Инфоурок Классному руководителю КонспектыСабақтың тақырыбы: Монеталармен төлеу

Сабақтың тақырыбы: Монеталармен төлеу

Скачать материал

                 Қызылорда облысы ,

Жаңақорған ауданы,

Сүттіқұдық ауылы

№52 Б Аралбаев атындағы  орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

                                                                                                Амангелдиева  Жанар

 

 

Пәні:  Математика                              Мектеп: № 52 ЖОМ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:         Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Күні:  19.04.2019 ж.

4-тоқсан                                              Мұғалімнің аты-жөні: Амангелдиева Ж.

Сынып:  1 «Б»                                   Қатысқандар саны: 21

                                                              Қатыспағандар саны:

Сабақтың  тақырыбы

  Монеталармен төлеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.3.6.  1 тг,2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталармен түрліше төлем жасау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жөнінде біледі, «ақша», «теңге» ұғымының мағынасын түсінеді, теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратады, ақшаның адам өміріне қажеттілігін түсінеді.

Көптеген оқушылар:  монеталарды пайдаланып өрнектер құрастырады .

Кейбір оқушылар: ақшаны күнделікті өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

 

 «ақша», «теңге» ұғымының мағынасын  түсінеді, теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратады.

ақшаның адам өміріне қажеттілігін түсіндіреді.

ақшаны күнделікті өмірде қолданады.

Тілдік мақсаттар

ақша-деньги- money, монета-монета-coin, теңге-тенге-tenge

Құндылықтарды дарыту

Топпен және жұппен жұмыс барысында ынтымақтастыққа тәрбиелеу,

Еліміздің валютасымен таныстыру арқылы ұлттық құндылықты бойына дарыту.

Пәнаралық байланыстар

АКТ (Электронды оқулық)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді  тақта, бейнефильм,көрнекіліктер.

Бастапқы білім

Шамалардың өлшем бірліктерін анықтайды, уақытты бағдарлайды, минут, сағат, күн, апта, ай, жыл туралы түсініктері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері  40 минут

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың басы 2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:

  Шаттық шеңбері.

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайраңдаған достарыма сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген,

Ұстаздар сіздерге сәлем!

 

Психологиялық дайындық жасау.

   Қолыма ішінде 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг-лік монеталары бар қоржын  ұстап тұрамын, оны монеталардың дыбысы шығатындай етіп қозғаймын.

 

 

-          Балалар, қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-          Қоржынның ішінде қандай ақша бар екенін білгілерің келе ме?

 

-          Олай болса, қоржынға қолдарыңды салып, бір-бір монетадан ғана ала ғойыңдар.

-          Қолдарыңда қандай монеталар бар?

-          Бұл монеталарды не үшін қолдануға болады?

-          Енді осы монеталар бойынша топтарға бөлініп отыра қойыңдар.

Топқа бөліну:Оқушылар қолдарындағы 10 тг,

20 тг,50тг,100тг монеталар бойынша топқа бөлінеді.

Топ басшыларын сайлау: Бүгін біз сабақта тапсырмаларды дұрыс орындасақ, әр оқушы 1 тг монетадан алып отырады.

Топта ортақ  қор болады. Осы монеталармен  кім көп ақша жинаса,сол топ дүкеннен қалаған ойыншығын сатып алады.

det3

 

 

 

Монеталар салынған қоржын,  1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг-лік монеталар http://poradu.pp.ua/uploads/posts/2016-03/tenge-valyuta-nezalezhnogo-kazahstanu_353.jpeg

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

30 мин

Айтылым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   1 тапсырма: «Коктеиль» әдісі арқылы біз өткен тақырыптарды есімізге алайық .

-          Монета дегеніміз не?

-          Құны ең кіші монета?

-          Құны ең жоғары монета?

-          Біздің ұлттық валютамыз қалай аталады?

Жарайсыңдар, балалар, міне ,біз 1тапсырманы орындау арқылы өз тобымызға қор жинадық.

 

Дескриптор:

1.Монеталарды таниды.

2Теңгелік монеталарды бір-бірінен ажырата алады.

 

 

-Балалар ,сонымен монета дегеніміз-металдан жасалған ақша екен.Металл деген сөзді айтқанда не есімізге түседі?

-Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы бір қыры –ұлы даладағы ежелгі металлургия есімізге түседі.Еліміздің ежелгі металлургиясының тарихы жайлы әңгімелеп өтемін.

 «Алғашқы монетаның металдан соғылуы»жайлы бейнефильм көрсету

 

Қызығушылықтарын ояту.

 « Құпия қоржын» әдісі.

-Балалар, менің қолымдағы құпия-қоржында заттар бар.Араларыңнан бір оқушы шығып затты алып , ол затқа төлемді қалай жасаған тиімді екенін айтады. Бірінші оқушы  жеміс –ананасты алды.Бұл жеміске төлемді қағаз теңгемен ,яғни  купюрмен  төлеген  тиімді екенін дәлелдейді.Екінші оқушы шығып жеміс бананды қоржыннан алады.Бананға төлемді монетамен  жасаған қолайлы екенін дәлелдейді.

 

Дұрыс ,ендеше  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай екен? «Монеталармен төлеу».  Тамаша, балалар, ендеше ,сабағымыздың мақсатын бірге құрастырайықшы. Бүгінгі сабақтан не білгілерің келеді?

1.      Монеталарды ұсақтап есептеуді үйрену.

2.      Монеталармен төлеп үйрену.

3.      Есептер шығару.

Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге туралы әңгімелеймін. Әр монетаның үстіңгі бетінде ортадағы бедерлі шеңберінде оның құнын білдіретін сан және теңге сөзі жазылады. Ал астыңғы бетінің ортасында елтаңба және төменгі жағында монетаның шығарылған жылы бейнеленген.  Монетаның шетін айналдыра «Қазақстан Республикасы» деп жазылған. 15 қараша – ұлттық валюта күні екенін айтамын..

Теңге туралы бейнефильм көрсету.

3-тапсырма.                                                                                                            Келесі тапсырмамыз  «Кім жеңімпаз?» Топтық жұмыс.                       Әр топқа тапсырма беру «Монеталарды ұсақта» әдісі. .Алдарыңда тапсырмалар жатыр, ол тапсырмада монеталар суреттелген, сол монеталарды бірнеше тәсілдермен ұсақтауларың керек. 

1 – топ: Бір 10 теңге екі 5 теңгеге тең.                                                       2-топ:Бір 20 тг екі 10 теңгеге тең.                                                                  3-топ:Бір 5 тг бес 1 теңгеге тең .                                                                   4-топ: Бір 2 тг екі 1 теңгеге тең.

 Дескриптор:

1.Монеталарды бірнеше тәсілдермен  ұсақтай алады.

Енді, балалар бір сергіп алайық.

Сергіту  сәті.                                                                               Орнымыздан тұрамыз,                                                               Алақанды ұрамыз,                                                                    Бір отырып ,Бір тұрып.                                                                         Тез шынығып аламыз.

4- тапсырма. «Шәйға төле» тапсырмасы . Жұптық жұмыс.              

  Бір кесе шәй 20тг, бір кесек қант 8 тг тұрады.Сәуленің 10тглік 3 монетасы бар.Ол бір кесе шәймен бір кесе қантқа ақшаны тура төлеу үшін қолындағы ақшасын қалай ұсақтауы керек.Балалар есептің шешуін ламинат қағазға жазады

.Дескриптор:

1.Тура төлем жасау үшін ақшаны  ұсақтаудың  тәсілін біледі.

5-тапсырма. Дәптермен жұмыс

6-тапсырма.Ендігі тапсырмамыз «Жемістер дүкені» ойыны. Жұптық жұмыс. «Ойлан тап,шығар» әдісі арқылы мәтін- есепті орындату.                           

Анардың 20тг монетамен 60тг ақшасы бар. Ол алма, алмұрт және қара өрік сатып алмақшы болды. Бұларға ақшаны тура төлеу үшін Анар ақшасын қалай ұсақтауы керек?

 

Дескриптор:

1.Монеталармен  тура төлем жасау тәсілдерін біледі.

 

 

Сергіту сәті.«Кім зерек?» Монеталарды салыстыру.

 

Коктейль   ыдысы 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұлы даланың жеті қыры» слайды»

Бейнефильм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

http://poradu.pp.ua/uploads/posts/2016-03/tenge-valyuta-nezalezhnogo-kazahstanu_353.jpeg

 

 

 

 

Монеталар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

 

 

 

Жемістер

Сабақтың соңы

5 минут

     

«Еркін микрофон» әдісі арқылы  сабақты  пысықтаймын. Пысықтауға берілген сұрақтар:

-          Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата.

-          Оларды кему ретімен ата.

-          10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?

-          Монеталарды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?

-          Монеталармен нелер сатып алуға болады?

-          Дәптер неше теңге тұрады?

-          Оны алу үшін қандай монеталар ұсынасың?

-          20теңгелік 2 монетаны қалай ұсақтауға болады?

 

Топ жетекшілері жиналған монеталарын санайды.Сол арқылы ең көп монета жинаған топ  дүкендегі өздері қалаған затын сатып алады.

 

-          Кері байланыс                                                                                   -Бүгінгі сабақта не туралы үйрендік?

-Сендерге қай тапсырма ұнады?

-Қай тапсырманы орындау қиын болды?                                      Бағалау. Жетістік ағашы.Топ басшылары бағалау парақшаларын әкеліп  іледі.

ағаш

 

 

 

Микрофон

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

       

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-          Монетаны аузыңа салма.

 

 

 

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары шынайы.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізе алды.Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді.

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды. Сабақ жоспарынан ешқандай  ауытқулар болған жоқ.

 

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі  аспектісі (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1 «Еркін микрофон» әдісі арқылы  өткенді пысықтау да  оқушылар  өз ойларын  ашық айта  білді.

 

 

2 «Коктейль» әдісі бойынша   оқушылар  сұрақтарға белсенді жауап бере алды.

 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1: Топтық  жұмысқа оқушылар қызыға қатысты.

 

 

2:Жетістік ағашы арқылы бағалау жұмысы тиімді әрі әділ болды.

 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/

қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 Топтық жұмыстарды көбірек ұйымдастыру керек деп ойлаймын.Себебі,топтық жұмыс кезінде оқушылардың  ынтымақтастығы арта түседі екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Монеталармен төлеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Барлық оқушылар: Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жөнінде біледі, «ақша», «теңге» ұғымының мағынасын түсінеді, теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратады, ақшаның адам өміріне қажеттілігін түсінеді

Психологиялық дайындық жасау.

Қолыма ішінде 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг-лік монеталары бар қоржын ұстап тұрамын, оны монеталардың дыбысы шығатындай етіп қозғаймын.

  • Балалар, қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
  • Қоржынның ішінде қандай ақша бар екенін білгілерің келе ме?
  • Олай болса, қоржынға қолдарыңды салып, бір-бір монетадан ғана ала ғойыңдар.
  • Қолдарыңда қандай монеталар бар?
  • Бұл монеталарды не үшін қолдануға болады?
  • Енді осы монеталар бойынша топтарға бөлініп отыра қойыңдар.

Топқа бөліну:Оқушылар қолдарындағы 10 тг,

20 тг,50тг,100тг монеталар бойынша топқа бөлінеді.

Топ басшыларын сайлау: Бүгін біз сабақта тапсырмаларды дұрыс орындасақ, әр оқушы 1 тг монетадан алып отырады.

Топта ортақ қор болады. Осы монеталармен кім көп ақша жинаса,сол топ дүкеннен қалаған ойыншығын сатып алады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2019 2679
    • DOCX 543.5 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Данебекова Бану Турсынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Данебекова Бану Турсынбековна
    Данебекова Бану Турсынбековна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86714
    • Всего материалов: 46

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе