Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛІН-ЖЕРІН СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТУҒАН ӨЛКЕ ТУРАЛЫ БІЛІМНІҢ РӨЛІ

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛІН-ЖЕРІН СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТУҒАН ӨЛКЕ ТУРАЛЫ БІЛІМНІҢ РӨЛІ

Скачать материал

ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛІН-ЖЕРІН СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ

ТУҒАН ӨЛКЕ ТУРАЛЫ БІЛІМНІҢ РӨЛІ

 

Садакбаева Ляйла Сейтжановна

«Қапшағай қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы

№1 қазақ орта мектеп» МКМ

 

      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттері – «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» – деп айтылған.                                     [1,23б.]    Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені даусыз.
   Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында: – орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын [2,15б].    Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар  ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді. Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді.

        Мен іс – тәжірибемде Қапшағай қаласы мен өңірінің тарихын, табиғаты мен байлығын насихаттап, оқушыларды үйрету мақсатында «Қапшағай – туған өлкем» атты бағдарлама оқу процесінде 4-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналып жасалды. Курстың «Қапшағай – туған өлкем»  деп аталу себебі, туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жеке тұлғаның дамуына септігімді тигізу. Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша бастауыш сынып оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарлама қала тарихына арналып жасалды, мақсаты: сабақтарда инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру. Міндеттері:

-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру;

-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру;

-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу;

Оқу үрдісінде оқушылармен қалаға саяхаттар, ескерткіштерді зерттеу, қала туралы материалдар жинақтау, мұражайлар ұйымдастыру, қала туралы тарихи кештер ұйымдастыру,конференция, пікір-талас, қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау ұйымдастырылды. Күтілетін нәтиже келесіндей:

1.  Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

2. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

4. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

        Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді. 

 

 

Мынадай іс-шаралар жүргізілді:

 «Қала тарихы - тұнған шежіре». Оқушылар туып-өскен қаласы туралы не білетіндері жайлы ой толғау және қаласын бейнелейтін суреттер салып, жеке жұмыстар атқарады.

«Менің әулетімнің тарихы». Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан – отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып, отбасы тарихын жазу.

 «Ата мұрасы асыл қазынамыз».Ұлттық бұйымдардан көрмелер ұйымдастыру. Жарыстар ұйымдастыру.

«Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте» Қаладан шыққан тұлғалар туралы мәліметтер жинастыру.

«Жер-су аттарына шолу». Жер-су атауларын анықтап, сұрастыру. Жергілікті қала тұрғындарымен кездесу.Өлкеміздегі жер-су аттарының ерекшелігі, әрбір тарихи кезеңдегі жер-су аттарының өзгеруі. Қаланың картасын құрастырып, жер-су аттарын анықтап, картаға түсіру. Саяхаттау бағдарын құрастыру

Қапшағай – су электр станциясын салғаннан кейін пайда болуы. Бұл бастамаға қазақтың қоғам және мемлекет қайраткері – Д.А. Қонаевтың тікелей қатысы [3,62б].«Қапшағай СЭС-сы» туралы мәліметтер жинақтау. Қапшағайды салдыру арқылы көптеген проблемалардың шешілуі.

   «Қаладағы тыңгерлер мен еңбек ардагерлері».Қаламыздағы тың және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.

   Тастағы табиғи керемет. Іле өзенінің оң жақ жағалауында, Қапшағайдан бес шақырымдай жерде жартастарға салынған 2 мың жылдық тарихы бар суреттер мен таңбалар. Қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасау.

   «Шеберлер сырын ашайық». Қала шеберлері бұйымдарынан бұрыш ұйымдастыру.

Қаламыздың демографиялық жағдайы. Қала халқының туу, өсуі  статистикалық мәлімет жинақтау, зерттеу. Халық саны, әлеуметтік жағдайы.

        Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды сабақтарда пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту тиімді. 

      Оқушылар демалысының қызықты түрінің бірі – жаяу саяхат, ол мектеп оқушысын халықтың ұлттық мәдени өмірімен, туған өлкенің табиғатының байлықтарымен, тарихи және табиғи ескерткіштермен таныстырады. Осыған байланысты ұйымдастырылған «Тастағы керемет» атты топсаяхатымыз өте қызықты өтті. Іле өзенінің оң жақ жағалауында, Қапшағайдан бес шақырымдай жерде жартастарға салынған 2 мың жылдық тарихы бар суреттер мен таңбалармен оқушылар танысты. Бұл туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді, төзімділікке, ұжым құрамында өзін ұстай білуге үйретеді, сондықтан саяхаттардың білім беру-тәрбиелік мәні зор.

Сяхаттар негізінен жексенбі күндері, нақты бір тақырыпта өткізіледі. Таңдап алынған тақырыпқа байланысты бұл саяхаттар оқушылардың географиялық немесе тарихи, әдеби білімдерін тереңдетуге көмектеседі.

Тақырыптарға оқушылар өз ойларын айтып, эссе, ой толғау жазды. Жинақталған мәліметтер мен деректер бойынша оқушылары реферат, шығармашылық жобалар құрастырып үйренді. Осы іс-шаралар өткізу барысында Смагулова Аружан, Керимханов Темирланның оқудағы үлгерімдері көтеріліп, белсенділіктері артты. Еркеева Лаура ғылыми жоба қорғап жетістіктері қалалық газетке шықты.  

Аталмыш іс шараларды мектептің оқу-тәрбие процесінде ұйымдастырып өткізгеннен кейін бағдарламаны игеру сапасын анықтау үшін қалыптастырушы эксперимент шеңберінде аралық тексеру тест жүргізілді. Педагогикалық бақылау және жүргізілген сауалнаманың, алынған тестінің негізінде біз өлкетану жұмыстарында халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы мектеп оқушыларының бойында қалыптасқан экологиялық мәдениет деңгейін аңықтадық.

Диагностика қорытындысы оқушылардың қоршаған орта туралы білімдерінің біршама артып, ой-өрістерінің кеңейгенін байқатты. Келесі кезеңде оқушыларға тікелей арналған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.              

Қорытындылай келе айтарым, оқушылар естіген және көргендерін қолымен ұстап түйсініп, табиғаттың әртүрлі құбылыстарына қызығушылығы артады,  оқушылардың туған мекенге деген сүйіспеншілігін, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, жауапкершілікке жетелейтініне сенімім мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы заңы, 23- бет

2. Елбасы Жолдауы , 15- бет

3. Қапшағай кітабы, Алматы баспасы, 2008ж, 62 – бет 
4.
Қазақстан тарихы  9-томдық еңбек, 52 - бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛІН-ЖЕРІН СҮЮГЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТУҒАН ӨЛКЕ ТУРАЛЫ БІЛІМНІҢ РӨЛІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2016 1147
    • DOCX 20.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досанбаева Салтанат Серикказыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8432
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек