Интеллектуалдық ойын « Зерде»
Мақсаттары:
1) Есептеу
біліктілігі мен дағдыны қалыптастыру, сөздік қорын молайту,шығарма бойынша
шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын арттыру;
2) ойын
арқылы есте сақтау,жүйелі логикалық қабілеттерін дамыту, пікір айтқызу;
3) ұжымда
достық қарым-қатынасты, ұйымшылдылықты тәрбиелеу.
Алғысөз.
Құрметті балақайлар!
Интеллектуалдық ойынға қош келдініздер! (1слайд).
Интеллектуалдық ойын «Зерде» бастауыш
сыныптардың білімдерін тексеру, негізі 1- 2 сынып оқушылардың. Ойынға екі топ
қатысады.
І топ – Ғалымдар
ІІ топ – Жұлдыздар
Топтардың басшылары Кішкінбаева
Айнұр және Сапабек Әлішер.
Ойынды кім бірінші бастайтын білу
үшін, « Сулифа» деген ойынды ойнаймыз.
І кезең « Білгенге
маржан»
( 2 слайд)
6 кітап шығады ( 3 слайд). Әрбір
кітаптағы сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар ( 4 – 9 слайдтар).
ІІ кезең «
Әліппе»
( 10 слайд)
Тапсырма: Бір әріп беріледі, сол
әріптен басталатын сөздерді жазу. Адамның аты- жөні, су, қала аталарды
есептелмейді. Мысалы « Қ» әріпі.
( 11- 12 слайд)
ІІІ кезең «
Қурастырма сурет» ( 13 слайд)
Тапсырма: Суреттің тек қана бір
бөлшегі шығады, қандай сурет бейнеленгенді табу.
Жауабы болмаса бір көмек сөз
айтылады содан кейін бір ұпай алынады, екінші көмек сөз – екінші ұпай.
Аюдың суреті шығады ( 14 слайд)
Музыкалық үзіліс
(15 слайд) « Қара жорға» би билеу.
ІV кезең «
Математика»
( 16 слайд).
Тапсырма: Математика амалдары беріледі.
Амалдарға « қосу» немесе "азайту» деген белгілерді айту.
І топқа арналған амалдар шығады. (
17- 18-19 слайдтар)
ІІ топқа арналған амалдар
V кезең «
Мақалдарды жалғастыр» (20 слайд)
Тапсырма: Мақалдардың бастауы
шығады, келесі бөлегін жалғастыру.
І топқа 5 мақал (21-22-23
слайдтар)
ІІ топқа 5 мақал ( 24-25-26
слайдтар)
VІ кезең «
Сөзжұмбақ»
(27 слайд)
Тапсырма: Сиқырлы сандыққа бір
затты жасыру,жұмбақты шешіп ол затты айту.
І топқа. Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақыратын білімге
Сағатты бар, күні бар.( қоңырау)
ІІ топқа.
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан ( әліппе)
VІІ
кезең « Қызықты грамматика» (28слайд)
Тапсырма:
Бір сөз беріледі, сол сөзден бірнеше сөз шығару.
Сөз
« Саңырауқұлақ» (29слайд)
Қорытындылау
(
женімпаздарды құттықтау, сыйлық беру)
Жарайсыңдар! (30слайд)
Пайдаланылған әдебиет:
1.
Интеллектуалдық ойының телебағдарламасының версиясы.
2. Қызықты математика Ә. Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева;
3. Қызықты грамматика
4. Қазақ мақал-мәтелдері Ө. Тұрманжанов. 1993 жыл.
5. 777 жұмбақтар Алматы 2010 жыл.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.