Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыВнеклассная работа на тему СПИД

Внеклассная работа на тему СПИД

Скачать материал

№2 Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп мекемесі

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

                     

                      Тақырыбы:

« Адамзатқа төнген қауіпті дерт»

 

 

                 

 

 

 

 

                          Ұйымдастырушы:Жаксыбекова Л.

                

 

 

 

 

 

 

 

                                              2015 ж. оқу жылы.

 

Мақсаты: Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

 

1 жүргізуші: Айбек: Ассалаумағалейкум қадірменді қауым,

        2-жүргізуші: Ардақ: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

 

1 жүрг:    Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

2 жүрг:  Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне арналған  «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

1 – жүргізуші:

Өмірге адам бір – ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Күте білсең саулығыңның өрелі,

Табиғаттың бергеннен көп берері.

Бала адамның жүрек еті сенері,

Болашағы, демеушісі, жүрегі.

Сені ойлап үлпілдеген жүрегі,

Ата ананңның бір үстінде тілегі.

Күтін жастар, алдыңда өмір сүбелі,

Ақылды алсаң тиер саған көмегі.

Ешбір затпен уламай жас денені,

Бағытталған мол қозғалыс керегі.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердей жаңа ғасырдың жас буын өкілдері, жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз жастармен кездесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Адамның жастығы дегеніміз тамаша сәулетті көктем, ол өмірде бір – ақ рет беріліп, қайтып келмейтін адам баласының өте бір естен кетпес бақытты шағы.

Би «флеш моб»

1 – жүргізуші:

Жігерің бар, талабың бар қайратың,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.

Өз — өзіңді ұстай білсең тартынып,

Өмірің бар алда әлі  солмайтын

2- жүргізуші:

Кесір сумен санаңды сен улама,

Көкірек қапқан көк түтінге жолама.

Өзіңді қорға, ортаңды қорға ағайын,

Саулық керек, саулық керек адамға — дей отырып 10 в сынып оқушыларының «темекі туралы» көрінісін тамашалайық.

2 – жүргізуші:

Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу – маржандай асыл да даналы сөздері бар.

1 – жүргізуші:

Иә, мақал мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, дана ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті, емші де. Олай болса кезекті мақал – мәтелге берейік. Мақалды мен бастаймын, сен Әсел  жалғастыр

1.               Ұзартқың келсе, ғұмырды,

(Таста арақ пен шылымды)

1.               Темекінің кермегі,

(Еріккеннің ермегі)

1.               Ішпеген, шылым тартпаған,

(Денсаулығын сақтаған)

1.               Көзге түскен қауыз жаман,

(Шылым шеккен ауыз жаман)

1.               Түтіні тісіңді сарғайтады,

(Уы ерте қартайтады.)

1 жүрг:      Бәрекелді Әсел, Келесі кезекте «Қазақ пен арақ»атты өлең шумақтарымен Байсұлтанды ортаға шақырамыз.

1жүрг:      Қор болған темекіге қайран жігіт,
                 Тұрады-ау танауынан түтін шығып,
                 Сасығы ық жағынан жүргізбейді,
                 Жағымсыз көңірсіген исі шірік.
 2 жүрг:     Күрк-күрк көк жөтел,
                 Күркілдеген көк жөтел.
                 Жасыңнан шексең темекі,
                 Түбіңе сенің сол жетер ,  Қымбатты көрермендер «Бауырсақ» ертегісінің желісімен жасалған көріністі тамашалаңыздар.

2 – жүргізуші: 1 желтоқсан СПИД-ке қарсы күрес күні. Спид – бұл бойдағы қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организміндегі иммундық жүйенін бұзатын және бүкіл аурулар қатарына төтеп беретін мүмкіндігін жоқ қылып, өлімге әкеп соқтыратын дерт. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша осы аурумен ауыратын 65млн адам тіркелген және 25млн адам кейінгі жылдары осы дерттен қайтыс болған. СПИД – үміті жоқ болашақ, оған бүкіл дүние көмектесе алмайды. СПИД адамға көп бақытсыздық әкелетін қатерлі, жазылмайтын ауру.

1 – жүргізуші: «Әрбір жаманшылықтың жағасында түрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» — деп Абай атамыз айтқандай әр оқушы аурудың алдын алу үшін ауырмай түрып, ауырмайтын жол іздеу қажет. Салауатты өмір салтын ұстану, жеке бастың тазалығын сақтау арқылы айналасындағыларға дерттің алдын алуға мүмкіндік жасайды.

2 – жүргізуші:

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын.

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл – қызы көбейсін

Ән айтылады 

1 – жүргізуші:

ХХІ ғасырда, ашық аспан астында,

Денсаулықтарыңыз мықты болсын

2 – жүргізуші:

Отбасыларыңыз қуанышқа толсын,

Өмірлеріңіз салауатты болсын!

Би флеш моб

1 – жүргізуші: Ауруды жүқтырмау, жаман әдеттерден бойды аулақ ұстау өз қолымызда, салауаты өмір – жарқын болашақта өмір сүрейік.

2жүрг: көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассная работа на тему СПИД"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 527
    • DOCX 49 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксыбекова Лаура Адилкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксыбекова Лаура Адилкызы
    Жаксыбекова Лаура Адилкызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7570
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 768 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 015 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 149 человек

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 258 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 80 человек