Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Вне классная работа "Рахмет саған Әліппе"

Вне классная работа "Рахмет саған Әліппе"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Рахмет саған, Әліппем!

 

Мақсаты: оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау, ата-аналарына өнерлерін көрсету, сөйлеу мәдениетін игерту. Көпшілік алдында өздерін ұстай білуге үйрету. Ойын тиянақты, еркін жеткізе білуге машықтандыру. Есте сақтау қабілетін, сөйлеу шешендігін дамыту. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, тәрбиелеу.

Түрі: ертеңгілік.

Көрнекілік: ана тілі, әліппе суреттері, суретті әріптер, шарлар, гүлдер.

Мұғалім:

Әліппе ғылымның бабасы.Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің есігін ашқан сиқырлы кітап. Оның сиқырлығы сондай, әріп танымаған балаға әріп танытып, тіпті өзі оқи алатын дәрежеге жеткізеді екен. Бүгінгі күні 1 «В» сыныбында айдай сұлу сегіз қызы, алғыр да зерек, жеті ұлы бар. Бүгін сол шәкірттер қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы Әліппемен қоштаспақ болып отыр.

Құрметті ұстаздар! Қадірменді қонақтар! Аяулы ата-аналар! Бүгін бізде үлкен той. Бұл той балаларымыздың тұсау кесер тойы есептес. Кеше ғана 1қыркүйек айында қолдарына алғаш рет Әліппе кітабын алған бүлдіршіндеріміз бүгін сол сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр. 

  • Қымбатты қонақтар! «Рахмет саған, Әліппем!» - атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.


Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл жайдың
Бастаңғысын жасайық


1- оқушы: (Еғанат) Осы біздер қандаймыз?

2-оқушы: (Қарақат)

Талабы биік таудаймыз,

Мың бұралған бишіміз.

Біз қызықпыз, қызықпыз,

Кейде еркелеу, бұзықпыз.

3- оқушы: (Нұрсәт) 

Біз шеберміз,

Ақылдымыз.

Көңілдіміз,

Үлкендерге ізеттіміз.

Кішкентайларға қамқоршымыз,

Жақсылықты ұнатамыз,

Жамандықтан тез қашамыз.


Мұғалім:

Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік. Біз енді өзіміз ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді оқи аламыз.

4- оқушы:  (Назкен)                    

Әліппем, менің Әліппем,

Өшпейтін нұрлы әріппен.

Есігін аштым білімнің,

Өзіңнен кілт алып мен.

Қайда екен біздің Әліппе?


Әліппе:

Барлық әріп бағалы,

Айтыңдар әділ бағаны.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

Бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім, өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» шақыра келдім.


Ана тілі: Ой, қандай кісі көп. Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен Әліппемен бірге сендердің қуанышты дауыстарыңды естіп қуанып келдім.


Әліппе: Кел, төрлет, Ана тілі. Сен қорықпа, бұлар бәрін біледі, өздері жаза алады, оқи алады.


Ана тілі: Ендеше Әліппеден үйренгендеріңді тамашалайық.

5- оқушы: (Марғұлан)

Достастырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Алдымнан шам, жағып берген,

Айналайын Әліппемнен.

6- оқушы: (Фарида)

Әліппені құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

7- оқушы: (Тілек)

Партаға тұңғыш отырдым,

Қалам алып қолыма.

Сызықтарды толтырдым,

Қалдырмай дәптер жолына.

8- оқушы: (Амина)

Ойыншық қалды жайына,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

9- оқушы: (Айым)

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ тіптен ойнауға.

Әріптен құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

10- оқушы: (Аян)

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек,

Үйретті оны Әліппе.

11- оқушы: (Нұрай)

Алфавитті үйрендік,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Ән: «Әліппе»

Ана тілі: Мен ұзақ жолға аттанар алдында балалардан оқушының сенімді достары кімдер екенін білсем деймін.

Оқушы: (Ерғанат) Олар оқулық, портфель, күнделік, қалам, өшіргіш, дәптер.

Әліппе: Мен сендерге ризамын балалар! Сендермен 4-ай жолдас болдым. Мен енді қайтуым керек, жолым ұзақ 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін келесі 1- сыныпқа келетін бүлдіршіндерге жетуім керек.

Туған елдің тілі

Ақылы мен танымы

Түсіндірер бәріңе

Ана тілі пәні

Әліппе: Ана тілі, «Білім елінің» кілтін өзіне табыс етемін. Қабыл ал.

Ана тілі:

Мектеп-кеме, білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда.

Білім кілті біздің қолда.

Рахмет, Әліппе! Сеніміңізді ақтаймыз. (балалар әліппемен қоштасады).

Әліппе: Ал, енді сендерге ақ батамды берейін.

Оқуда зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақтарды,

Ақ жол болсын, қарақтарым.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктердің беске толсын. Әумин!

Ал сау болыңдар!


Ертегі: «Мақта қыз бен мысық»

Рөлдерде:

Мақта қыз: Қарақат

Мысық: Марғұлан

Сиыр: Нұрсәт

Ағаш: Тілек

Қыздар: Амина мен Жұлдыз

Дүкенші: Мейіржан

Тауық: Нұрай

Тышқан: Айым

Ерте де Мақта қыз үй жинап жүріп бір мейіз тауып алады. Оны мысығына берейін деп мысығын шақырады, бірақ мысығы келмеген соң сол мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін мысығы келеді.

Мысық: Мақта қыз мені неге шақырдың? (Мақта қыз үндемейді) Айтпасаң қатығыМақта қыз үндемейді) Айтпасаң қатығыңды төгем!

Мақта қыз: Мен сенің құйрығыңды кесіп аламын!

(Мысық қатықты төгеді, Мақта қыз Мысықтың құйрығын кесіп алады)

Мысық: Апа, апа құйрығымды берші!

Мақта қыз: Сен менің қатығымды төле!

(Мысық сиырға барады)

Мысық: сиыр, сиыр маған сүт берші

Сиыр: сен маған жапырақ әкеліп бер. Сонда ғана саған сүт беремін.

Мысық: Ағаш, ағаш маған жапырағыңнан берші!

Ағаш: Сен маған су акеліп бер. Сол кезде мен саған жапырағымнан беремін!

Мысық: Қызыдар, қыздар маған су беріңдерші!

Қыздар: Сен бізге сағыз әкеліп бер. Сонда ғана біз саған су береміз!

Мысық: Дүкенші, дүкенші маған сағыз берші!

Дүкенші: Сен маған жұмыртқа әкеліп бер! Сол кезде мен саған сағыз беремін.

Мысық: Тауық, тауық маған жұмыртқа берші!

Тауық: Сен маған тары әкеліп бер. Сол кезде мен саған жұмыртқа беремін.

(Мысық кетіп бара жатса, алдынан тышқан шығады. Тышқанды мысық шап беріп ұстап алып)

Мысық: Жаның барында айт, үйіңде нең бар?

Тышқан: (Қорқып кеткен тышқан) Тарым бар...

Мысық: Маған бір уыс тары бер...

Тышқан тары береді, мысық оны тауыққа береді, тауық оған жұмыртқа береді, жұмыртқаны алып, дүкеншіге береді, дүкенші оған сағыз береді, сағызда қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа құяды, ағаш жапырағын береді, жапырақты сиырға береді, сиыр сүт береді, сүтті апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.



Ана тілі: Бәрекелді балалар неткен ақылды едіңдер. Сендердің ертегілеріңді тамашалап бір қуанып қалдым. Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз. Балалар сендер Әліппемен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де танысыпсыңдар. Математика- ғылымдардың атасы деген. Математикадан санауды, есептеуді үйренген шығарсыңдар?! Қәне кім санамақ айтады?
12- оқушы: (Еділ)
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
13- оқушы: (Анель)

Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.

14- оқушы: (Мейіржан)

Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштағам.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
15- оқушы: (Жұлдыз)

Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
16- оқушы: (Ерғанат)

«Бестік» деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
«Беске» оқыған баланы.
17- оқушы: (Қарақат)

«Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!

18- оқушы: (Нұрсәт)

Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді.

19- оқушы: (Назкен)

Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.

20- оқушы: (Марғұлан)

Тоғыз жасқа келгенім -
Тоғыз жылды көргенім.
Тоғыз жаста тәнті еткен,
Талабымды көр менің!
21- оқушы: (Фарида)

Он жыл, он жас - он деген,
Он жас кіші ол менен.
Онды жаза аламыз,
Он - тұрған бір нөл менен.

Ана тілі: Тамаша, жарайсыңдар. Енді балдырғандар сендер осы уақыт аралығында қандай билерді үйрендіңдер?


Мұғалім: Қазір сіздер «Ква ква » биін тамашалайсыздар


22- оқушы: (Анель)

Ширап іс пен сөзіміз,

Өсті осылай ойымыз.

Білімізді сараптап,

Өнерімізді көрдіңіз.

Әліппені аяқтап,

Қоштасармыз енді біз.

23- оқушы: (Еділ)

Біз Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Көптеген кітаптармен достасамыз.


Ән: «Рахмет саған, әліппем»


Мұғалім:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар!

Қош бол, Әліппе!


6



Автор
Дата добавления 27.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров68
Номер материала ДВ-489643
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх