Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Тасымал. Қазақстан - Республикам менің" 1-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Тасымал. Қазақстан - Республикам менің" 1-сынып

библиотека
материалов

Ана тілі

Тақырыбы: Тасымал. Қазақстан – Республикам менің.

72-73 жаттығулар.

Мақсаты:

а) Еліміз, жеріміз туцралы мағлұмат беру, 5-6 буынды сөздердің тасымалдану жолдарын ұғындыру. Буындық дыбыстық талдау жасау.

ә) Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін жандырып, сауатты жазу, оқу дағдысын жетілдіру.

б) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Танымдық логикалық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: автордың портреті, қазақстанның картасы, Елтаңбасының, Төлеген, Мәншүк, Абай Құнанбаевтың, Сәкен Сейфуллиннің суреттері, рәміздер, Астананың суреті, бәйтерек, алтын жұмыртқа, алма ағашы.

Әдісі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, ән-музыка.

Түрі: жарыс сабақ.

І. Ұйымдастыру: Үлкен де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сізге сәлем береміз.

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Отан» өлеңін жатқа сұрау.

  2. Сұрақ – жауап.

  • Балалар Отан деген не?

Отан дегеніміз біздің еліміз, туып өскен жеріміз, ата - ана, ауылымыз. т. б.

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.

ІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:

  • Буын дегеніміз не?

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

  • «Балапан» сөзін буынға бөліңдер.

Ба-ла-пан

  • Тасымал дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. «Ойтолғау»

Мұғалім: Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Желбірейді туымыз.

Бұл қай ел – балалар!

Оқушылар: Қазақстан

Бүгін еліміз туралы қандай жаңалықтар көрдіңіздер?

Мұғалім: Олай болса, біз бүгін ақын Д.Әбілов аталарыңның (1907 ж. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген) «Қазақстан Республикам менің» өлеңін өтеміз.

Балалар ең алдымен «Қазақстан Республикам менің» дегенде біздердің ойымызға не түседі?

Оқушылар: Н.Ә.Назарбаев, ту, елтаңба, әнұранымы, Астана, бәйтерек.

Сұрақ – жауаптар. (әр жауаптың суреттері тақтаға жапсырылады)

  • Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?

  • Республикамыздың қандай рәміздері бар?

  • Тудың түсі қандай?

  • Біздің бас қаламыз?

  • Мемлекеттік тіл?

  • Ұлтымыз?

  • Біздің Отаным? – Қазақстан

Мұғалім: Қазақстан – кең байтақ ел. Бізде достығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы- ержүрек, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстан елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты ел.

Пысықтау: Қазақстан рәміздеріне әнұран, елтаңба, ту жатады. Осыларға жеке-жеке тоқталып өтейік.

(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)

  • Қандай өлең-тақпақ білеміз?

1 – оқушы:

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

2 – оқушы:

Құт-береке, шаңырақ

Орын алған ол төрден.

3 – оқушы:

Айнымайды, аспаннан

Біздің тудың бояуы.

4 – оқушы:

Көк байрақтың бетінде

Бала өседі талапты.

а) Оқулықпен жұмыс.

86-бет (мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру)

ә) Оқушылардың оқуы

(парта бойынша, тізбектей оқу)

Төлеген, Мәншүк – Отанымызды жаулардан қорғаған Батыр жауынгер ұлы мен қызы.

Абай Құнанбаев - ұлы данышпан, дана, дара тұлға. Сәкен Сейфуллин - жазушы, сұлулықты жырлаған асқақ ақын.

б) Тақтамен жұмыс: 84-бет 72-жаттығу.

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған бөлігінен соң қысқа сызықша (дефис) қойылады.

Мысалы: қа-лам, дәп-тер, кө-гершін, көгер-шін.

Үлгі: Құрылысшылар

Құ - ры - лыс - шы – лар

Құры – лыс-шы-лар

Құрылыс – шы-лар

Құрылысшы - лар

Теміржолшылар

Те-мір-жол-шы-лар

Темір-жол-шы-лар

Теміржол-шы-лар

Теміржолшы-лар

Кітаптарымыз

Кі-тап-та-ры-мыз

Кітап-та-ры-мыз

Кітапта-ры-мыз

Кітаптары-мыз

Дәптерлеріміз

Дәп-тер-ле-рі-міз

Дәптер-ле-рі-міз

Дәптерле-рі-міз

Дәптерлері-міз

«Ауызша» (дәптермен жұмыс) 85-бет 73-жаттығу.

Ң әрпінен басталған буындарды атап тасымалдаңдар.

жа-ңалық, те-ңізші, қо-ңырау.

в) Сергіту сәті: Дене жаттығуын орындау.

Орнымыздан тұрамыз, Бір мен екі алмаңдар!

Алақанды ұрамыз. Үшке алданып қалмаңдар!

Бір отырып, бір тұрып, Кілең төрттік алғандар,

Тез шынығып аламыз. Мені ғана армандар.

«Қызықты ұйқастар» шешуін табу арқылы кімнің тапқыр екенін және жазу шапшаңдығын байқаймыз. (жазғандарын алма ағашына жапсырады)

  • Өрмекші құрды тұзақ
    Менің ұлтым ... /қазақ/

  • Аман болсын қарттар
    Суықты болар .../қаңтар/

  • Құт - береке жауғыз,
    Келе жатқан .../наурыз/

  • Ашытылған қамыр
    Мерекелі ... /мамыр/

  • Суда жүзер сазан
    Айдың бірі ... /қазан/

  • Биіктеуде жас қала,
    Бас қаламыз ... /Астана/

  • Менің досым салмақты
    Бұрынғы астанамыз .../Алматы/

  • Партаның бетін жырма
    Күзде басталады .../қырман/

  • Тынықтырар түн
    Қуаныш сыйлар .../күн/

г) Шығармашылық тапсырма.

Керекті сөздерді пайдалана отырып, Сөйлемдерді толықтыру. Суретін сал

  • Қазақстан Республикасының Туында........ бейнеленген.

  • Оның астында қалықтап ұшқан............... көрінеді.

  • Күн, шұғыла және қыран бейнесі.... ..........түсті.

IV. Сабақты бекіту.

Қазақстан Республикасының гимнінің қайырмасын айту.

V. Бағалау.

Оқушылар Бәйтеректің алтын жұмырқасымен бағаланады.

VI. Үйге тапсырма. Өлең «Қазақстан – Республикам менің» жаттау



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров422
Номер материала ДВ-469657
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх