Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Жырлады менің жүрегім"

Ашық тәрбие сағаты "Жырлады менің жүрегім"

Скачать материал

Тақырыбы: «Жырлайды жүрек»

     Мақсаты: Ақиық ақынның өмірінеен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, Мұқағали Мақатаев  поэзиясының халыққа кең таралауына және оның шығармаларын сыры неде екенін таныту, ақын өлеңдерін оқи отырып,адамгершілікке, шындықты айта білуге, адалдыққа, әдемілікке әнінен ләззат ала білуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ақынның суреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі,гүлдер, буклеттер, слайдтар.

Кіріспе сөз.

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

            Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

            Абай болып табынсам бір кісіге,

            Абай болып түңілем бір кісіден.

                     Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

                     Мендағы өлең жазбаймын ермек үшін.

                     Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

                    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз. Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаеавтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқ етіп, күн сәулесін шашып тұрғандай сезіледі.Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен, бақыттты халық. Мұқағали ақиық ақын. Әр жас талантты ұрпақ осы Мұқағали ақынның өлеңдерінен сусындайтыны анық.Мұқағали ақынның қазақ әдебиетінде өзіндік ерекшелігін көрсетіп дәлелдеп кеткен ақын деп білеміз.Өзі айтқандай « «Жазылар естеліктер мен туралы» дейді ақын.Жарық дүниедегі аз ғұмырында мәңгілікпен жалғасатынын ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты.Иә,ақын туралы естеліктер жазылып жатыр. Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы ақиқат пен аңызға айналған.Оның поэзиясы- халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.Ендеше дүлдүл ақиық ақынымызға арналған  «Жырлайды жүрек» атты сайысымызды  бастаймыз.

      . Біздің бүгінгі сайысымыз ерекше сайыс болғалы тұр.Себебі мұғалімдердің арасында өтеді.Енді мұғалімдеріміздің Мұқағали ақынды қалайша білетін өздерінің өнерлері арқылы көрсете алады. Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады:

І.    «Поэзия  минуты» (ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу)

ІІ   «Мұқағали әлемі» (Мұқағали өмірінен естеліктер оқу)

ІІІ «Білгенге маржан»(Сұрақтарға жауап)

    ІҮ «Құлақтан кіріп бойды алар»

    Ү  Көрініс(бір өлеңінен сахналық көрініс қою)

    ҮІ Ақынға арнау(өлең шығару)Сайысымызды бастамай тұрып, әділ-қазы алқалармен танысып алайық.

   1.Мектепіміздің оқу-ісінің меңгерушісі Айтпаева А.С

   2.Химия биология пәнінің мұғалімі : Головкина В.И

   3. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Аяған М

4. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Анис М

     Әділ-қазылармен танысып алдық. Енді ақынның бір өлеңін тыңдайық

8 «а» сынып оқушысы  Озат Бердигуль өлең оқиды

  Бірінші мұғалімдерімізді ортаға шақырып жеребие тартқызып алайық.

1. Бастауыш сынып мұғалімі: Тохай Сәттігүл

2.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Нурпиисова Қ.А.

3.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Окенай Салқын

4.Информатика пәнінің мұғалімі: Тілекберді Серікжан

5.Физика пәнінің мұғалімі: Хуат Инкар

6.География пәнінің мұғалімі: Қонай Сайрангүл.

   Мұғалім: Өлең –өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді.

        Ақынның өлеңдері  өзі айтқандай талай болашақтарға арыз жазып, кеткенін білеміз. Ендеше сол мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда мәңгілік жаңғыратын жыр жолдарына құлақ   салайық.

     Сайысымыздың бірінші бөлімі: «Поэзия минутына» кезек берейік.Бұл бөлімде әр қатысушы ақынның өлеңін мәнерлеп нақышына келтіріп оқу керек.

8 «а» сынып оқушысы  Мейрам Жанар ән айтады

  Мұғалім:   Жазылар естеліктер мен туралы,

                     Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

                     Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,

                     Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,- деп, ақиық ақын өзі жырлағандай, сайысымыздың келесі бөлімі  «Мұқағали  әлемі» деп аталады.Кезекті қатыстушыларға берейік.Ақын өмірі жайлы естеліктер айтады.

8 «а» сынып оқушылары. Ақынның әні «Бақыт іздеймін»

  Мұғалім:Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады.Сұрақтарға жауап беру  керек.Мұқият болыңыздар.

1.Ақын қай жылы, қай айда,  қай жерде дүниеге келген?

2.Алғашқы өлеңін кімге арнап жазады?

3.Ақынның ақын досы кім?

4.Ақынның жары кім?

5.Ақынның үш бақыты не?

6. «Мен тау ұлымын » сөзі қай өлеңінен алынған?

7. Ақының өлеңіне ән шығарған сазгер кім?

8.Ақынның бала-шағаларын атаңыздар.

9.   «Жырлайды жүрек» кітабы қай жылы шыққан? 1989ж

10.Мұқағалидың әжесі

11.Мұқағалидың қыздары

12.Мұқағалидың өлеңдер жинағын атаңыз.

13.Мұқағали өлеңіне жазылған ән

14.Мұқағалидың поэмаларын атаңыздар.

Мұғалім: Мұқағали ақының поэзиясы бүгінде әнге айналды. Оның сөзіне жазылған әндері қаншама. Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды. Сайысымыздың келесі бөлімі  «Құлақтан кіріп бойды алар»

Мұғалім:Келесі бөліміз «Көрініс» деп аталады. Ақынның өлеңдерінің барлығы тұнып тұрған суреттеме сөздерден жазылған. Ендеше мұғалімдеріміз бір-бір өлеңін алып, көрініс көрсетеді. Сөз  қатысушыларымызда.

 

 

 Мұғалім: Келесі бөліміміз «Ақынға арнау » деп аталады.Бұл бөлімінде мұғалімдеріміз өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқиды.

          Мектебімізде Мұқағалидай сияқты  өлең жазатын  мұғалімдерімізде бар.Кезек берейік.

      Енді әділ-қазы алқалары қорытынды жасағанша бір ән тыңдаңыздар.

Ән: Бақытхан Ақерке "Сарыжайлау"   әнін айтады.

 Қорытынды:

                 Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

                 Жыр жазсам, оған  жұртым елеңдестің.

               ..Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

                Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

           Иә, өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан тәйтейлеген баласына біледі деп айтсам қателеспейтін шығармын.Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздерін жүрегімізден орын  тапты. Тарлан талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда.

          Мұқағали  мұрасы –халық қазынасы.

        Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Сондықтан қазір біз ақын сөзіне жазылған “Есіңе мені алғайсың”әнімен әдеби кешімізді аяқтайық.

Сіздерге қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет айтамыз.

 

 

Келесі кезекті әділ-қазы алқаларына береміз.Қатысушыларымыз марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы

                    туралы толық мағлұмат беру,

                    халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың                 

                     ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата – аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы – Наурыз
Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге
шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта
басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде
көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік
ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Хор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
Жанбота: Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
ӘдІлет: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Рысгүл: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Диас: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Нұрасыл: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би «Қамажай»
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
Аружан: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Диана: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Асылзат: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Әлихан: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.
Ару: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Ән « Шақырады көктем»
Ойын «Орамал тастамақ»
Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.
Айдарбек: Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
С. Гауһар: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.
Т. Гауһар: Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
Айкөркем: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Есенжан: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Бекзат: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді.

Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Ойын: «Сақина салу»
Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Домбырасыз ән қайда»
Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі»

Тәрбие сағат мақсаты: а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.

ә) Балалардың өзінің ата - тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге, бір - бірін сыйлауға, жеті аталарын білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

 б) салт - дәстүрді құрметтеуге ақыл - ойларын, әдет - ғұрпын, ауыз - әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту.

Көрнекілігі: Қыз баласының тәрбиесіне байланысты мақал - мәтелдер, магнитофон, шар, плакаттар.

Тәрбие сағаттың жүргізілу барысы:

 1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар. Сіздерді алда келе жатқан 8 - наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз! Ана, бала көзінің ақ пен қарасы, Бір - бірінсіз таусылмайтын шарасы. Әр ананы арманына жеткізер, Әр баланың ақылы, ары, санасы.

2 - жүргізуші: Құрметті аналар, қонақтар! Сіздерге зор денсаулық, бастарыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілейміз, ал оқушыларымызға оқуда озат болуларына тілектеспіз! Қыздар деген қызыл гүл ғой Өсіп тұрған бақтағы Қыздар деген қазақтың, асыл арман ақ таңы!

 1 - жүргізуші: Аңсап келіп алыстан мекен жайды, Туған жерге бозторғай құшақ жайды. Қуанышпен ән салып шартарапқа, Көркін жырлап көктемнің қалықтайды.

 2 - жүргізуші: Қыздар, қыздар, қыздар - ай, Қыр төсінен гүл терсе жан жарасып. Самал тербеп көк майса құлпырады, Табиғаттың тұрғандай нұры тасып. - дегендей бүгінгі 4 «Г» сыныбында қыздар арасында өтетін «Қыз өссе - елдің көркі» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

 1 - жүргізуші: Арулар - асыл жандар, Шуақ боп шашылғандар, Қуат боп тасынғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арулар - асыл жандар, Арулар - асыл жарлар.

 2 - жүргізуші: Арулар - аяулылар, ардақтылар, Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар. Арулар тіршілікке күретамыр, Өмірді бір - біріне жалғап тұрар. Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қам, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше біз де өзіміздің сыныптас достарымызға лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды таныстырып өтейік.

 1 - жүргізуші: Жақсы адам кімге болсын болар пана, Мол оның тал бойында ақыл, сана. Көркіне ақылы сай келетін, Сыныптас дос, Ақерке де ортамызда!

 2 - жүргізуші: Көрікті де, сымбатты, Дильназ біздің әдемі. Намысын қорғап бүгінде, Қыз сынына келіпті.

1 - жүргізуші: Мадина біздің өнерлі, Көңілді өмір сүреді. Қыз сынындай сайысқа, Алып келді өнерін.

2 - жүргізуші: Өнер қуған жасынан, Өнері судай тасыған. Келесі бізде Мөлдір, Көрінген күштің басынан.

1 - жүргізуші: Сабырлы, әрі салмақты, Өзі өнерлі жан - жақты Ортада Фариза қыз, Жарысты бүгін жалғапты.

2 - жүргізуші: Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар, Бәріде арманына қолын созар. Арманың орындалсын, Азиза сенің, Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

 1 - жүргізуші: Сабағын жақсы оқиды, Көңілге бәрін тоқиды. Үндемей жүрген Гүлназым, Нені ойлап толқиды?

2 - жүргізуші: Бүгінгі ұл - ертеңгі – әке, бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт - дәстүрін, әдеп - ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру басты мақсат. Сондықтан да осы тәрбие сағатына дайындық барысында қыздарымыз көп оқып, өз білімдерін көрсетеді деп ойлаймыз.

1 - жүргізуші: Әділдікпен баға берер аруларға Әділдікпен қара қылды жаруға. Әділқазы алқаларын сайлайық, Ару қызды таңдап бүгін алайық. Ал, енді, қыздарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс болыңыздар: 1. 3. 2. 4. 2 - жүргізуші: енді қыздарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік: 1 - сайыс: «Мен қазақ қызымын»- өз»н - өзі таныстыру. 2 - сайыс: Үй тапсырмасы «Салт - дәстүр». Бұл кезде әрбір сайыскер салт - дәстүрдің бірін көрініс түрінде көрсетеді. Сондай - ақ «Ас адамның арқауы»- ұлттық тағам түрін дайындауы керек. 3 - сайыс: «Таң қалмаңыз», яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таң қалдырарлықтай сыйлығын ұсынады. 4 - сайыс: «Сән үлгісі» 5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады. 1 - жүргізуші: Ал, енді, сіздердің қошеметтеріңізбен бірінші сайысымызды бастайық. Өнер қуып арулар өтер деймін, Бір басына өнері жетер деймін. Бәсекеге түскен арулар кезектесіп, Таныстырып өздерін өтер деймін. 2 - жүргізуші: Бүгінде озық дәстүр, салт - сананың, Берік ұстап сүйетін, от панасын Арулар өтсін өзін таныстырып, Қуантып, жолдас - жора, ата - анасын. Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз. 1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы 2 - жүргізуші: Қыздарымызды келесі сайысқа дайындалуларын сұрап, қошеметпен шығарып салайық. 1 - жүргізуші: Тұңғышпаев Азаматтың орындауын «Анашым» әнін тек аналарға ғана арналады, қабыл алыңыздар. 2 - жүргізуші: Үй тапсырмасы. Салт - дәстүрді қаншалықты меңгергенін білу үшін бірінші сайыскеріміз Абдыбек Ақеркені шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз. 1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы 2 - жүргізуші: Жұмабекова Жанботаның орындауындағы шығарманы тамашалайық. 1 - жүргізуші: 3 - сайыс «Таң қалмаңыз!», яғни қазақтың қарапайым әрбір қызы, әр ісімен ел жұртты таңқалдырарлықтай сыйлығын ұсынады. Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз. 1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы 2 - жүргізуші: 4 - сайыс: «Сән үлгісі» Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз. 1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы 2 - жүргізуші: 5 - сайыс: «Өн бойынан, өнер тамған». Әрбір сайыскер өз өнерлерін ортаға салады. Ортаға Абдыбек Ақеркені шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Сыздыкова Дильназды шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Серикпаева Мадинаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Әбікен Мөлдірді шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Бакрамова Фаризаны шақырамыз. 1 - жүргізуші: Ортаға Онбаева Азизаны шақырамыз. 2 - жүргізуші: Ортаға Досым Гүлназымды шақырамыз. 1 - жүргізуші: Бірінші сайыс бойынша әділқазылардың бағасы 2 - жүргізуші: Тұңғышпаев Азаматтың орындауын «Балдырған» әнін тек аналарға ғана арналады, қабыл алыңыздар 1 - жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Ұлтымыздың әр сөзі, Асып жатыр кәдеге. Қыздар сыны мінекей, Келіп жетті мәреге - дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде. 2 - жүргізуші: Біздің қыздар ақылды да қайратты, Өнерлі де – білімді Осымен «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысымыз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!


 

Тақырыбы: «Сыпайылық – адамгершілік айнасы »

Тәрбие сағатының мақсаты: 

а) Кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету,  имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру.   

ә) Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.   

б) Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, видеоролик, көрініс, слайд арқылы дайындалған материалдар.

Бағдарлама:

Жүргізуші:  Бүгінгі ашық тәрбие сабағымыздың тақырыбы – «Сыпайылық – адамгершілік айнасы». Бұл сабақ арқылы біз өз бойымызға рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етуді үйренуіміз керек. 
- Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін рухани бай адам деген қандай адам, рух деген не? – деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітеміз. 
Рух – деген адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын барлық игі істеріңнің қайнар көзі. 
Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады. Ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, жақсы-жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрініс болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың – «рух пен нәпсі» күресі жүріп жатады. 
Адамның ішінде болмайды аласы, 
Оларды бұзатын нәпсінің таласы.  Шәкәрім. 

Жүргізуші: Құрметті  ұстаздар және оқушылар бүгінгі  біздің  ұйымдастырылып отырған «Сыпайылық – адамгершілік айнасы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етініздер!

Баяндама оқитын үшінші тігін тобының жетекшісі Сапарбекова Тамара апай.

Жүргізуші: Бір адам бір құлап, бір тұрып судан шыға алмай жатқан шаянды көреді. Адам оны құтқару ниетімен қолын созғанда шаян шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап келеді де, қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарып жатқанын сұрайды. Сонда жаңағы кісі: «Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Шаянның табиғатында шағу бар екен деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартпаймын ғой», –дейді.

 

Тақпақтар. «Адамгершіліктің негізгі қағидалары»  топ оқушылары

Жүргізуші :

Адам, ғалам ғажайып жеке дана,

Жан құмары – ізденген мәңгі сана.

Өзіңді - өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.    (Әл – Машани).

Нақыл сөздер. Топ оқушылары

Жүргізуші:

Жанашырым - ана, дара шыңым- ана 

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың- әке, шырағымсың

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған ай күнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың- дей  отырып келесі  кезекте 

Ән « Әке мен ана»  орындайтын  Лесбай Индира

 

Жүргізуші : Мақал мәтелдер - топ оқушылары                                                                        

1. Адамның ұяты бетінде  
    Адамгершілігі ниетінде.                                                                                                    

2. Су бермегенге, сүт бер 
    Ақ ниетіңді білсін.                                                                                                        

3. Кең болсаң, кем болмайсың. 
    Қолы ашықтың, жолы ашық. 

4. Жүзігің алтын болғанша
    Жүзің жарқын болсын.                                                           

5. Қайырымдылық жасасаң, 
    Қайырын өзің көресің.                                                                                                  

6.«Сіз» деген әдеп, 
   «Біз» деген көмек.                                                                                                             

7. Ана алдында - құрмет, 
    Ата алдында қызмет.                                                                                              

8. Ақылың болса, арыңды сақта, 
    Ар ұят керек әр уақытта.                                                                                              

9. Адам болып туған соң, 
    Адам болып өлу лазым.                                                                                             

Жүргізуші : Өз халқының тағдыры тебірентіп, қолына қалам алған Абай атамыз заманының бет пердесін ашып, заман адамының бейнесін жасап, әне заманың, міне адамың, заманың тозып, адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп, адам болар жолды да, жөнді де айтып берді. Жиған мол білімі, өзіндік терең танымы, адамды сүйген жылы жүрегі Абайды өз халқының деңгейінде қалдырмады. Баршаға ортақ гуманистік ой-қазынасын ұсынып, адамзаттың Абайы бола білді. Абай  атамыз толық адам болу үшін адам бойындағы ең негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең  болуы қажет деп тоқтамға келген.

Көрініс. «Адам бойындағы ең негізгі қасиеттер»

Әдемі киінген қыз бала кеуде тұсына қызыл түстен жүрек бейнесін ілген.

Жүрек:  – Мен адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен таралады. Жүрек жанында тұрған «Ақыл» мен «Қайратқа» қарата сөз сөйлейді:

– Ей, ақыл! … Амал да, айла да – бәрі сенен шығады, жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені – сен екеуінің де іздегенін тауып беріп жүресің – соның жаман.

– Ей, қайрат! Сен де жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің – соның жаман. Ортада бой таластырған үшеуге әділ төрелікке «Білім» ата келеді. Басына шалма ораған, ойлы, қолында кітап.

Білім:  – Сенің үшеуіңнің басыңда қоспақ – менің ісім. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Осы үшеуінің басыңды қос, соның ішінде жүрекке билет.

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жолын білмек.

Жүргізуші:

Туылған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Тақпақ үшінші тігін қыздары

1.Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,

Жаны үшiн адамшылық ар сатпайды.

2. Адам - ғалам ғажайып, жеке-дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді-өзің танысаң, істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

3. Әрбір адал адамға

Жасасаң бір жақсылық

Қайтарады саған да.

Ынтымаққа қосыл да,

Ықылас қой досыңа

Ар, мақсатың нақ болсын

Ақылыңнан тосылма.

4. Адамдарға жаса жақсы мәміле,

Разы болсын сенен жас та кәрі де,

Араздаумен кек сақтаудан аулақ бол,

Қапа қылма ешкімді де ренжітпе.

Жақсылықты өн-бойыңа жиғайсың,

Қылмыс атты жұттан аулақ тұрғайсың,

Дініміздің ізгілігін паш етіп,

Адамдарға жақсы үлгі болғайсың.

Жүргізуші: Көрініс «Кішіпейілдік - кісілік белгісі»Жүргізуші:  «Түстер» ойыны

Жүргізуші:

Адам  бойындағы асыл  қасиеттер.

Адамның басшысы – ақыл,

Шолушысы- ой,

Жетекшісі – талап,

Қорғаушысы – сабыр,

Сынаушысы – халық,

Таусылмайтыны – арман,

Ең  қымбаттысы – ар  сақтау,

Бәрінен  ардақтысы – өмір  сүру,

Соның  ішінде  ең  тәттісі – сыйластық,

Ал  осының  бәрі – иманнан!

Жүргізуші:

Достығымыз достар арылмасын,

Пейіміз кеңейсін тарылмасын,                                                                                        

Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек.                                                                       

Жүрегіміз қалайша жарылмасын.                                                                                  

Күніміз күлкілі бола берсін,                                                                                         

Қуанышқа көңіліміз тола берсін,                                                                                      

Нұрлы аспан астында аясында,                                                                                               

Басымызға бақ келіп қона берсін,                                                                       

Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,                                                                             

Адалдықты сүйуді үйренейік,                                                                                  

Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,                                            

Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.                                                                                        

Берсе берді бермесе санаспайық,                                                                                 

Болмайтынға ұрысып таласпайық,                                                                         

Бір - бірімізді құрметтеп сыласайық

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Жырлады менің жүрегім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2017 1356
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Прманова Жанар Бостанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Прманова Жанар Бостанкызы
    Прманова Жанар Бостанкызы
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4253
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 132 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Мини-курс

Постановка сложных звуков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек