Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок "Дарынды балаларды анықтау және дамыту жолдары"

Урок "Дарынды балаларды анықтау және дамыту жолдары"


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов



Дарынды балаларды айқындау және дамыту жолдары

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», - деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығы, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру-ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлейдей алатын, жан-жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт-бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаарға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрып аламын. Ол оқушылар осы жоспар бойынша жұмыс жасайды.

Әр сабақ барысында оқушыға мынадай талаптарды қоя отырып жұмыс жасаймын:

  1. қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздей білу;

  2. ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;

  3. алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

  4. өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;

  5. басқа адамдармен қарым –қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);

  6. қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу.



Жаңа әдістерді өзімнің іс-тәжірбиемде қолдана отырып, мынадай талаптарды басты міндет етіп қоямын:

  1. Шығармашылық белсенділігіне, қабілетіне қарай жеке тұлғаны қалыптастыру.

  2. Ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Ізденіс, ғылыим-зерттеу жұмыстарына баулу.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қарай баулу керек. Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай? Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екенін төмендегі ерекшеліктер арқылы байқадым.

  1. Есте сақтау қабілеті жоғары.

  2. Сөздік қоры мол.

  3. Қиыншылықтан қорықпайды.

  4. Әділетті, әзілқой.

  5. Танымдық қасиеті жоғары.

Мұғалімнің шеберлігі мен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған сабақтар, үйірмелер, факультативтік сабақтар оқушылардың дарындылығын дамыту жолдарының бірі болып табылады.

Сабақ, үйірме барысында оқушылардың өздігімен ізденуін қадағалап, білім деңгейін толықтыруға байланысты педагогикалық ұжыммен «Қабілетті, дарынды балаларды айқындау» және «Дарынды балаларды айқындау мен дамытуда ғылыми әдістемелік қызмет көрсетудің тиімді жолдары» тақырыбында семинар-тренингтар өткізілді. Дарынды балаға психологиялық, педагогикалық қызмет көрсетудегі дарындылық моделі көрсетіліп, кеңес берілді.

Азда болса еңбек тәжірбиемде ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттері ерекше балалармен жұмыс жасау бақытына ие болдым. Дарынды балалармен жұмыс жасағанда маған ұнайтыны біреудің ойлағанын екіншісі басқа қырынан жеткізе білетіндіктері. Мектеп оқушыларының ішінде әдебиетке, бейнелеуге, мәнерлеп оқуға, биология пәнінен, математика пәнінен, спортқа бейімі жоғары оқушылар бар. әрбір сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда осы балалардың қабілеттерінің ары қарай дамуына көмек беруді ұстаздық парызым деп санап, үнемі үздіксіз жүргізіліп жатқан жұмыс түрлерін басқа ұстаздармен бөлісуді жөн көріп отырмын. Оқушылармен жұмыс жасау төмендегі кезеңдер арқылы жүзеге асады:

  1. Қабілеті жоғары деген оқушыны мұғалім толық зерттеуі керек. Мысалы, оқушыға педагогикалық-психолгиялық карта құру бала бейімін анықтаудың ең басты жолы болып табылады.

  2. Мінездеме, қабілет бағытын анықтауда: Шыныбек Самал 7-сынып оқушысы, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен өте алғыр, ойы ұшқыр және шапшаң, тапсырманы өз бетімен орындағанды ұнатады. Сыныптастарына әрқашан қол ұшын беруге әзір, жанұясын өте жақсы көреді.

Зерттеу қортындысы: мінезі сабырлы, тиянақты, ойланып сөйлейді, әр ісінде байсалды, өзіне сенімді, отбасы тәрбиесіне түзу көзқараспен қарайтын, өтірік айтпайтын, үнемі сөзінде тұратын, ұйымдастырушылық қабілеті бар, әрқашан сабаққа кең дайындықпен келетін үздік оқушы.

Осылай қабілетті балалардың мінез-құлықтары толық зерттелгеннен кейін сынып ішіндегі бейімі ұқсас балалардан топ құрылады.

  1. Баларды бейімі жағынан топтастырып, олармен жұмыс жоспары құрылады.

  2. Сол жоспар бойынша сабақ кезеңдерінде және сабақтан тыс уақыттарына баланың деңгейіне сай тапсырма түрлері дайындалып, бала оны орындау барысында өзінің жолын іздейтіндей жағдай жасалады.

Осы кезеңдер сынып жетекшісі және пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізіледі. Мұндай жұмыс түрлері баланың тек ой-өрісі шапшаңдатып қана қоймай, пәнге деген қызығушылығын одан әрі арттырып, өздігімен тапсырма түрлерін ойлап табуға деген құштарлықтарын арттырады. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің нәтижелі болуына және оны талдап, анлиз жасауына ықпал жасаймын. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап, олимпиадаларға, сайыстарға, дебат (пікір сайыс ) клубына, ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау), оқушылардың аудандық, облыстық жобалар байқауларына қатысуға іріктеледі.

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде мынадай нәтижелерге жеттім:

  • білім сапасы артты;

  • аудандық пән олимпиадаларынан І,ІІ,ІІІ орын иегерлері ;

  • облыстық «Дарын» ғылыми жоба жеңімпазы;

  • аудандық қол өнер байқауында «Өнерлі өрнектер», «Шебер қолдар» номинациялары бойынша ІІ орын;

  • аудандық мәнерлеп оқудан І орын;

  • Мұқағали Мақатаев оқуларынан аудан, облыс көлемінде жеңімпаз, республикалық сайыста дипломат;

  • Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған, қазақ тілі мен әдебиет пәнін тереңдетіп оқытатын «Дарын» мектебінде 1 оқушы білімін жалғастыруда.

Әрине, бұл жетістіктер мектеп мақтанышы.

Қорыта айтқанда, баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік

қөзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі мол. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойлағыштыққа баулып, тәрбиелейтін де осы ғылым. Баланы заманына қарай икемдеп,өз зама- нының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық

бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы екенін әр ұстаз естен шығармауы абзал.



Пайдаланылға әдебиеттер:

  1. Қ.Р. Білім туралы Заңы. Астана. 2004 ж.

  2. Н.Назарбаев «Біздің халқымыз жаңа өмірге бейімделуі керек», «Егемен Қазақстан» 31 мамыр 2000 ж.

  3. С.Ерматов, Т.Әбішова «Пәнге қызығудың қалыптасу динамикасы»,

«Қазақстан мектебі» №2, 2007 ж.

  1. Қ.Жарықбаев «Психология. Алматы 1982 ж.

















Общая информация

Номер материала: ДВ-515095


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс повышения квалификации «Формирование мотивации учебной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»