Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Менің елім"

Тәрбие сағаты "Менің елім"

Скачать материал

Тақырыбы: Менің елім

Мақсаты:

1.Оқушыларды өз Отанын, елін,туған жерін сүюге және ел рәміздерін қастерлеуге үйрету.

2.Нағыз ұлтжанды, рухы мықты азаматтық қасиеттерін дамыту.

3.Еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта, Мемлекеттік нышандар бейнеленген плакаттар, авторларының  суреті,Маңғыстаудың видео таспасы, гүлдер,шарлар,Отан туралы нақыл сөздер, еліміз туралы суреттер.

 

Сабақтың барысы:

-Балалар, бүгінгі біздің сынып сағатымыздың мақсаты- Отанымыз туралы,соның ішінде Маңғыстау туралы көбірек білу ,сендердің білімдеріңді тексеру және де осы Отанымызды сүю,қастерлеу,құрметтеу.

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман ,жасыл жайлау,көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,

Тәуелсіз Қазақстан- елім менің.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Ал ,қане балалар, Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер?
Оқушы
лар: Отан-дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны- Қазақстан Республикасы.

-Балалар, біз қай ұлтпыз?

-Қазақпыз.(сурет көрсету)

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан

 

1-оқушы:Қазақстан-қасиетті мекенім,
Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін.
Елім үшін,жерім үшін жан пида,
Республикам,Отаным,Атамекенім.

2-оқушы:Республикам-ұлан-байтақ жер болды,
Республикам-тәуелсіз ел болды.
Республикам-Республика атанып,
Халқымыздың көңілдері кең болды.

 

 

ҚАЗАҚСТАН- қазақ халқының атамекені,ұлы ордасы,киелі ошағы.

Қазақстан Республикасы- Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет.Аумағы 2724 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр.Елімізде 14 облыс,87 қала бар.(суреттерін атап көрсету)

1991 жылы- Тәуелсіз ел атанып, аяғынан тәй-тәй басқан республикамыз бен оның халқы үшін ерекше жыл болды. Көп кешікпей 1992 жылдың                   4- маусымында республикамызда қазақ елінің елдігін танытар Қ.Р-ның Рәміздері қабылданды.

-Қ.Р рәміздеріне не жатады?

-Елтаңба,ту, әнұран.

-Ендеше осы рәміздердің авторларына тоқталайық.

Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

3-оқушы:Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй...
Бұл-таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар жер күші.
Қара шаңырақ-ел күні,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы-елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
Мемлекеттік туымыздың авторы:Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

4-оқушы:Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Көк аспанда-алтын күн,
Көк аспанда-жас қыран.
Естілгендей біздің үн
Сол ғарыштың астынан.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.

Ән: Ернар,Аружан,Алмат –Көк тудың желбірегені

Әнұран авторлары:Шәмші Қалдаяқов,Жұмекен Нәжмеденов,Н.Назарбаев.

 

Хормен:
ҚАЗАҚСТАН:  
Туымен-Тұғырлы,
                              Елтаңбасымен-Еңселі,
                              Әнұранымен-айбатты ел!

                              Ел нышандары-елімнің мақтанышы.

Хор: Атамекен

-Балалар,біз осы Қазақстан республикасының қай облыста тұрып жатырмыз?

-Маңғыстау

-Иә,Маңғыстау- Қ.Р-ның оңтүстік-батысында орналасқан. Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылды.Бұған дейін Атырау облысына қарады.Маңғыстау қара алтынның ордасы.Жаңа технологиямен мал шаруашылығы,егін шаруашылығы жақсы дамуда.

-Балалар, сендердің білімдеріңді тексеру үшін мына тақтада жасырылған сұрақтарға жауап береміз.

1.-Біз қай облыста тұрамыз?

2.- Біздің қаламызда қандай теңіз бар?

3.- Біздің теңізге қыс мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?

4.- Маңғыстау өңірінде қандай қасиетті жерлер бар?

5.-Биыл біздің қаламызға неше жыл толды?

6.-Қаламыз қалай аталады?

7.- Маңғыстау өңірі қандай пайдалы қазбаларға бай?

-Жарайсыңдар балалар.

- Балалар, менің қолымдағы не нәрсе екенін білесіңдер  ме?

- Глобус.

-Дұрыс.Балалар,мынау біздің тұрып жатқан жер шарымыз.Мұнда қандай ұлттар өмір сүрсе де ,біздің бір ғана туған жеріміз ,Отанымыз бар.Ол- Қазақстан.

-Енді балалар, әрқайсысыңа жүрекше беремін.Сол жүрекшеге сендер туған жер,Отан,ынтымақ,достық,отбасы,сыйластық туралы мақал-мәтелдерді жазып,мына глобусқа жабыстырамыз.Уақытымыз шектеулі мына құмсағатты пайдалана отырып,осы 1 мин ішінде мақал-мәтелді жазып,жабыстырып үлгеруіміз керек.

-Сонда біздің мақсатымыз қандай да бір өзге ұлт өкілдері болмасын өз Отанымызды сүйе отырып,бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру керек.

Халық күйі: «Жастар»    Асылбек

 

Маңғыстау туралы видео.

 

Аружан:О,Маңғыстау

Май-май  болған өңірің

Көп бояудың ішіндегі қоңырым

Тамырыңды қуыс ине бұрғылар

Мұнай берген,жанын берген донорым.

Маңғыстау сенің жеріңде

Тау да аңыз,тақыр тас та аңыз.

Алғидың ала шөлінде

Өшпепті әрбір басқан із.

Маңғыстау деген даламнан

Аруақты Бекет атамнан

Ақ жаулықты анамнан

Сәлем саған туған жер.

Балаң бүгін сенбейді баяғыңа

Арман еді-ау бақ мына , сая мына

Бүкіл әлем бас ұрып жатыр енді

Ару қала,қыз қала аяғыңа.

Маңғыстау алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде.

-Қане балалар, бәріміз орнымыздан тұрып,шеңбер құрамыз.Менің қолымдағы лентаны пайдалана отырып,саусағымызға айналдыра ораймыз.кезек пе кезек орап,бір-бірімізге жалғастырамыз.

-Міне балалар,қараңдаршы,біз бір-бірімізбен  байланыстымыз.Сол сияқты бізде Отанымызбен байланыстымыз.

                                     Мен оның күнін сүйем,түнін сүйем,

Ағынды өзен ,асқар тау,гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіртті үнін сүйем.

Отан!Отан!

Бәрінен биік екен

                                        Мен  оны мәңгілікке сүіп өтем,-деп М.Мақатаев ағамыз жырлағандай Отанымызды мәңгілікке сүйіп өтейік.

Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер – азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл- қыздар молая берсін.
Хор: «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар»

-Ал, балалар,осы тақырыпты қорытындылай келе,Бұрын білетінім,осы сабақтан білгенім және болашақта нені білгің келеді?-осы туралы бір-екі ауыз пікірлеріңді айтып кетсеңдер.

«Менің елім» атты тәрбие сағатына қатысқандарыңызға рахмет.Және де қонақтарға да рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар № 6 жалпы білім беру орта мектебі »ММ

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Менің елім »

 

 

 

 

 

                                                                             Орындаған: Косщибекова  Г.А.

2 «а» сынып

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы 2013ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Менің елім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 842 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.02.2016 2541
    • DOCX 59.7 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Косщибекова Гулжанат Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17346
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 539 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 600 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов