Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Жол ережесін білейік, аман есен-жүрейік

Жол ережесін білейік, аман есен-жүрейік

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: « Жол ережесін білейік, аман – есен жүрейік»

Сабақтың мақсаты:

1) Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру, ойын арқылы бала дүниетанымын кеңейтіп тілін ұштау, жол ережесін жасына сай меігерту;

2) Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту;

3) Баланы зейінді, епті болуға, сақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Көркемділігі: «Бағдаршам макеті, жол белгілерінің суреті, жолаушылар, ала таяқшалар, велосипед;

Әдіс тәсілі:

Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгелдеу, даярлау

ә) Кіріспе сөз.

Мұғалім: Бүгін біз сабақта жолда жүру ережелерімен танысамыз. Сендер жолда жүру тәртібінің негізгі ережелерін білесіздер ме? Ендеше, мен көшеде жүру тәртібінің негізгі ережесіне тоқталып өтейін. Көшенің екінші көшемен қиылысқан әрі өтетін жер деп жазылған тұста, асфальтта сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерде тұрғанда қарсы алдыңнан бағдаршамның жасыл шамы жанғанда ғана кесіп өтуге болады. Жүріп келе жатқан көліктердің алдынан кесіп өтейін деуші болма. Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше күте тұр. Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа қара. Егер көлік келе жатса өтіп кеткенше сол орында ақ жолақ сызылған жерде күте тұр.Көше қиылысындағы бағдаршамның жасыл шамы жанғанда, неөтіңіздер деген сөзді көргенде ғана көшені кесіп өтуге болады. Бағдаршам жол қозғалысын жарық сигналдары арқылы реттейді Онда үш түрлі жарық сигналы қолданылады. Бұл түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс, Қозғалысқа тыйым салады, өйткені бұл қауіп ұғымын білдіреді.Сосын,бұл түс күндіз де түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Сары түс – негізгі қызыл және жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі Жасыл түс қозғалысқа рұқсат береді.Сондай-ақ бұл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Балалар, көшеде жүру тәртібіне байланысты қандай жаттаулар білесіңдер? 1 оқушы . Арманға алда күткен асығармыз, Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

2 оқушы

Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келіп қонақтарға, Сабағымыз басталсын сәлемменен.

3 оқушы

Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып.

4 оқушы

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңызда. Жол жүру ережесі - заңды тәртіп. Ол ортақ үлкен - кіші баршамызға.

Мұғалім: Балалар, жол жүру ережелерін әрдайым орындап жүруіміз керек екен. Қазір мына жұмбақты шешейік.

Бұйырмапты бас та , ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақта.

(Бағдаршам)

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар. Менің үш көзім бар: Бір көзім «кідір» дейді, Бір көзім «жүгір» дейді, Бір көзім «абайла» дейді, Қарап қалма маңайға дейді.

Мұғалім: Балалар, көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

Оқушы: Әр оқушыкөшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу көлік астына түсуден, апаттан сақтайды.

Оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп – тұруына кедергі келтіреді.Жолаушылар жұмысқа, оқушылар сабаққа дер кезінде жете алмауы мүмкін.

Мұғалім: Жло бойларында, көшелерде ілінген жол белгілерін атап беріңдер.

Ескерту белгілер: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген. Бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.

Тыйым салу белгілері:Дөнгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі.Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.

Көрсеткіш белгілері: Дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.

Мұғалім : Жол белгілерінің тиімділігі неде?

Оқушы: Белгілердің тиімділігі - жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.Жүргізуші осы белгілерге қарап,жолында тосқауылдар бар-жоқтығын, бара жатқан жеріне жету үшін қанша километр қалды деген сияқты көптеген нәрселерді алдын ала біліп, хабардар болып отырады.Жол белгілер кез келген жерге қойыла бермейді, олар белгілі бір мақсатпен қойылады.

Көрініс . «Алпамыс жолда жүруді қалай үйренді»

Автор: Алпамыс қыркүйек айында мектепке барайын деп үйінен шықты. Әжесі оны шығарып салып:

Әжесі: Алпамыс, сабағыңды жақсы оқы, көшеде сақ бол!- деді.

Алпамыс: Жарайды.

Автор: Алпамыс келе жатып бағдаршамға кездеседі.

Алпамыс:Әйі үш көзді неме! Сен не істеп тұрсың, мен болсам мектепке бара жатырмын, ал сен болсаң қолыңды былай-былай бұлғап тұрсың.

Бағдаршам:Ә,қалай ұялмайсың, бірінші, жолда қалай жүру керек екенін біліп ал. Мына белгілерді жатқа біл.

Алпамыс: Ә,не болса, о болсын.

Бағдаршам: Тоқта Сен бұл жерден жүрме, көлікке қағыласың.

Көшеде бағдаршам болмаса, Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе. Кідірме, абыржып онда аса, Сенгейсің өзіңнің көзіңе. Көшеде ортаға жеткенше, Әуелі көзің сал сол жаққа. Балақай, ортадан өткен соң, Мойының бұр сол жақтан оң жаққа .

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда, . Қалт тоқтай қал табанда

.Сары жарық: Сары шамы жанғылса, . Сақ, абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық- жол ашық ! . Зымырай бер, бел асып.

Бағдаршам:

Бейғам кісі-бейбақ, Болбыр , бейғам болма. Бас аяқты ойлап , Бол ұқыпты жолда .

Үш жарық қосылып:

Бағдаршам қамқорындай жанашыр, Деп тұрғандай: «Адамдарға жол ашық!» Кезек ашып , жұмғанында үш көзін, Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.

Бағдаршам:

Менің атым Бағдаршам, Мекн жайым тұрақты. Жақсы білем міндетімді, Мүдірмеймін сұрақтан. Жол сілтейтін белгі, біткен, Бөлінеді төрт топқа. Адастырмай ап барады, Жақын етіп жырақты.

Осы сәтте жол белгілері 4 топқа бөлініп, сап түзеп қаз-қатар тұра қалады.

Ескету белгісіндегі бала:

Өзі қызыл, үшбұрышты ескетуің мен болам. Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарды жолдаған. Маған қарап жүрер болса , жүргізуші , жаяу да , Жолы болып, сәтсіздікте ешқашанда қалмаған.

1-оқушы . Шлагбаумы жоқ темір жол өтпесі. 2-оқушы. «Жол жұмыстар» белгісі. 3- оқушы. «Балалар» белгісі.

Тыйым салу белгісі:

Мен бәріне әр қашанда тыйым салып тұрамын, Қауіп болса алда тұрған жібермеймін бір адым. Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін, Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың?!

1-оқушы . Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады. 2-оқушы. Кіруге тыйым салынады. 3- оқушы. Басып озуға тыйым салынады.

Анықтама белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты, Ой шұқыр, бұрылыс,қатерлі, қауіпті. Барлығын анықтап көрсетіп жіберем, Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

1-оқушы . Жаяу өтпе. 2-оқушы. Тұрақ орны. 3- оқушы. Жер асты жаяу өтпесі.

Қызмет көрсету белгісі:

Баратын сапардың қашығын , тұратын, Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түндеде от болып жанады, Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

1-оқушы . Жанармай құю станциясы. 2-оқушы. Алғашқы медициналық жәрдем пункті. 3- оқушы. Телефон.

Бірге:

Төрт топтан құралған белгілер туыстай, Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай. Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз. Келіп жүр біздерге, балалар ұмытпай.

Алпамыс бағдаршамға рахмет айтып,мектепке кетті.Сабақ бітіп,қоңырау соғылды.Балалар үйлеріне қайтады. Жол бойында велосипед айдаған балалар жол ережесін бұзады.

Алпамыс:

Өздерің жол тәртібін білмейсіңдер, Тағыда бір-біріңді тілдейсіңдер. Инспектор сынақтан өткізбесе, Бұдан кейін велосипедке мінбейсіңдер.

Ән: Бағдаршам

Би: «Аққу биі»

Ән: Әрқашан күн сөнбесін (хор)

III Қорытынды.

Мұғалім: Сонымен , балалар әрқашан жолда жүру ережесін есте сақтап, тәртіп бұзбай жүрейік.





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 12.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров224
Номер материала ДВ-054518
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх