Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Анызға айналған қаһарман (Бауржан Момышулы).

Анызға айналған қаһарман (Бауржан Момышулы).

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifАнызға айналған қаһарман.

Мақсаты:Оқушыларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлармен, Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері, айтқан нақыл сөздерімен таныстыру
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Бүктемелер,кітаптар көрмесі,баспасөз материалдары

Сабақтың барысы:

Мен де адамның жаралған сүйек еттен,

Арым бар, намысым бар жан тербеткен,

Қазақтың қарапайым бір ұлымын

Жанымды орым үшін құрбан еткен....

Бауыржан Момышулы

Жүргізуші: Кіріспе сөз

Кешегі күндей күркіреп өткен екінші жиһан соғысында, КСРО халықтары тарапынан «Ұлы Отан соғысы» деп аталып кеткен КСРО мен Фашистік Германия арасындағы соғыста қазақ жауынгерлері небір ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі де бірегейлі батальон командирінен дивизия командиріне дейін көтерілген, соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери Академияны бітіріп, әскери академияда сабақ берген Бауыржан Момышұлы аталарың еді.

Бірақ майданда қаншама ерлік көрсеткенмен, оған Кеңес Одағының Батыры берілген жоқ болатын. Сонда да халық Бауыржан аталарыңды батыр деп таныды.Бүгінгі тәрбие сағатымыз батырдың ерлігі мен өнегелі істеріне арналады.

Рамина:

Қадірменді ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлына арналған «______________________________» ерлік сабағына қош келдіңіздер!

Рахат:

        Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған.

Рамина:

Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына арналған ерлік сабағымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Показ видеоролика о Б. Момышулы.

Кадырбек:     под презентацию                               

Туған жерім Мыңбұлақ,  арналы Ақсай,

 Ішсем суы татиды шекер,   балдай

 Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңыршқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай.

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы.

Аты аңызға айналған қазақ елімнің акиық туралы айтамыз. Бала Бауыржан 1910 жылдың 24 желтокеанында Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туылған. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашып, орыс алфавитін де оки алған. Бауыржанның өз әкесі  Момыш еті тірі, қолы шебер, көкірегі ояу, көңілі сергек, оқымаса да тоқығаны көп, өлең шығарып, жиын-тойға қатысып, айтысқа да түскен ақын адам, шымыр денелі, терең ойлы жан болған. Балалық шағы Мыңбұлақтағы бастауыш мектепті Аса интернатынан, ал жетіжылдықты Шымкенттен бітіреді. Бауыржан сыныптасы Ә. Тэжібаевпен бірге. Барханның жіберуімен Ленинградтағы Финанс академиясына 1 жылдық курста білім алды. 1936ж. жаңа қүрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Ленинградта оқып жүрген кезі. Батырдың анасы — Рәзия. Анасы Рэзия ерте қайтыс болғандықтан, 3 жасынан бастап Қызтумас эжесінің бауырында тэрбиленеді. Өз қолымен салған анасының суреті Б. Момыпіүлының жүбайы — Бибіжамал. Ұлы-Бақытжан Бауыржанүлы жэне кызы Шолпан. Отбасымен түскен суреті. 1941жылдың қаңтарынан бастап ¥лы Отан соғысы басталғанға дейін республика эскери комиссариатында аға нүсқаушы болады. 1941-1945жж. Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизиясының батальон, полк командирі болады. Баукеңнін сүйікті Акбоз аты болған.

Ал мына жерде жүбайы — Жамал, баласы-Бақытжан. Бауыржанның қызы — Елена, үлы — Бакытжан. Елена деген кызы Мэскеуде тұрған. ол Бақытжанга қарындас болады. Бақытжан жүбайы — Зейнеп. Б. Момышұлының келіні. Бүл кісі өмірде бар. Б. Момышүлының немересі Ержан. Бүгінгі Момышүлылары әулеті. Қазақстанның халық жазушысы Ш. Мұртаза Баукеңнің көзін көрдім, қолын алдым. Нағыз Елінің, Отанының жолында бэріне де дайын адам еді дейді. Баукең С. Мұқановпен бірге.

Биыл Б. Момышұлының туғанына 100 жыл толады, яғни 24 желтоқсанда. Оның туған жерінде 24-25 қыркүйекте аталып өтті. Жуалыда Баукеңнің үлкен мұражайы ашылды. Басты жетістік 30 томдық шығармалар жинағы батырдың 100 жылдық мерейтойына арналды. Ескерткіштері: Мэскеу облысы, Волоколамск қаласында орнатылған тас мүсіні. Тараз каласындағы ескерткіші Б. Момышұлының туған жеріндегі (Жуалы) ескерткіші.

Рамина: Бауыржан Момышұлы жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.Кезекті әсекри міндетін өтеуге шақырылып , запастағы командир атағын алады.Туған аулына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.

 Рахат:  1941 жыл Ұлы Отан соғысы басталысы мен, Бауыржан  даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы облысы Талғар қаласында жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында  майданға аттанды. 316 атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі аты аңызға айналған ерліктері үшін «Қызыл ту» орденімен марапатталады.

Ученик

Панфиловтан бата алып,

Артыма ерді мың солдат

Тағдырын маған тапсырып,

Ел ұлдары мың солдат.

Белуардан қан кешіп,

Жүзден аса соғыста

Бал орнына у ішіп,

Қан майданда қан кешіп,

Намыс туын көтердік.

Қ имылдады мың батыр,

Мыңға татып бір батыр.

Атамекен жері үшін,

Қ асиетті ел үшін,

Болмай қалар кім батыр.


Ученик:


Ел аузында аңыз болған есімі

Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді

Ерге лайық мінегі оның найзағай,

Ақ боз атпен қол басы боп көсілді.

 

Қалт еткенде естеліктер қалдырып,

Қоршау бұзған қоршау бұзған жауды естен тандырып,

Ер Бауыржан ата есімі рух берген,

Жүректерде жігер отын жандырып.

 

Қызу қанды командир ол намысты,

Жауға қарсы жан аямай алысты.

Ұмытпаймыз қаһарманы халықтың

Батыр ата Бауыржандай арысты

Ән: Бейбітшілік сақталады  сөзі: Ә.Есбаев  Әні Н.Шәкенов

Рамина:

-Б.Момышұлы өзіне арнап 1947 жылы 6 желтоқсанда жазған бір шумақ өлеңінде былай дейді:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде

Рахат:

Бауыржан Момышұлы  соғыс жылдарында адуынды  да қатал әскери басшы ғана болып қана қойған жоқ , сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі,мейірман тәрбиесісі де бола білген. Соғыс аяқталғанға дейін батальонды, полкты, ал соғыс аяқталғаннан кейін дивизияны басқарған. Жоғарғы Әскери академияны бітіріп, сонда ұстаздық еткен. Кейін біржола шығармашылық еңбекпен шұғылданып, қарудың орнына қалам алған.

Рамина:

 Б.Момышұлының қаламынан шыққан шығармалар көп.Солардың бірегейін атасақ, „Қанмен жазылған кітап„ , „Ұшқан ұя „ , „ Москва үшін шайқас,, , „ Менің отбасым „ , „Майдандас достарым„ , „ генерал Панфилов„ , „ Төлеген Тоқтаров„ , „Адам қайраты„ , „Артымызда Москва„Б.Момышұлы орыс және қазақ тілдерінде бірдей жазады.Оның  „Біздің отбасы, „Артымызда Москва„ , „Майдандағы кездесулер„ сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге аударылып басылған.

Айташ Жасмина: обьясните

Бауыржан Момышұлының қаламынан шыққан мақал мәтел нақыл сөздерге назар салсақ

1/ Әскерсіз қолбасшы-қауқарсыз,

Басшысыз әскер — әлсіз.

2 Тәртіп -тән үшін, ынтымақ жан үшін керек.

-Тіртіпке бас иген құл болмайды.

3 Елсіз ер болмайды

-Ерлік -елдің қасиеті, жүректілік -жігіттіктің қасиеті.

Данаис Көрініс:(Музыка ойнап тұрады ортаға Бауыржан Момышұлы шығады)

Оттан да оқтан да қорықпаған Бауыржан едім.Кейінгі кезде қорқынышым көбейіп барады.Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқам, екінші , немерелеріне  ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқам. Өйткені бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқам.Ал көрдің қолына балта берсең шаба салады,бақыр берсең ала салады, найза берсең ,сұға салады, намыстанбай бұға салады.Мен табиғатынан , тағдырынан болған соқырлықты айтып отырғам жоқ , тауып алған соқырлықты айтам.Егер ондай соқырлықтан жазылмасақ , халық болудан қаламыз ба деп қорқамын!

Рамина:Бауыржан Момышұлы  жайында өлең, дастандар да, естелік мақалалар да,кітаптар да көп.. Олар  Александр Бектің ,,Арпалыс„,Әзілхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз„ , келіні Зейнеп Ахметованың  „Шуақты күндер„ , ұлы Бақытжан Момышұлының „Жанымның жарық жұлдызы„және тағы басқа шығармалар.

Рахат:

Бауыржанның тіліне деген құрметің орыс жазушысы Александр Бек Бауыржанның ерлігі туралы жазған повесінде былайша суреттейді. два мальчика выходят

Көрініс Фамилиясы жоқ адам.

Бек: Аты жөнініз кім

Бауыржан : Бауыржан Момышулы

Бек: түсінбедім, қайтадан айтынызшы

Бауыржан : Бауыржан Момышулы

Бек:Кешіріңіз, фамилия қалай жазылады

Бауыржан: Менің фамилиям жоқ. Атым Бауыржан, әкем Момыш, мен соның ұлымын баласымын , түсіндің бе.

Стих ие

Маған деген атақты,

Міндет етсең, өзің ал.

Әділетке бас ұрып,

У берсең де маған бал,

Айдана Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, - деп ұлы данышпан Абай Құнанбаев айтқандай, келесі кезекті әнге берейік.

Стихотворение под кюй. Играет домбра.Все стихи, которые готовили.

Рахат: Бала Бауыржан – Көпшіл, зерек, зерделі, қайсар, ұқыпты, әділ, сүйікті де сүйкімді ұл.

Жігіт Бауыржан – қайратты, сұсты, жауынгер, айлалы, майдангер, үздік атқыш, спортшы, гимнаст, жазушы, патриот, адал дос, саяси ұстаз.

Қаһарман Бауыржан – майдангер-жазушы, халқының қамқоршысы, өнегелі ұстаз, тәлімгер, Кеңес Одағының Батыры, Қызыл ту орденінің иегері.

Викториналық сұрақтар:

1. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен қандай қасиеттерді білуге болады, бұл аталы сөздерден біз бойымызға қандай үлгі-өнеге алуымызға болады?

2. Батыр атаның қазіргі ұрпағы жайлы кім мағлұмат айта алады?

3. Б.Момышұлының қандай еңбектері бар?

4. Б.Момышұлының бейнесін кім ашып бере алады?

5. Б.Момышұлының өмір сүрген жылдары.

Рамина:

Бауыржан Момышұлының еңбектерін, нақыл сөздерін, басқа қасиеттерін бағалай келе, біз оның халық мұрасын жалғастырушы, әскери педагог-психолог болғанын байқаймыз. Батыр жастарды төмендегі 14 қасиеттен жирендіріп, он бес қасиетке баулуға тырысқанын айқын аңғарамыз (слайд көрсету). Бұл қасиеттерді сіздерге таныстыру үшін оқушысы Ж Алиби шақырайық.

Бауыржан Момышұлы жастарды

  1. Адамгершілікке

  2. Адалдыққа

  3. Батылдыққа

  4. Борыштылыққа

  5. Арлылыққа

  6. Жауапкершілікке

  7. Қайраттылыққа

  8. Ерлікке

  9. Жариялыққа

  10. Елжандылыққа

  11. Ұлттық мақтанышқа

  12. Табандылыққа

  13. Намысқойлыққа

  14. Әділдікке

  15. Әдептілікке

Жирендірген:

  1. Арсыздықтан

  2. Қорқақтықтан

  3. Жағымпаздықтан

  4. Жалғандықтан

  5. Қырсықтықтан

  6. Жауапсыздықтан

  7. Құлықсыздықтан

  8. Жігерсіздіктен

  9. Тұрақсыздықтан

  10. Көре алмастықтан

  11. Мәңгүрттіктен

  12. Қанағатсыздықтан

  13. Сатқындықтан

  14. Малшашпақтықтан

үндеген

Нәтижесінде патриот тәрбиелеу


Оқытушының қорытынды сөзі.В группах охарактеризуют данные термины

АЗАМАТ – Батыр атамыз Бауыржан Момышұлының жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Бауыржан Момышұлы - әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.

ҚАЛАМГЕР – Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында аса көрнекті жазушы ретінде танылды. Қаншама үлгі-өнеге беретін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, «Ұшқан ұя», «Майдандағы кездесулер», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Наш генерал», «Жонарқа», «Наша семья», «Адам қайраты» атты шығармалардың авторы.

ҚАҺАРМАН – КСРО-дағы ірі әскербасы-маршалдармен бірге, өз қол астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен бірге жүріп, 1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына 1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып, Елімізді фашист басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті.

Қорытынды.

Бүгінгі тәрбие сабағымызда біз Бауыржан Момышұлын жан –жақты таныдық .Бауыржан Момышұлы өзі айтқандай «Есімі ел жүрегінде сақталған  ер ғана бақытты » дегендей оның есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Классный час был подготовлен ко дню 70-летия Победы. Учащиеся должны помнить о казахстанцах, которые отдали свою жизнь во имя нашей Родины. Один из них был Бауржан Момышулы. Основная цель - воспитание патриотизма у младшего поколения. Учащиеся пели песню, читали стихотворения о ВОВ, познакомились с боевой жизнью писателя - героя Бауржана.

Общая информация

Номер материала: 289420
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>