Миға шабуыл:
Тақтадан сурет көрінеді. Балаларға сұрақ: Бұл кім? (балалар
білгендерін айтады, кестеге жазылып отырады)
Ыбырай аталарың туралы тағы не білгілерің келеді? (жазып қою)
Білемін
|
Білгім келеді
|
Жаңа білім
|
|
|
|
Ы.Алтынсарин туралы мағлұмат берілгеннен кейін мәтінмен танысу.
Тақтадан тағы сурет көрсетіледі. (әке мен бала)
Балаларға сұрақ: әңгіме не туралы болады деп
ойлайсыңдар? (оқушы ойын тыңдау) топта ақылдасып шешеді, әр топтан бір
оқушыға сөз беру.Осы суретке қарап қандай мақал-мәтел айтар едіңдер?(талқылау
Оқулықпен жұмыс: енді оқулықты ашып,
әңгімеміз не туралы екеніне көз жеткізейік. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқып
береді. Мазмұнын түсіндіреді. Оқушылар өздері оқып шығады. Түсінбеген
сөздерге сөздік жұмыс жүргізу. Мәтінді талдау.
Декламация әдісі бойынша:
Әр топқа тапсырма беріледі. Соған жауап табу керек.
І баласы тағаны неге алмады?
ІІ әкесі тағаны қалай іске асырды?
ІІІ әкесі баласына қандай ақыл айтты?
Сергіту сәті.
Енді 49-жаттығуға назар аударыңдар. Сөздердің дыбысталуын салыстырып
оқыңдар.
Ар-әр дау-дәу
Ал-әл сат-сәт
Аз-әз сал-сәл
Дал-дәл сан-сән
Әр сөздің мағынасы түсіндіріліп кетеді. Балаларға әз сөзінің
мағынасын түсіндіру.
Әз сөзінің екі нұсқасы бар. Қазақ
тілі - өте бай тіл. Әз – пәктік, тазалық, адалдық дегенді білдірсе, «Әз
болмай, мәз болмайды» деген тағы сөз бар. Ертеде қойшылар қар еріп біте
бастаған кезде аспаннан көктің аздап күркірегенін байқайды. Ол бір қыстың
бітіп көктемнің басталғанын білдіретін табиғаттың бір белгісі болса керек.
Осы құбылысты «әз жүрді» деп атайды екен.
Сөздерді көшіріп жазыңдар. Олардың жуан, жіңішке айтылуы қай дыбысқа
байланысты? (оқушы ойын тыңдау)
Дәптерге таза, әдемі жазу керектігі, партада дұрыс отырып, дәптердің
көлбеу туратыны тағы еске түсіріледі.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.