Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТақырыбы: «Білім еліне саяхат» Мақсаты: 1)Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу. 2)Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Пәнаралық байланысты нығайту.

Тақырыбы: «Білім еліне саяхат» Мақсаты: 1)Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу. 2)Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Пәнаралық байланысты нығайту.

Скачать материал

Тақырыбы: «Білім еліне саяхат» 
Мақсаты: 
1)Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу. 
2)Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Пәнаралық байланысты нығайту. 
3)Дарынды , озық болуға ,шапшаңдылыққа, достыққа, татулыққа  тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: компьютер, проектор , ұпай көрсетілген қағаздар. 
Ойын барысы: 
-Армысыздар, бүгінгі ойынға жиылған қауым! 
Бүгінгі біздің « Білім еліне саяхат» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер! 
Талғампаз,тапқыштар,білгірлер 
Бар өнерін алдарыңа салады. 
Кім білігір көп оқыған болса егер, 
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады,- дей келе «Білім еліне саяхат» ойынын бастайық. Бүгін біз «Білім еліне» ғарыш кемесімен саяхат жасаймыз. Ендеше сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық./сайыскерлер ортаға шығады/ 
Психологиялық тренинг.Шаттық шенбер Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, менің айтқанымды қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, 
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. 
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!Бір біріңе тілек айтыңдар.

Төр ағасы төре билер – әділ қазылар 
Әділетпен кеңес құра біліңдер - деп әділ қазы алқалары мен таныстыру. 
Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады: 
1. Топтың атын құрастыру. 
2.Топ басшыларына тапсырма 
3. «Математика» планетасы 
4. «Ана тілі» планетасы 
5. «Дүниетану»планетасы 
6. Жасырған сөзді табу 
Ойын шартымен таныстыру. Әр бөлімде 10-нан бастап 40 аралығындағы ұпайларға арналған сұрақтар жасырылған. Ұпай ұяшықтарын таңдап, берілген сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап болса, таңдаған ұпайды алады. Жауап бере алмаса келесі топқа жауап беруге болады, олар ойыншылар таңдалынған ұпайдан 10 ұпай кем алады. Солай ойын жалғаса береді. Таңдау кезегін тандау үшін топ басшылары тапсырманы орындау керек. Кім бірінші орындаса, сол топ бірінші болып ұяшықты таңдайды. Қай экипажың ұпай саны көп болса, сол экипаж «Білім еліне» бірінші жетті деп саналады. 

Саяхатқа шықпас бұрын сабақтың «Алтын ережесімен » танысамыз.
- өз пікірін ашық айту;
- жолдас
тарын зейін қойып тыңдау;
- топ мүддесін жоғары санау;
- топта тыныштық сақтау;
- белсенді қатысу.


Бәйгеге түсіп жарыспай, 
Жүйріктің бағы жанар ма. 
Біліммен өнер жарысып, 
Тәрбие тәлім табар мән. 
Бұл бәйге ойдың бәйгесі, 
Кім жүйрік ойға сол алда -деп ойнымызды бастайық. 
І.Бөлім. Ең алдымен экипаждар өз аттарын табу керек. Кеспе әріптерден сөз құрастырады «Білгіштер», «Алғырлар». 
ІІ.Бөлім Топ басшыларына тапсырма.Қай топ басшысы бірінші болып тапсырманы орындаса, соның экипажы бірінші болып ұяшықты ашады. 
(148 х 100 – 800 ) : 2 х 30= 
ІІІ.Бөлім. «Математика » планетасы. 
10 20 30 40 
10 20 30 40 
10 20 30 40 
10 -Көбейту амалының компоненттерін атаңдар. 
10- Ұзындық бірліктерін атаңдар /мм, см, дм,м,км / 
10-Аяғын жерге тірей қалып, 
Шеңбер сызды тұра қалып. /циркуль/ 
20 -Жұп аттар 20 км жүгірді, әр ат неше км жүгірді? /20 км/ 
20-Қайсысы жеңіл 1кг мақта ма, әлде 1кг темір ме? /бірдей/ 
20-8 жұмыртқа 4 минутта піседі. 15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді? /8мин/ 
30- Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең? /11 м/ 
30- Ешқашан қиылыспайтын түзулер /параллель/ 
30-Белгісіз санды табыңдар : **** - 1 = *** /1000-1=999/ 
40-Алпыс төрт бөлмеде 
, Отыз екі тұрғын бар. 
Ақ, қарағып бөлгенде, 
    Бірін-бірі қуғандар, 
Ханы үшін де, жаны үшін де,
 Бермейді олар намысын. /шахмат/ 
40-Жасы жүзге келген бір қария болыпты. Ол өзінің туған күнін өмірінде тек 25 рет қана тойлаған екен. Бұл мүмкін бе? / егер ол 29-шы ақпанда дүниеге келсе / 
40-Периметрі 20 см болатын тіктөртбұрыштың ені 2 см . Ұзындығын табыңдар. / 8 см/ 
ІҮ бөлім. «Ана тілі» планетасы 
10 -Абылай ханның шын есімі? /Әбілмансұр/ 
10- Қазақ әзіл ысқақ әңгімелерінің кейіпкері? /Алдаркөсе/ 
10-Қобыланды батырдың тулпарын атаңдар. /Тайбұрыл/ 
20-“Сабырсыз, арсыз, еріншек” өлеңнің авторы? /Абай / 
20-Ділда сөзінің мағынасы ? /алтын ақша / 
20-Қуыстану деген не? /ыңғайсыздану/ 
30-“Абай жолы” романының авторы? /М.Әуезов/ 
30- “Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық, 
Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!»- кімнің сөзі? /Ахмет Байтұрсынов/ 
30-“Менің атым Қожа ” атты шығарманың авторы кім? /Бердібек Сокпақбаев/ 
40- Бұл кім? /Әміре Қашаубаев/ 
40- «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елі
-мізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі тақ-қан елміз. Атадан ұл туса, құл болам деп тумайды, анадан қыз туса, күң болам деп ту-майды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.» Бұл Ұлы адам кім? /Қазыбек би/ 
40-Қанафия Телжановтың "Жамал“ деген картинасы туралы қай әңгімеде айтылған? / «Сурет салғым келмейді» М.Қабатай / 

Ү бөлім. «Дүниетану» планетасы 
10-Еліміздің оңтүстік астанасы / Алматы / 
10-Шығыс Қазақстан облысының орталығы /Өскемен/ 
10- Астана қаласының символы /Байтерек/ 
20- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қорғаны/ 
20- Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті ? /уыз / 
20-Жоғарғы заң шығарушы орган? /парламент / 
30- Жерге жақын ораласқан жұлдыз? / Күн/ 
30-Жер шарының ең үлкен мұхиты? /Тұнық/ 
30-Жер эваторының ұзындығы неше км? / 40000 км/ 
40- Қазақстанның ең биік шыңы? /Хан Тәңірі / 
40-Бұл қай ескерткіш ? /Қожа Ахмет Йассауи кесенесі / 
40- Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім? /Қ.Сәтпаев/ 
ҮІ бөлім.

1)    Жасырынған сөзді табу. 
Білім еліне жету үшін жасырылған сөзді табу керек. Бірдей әріптерді сызса мақал -мәтел шығады. 

Жасырынған сөзді табу: 
СБСІСЛСІСМС- СТСАСУСССЫСЛСМСАСЙСТСЫСНС СБСАСЙСЛСЫСҚС. 
/Білім- таусылмайтын байлық / 

2)    Осы тақырыпқа газет қорғау

ҮІІ.. Қорытындылау. 
Сөз кезегін әділқазылар алқасына беру. Жеңіске жеткен топты марапттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат
Сабақтың мақсаты:
1. Сабақта алған білімдерін жинақтап, жүйелеу, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін жан - жақты дамыту, өз-өзін бағалау зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Әдістер: Ізденушілік, зерттеушілік, сарамандық, көрнекілік. Көрнекіліктер: Сызбанұсқалар, слайдтар. Техникалық жабдықтар: Компьютер, проектор. Сабақтың типі: Өткен тақырыпты бекіту. Сабақтың формасы: Жеке дара, топтық, ұжымдық. Пән аралық байланыс: дене шынықтыру,казақ тіл,ана тілі. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.Шаттық шенбер Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, менің айтқанымды қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, 
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. 
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!Бір біріңе тілек айтыңдар. Қазір,мына жемістер қиындысы арқылы 2топқа бөлінеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, міне оқу жылы да аяқталып қалды.Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше түрде өтеді. Балалар, ойланып көріндерше, біз қай пәндерден көп білім алдық? Ия,дұрыс.Осы пәндерден алған білімііміз өмірде қажет болады. 
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Білім еліне саяхат».
Ал, енді мен сендерге өзін- өзі бағалау парақшасын таратамын.
Мына парақшада сендер аты-жөндерінді жазасыңдар. Сосын өздерін жауаптарынды дұрыс бағалайсыңдар. 
Саяхатқа шықпас бұрын сабақтың «Алтын ережесімен » танысамыз.
- өз пікірін ашық айту;
- жолдасын зейін қойып тыңдау;
- бірін-бірі бағалау;
- топ мүддесін жоғары санау;
- топта тыныштық сақтау;
- белсенді қатысу.
Ал, балалар, «Білім еліне » саяхатқа шығамыз. 
Бірінші аялдама «Ұшқыр ой» «Миға шабуыл»
- 1.Мәтін деген не?
- 2.Мәтіннің түрлерін ата? (толықтыру)
- 3.Мәтінге ат қою дегеніміз не?
- 4.Мәтіндегі негізгі ой деген не?

Екінші аялдама «Тапқырлар » 
1. Зат есім дегеніміз не? 
2. Етістік есім дегеніміз не? 

Сергіту жаттығу.

Үшінші аялдама «Жаттығу блогы»
Оқышылар берілген тапсырмаларды орындайды.

Төртінші аялдама «Сауалнама»

1. Әсірелеу деген не?. 
2. Тайбурыл – қай батырдың тұлпары? . 
3. Теңеу дегеніміз ..... 
4. Ертегілердің түрлерін ата.... 
5. Айтыстың қандай түрлері бар? 
6. Ахмет Байтұрсынұлы кімнің мысалдарын аударды? 
7. Қарабатыр ертегінің авторы кім?. 

1Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады? 
2 . Ер Тарғынның тұлпары қалай аталады. 
3.Аңыз дегенді қалай түсінесіндер? 
4.Эпикалық жырлар деген не? 
5.Шешендік сөздер деген не? 
6.Мысал деген не? 
7.Диалог деген не? 

Бағалау критериясы
11 – 13 ұпай - «5» 
7 – 10 ұпай – «4» 
3 – 6 ұпай - «3» 

Қорытынды

 

Білім еліне саяхат


Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Білімділік: Өткенді қайталау, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Танымдық қабілетін, сөздік қорын, ақыл - ойын, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгіме, ойын, құрастыру.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу, математика, дүниетану, 
Көрнекіліктер: сызбалар, плакаттар, қима қағаз, сөзтізбек, кестелер, слайд.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Бүгінгі сабағымыз мынадай эпиграф аясында өтеді.
«Адам ата - анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» Абай Қ

- Бүгін біз сабағымызды ертегі түрінде өткіземіз. Қызықты оқиғаларға, қиындықтарға кездесеміз. Ол үшін үш топқа бөлінеміз. «Тапқырлар», «Жүйріктер», «Ұшқырлар»
- Арқаммен алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым,- деген екен не?(Құмырсқа)
Құмырсқа: М дыбысынан басталатын пәнді атаңдар?
- Математика әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.
1. Ауызша санау. Қима қағаз.
2.
І топ ----------------- ІІ топ ------------------------ ІІІ топ
6+2 ------------------ 8 - 2 ------------------------- 10 - 6
4+2... 6 -------------- 8.... 10 - 2 ----------------- 9.... 7+2
7 - 5... 6+2 ---------- 5+3.... 9 - 4 --------------- 10 - 3.... 4+3

Топтастыру.
Өрнек.Теңдік.
Теңсіздік.

3. Есеп шығару.
а. Бір ыдыста 3 алма, екінші ыдыста 7 алма бар. Екі ыдыста барлығы неше алма?
ә. Азаматтың 7 дәптері бар еді. Ол інісіне 3 дәптер берді. Азаматта неше дәптер қалды?
б. Мұрат 5 ойыншық бояды. Айдос одан 3 ойыншық артық бояды. Айдос неше ойыншық бояды?
г. Кәмшат 6 ою ойып алды. Гүлнәр одан 2 ою кем ойды. Гүлнәр неше ою ойды?



4. Геометриялық фигуралар. Құрастыру.

5. Логикалық тапсырмалар.
А. Логикалық есеп. Б. Ойлан, тап.
Ә. Сандар қатарын жалғастыр.
І топ 4, 6, 8.....
ІІ топ 0, 3, 6.....
ІІІ топ 2, 6,.....


С дыбысынан басталатын пәнді ата.
- Сауат ашу әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен
қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.
- Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар?
1. Әріп. Сөз. Сөйлем.(Әріптерден сөз құрастыру, сөздерден сөйлем құрастыру)
Ә, Е, Т, Д, І, П. А, Л, Б, А. С, Е, Б. О, Ы, Т, Р.
Сызба бойынша талдау..
2. Ойын: «Жуан - Жіңішке» Буынға бөлу..
3. Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. 
«Сиқырлы ағаш» ойыны

- Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді не? (Мысық)
Мысық: Д дыбысынан басталатын пәнді ата.
- Дүниетану әлеміне қош келдіңдер! Енді сізге жол көрсетейін. Айтпақшы, мен
қақпаның ашылу сырын ұмытып қалыппын. Мына тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар қақпа ашылады.

1. Топтастыру. Сұрақтарға жауап беріп, жасырған сөзді табу.
1. Бізді қоршап тұрған айналадағы дүниені не дейміз?
2. Жылдың қандай мезгілдері бар?

Тірі табиғат. ---------------- Өлі табиғат.
(суреттер) ------------------- (суреттер)

1. Көкөністердің қандай түрлері бар?
2. Отбасын кімдер құрайды?
3. Қандай үй хайуанаттарын білесің?
4. Қандай үй құстарын білесің?
5. Үй құстары адамға не береді?
6. Қалада қандай көліктің түрлері бар?


Жануар
Жабайы жануарлар --------------- Үй жануарлары
(суреттер) ----------------------------- (суреттер)

ІІІ. Қорытынды.

Мадақтау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Білім еліне саяхат» Мақсаты: 1)Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді жан-жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу. 2)Түрлі тапсырмалар арқылы оқушының танымын кеңейту. Пәнаралық байланысты нығайту."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 343 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 843
    • DOCX 70.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амирова Айнур Бакытбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амирова Айнур Бакытбековна
    Амирова Айнур Бакытбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15158
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 205 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 135 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек