Инфоурок Логопедия, Дефектология КонспектыТақырыбы "Тұтықпа сырқаты бар балалармен жүргізілетін жаттығулар мен ойындар"

Тқырыбы "Тұтықпа сырқаты бар балалармен жүргізілетін жаттығулар мен ойындар"

Скачать материал

Тақырыбы: Тұтықпа сырқаты бар балалармен жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.

Түзете дамыту жұмысының мақсаты:

1.Білімділігі: баланың тұтықпай дұрыс сөйлеу қабілетін дамыту. Қойылған сұрақтарға асықпай жауап беруге үйрету.

2.Дамытушылығы: баланың денесінің бұлшық еттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгеру;

3.Түзетушілігі: баланың сөйлеу тіл кемістігін түзету және асықпай буынға бөліп сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

4.Тәрбиелегі: балаға берілген тапсырманы дұрыс орындауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету.

Көрнекі құралдар: түрлі түсті суреттер, компьютер, айна, бет орамал.

Іс-әрекет кезеңдері

Маманның іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Баламен сәлемдесіп көңіл-күйін сұрау. Баланы сабаққа дайындап, қағаз-каламсапты үстел үстіне дайындап қою. Шаттық шеңбері.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Қимылмен көрсету. Балалар хормен қайталап, хормен айтады.

Үй тапсырмасын тиянақтау

Үйге берілген тапсырманы тиянақтап, орындалу барысын қадағалау. Орындау барысына қарай мадақтау.

 

 

І.Негізгі бөлім.

Сөйлеу ережесі:

1.     Сөйлеу барысында дене еркін және ыңғайлы қалыпта болу керек. Аяқ нық тұрады, кеуде тұсы мен иық керулі, бас көтеріңкі.

2.     Әңгімелесу кезінде әңгімелесушіге тіке сенімді түрде қарау керек.

3.     Тек дем шығарған кезде ғана сөйлеу қажет.

4.     Әрдайым асықпай буындап сөйлеу.

Сөйлеу ережесін қалай жасаукеректігін ұғындыру.

Әдіс-тәсілдер

ІІ. Ойын арқылы тыныс алу  жаттығулары.

1. Мұрнымен тыныс алып, мұрыннан шығару.

2. Ауызбен тыныс алып, мұрыннан шығару.

3. Мұрынмен тыныс алып, ауыздан шығару.

4. Ауызбен тыныс алып, ауыздан шығару. Вокалды жаттығулар. А-О-У-И дауысты дыбыстарды созып айту. АУИО, АУИО, АИУО, АОУИ дыбыстарын бір тыныста бөлмей тез айту.

 

Тыныс алу жаттығуларын ауыз қуысы арқылы қайталаау.

 

ІІІ. Диафрагмалды тыныс алу жаттығулары.

Бұл тыныс алу жаттығуларын іш престері арқылы жасау.

«Бүркітке ұқсаймыз» ойыны.

Бастапқы қалып жан-жаққа қолдарын көтеру. Қолды жоғары көтерген кезде мұрынмен тыныс алып, тынысты терең ішінен алу қажет. Қолдарын төмен түсіргенде демді ауыздан шығарады.

«Штанга» ойыны.

Ауыр штанганы көтергендей алдымен кеуде тұсқа дейін, содан жоғары көтеру керек. Жаттығуды 10-15 секунд жасаймыз. Қол, аяқ, кеуде бұлшық еттерінің жиырылуына ерекше назар аудару керек. Алға қарай еңкейе отырып, штанганы жерге тастау керек. Бұл кезде қолды барынша еркін ұстап ауада бос ұстау керек. Дене босаңсуына мән беріледі.

«Мұздықтар» ойыны.

Тіке тұрамыз. Көз алдымызға шатырдағы мұздықтарды елестетеміз. Қолымызды барынша жоғары көтереміз, аяқтың өкшесімен барыншы көтерілеміз. Күн шықты дегенде қолды жерге қарай түсіреміз.

IV. Тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылпаштар айту. 

Маматкаримов Нұрмухамед:

Қайырлы таң, қонақтар!

Шуақты күннің сәулесін

Қонақтарға шашыңдар.

Қуансын олар жарқылдап.

Өнерлі бала сүйкімді.

Ян – ян-ян жүгіріп жүр қоян.

Ян- ян –ян бұл қоян емес шаян.

 

 

Аязбеков Марлен:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға сыйлайық.

Жаңылпаш.

Шөмеленбеген шөпті, мен шөмелемей

Кім шөмелейді.

Баядилов Сармат:

Армысың, қайырымды аспан ата.

Армысың, қайырымды жер ана.

Армысың, шұғылалы алтын күн.

Бәріміз күндей жарқырайық.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Есет атам ет асатар,

Ет асатса бес асатар.

Сабанбай Ғалымжан:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Тебіншек ат- шегіншек.

Шегіншек ат – тебіншек.

Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту, ептілікке үйрету.

 

V.  Мимикалық  және артикуляциялық бұлшықеттерге арналған релаксациялық жаттығулар.

А) басты сәл ғана артқа шалқайтып, 10 секунд ұстаймыз.

Ә) 15 секунд қолымызды жоғары көтереміз.

Б) 5 секундқа қабақты түйеміз.

В)5секундқа тістенеміз.

Г)5 секундқа тісімізді көтереміз.

Артикуляциялық жаттығулармен бұлшық етті дамыту жұмыстарын бала қимылмен орындайды.

 

VІ. Логоритмика.

Мақсаты: музыканың ырғағымен балалар қимыл-қозғалыс жасайды. Ән-әуен ырғағымен оңға және солға қимыл жасау. Алға қарай бір адым аттап, қолдарын айқастырады. Бір отырып, бір тұрып аяғын оңға, солға бұрады.

 

Әуен ырғағымен қимыл, қозғалысты көрсетеді.

 

Үйге тапсырма. Тыныс алу жаттығуларын қайталау.

 

 

Қорытынды. Мадақтау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы "Тұтықпа сырқаты бар балалармен жүргізілетін жаттығулар мен ойындар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 117 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.12.2015 6017
    • DOCX 16.6 кбайт
    • 28 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Сабиля Каскырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Сабиля Каскырбаевна
    Абилова Сабиля Каскырбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20580
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Agile: основы гибкого управления проектами

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Курс повышения квалификации

Soft skills специалиста: коммуникативная компетентность

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Экономика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель экономики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 459 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек