Описание презентации по отдельным слайдам:
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Өзектілігі
АҚТ ны қолдану 1-4сыныптарда аса өзекті болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойлау әрекеті -көренкілік-образды. Сондықтан, оларды оқытуда көптеген сапалы иллюстрацияларды қолдануда АҚТ-ның үлесі зор. Тақырып мазмұнын игеруде тек көру емес, сонымен бірге есту, іс-әрекет орындау, эмоция мен қиял да қосылады. АҚТ- ақпараттық қатынастық технологиялары
Сабақта АҚТ-ны қолдану келесі мүмкіншіліктерге қол жеткізеді Эстетикалық және эмоционалдық жоғары деңгейде өткізуге (музыка, анимация); Көрнекілікті қамтамасыз етеді; Көптеген дидактикалық материалды қолдануға мүмкіншілік береді; Сабақта орындалатын жұмыс көлемін 1,5-2 есе арттырады; Дифференциалды оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді (деңгейлік тапсырмалар қолдану арқылы оқушымен жеке жұмыс істеу)
Бастауыш сыныпта АҚТ-ны қолдану өзін жан-жағынан ақтайды Білім сапасын арттырады; Баланың жалпы дамуына ықпал етеді; Қиындықтар мен мәселелерді шешуге көмектеседі; Оқушы мен оқытушуның қарым-қатынасын жақсартады; Оқушылардың білімін тексеру мен бақылау уақытын қысқартады(тестілеу); Оқушылар бақылау мен өз-өзін бақылауға үйренеді;
АҚТ сабақтың негізгі элементі емес, қосымша- көмекші элементі түрінде болуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, АҚТ- ны қолдану жұмысы нақты сабақтың қай бөлімінде, қалай қолданылатыны ойланыстырған және уақыт мөлшері ескерілген болуы тиіс.
Диагностика (оқу материалының түрі, сабақ құрылымы, мүмкіншіліктер, оқушылардың қызығушылықтары мен білім, білік, дағдылары) Болжамдау ( сабақты өткізудің әртүрлі нұсқаларын бағалау, ең тиімдісін таңдау) Жоспарлау( сабақтың әдістемелік құрылымын жасау, білім беру іс-әрекетінің ұйымдастыру формаларын таңдау және т.б) Сабаққа дайындалу кезеңдері
Компьютерлік технологиялар- біздің келешегіміз. Ол баланың интеллектуалдық дамуына, ойлау процестерін арттыруға, ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіншіліктеріне зор ықпал етеді. Бірақ, тек компьютерге жүгінуге , оны білім алудың жалғыз арнасына айналдыруға болмайды. Айналадағы қоршаған ортаны тануда кітап оқу, бақылау және ең маңыздысы жанды қарым-қатынас екенін ұмытпағанымыз жөн.
Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде АКТ -ны қолданудың тиімділігіне көз жеткізу. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушы тәрбиелеу басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Вам будут интересны эти курсы: