Инфоурок Классному руководителю КонспектыСынып сағаты План Тәрбиеге менің көзқарасым

Сынып сағаты План Тәрбиеге менің көзқарасым

Скачать материал

Тәрбиеге менің көзқарасым

      Пенде баласының ғұмырнамасындағы қайталанбас ең бақытты шағы алғаш ана құшағына еркелей еніп, ыстық ықыласына бөленуі мен әкелік қамқорлықтың жылуын сезінуі деп білемін.

       Ананың мерейлі мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап, жанұяның жарасымын танып өскен баланың болашығы да зор балмақ керек.

       Тал бесіктен талпынып, балапан қанатын қомдап қияға ұмтылса, ол да-“ұяда көргенін ұшқанда ілгені” емес  пе?...

      «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі!-дейді дана халық. Расында бұғанасы қатып, белі бекімеген баласынан дана шығады деп үкілеген үмітіне айдар таға білген  ата-ана өз ұрпағын ұлы жолға жетелер ұстазға әкеліп тапсырғанда да тек “бақытым балаларым” деуден таймасы түсінікті.

      Енді міне, мектеп табалдырығын тұлымы желкілдеп, бұрымы желпілдеген бүлдіршін балалар имене аттай бастады.

     Әрқайсысы жанарына дархан үміт толтырып, тәрбиеші ұстазына жәутеңдей қарайды. Сондықтан «талаптың тұлпарына мініп», оқу білім үйренуге, ілім алып, өзгелерге таратуға асыққан балдырған оқушының болашағы біздің қолымызда екенін ұмытпауымыз керек. Балаға бүгін берілуі тиіс  тәрбиені кейінге қалдырсаң, ертең кеш болатынын естен шығармай, «өзгенің бақытын аялап, өзінің уақытын аямайтын» ұстаз ғана алтын уақыттың  бағасын түсінеді деп ойлаймын. Себебі, дер кезінде берімеген тәрбие жұғымы жоқ тамақ болары сөзсіз.

     Әбу Насыр Әл-Фараби: ”адамға  ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы”-деген болатын.

     Тәрбие-адамзаттың өзімен бірге пайда болып, жасасып келе жатқан және сол адамның тіршіліктегі адамзаттық болмысын айқындар, парасат биігінен өлшенер ар ожданын қалыптастырып, ортаға икемдеп бағыттар күрделі процестердің жиынтығы.

    Шәкәрім атамыз «ар ілімінің негізі болып табылатын нәрсе – адамдық ынсап, әділет, мейірім. Осы үшеуі  қосылып ұждан деген ұғымды білдіреді”,-деген екен. Алдымен, өзі мен өзгелердің бағасын біліп, қоршаған ортаның бәріне жанашырлықпен қарап мейрім шуағы бала санасына егілсе, өтірікке алданбай, арбалмай, шындықтың бағасын үйретсек, ол бала әділетті қоғамның қозғаушысы боларына еш шүбә келтірмес едім. Міне, бізді ұстаздарды, сынып жетекшілерін ар-ұжданның биік өлшемін бағалатар тынымсыз ізденістер күтіп тұр.

     Тәрбие-адамдықтың түп қазығы. Тәрбиесі, санасы, пиғылы мен іс-қимылы жөнделмеген адам да қоғамның белсенді мүшесі бола алмайды. Абай көксеген «қайырымды қала тұрғындарындай» ұрпақ тәрбиелеу-біздің де алға қойған мақсатымыз. Ата-ананың ұрпағы алдындағы парызы қаншалықты болса, шәкірт тәрбиесін мойнына жүктеп отырған ұстаздың да жауапкершілігі сондай болмақ керек.

    Рухы биік, тілі мен діліне берік, иманы мықты, елі мен жеріне мейлінше жақын, жанашыр ұрпақты, тұлғаны қалыптастыру арқылы ұлттық құндылықтарымыз, рухани байлықтарымызды сақтай аламыз.

    Ең басты тәрбие назарында Отанын сүйер, тазалық пен сұлулыққа жаны құмар, эстетикалық талғамы жоғары, экологиялық білімі толысқан, саяси сауаты жетілген ұрпақтың болашағына жауапты екенімізді сезінудің өзі бейқамдықтан аулақ қылары сөзсіз.

     Бұл орайда жан-жақты дамыған, ақыл-ойы қалыптасқан шәкірт тәрбиелеуде атқарылатын жұмыстар әліде жан-жақты талмай ізденісті талап етеді.

      «Қыран баласына қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз баласына талмас талап сыйлайды» дейді дана халқымыз. Мен де ұрпақ тәрбиелеуде, ел болашағын тәрбиелеуде өзіндік үлес қосып жүргенімді мақтан етемін.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты План Тәрбиеге менің көзқарасым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.10.2015 802
    • DOCX 34 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сазбаева Майра Әнебайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сазбаева Майра Әнебайқызы
    Сазбаева Майра Әнебайқызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14378
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе