Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Тапкыр достар

Тапкыр достар

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Бекітемін:

Күні:

Сынып:8 а,б.10б.11.

Тақырыбы: «Тәуелсіз-ел тілегім» атты интеллектуалдық сайыс.

Мақсаты: Тарих пәнінен білгірлері, көңілді тапқырларды анықтау.

Сайыстың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар. Мектебімізде «Тарих, құқық пәндерінің онкүндігі» аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін сондай іс-шараның бірі

8 а,б.10б.11. сыныптар арасында «Тапқыр достар» атты тари пәнінен білгірлері мен тапқырларын анықтайтын сайыс өткізілмекші.

Еліміздің тәуелсіздік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірлердің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді.Тәуелсіздіктің ең басты –жетістігі еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстардың бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. Ел тәуелсіздігі біреулер ойлағандай құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңайлықпен келген жоқ. Сонау «ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған, ел басына қауіп төндірген ауыр кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі, осылардың бәрі ғасырларға созылған отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. Еліміздің тәуелсіздігі ата –бабаларымыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Сондықтан бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Тәуелсіз ел –мәңгілік ел» деп аталады.

Сайыста оқушылардың білімін әділ қазы алқасы бағалайды:

-Сонымен сайысымызды бастаймыз.

-Сайыстың кезеңдері:

1.сайыс: Сәлемдесу (Өз тобының атын,ұранын таныстыру)

2 сайыс:Кім жылдам: (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі)

3сайыс: Кім тапқыр (Сурет арқылы қимыл жасау)

4 сайыс:Математикалық ойын ( Тарихи сандардың мағынасын табу)

5 сайыс:Тарихи оқиға (Тарихи оқиғаның мазмұның ашу)

6 сайыс: Шығармашылық жұмыс ( Тарихи сәйкестік)

1.сайыс: Сәлемдесу (Өз тобының атын,ұранын таныстыру)

І топ: «Бәйтерек»

ІІ топ: «Алтын адам»

ІІІ топ: «Батыр»

ІҮ топ: «Отан»

2 сайыс:Кім жылдам: (Әр топқа 10 сұрақтан беріледі)

І топ: «Бәйтерек»

1.Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібекті барынша қолдаған хан: Моғолстан ханы

2.Қазақстан Республикасы сайлау туралы кодексі қабылданды: 1993 ж. 9 желтоқсан

3.Қазақстанда Қос өкімет орнады: Ақпан төңкерісінен кейін

4.Қазақстанның Ресейге қосылу процесі аяқталды: XIX ғ. 60-жылдары

5.Қазақтар үшін астрономиялық сағат рөлін атқарған жұлдыз: «Жетіқаракшы»

6.Қазан қаласында жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романынын авторы: М.Дулатұлы

7.Қалмақтарды ойсырата жеңген Аңырақай шайқасы болды: Балқаш көлі маңында

8.Қимақ қағанатының саяси өмірінде беделі күшті болған топ: әскери қызметкерлер

9.Қожа Ахмет Йасауидің «Диуан-и хикмет» еңбегі жазылды: түрік тілінде араб әліпбиімен

10.Қоқандықтар мен орыс әскерлерінің арасында Ұзынағаш түбіндегі шайқас өтті: 1860 жылы

ІІ топ: «Алтын адам»

1.Монғолдарға үш ай берілген қала: Сығанақ

2.Неолит дәуірінде адамдар ойлап тапқан еңбек құралдары: Келі, балта, қайла

3.БҰҰ ұйымына қай жылы құрылды :1945

4.Орбұлақ шайқасында басшылық жасаған қазақ батырлары: Көксерек, Жиембет

5.Орта ғасырда қазақ тайпаларынын біртұтас халық болып қалыптасу барысын кешеуілдетті: Монғол шалқыншылығы

6.ІІ д.ж соғыс жылдары: 1939-1945жж

7.Патшаның бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы шыққан жыл: 1916 ж. 25 маусым

8.Полковник Ғани Сафиуллин бастаған 73-гвардиялық дивизия ерлік көрсетті: Сталинград түбінде

9.Ресей әскері басып алған Бұхара әмірлігінің аумағы аталмыш генерал-губернаторлығына бағындырылды: Түркістан

10.Ресей мен Қытай арасындағы Петербург келісімшартына қол қойылды: 1881 жылы

ІІІ топ: «Батыр»

1.С.Датұлының көтерілісіне қатысқан, батырдың жақын серіктерінің бірі, Айшуақ сұлтанның ұлы: Жантөре

2.Ұлы жүздегі Тайшүбек бекінісін орыс әскерлері қантөгіссіз басып алған жыл: 1851 жыл

3.Ұлы Отан соғысы болған жылдар: 1941-1945 жж.

4.Ұлыстың жері мен халқының көбі қыпшақ болғандықтан «Қыпшақ хандығы» деп аталған: Әбілқайыр хандығы

5.Хан тағына сайлануға кұқылы Шыңғыс ұрпақтары: Төрелер

6.Түрік қағанатының алғашқы қағаны: Бумын.

7. Ұлы жүздің Ресейге қосылған жылы: 1858

8.Сырым батыр қай жылы, қай елде дүние салды: 1802ж Хиуа.

9.Орбұлақ шайқасына қатысқан хан: Жәңгір хан

10.Орта жүзде хандық билік жойылған жыл.

ІҮ топ: «Отан».

1.Бөкей ханның билік құрған жылы: 1801-1815жж

2.Қазақ хандығы қашан құрылды:1465-66жж

3. Құтты білік дастанының авторы: Ж. Баласағұн.

4. ҰЖЖ қай өзеннен бастау алады. Хуанхэ өзені

5.Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық: Көшпелі өзбек мемлекеті

Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының негізін салған жер: Батыс Жетісу

6.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін көктем кезіндегі маңызды іс: Мал төлдету

7.КСРО кезіндегі Қазақстан аумағындағы ең үлкен ядролық сынақ полигоны: Семей

8.Кіші жүздің соңғы ханы: Шығай

9.Яссауи кімнің шәкірті: Арыстанбаб

10.Жәңгір ханның Бөкей Ордасында мектепті ашқан жылы: 1841ж

3сайыс: Кім тапқыр (Сурет арқылы қимыл жасау)

І топ: «Бәйтерек»

1.Бейбарыс сұлтан

2.Кенесары хан

3.Епті адам

4.Махмұт Қашқари

5.Хошимин

ІІ топ: «Алтын адам»

1.Неандерталь

2.Черчилл

3.Арыстан-баб

4.Бородино шайқасы

5.Аттила

ІІІ топ: «Батыр»

1.Жанқожа Нұрмұхамедұлы.

2.Тоқтамыс хан

3.Алаша кесенесі

4.Кроманьондық адам

5.Мөде шаньюй


ІҮ топ: «Отан»

1.Питекантроп

2.Наурызбай батыр

3.Сақ сарбазы-Шырақ

4.Жошы хан кесенесі

5.Ұлы Жібек жолы





4 сайыс:Математикалық ойын ( Тарихи сандардың мағынасын табу).

1. топ.

1.(√100 +(9*3))+((40*4)*√25 )+(√1600* √25*100/(20 )=(10+27)+(160*5)+(40*5*5)=1837
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталған жыл
2.(2(86+283)-(566-369))+((146*3)+(4*3))+(253*3)+152/2=(738-197)+(438+24)+759=541+462+759+76=1838Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс аяқталды
2 топ.

1.(√81*35)+(916/2*2/4)+(614.5*2)=(9*35)+229+1229=315+229+1229=1773 
Пугачев бастаған көтеріліс басталды
2.(√25*√100 )+((90*√9)+1))-90=2((5*10)+((90*3)+1))-90=2(50+271)-90=2*315-90=552
Тұрік қағанаты құрылды
3 топ.

1.(3*24/12)+(11*√49)+(125+√169)+1000/2+(96-34)+(250*4)=6+(11*7)+(125+13)+500+62+1000=6+77+138+552+1000=1783
Cырым Датұлы бастаған көтеріліс басталды

2.(100*√25)+3(240*8)-(230*4)=(100*5)+3(1920-920)=500+3000=3500
Сырым Датұлы көтерілісіне қатысушылардың саны
4 топ.

1.116/√4+(40*√400)+(158*8)=116/2+(40*20)+1000=58+800+1000=1858
Ж.Нұрмағанбетұлы бастаған көтеріліс басталды
2.(267*√9)+2(250*2)=(267*3)+2*500=1801 Бөкей Ордасы құрылды
(28*√9)+(1858-(429*2) )=942
Қарахан хандығы құрылды

5 сайыс:Тарихи оқиға (Тарихи оқиғаның мазмұның ашу)

1-топқа Орбұлақ шайқасы .Жоңғарларға қарсы күресті Есім ханның ұлы, бұрын қалмақ тұтқынында болған Жәңгір хан басқарды. 1643 ж. Батыр Қоңтайшының өзі бастаған ойрат қолы қазақ-қырғыз далаларына қарай қозғалды. Самарқандтан көмек келіп жеткенше оларды қарсы алуға бекінген Жәңгір хан 600 адам жинап, алдынан шықты. Жәңгір ұрыс жүргізуге қолайлы орын деп, Ор аталатын бұлақтан ағып жатқан кішкентай өзеншік маңындағы тау арасына тоқтады. Қарсы жақтың қандай тәсілмен соғысатынын білетін қазақтар тар жырада "ор қазу" әдісіне көшті.. Сөйтіп, жүдырықтай жұмылған қолын үшке топтаған Жәңгір тау шатқалының үш тарабынан тап беруге даяр тұрды. Жар астында жасырынған қауіп бар деп ойламаған жау тар шатқалга кіріп, оңтайлы ойластырылган соғыс әдісінің амалынан 10 мың қолынан айырылды. Ӏзінше Самарқандтан 20 қол әскерменЖалаңтөс батыр көмекке келді. Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың және отаншылдықтың өнегесі болып айшықталып қалды.

2-топқа Қазақ хандығының құрылуы

 Соғысқұмар Әбілқайырдың қатал билігіне бағынғысы келмеген  Керей мен Жәнібек  ханға қарсы шықты. Қазақ тайпалары мен руларының көбі  Керей мен Жәнібекті қолдады. Олар өз алдына дербес жеке хандық құруды ойлады.  Ауыр зардап көрген халық тыныштық өмірді аңсады. Әбілқайыр ханның билігіне қарсылық білдірген қазақ тайпалары мен руларының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібектің маңына топтасып жиналады. Осы қазақ тайпалары Жетісу мен Моғолстан жеріне көшеді.

   Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың топтасып бір мемлекетке бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.

  Сол кезде Жетісуда  билік жүргізген Есен Бұға (1434-1462ж.) Керей мен Жәнібек сұлтандарды Әбілқайыр ханға қарсы пайдаланды. Екі сұлтанды құшақ жайып қарсы алады. Керей мен Жәнібекке Шу мен Қозыбасы аймағынан қоныс бөліп берді. Әбілқайырға наразы қазақтардың үлкен бөлігі Жәнібек пен Керей сұлтандарға көшіп келіп қосыла береді. Сұлтандар төңірегіне жиналған адамдардың саны екі жүз мыңға жетті. Керей мен Жәнібек сұлтандар Шудағы Қозыбасыға орда тігеді. Сөйтіп, Қазақ хандығының негізі  қаланады 1465-1466 жылы Қазақ хандығы құрылды. 

3-топқа Қатаған қырғыны.

Қазақ билеушілері мен Аштарханидтер арасында маңызды сауда, экономикалық орталық - Ташкент үшін күрес қайта басталды. 1621 ж. Аштарханидтер мен қазақтардың қырғыздармен біріккен күштері арасында ең ірі шайқастың бірі болды. Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан 100 мың әскер жинап, оның  10 мыңын қырғыз билеушілері шығарды.1624-1625 жж. Есім елге қайтып, өз ордасын Түркістанда тікті. Бірақ екеуінің арасында билік үшін күрес тоқтамады. 1627 ж. Есім  хан қалмақтарға жорыққа кеткен кезде Ташкент билеушісі Тұрсын сұлтан Түркістанға Есім хан  Ордасына өз отрядын жіберіп, олар ханның әйелін, балаларын тұтқынға алып, адамдарын соққыға жығады. Кейін Ташкент маңында Есім хан мен Тұрсын арасында шайқас болып, Тұрсын сұлтан қаза болды. Есім хан Тұрсын ханды қолдап, бейбіт елдің тыныштығын бұзған Қатаған руын да жазалайды. Бұл оқиға тарихта «Қатаған қырғыны» аталды..

4-топқа Отырар апаты.

1218 жылы Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханныңәмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орталық Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 жылы күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.

6 сайыс: Шығармашылық жұмыс ( Тарихи сәйкестік)

1 топ: Линкольн — Кеннеди

2топ: Наполеон - Гитлер

3топ: Әбілқайыр-Абылай хан

4 топ: Кенесары- Сырым


Қорытынды. Ұпайлары бойынша жеңімпаз топ анықталады.





Дина Нұрпейісова орта мектебі















hello_html_m32710e90.gif




Тақырыбы: «Тәуелсіздік-ел тілегім».

Сынып: ҮІІІ-ХІ

Пән мұғалімі: Ермуханова А.Н.














2014/2015 оқу жылы

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Краткое описание документа:

Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары,

интеллектуалды

оқушылардың дарынын ашу,

белсенділігін арттыру,білімдерін көтеру.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров598
Номер материала 279042
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх