Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым"

"Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым"

Скачать материал

Тақырыбы:  «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым »

Мақсаты: Оқушылардың өздерінің туған жеріне деген махаббатын ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.Өз елінің бүкіл әлемдік деңгейдегі мемлекет болып шығуына өз үлесін қосу.

Тәрбиелік мәні:

-          Айналада болып жатқан оқиға, дүрбелең оқиғаларға сақ бола отырып, ел іргесінің шайқалмауына қырағы болу;

-          Елінің саяси оқиғаларына байланысты заң құжаттарымен таныс болу;

-          Тарих толқынындағы танымал азаматтарды тану, мақтан тұту;

 

1-      жүргізуші: Армысыздар, бұл кештің қонақтары

                        Халқымның әрқашанда қонақ – бағы

                       «Отаным – алтын бесік» атты кешті

                       Таразылап тарихпен, сарапталық.

2-      жүргізуші: Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

                        Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені

                        Тарихи кешімізге қош келдіңіз,

                        Алдарыңда болашақ өрендері.

1-      жүргізуші: Отан – тарих, Отан – тіл,

                        Жасаған елім, өз – халқым,

                        Отан - өлең, Отан – жыр,

                        Көтерген көкке ел даңқын.

2-      жүргізуші: Құтты шаңырақ, Отанда

                        Білім алған батамда

                        Осы тілді сөйлеген,

                        Бабам менен атамда.

1-      жүргізуші: Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған және тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші!

2-      жүргізуші: Осындай ауыр кезеңде қазақ хандығының құрылуы, оның негізін қалаған және кейіннен ел басқарған атақты хандар жайлы XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да мәлімет бере алады.

1-      жүргізуші: Тарихи санамыз мұнымен шектелмей, тереңге, ғасырлар қойнауына қарай бет бұрып, қасиетті қазақ жерінің Ресей империясының құзырына қарауы, отарлау саясатының жүргізілуі халқымыздың және оның жекелеген батыр ұлдарының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдан аса уақыт жүргізген ерлік күресі жөніндегі тарихи білімдерге сусындауда.

2-      жүргізуші: Менің бабам күйдірген қар аптабы

                  Көшіп- қонып, ұрпағы тұрақтады

                  Біздің тарих- бұл да бір қалың тарих

                  Оқулығы жұп- жұқа бірақ- тағы .

1-      жүргізуші: Ұлт тәуелсіздігінің күмбезіне көк тудың тігілуі – ұлы бабалар Абылай хан, әз Тәуке, ер Есім, Кенесары хандар іргетасын қалаған ұлағатты істің жалғасыXVII- ғасырдан XX ғасыр соңына дейін созылып, енді шешімін тапқан ұлы мұраттың іргесін бекіткені деп білеміз.

2-      жүргізуші: Сол бір қиын –қыстау кезеңдерде ата –бабамыз Отанын сақтандырды, елін, жерін, сатқан опасыздардан ешқашан кешірген емес.Өйткені, Отанды, ата-мекенді сүю – бәрінен биік тұратын қасиет.

XX- ғасырда патша өкіметінің озбыр саясаты елімізге қанды шеңгелін сала бастағанда Махамбет, Исатай сынды батырларымыз азаттық үшін алысып қаза тапты.

1-      жүргізуші:Иә, Махамбет- қазақ халқының азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен де азаткер асқан жырымен де қасық қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған,әрі батыр, әрі ақын.

 1931-33 жылдарындағы ашаршылық және оның халқымызға тигізген орасан зор апаты.XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық интелегенциясының жетекшілері, олардың қоғамдық- саяси қызметтері.Алаш Орда үкіметі туралы ақиқаттар айтылып, санамызға сіңе бастады.

2- жүргізуші: XVIII ғасырдағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама заманы» еліміз үшін өте ауыр кезең болды. «Жау жеңетін жігітті жарағынан танимын.Дау жеңетін жігітті талабынан танимын» дегендей, талаптанып, аттастырмас ақылмен қара қылды қақ жаратын әділдік пен береке ұйытар бірлікке шақырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріміздің орны ерекше.

1- жүргізуші: Ақыры осындай қиын- қыстаулардан аман- есен өткен қазақ елінің қуанышты күнге де қолы жетті.Бостандық, теңдіктің туы көгімізде желбірейді.

2- жүргізуші: Тәуелсіздік деген тәтті сөз емес. Ол- сайда, әр абақтының қуысында домалап қалған қазақтың басы, алаш деп түнімен дөңбекшіген бабаларымыздың,ағаларымыздың әлде өкініштен, әлде өзекті өртеген намыстан былайғы жақын- жұрағатына көрсетпей, бармағын тістелеп отырып, жанарына үйірген көз жасы.

1991 жылы – қазақ елі үшін қуаныш жылы. Қазақ елі – ежелден еркіндікті аңсаған ел. Өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді.Бұдан былай біздің республикамыз- тәуелсіз, демократиялық мемлекет.

1- оқушы:

1991 ж. 1 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1991 ж. 16 желтоқсанда ҚР- ның Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

1991 ж. 2 қазанда тұңғыш рет қазақ азаматы Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ- ға кірді.

1992 ж.4 маусымда республиканың жаңа мемлекеттік Туымен,Елтаңбасы бекітілді,желтоқсанда Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды.

1993 ж. 28 қаңтарда тұңғыш Конституция,1995 жылы 30 тамызда екінші Конституция қабылданды.

1997 ж. 20 қазанда Ақмола жаңа астана болып жарияланды.

2- оқушы: Одан бергі жылдар ҚР  Президентінің Жарлығымен мынадай атауларға ие болды:

- 1997ж. Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу жылы.

- 1998ж. Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

- 1999ж. Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.

- 2000ж. Мәдениетті қолдау жылы.

- 2001ж. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.

- 2002ж. Денсаулық сақтау жылы.

- 2003ж. Ауылды қолдау жылы.

- 2004ж. Қазақстандағы Ресей жылы.т.б.

- 2011ж. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы.

3- оқушы: Қазақстан жер көлемі – 2 млн.700 мың шаршы км.Халқы 17 млн-ға жуық.131 ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүруге ҚР 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінеді.

1- жүргізуші: Көк байрағым желбіресін көгімде,

                        Әнұраным әуелесін елімде,

                        Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

                        Тұрса артық не арман бар өмірде.

1-      оқушы: - Біз тарих пен тағдырдың бұралаң көп жылдары мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтарды басымыздан өткізіп келген қазақ еліміз.

2-      оқушы: - Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз.

3-      оқушы: - Ата- бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім,Отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.Тәуелсіздік дегеннің мәніненді түсініп келеміз.

2-      жүргізуші: Мен – қазақпын, биікпін,байтақ елмін,

                        Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

                        Айта бергім келеді,айта бергім.

 Оқушылардың  Отан  туралы  өз  ойларын  тыңдау.

Қорытынды.

Үйге  тапсырма :  Отаным – өз  үйім  тақырыбында  эссе  жазу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2016 488
    • DOCX 17.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калдыбаева Турганыс Маденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калдыбаева Турганыс Маденовна
    Калдыбаева Турганыс Маденовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 5198
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека