Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Тәуелсіз қазақ елі бар ғаламда"

"Тәуелсіз қазақ елі бар ғаламда"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

«Тапқыр достар»

(сайыс)

 

                   

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

:

1.Оқушыларға Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұмат бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету.

2.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.

3. Адамгершілікке, мейірімділікке,үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: хабарлар шеруі

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру

Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар, нақыл сөздер.

    Сынып оқушылары  «Хабар» арнасында жүргізетін телехабарларды басшылыққа ала отырып,Тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған хабарлар шеруін жүргізеді.

Таң атып, арайлы күн шығады. 1 оқушы  теледидарды қосса,Әнұран ойналып жатады.Балалар Әнұранды қосылып айтады.

Диктор: Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Сіздерді 16- желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз.Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығы құтты болсын!

   Арнайы Шұғылбай ауылының тұрғындарын Астана қаласынан Елбасы Н.Ә.Н құттықтау сөзін жолдапты:

«Құрметті, Шұғылбайлықтар,сіздерді Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығымен құттықтай отыра, денсаулық, шаңырақтарыңызға бақыт, береке, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!»

Бүгінгі біздің бағдарламада:

1. 14.00. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» телеойыны.

2. 14.05.  «Мың бір мақал» ойыны

3. 14.10.  Поезия минуттары  «Тәуелсіз қазақ елі бар ғаламда»

4. 14.20. Жарнамалар.

5. 14.25. Ел шежіресі

6. 14.30. Тікелей эфир: «Еркетай» бағдарламасы. Хабарға  І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 2- сыныптың үздік  оқушылары  қонаққа шақырылады.

7. 14.35-14.45 . Концерттік бағдарлама. Біздің арнамызбен бірге болыңыздар!

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» хабарының жүргізушісі:

Біздің бүгінгі ойынымыздың  «Бәйге » бөлімі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналады.Бұл бөлімде еліміз жайлы сұрақтар қоймақпыз.

Ортаға 3 оқушы шығады. Ендеше , іске сәт»

1.     Қазақстан Республикасының президенті кім?

2.     Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала?

3.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

4.      Биыл Қ.Р-ның Тәуелсіздігіне неше жыл толды?

5.     Қ.Р-ның тәуелсіздігі қай күні аталып өтеді?

6.     Қ.Р-нің рәміздерін ата.

7.     Әнұранның авторы

8.     Қазақстан Республикасының ұлттық аспабы

9.     Астана қаласының бұрынғы атауы.

10. Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

11. Үш биді ата.

12. Қандай ұлттық ойындарды білесің?

13.  Жылқының сүті

14. Түйенің сүтінен жасалатын сусын

15.  Төрт түлікті ата

16. Туда нелер бейнеленген?

17. Тудың авторы?

18.  Өзің білетін қазақтың ақын- жазушыларын ата.

19. Жеті қазына

20. Қазақстан қалаларын ата.

    Жарайсыңдар , сұрақтарға мүдірмей жауап бердіңдер!Енді, жеңімпазды марапттайық!Осымен, біздің теле ойынымыз аяқталды. Келесі кездескенше қош- сау болыңыздар!Арнадан ажырамаңыздар, келесі кезекті «Мың бір мақал» сайысына  береміз.

«Мың бір мақал » сайысының жүргізушісі: Армысыздар, құрметті көрермендер! «Мың бір мақал»  сайысына қош келдіңіздер! Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық!

Сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін.

Ең алдымен сайыскерлер Отанымыз, туған жер туралы мақалдар айтысып жарысады.

Олай болса, сайысымызды бастайық!

................

Жарайсыңдар, енді экранға назар аударайық ! Мына сөздерді қатыстыра отырып,  мақал   шығару керек.

 

 

 

Аққу

 

 

дос

 

Каз

Жер

 

Дос

 

 

жау

 

Ана

Күн

 

 

 

 

 

 

 

 

Отан

 

 

от

 

Жер

Аспан

 

Ерлік

 

 

береке

 

Еңбек

Батыр

 

                                                                   

 

 

Туған жер

 

 

 

түтін

 

Білім

батыр

 

Ырыс

 

 

ынтымақ

Береке

 

Отан

 

 

 

 

 

        

 

             Өте жақсы,жақсы дайындалып келгеңдерің көрініп тұр.Өз елімізді, жерімізді құрметтейік, балалар!

Диктор: Бостандық – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс  бір күн,  бір мезет, бір жыл  емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді.Ендеше, тарих беттеріне тағы ды бір зер салайық!

 

Көрініс: Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады, осы кезде жүгіріп немересі келеді.

Немересі: Ата, не ойлап отырсың?

Атасы: Ә,балам атаң не ойламайды дейсің сен, сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата- бабаларымыздың өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: Ал, ол қандай болған?

Атасы: Ендеше, тыңда балам, еркін өмір сүріп жатқан елімізге бар кезде жонғар шабуыл жасап,қалың жұртты қан жылатты .

1-оқушы: 1923-1933 жылдары адам айтса нанғысыз ашаршылықта 6 миллиондай адамның екі миллионы опат болды.     

2-оқушы: 1941-1945 жылдары  адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қаншама азаматтарымыз Отан үшін жан қиды.

3-оқушы: 1986 жылы желтоқсанды отты оқиға болды. Елдің егемендігін  аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.

4- оқушы: Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн

Қыранды қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

5-оқушы: Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп, бір күнде

Қайғыға халық батқан күн.

6- оқушы: Қариялар итке таланып

Ер басын күрек шапқан күн.

Аппақ қар қанға боялып

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

7-оқушы: Тегеурінді соққылары жаратқан

Ақша қардай судай ақты қайран қан

Қайдан білсің қызбаланған ерлерім

Айырыларын Ләззәт, Ербол, Сәбирадан, Қайраттан.

8- оқушы: Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттін оты өшкен күн

Жанына таппай бір шындық

Ер Қайрат қыршын кеткен күн.

 

8-оқушы: Осыдан 25 жыл бұрын ұлт намысын қорғаған жастардың арасында Музыка училищесінің 2- курс студенті  Ләззәт Асанова да  болып еді . Желтоқсан құрбанына айналған Ләззәт Асанованың қазасы әлі күнге дейін жұмбақ.

9-оқушы: желтоқсан құрбандарының бірі- Ербол Сыпатаев еді.  Өзі сияқты студент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде жасақшылар қатты соққыға жығып, емханаға  түсті де, екінші күні қайтыс болды.

10-оқушы: Сәбира Мұхамеджанова мектепті үздік бітірген. Оған еш жазықсыз күнә тағылып, қыспаққа шыдамаған жас қыз өзі тұратын жатақхананың   терезесінен секіріп қайтыс болады.       

Шағылса да тауға тиіп, жас тауы

Ерлік еді намысқа шоқ тастауы

Күллі әлемді шулатқан сол екі күн

Болған екен бостандықтың бастауы.

Атасы: Бұған да тәубә, егемендік алып әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: ата,  «егеменді»  деген не?

Атасы: «Егеменді – «иесі мен» деген сөз.

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші

Егеменді деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Міне, егемендік деген осы.

 

11- оқушы: Қаһарманың ұмытпайды халықтар

Өткен күнді тарихымыз анықтар

Ерлігіне тағзым етем қашанда

Тәуелсіздік алып берген алыптар!

12- оқушы: Тіле енді кетпесін деп бақ тайып.

Аманатын бабалардың ақтайық

Қанмен келген азаттықты ардақтап

Еркіндікті ел боп мәңгі сақтайық!

Хормен: Кең далалы , кең пейілді қазақпыз!

Құл емеспіз, еркін жанбыз , азатпыз.

Қас тағдырдың қақпағына көнбейміз

Ел намысын ешбір жанға бермейміз!

Ән.

 

Диктор: Хабар арнасында жарнама. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына  байланысты І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 3- сынып оқушыларының суреттерін ұсынамыз.

Біз, Қазақстан республикасының жасұландары елбасымызды қолдаймыз!

Жасасын, Қазақстан!

Диктор: Ел шежіресі . Әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс енгізгені баршаңызға айқын. Олай болса, жылнамалар легіне кезек берейік.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды.

1992 жылы ел рәміздері бекітілді.

1993 жылы төл теңгелер айналымға түсті.

1994 жылы елдің жаңа парламенті өз жұмысын бастады.

1995 жылы еліміздің ата заңы – Конституциясы қабылданды.

1996 жылы Желтоқсан оқиғасының құрбаны Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1997 жылы Ел ордамыз Астанаға көшірілді.

1998 жылы «Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих» күні. Ақмола қаласы жаңа Астана деген атауға ие болды.

1999 жылы «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы

2000 жылы « Мәдениетті қолдау» жылы

2001 жылы «Тәуелсіздік пен достық » жылы

2002 жылы «Денсаулық жылы »

2003-2005  жылдары «Ауыл жылдары » болып жарияланды.

2006 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.

2007  жылы –  Қазақ тілін қолдау жылы.

2008 жылы  Астанамыз 10 жасқа толды.

2010 жылы  Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сынды аса беделді ұйымға төраға болып сайланды.

2011 жылы  Ислам конференциясына төраға болып сайланды.

Диктор: Хабар арнасында жарнама. Тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына  байланысты І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 3- сынып оқушыларының суреттерін ұсынамыз.

Біз, Қазақстан республикасының жасұландары елбасымызды қолдаймыз!

Жасасын, Қазақстан!

Тікелей эфир: «Еркетай» бағдарламасы.

Диктор: Бүгін біздің бағдарламаға 3- сынып оқушылары қонаққа келіп отыр.Бізге мынандай хат келіпті. Хатты жолдаған  1-сынып оқушысы Еламан.

 Сәлем, Еркетай! Менің атым Еламан. Менің атымды еліміз тыныш, аман болсын деп әжем ырымдап қойған екен. Менің арманым сабағымды беске оқып, өскенде дәрігер болып, өз еліме қызмет ету. Мен анамның қуанышы, әкемнің намысы, әжемнің мақтанышымын. Ел басы да бізге , үлкен сенім артады. Мен ата- анамның үміттерін ақтауға тырысамын. Ал сендердің армандарың қандай, достар?

Ендеше, Еламанның сұрағына жауап беріп, өз армандарымызбен бөлісейік.

Диктор:Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Келесі  кезекте 3- сынып оқушыларының концерттік номерлерін тамашалайық!

Қорытынды .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіз қазақ елі бар ғаламда""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.04.2016 743
    • DOCX 72.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмангалиева Жадыра Курмангаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10481
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 417 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции