Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСахналық көрініс (2-сыныпқа арналған)

Сахналық көрініс (2-сыныпқа арналған)

Скачать материал

Алдар Көсе және мақтаншақ бай (қазақ ертегілерінен)

Дастархан басында қымыз ішіп отырған (жас, кәрі, шал т.б.) Алдар Көсені мақтап отырады. Ол сөздер қисайып жатқан қызғаншақ байдың ұйықысын бұзып, Алдар көсені мақтаған сайын дөңбекшіп жатады.

-Елде Алдар Көседей ақылды адам жоқ қой. -Алдар Көсені ешкім жеңе алмайды десейші. - Иә,Алдар Көседей тапқыр кемде кем ғой. Мақтаншақ бай: (күйініп, атып тұрып, әрі-бері теңселіп) Алдар Көсе, Алдар Көсе деп қоймайсыңдар.Кездеспей жүр ғой ол маған! Аяғын аспаннан келтірер ем! (күпініп) Бесті қымызға мас болған жігіт: Ой, бай-еке, мақтанбаңыз! Алдарды жеңемін деп айтпаңыз,қалай түсіп қалғанын сезбейді жұрт-ол бұғып жатқан қақпан. Кемпір: (іле-шала) Өздігінен тиіспейді. Тиіскенді аямайды десеңші... Мақтаншақ бай: (ызаланып) Жо-о-оқ! Қайткенде де жеңбей тынбаймын! Ақыл айқасында, қулық шайқасында мен оны тірілей өлтіремін! Ал егер алдай алмасам, айыбыма ту бие сойып, бәріңді шақырамын.Маған оны жеңу емес, кездесу, кездестіру қиын боп жүр.Әйтпесе...

*******

(Бай желмаясымен желіп бара жатып, бейтаныс біреуге көзі түседі. Бейтаныс бірдеңе іздеп жүрді. әрі-бері жүріп, бейтанысты шырайнала береді) Бай:Әй, мыйғұла, неғып мәңгіріп жүрсің ?Не жоғалтқаның бар? Бейтаныс: (Алдар Көсе) Жоғалтқан ештеңем жоқ.Бірақ іздеп жүргенім рас... Мақтаншақ бай: (жұлып алғандай) Не іздеп жүрсің сонда? Бейтаныс: (Алдар Көсе) (асықпай) Жердің бір шетін яки басталар жерін осы тұста екенін, жақсы білем.Бірақ анықтай алар емеспін. Шөп басып кетіпті. Жоғарыдан қарасам, тез табар едім. Бірақ бұл арада шығып қарайтын тау да, төбе де жоқ. Бай: (сабасына түсіп) Түйеге мінсең көрінер ме еді? Бейтаныс: (Алдар Көсе) Көрінгенде қандай! Бай: Бірақ менде кейін жердің бір ұшығын екеуміз бірге тапқанбыз деп айтып жүретін болсаң. Сонда абырой-атақ, қадір-құрмет екеумізге ортақ болады. Келістік пе? Бейтаныс: (Алдар Көсе): (миығынан күліп) Әрине! Әрине! Мақтаншақ бай: (Бай түйеден түсіп,жоқ іздеуші мінеді) Қалай көріне ме жердің пұшағы? Бейтаныс: (Алдар Көсе): (түйенің бұйдасын қолына бері ұстап) Жоқ, Жердің пұшағын көріп тұрғам жоқ. Бірақ біреулердің ақмағына көзім жетті. Бұдан былай қарай елге Алдар Көсе екеуіңіздің жердің әлгі пұшпағын қалай бірігіп іздегеніңізді айтып мақтануыңызға болады. Мақтаншақ бай: (ызаланып) Не деп оттап тұрсың? Қайдағы Алдар Көсе?! Түйемді қайыр, қарақшы! Алдар Көсе: (шауып барып жатып) Қуып жетсең, аласың!Егер қуып жете алмасаң, масқара боп қаласың! (Ақмақ бай аузын ашып қала береді)

******* Мақтаншақ бай: (үйіне жаяулап-жалпылап,сүйретіліп кіріп келеді) Әйелі: (шошынып) Не боп қалды? Түйең қайда? Мақтаншақ бай: (жыларман болып) Түйе жоқ! Түйеден айырылып қалдым! Алдар Көсе алып кетті! Масқара қылып кетті. Әйелі: (шашын жұлып,жер сабалап,ойбай салады.Халық жиналып қалады) –Түйеңізді қайтып алып қойды? –Күшпен бе, қулықпен бе? Мақтаншақ бай: (одан бетер ашуланып) Қулықпен, айламен, әрине! (жастар қарқылдап, кәрілер миықтарынан күліп, бүкіл ауыл мәз болады) -Масқара болған екенсің! –Өзіңеде сол керек! –Мақтаншақ неме! –Тфу, түкірдім бетіңе! –Айтқаныңды істе. - Иә,иә соны айт! –Тез елді шақыр! (Жұрттың бәрі уласып-шуласып дастарқан басына келгенде,Алдар Көсе кіріп келеді.) Алдар Көсе: (күліп) Бай-еке, түйеңізді алыңыз! Бірақ құлақ салыңыз! Өсер бала данаға қарап жүгіреді, өлер бала молаға қарай жүгіреді. Алдар Көсемен айқасып не шаруаңыз бар еді? (Бай ес түссіз, отырып қалады ,халық Алдар Көсеге деген сүйіспеншілікпен қарайды)

Шымылдық.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 274 305 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2017 1053
    • DOCX 16 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Марат Умит Мараткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Марат Умит Мараткызы
    Марат Умит Мараткызы
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9340
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой