Инфоурок Математика Другие методич. материалыАшық сабақ. "Ондық бөлшекті натурал санға көбейту" (5 сынып)

Ашық сабақ. "Ондық бөлшекті натурал санға көбейту" (5 сынып)

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

сыныбы:  5

пәні:  математика

Сабақтың тақырыбы:  Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту алгоритмін айта білуге үйрету және оны пайдалана білуге дағдыландыру;

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру; ойлау , зерделеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеуге, еліміздің біртуар ұл-қыздарын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Пәнаралық байланыс: география, этнопедагогика

Сабақтың көрнекілігі: компьютермен слайд арқылы «Байқоңыр қаласына саяхат», «Байқоңыр ғарыш айлағының » суреті, зымыранның суреті, ҚР картасы, үлестірмелер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Сәлемдесу; психологиялық даярлық.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

 Оқушыларды түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Құрал-жабдықтарын тексеру.

ә) Сабақты хабарлау, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, қазір бізде математика сабағы және бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.

- Атамыз қазақ- ежелден өз қонақжайлығымен аңызға айналған халық. Сыйлы қонақ келсе, тіпті жалғыз атын да сойып береді екен. Бұдан біз халқымыздың жомарттығын байқаймыз. Ал қазір өз кезегімізде келген қонақтарға қонақжайлығымызды көрсетейік. Өз қонақжайлығымызды не арқылы көрсетуіміз керек?

-Ұйымшылдық, тәртіп, ең бастысы білім.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру  . 

4,6 - 2,85                             С. 0,75  ;            Ғ.1,75   ;                Д.  3,85

 8,314 - 1,2036                    Ш. 7,1104  ;       Қ. 7,1106  ;            П.6,1104

 13,321 - 10,41                    Ә. 1,911  ;          Б.2,912 ;                Р.2,911                 

 6 -  3,82                              А.2,18   ;            Е. 3,82 ;                 Ж. 1,18   

 8,34 – 3,205                         Н.5,145  ;           Ы. 5,135 ;             М. 4,145 

Егер есептің дұрыс жауабын тауып және өсу ретімен орналастырып, оның тұсындағы әріптерді  жаз.

4,6 - 2,85 = 1,75                 8,314 - 1,2036 =  7,1104                  13,321 - 10,41 =2,911                 

6 -  3,82 = 2,18                   8,34 – 3,205 = 5,135

 

 

 

 

1,75

2,18

2,911

5,135

7,1104

Ғ

А

Р

Ы

Ш

Ендеше бүгінгі сабағымыз «Ғарышқа саяхат» сабағы

-         Ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ батыры кім?

-         Ал сендер осы ағаларыңа ұқсап ғарышкер болғыларың келе ме?

-         Онда біз сендермен ғарышқа саяхатқа ұшамыз.

 

ІІІ Жаңа сабақты  меңгертуге әзірлік

-Балалар , саяхатымыз біздің әсем планетамыз- жерден басталады.

-Ал жерден ғарышқа қайдан ұшады?

- Байқоңыр ғарыш кешені қайда орналасқан?

- Қызылорда облысы- әйгілі Қызылқұм шөлі және Арал теңізі орналасқан аймақ.    /Картадан көрсетемін/ Міне, енді ұшу алаңына да келіп қалдық.

Слайд  арқылы  «Байқоңыр» қаласына саяхат жасаймыз.

- Бұл не? / суретпен жұмыс/

-Байқоңыр ғарыш айлағы.

-Дұрыс  балалар, Байқоңыр ғарыш кешені 1955  жылдан бастап салынған екен. Жердің жасанды серігі және тұңғыш ғарышкер Ю.Гагарин де осы Байқоңырдан ұшқан. Қос қазақ ғарышкерлері : Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевта осы Байқоңырдан ұшқан. Қазіргі кезде Байқоңыр ғарыш кешенін Қазақстаннан Ресей жалға алып, пайдаланып отыр.

- Ал енді, ғарышқа немен ұшамыз?

-Зымыранмен.

-Зымыранға отырып, ғарышқа ұшуға дайындығымызды тексерейік.Ол үшін өткен тақырыптарды еске түсіре отырып,мына сұрақтарға жауап берейік.

  1.  Ондық бөлшек дегеніміз не?

  2. Ондық таңбалар дегеніміз не?

  3. Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

  4. Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырады?

  5.Ондық бөлшектер қалай қосылады?

  6. Ондық бөлшектерді қалай азайтады?

-Балалар біз ұштық. Алдымызда «Жаңалық» және «Білгірлік» планеталары  бар.

«Жаңалық» планетасына қону.

ІV  Жаңа сабақ

1. Жаңа сабақ тақырыбын , мақсатын хабарлау.

«Жаңалық» планетасында ондық бөлшекті натурал санға көбейту жаңалықтарымен танысамыз.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді қосылғыштардың әрқайсысы осы ондық бөлшекке тең, ал олардың саны натурал санға тең қосынды ретінде қарастыруға болады.

 

1- мысал. 4,23  34,23+ 4,23 + 4,23

                  4,23  3

                  4,23     

Оқушыларға ережесін шығаруын сұраймын.

 

Сонымен , ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;

2) ондық бөлшекте үтірден кейін неше ондық таңба болса, шыққан көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айыру керек.

      Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және т.с.с. разряд бірліктеріне көбейту үшін, ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға  оңға қарай жылжыту керек. Мысалы,        7,465·100=746,5

    Егер ондық бөлшектегі ондық таңбалар саны, разряд бірлігіндегі нөлдер санынан аз болса, онда ондық бөлшекке қажетіне қарай нөлдер тіркеп жазып, көбейтуді орындаймыз. Мысалы,         3,4·1000=3,400·1000=3400

ІV Есептер шығару

-«Білгірлік» планетасына келіп қондық. Бұл планетада бүгінгі сабақта алған білімімізді практикалық есептер шығару арқылы көрсетеміз.

А

№1080

№1081

В

№1096

 

V Сабақты бекіту, бағалау, қорыту.

1. «Жерге  оралу» .

  - «Жаңалық» планетасында қандай жаңалықпен таныстық?

(сұрақ-жауап)        

2. Сабаққа қатысқан оқушыларды атап өту, бағалау.

3. Қорыту.

- Балалар, бүгін өздеріңді нағыз батырларша ұстадыңдар. Бір сәтте  сендерді ғарышкерлер екен деп қалдым. Мен сендерге ризамын.Ал батыр, ғарышкер болу үшін қандай болу керек?

- Білімді, тәрбиелі т.б.

- Дұрыс , балалар, ал сонымен бірге осы Талғат, Тоқтар сияқты халқымыздың біртуар ұлдарын  құрметтеу, дәріптеу керектігін ұмытпаңдар.                       

VІ Үйге тапсырма беру.

№ 1083 . Ережені оқу.

Математика   пәні   мұғалімі:

Масабаева Айшагүл  Бидахметқызы

 

                 Алматы  облысы    Ақсу  ауданы 

Қаракөз   ауылы

«Бижарас  Садырбайұлы  атындағы  орта мектебі,

 мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

                                                                                        

 

 

 

                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. "Ондық бөлшекті натурал санға көбейту" (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 059 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.11.2016 1900
    • DOCX 101.5 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташенова Тоты Далдабайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташенова Тоты Далдабайқызы
    Ташенова Тоты Далдабайқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17223
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Преподавание математики в школе в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 735 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика: умножение и деление

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 329 человек

Курс повышения квалификации

Ментальная арифметика. Сложение и вычитание

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1370 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 216 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе