты топқа бөлу

Хор .Болайықшы осындай

    Балалар, біздің Қазақстан елі –Тәуелсіз ел. Сендер осындай тәуелсіз ,бірлік ,бейбітшілік орнаған елдің ұрпағысыңдар.

 -Ал сендер өздеріңді бақытты балдырғанбыз деп ойлайсыңдар ма?

-Қане, балалар, «бақыт» деген сөзді қалай түсінеміз,топтастырайықшы    

       Осы сұраққа 1- топтың оқушылары қалай жауап береді екен?

                       /Отан туралы слайдтар көрcету/

1-  оқушы:

Ең бірінші бақытым халқым менің,

Соған берер ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.   

2 – оқушы:

Ал екінші бақытым тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

3 – оқушы:

Бақытым бар үшінші Отан деген,

Құдай деген кім десе Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

 

Бақытты боп жүргенім ,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан-деп бұл топ біздің бақытымыз өз Отанымыз дейді.

Абдрахман: Жайнатамын бар гүлді ,

Сайратамын бұлбұлды

Билетемін бар жанды,

Мейрам етіп бұл күнді-деп ортаға  Шығыс биімен Нұрайды шақырамыз

2 -топтың оқушылары бұл сұраққа қалай жауап береді екен?

1 – оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман тоғай көлімізді.

2 – оқушы:

Отаным менің кең байтақ Қазақстан,

Аман өткен талай дүлей азаптан.

Бар әлемді өз аузына қаратқан,

Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!

3- оқушы:

О, Отаным құлыныңмын қойныңда,

Өзіңмен өмірім өзің де балаң ойым да.

Болашағың күлімдеген ертеңгі

Отан – Ана мына менің мойнымда.

Хор: Атамекен    

 

3- топтың балалары не дейді екен

1-оқушы.  Біз – бақытты балдырғанбыз. Өйткені біздің ана сүтімен тараған қасиетті ана тіліміз бар. « Ана сүтімен дарыған ана тіліңді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, біз ана тілімізді ешқашан ұмытпаймыз.

 

Ән . Ананың тілі. Орындайтын Сейділла Жаннұр

      Иә,балалар, теледидар көріп жаңалық тыңдамайтындарың жоқ деп ойлаймын. Жаңалықтың өзін екі тілде береді. Қазақ тілі өз ана тілің болса, орыс тілі ұлттардың қатынас тілі. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой.Міне осыны ескере отырып , бұл топ бар бақыт өз ана тілімізді сүюден басталатынын айтып отыр.

 

4-топтың оқушыларын байқайықшы

1-оқушы    Біз бақытты балдырғанбыз. Өйткені бізді осындай дәрежеге жеткізіп, мәпелеп, аялап өсірген аяулы ата – аналарымыз, ата – әжелеріміз бар. Сондықтан, біздің ата – анаға, ата – әжеге деген алғысымыз мәңгі, шексіз.

2-оқушы:

 Бастадым сөзімді ана деп мен,

Себебі анам ғой мені адам еткен.

Өмірдің бар асылын бойына жиып,

Дүниенің ардақтысы анам екен.

3-оқушы:

Аман бол, өр тұлғалы әкелерім,

Қыран құстай болашағын мәпелеген.

Бүгін міне өз өнерін көрсетеді

Азамат боп кешегі сәби еркелерің.

        Бұл топ өте жақсы жауап тапты деп ойлаймын.    Өйткені,бала біздің болашағымыз. .Сондықтан ата- ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

      Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады.

Дильнура:Ана –өмірдің қуанышы,жүрегі.

Бала-оның жұбанышы,жүрегі.

Ана алдында ел жауы да бас иген

Олар дәйім тыныштықты тіледі,-деп кезекті ата-аналарға берейік.

                   «Балаңызға деген сүйіспеншілік » ойынын ойнайық 

      Баланың жан дүниесі – бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

     Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Ал, «Қазақстан-2050» халыққа арналған жолдауында

Қымбатты ханымдар!

   « Сіздер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер.

Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты.

     Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.

      Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр.

Өздеріңіз білесіздер, оған тек дайындығы бар және дарынды балалар ғана өте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы.

«Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет»-делінген..

-Сіз осыған қалай жауап берер едіңіз?

-Бақытты отбасы болудың негізгі  шарттарына нені жатқызар едіңіз?

Ән :Анашым Орындайтын :Темірхан Зульфия

Дильнура: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Абдрахман: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар  ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі  ұстаздарымыз ортамызда отыр.

1-оқушы:  Ал біз келешекте өміріміздің шамшырағы болатын өнер – білімді үйретіп жатқан алтын ұя мектебімізбен аяулы ұстаздарымыздың арқасында өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз.

2-оқушы:

Аялаған баптаған,

Асыраған, сақтаған,

Сақтандырып күнде еппен

Айтып бәрін үйреткен

Мектебіме мың алғыс!

Ұстаздарыма мың алғыс!

Ән.Ұстазым   Орындайтын: Темірхан Зульфия,Алтынбек Саят

    Сонымен «бақыт» дегеніміз -өзіміздің туған еліміз,ана тіліміз,ата-анамыз,ұстаздарымыз./.Осы сөздер арқылы бір шоқ гүлді топтастырдық/.

Дильнура

Тыныштық баршамыздың ұранымыз

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Абдрахман: Асыр салып ойнаймыз да,

                       Ән шырқаймыз, билейміз,

                        Үлкендерді сыйлаймыз да,

                        Тентектерді сүймейміз.

  Біз- бақытты,

  Біз – бақытты,

  Біз бақытты балдырған.

Дильнура:     Тату-тәтті достармыз біз,

                        Ынталы да талапты.

                        Көп білуге құштармыз біз,

                        Жақсы оқимыз сабақты.

Біз-бақытты,

Біз-бақытты

Біз-бақытты балдырған.

Хор: Көңілді күн

Дильнура: Шәкірттер санасына сәуле шашып, жылы лебіз, ақ тілегін білдіру үшін ортаға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назарымбетова Айгүл апайды шақырамыз.

    Балалардың бақыты дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын , тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен, олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен. Отбасынан басталған бақытты балалық шақтары Отанның ортан қолдай азаматы болуға жеткізсін деп  тілейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация "Біз бақытты балдырған""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2016 1573
    • DOCX 1 мбайт
    • 31 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канлыбаева Загипа Ибадуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4898
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе