Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі: тақырыбы "Күрделі сөз".

Қазақ тілі: тақырыбы "Күрделі сөз".

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: КҮРДЕЛІ СӨЗ.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға күрделі сөз туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстарын жүргізу.

Міндеттері: 1. Күрделі сөздердің жазылу емлесін меңгерту барысында жаттығу жұмыстарын жүргізу, оның сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалатынын байқату.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

3. Халқымыздың ұлттық салт- дәстүрлерін бағалай білуге, ұлағатты сөздердің мәнін түсіндіре отырып, шешендік өнерге, алғырлыққа, ізеттілікке баулу.

            Киелі сандардың тәрбиелік қырын ұқтырып, ұлттық ырымдарға үйрету.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, тест, мәнерлеп оқу, жаттығу, әңгімелесу, жұмбақ шешу.

Сабақтың көрнекілігі: билердің суреті, сызбалар, қима қағаздар, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, музыка, дүние тану.

Сабақтың барысы:  I Ұйымдастыру

            «Қазақ тілі, өз тілім- ана тілім

            Абай, Мұхтар сөйлеген- дана тілім

            Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені

            Болашағым, бақытым- дара тілім»

дей келе сабағымызды бастаймыз.

         Балалар, бүгін сендермен «Атадан қалған асыл сөздерді» еске түсірейік. Яғни ұлағатты сөздерге тоқталып өтейік.

        3, 4, 7, 9 қандай сандар?

        « Киелі, қасиетті » сандар.

        Киелі сандарға байланысты қазақтардың тұрмысында кездесетін ырымдық нышандар туралы білетіндеріңді айтыңдар.

        Қазақ ата- бабамыз 3 жүзге бөлінген ( ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)

 Одан 7 ата тараған.

7 ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

7 қазына: ер жігіт

            сұлу әйел

            ақыл- білім

            жүйрік ат

            қыран бүркіт

            берен мылтық 

            құмай тазы

7 жетім:тыңдалмаған сөз

            киюсіз қалған тон 

            иесіз қалған жер

            басшысыз қалған ел  

            аққу–қазсыз көл

            елінен айрылған ер

            замандассыз қарт

7 жоқ: жерде– өлшеуіш жоқ

            аспанда– тіреуіш жоқ

            таста– тамыр жоқ

            тасбақада– талақ жоқ

            аллада– бауыр жоқ

            жылқыда– өт жоқ

            аққуда– сүт жоқ

7 жұт: қуаңшылық, жұт, зілзала, індет,сел, өрт, соғыс.

            Тәуке ханның 7 жарғысы бар.

            Жаңа туған нәрестенің шілдеханасын 7 күнде жасайды.

            Білімдар кісіні «7 жұрттың тілін біледі» дейді.

            Аналарың қорыққанда, қуанғанда не пісіріп таратады? – 7 күлше, 7 шелпек.

7 шелпек тарату салты бар.

 

        Балалар, 7 санына қандай мақал білеміз?

        «Жеті атасын білмеген– жетесіз» деген мақалды еске аламыз.

        Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Бүгін біз сабақ барысында «7 ата» ауылына саяхат жасаймыз.

I «ӘКЕ» ауылында «Үй тапсырмасын тексеру» екен.  22– жаттығу

1.      Берілген сөздер тіркесін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

 Қас пен көздің арасында, ержүрек, тайға таңба басқандай, мойны жар бермеді.

            Үй жұмысын тексеріп шығу. ( 3–4 оқушыға оқыту)

2.      Ережені сұрау ( 2–3 оқушы)

            Сөз мағынасының түрлері

        мағынасы жуық сөздер (синоним)

        мағынасы қарама- қарсы сөздер (антоним)

         дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер (омоним)

II «Бала» ауылында тақырыптық сөзжұмбақ шешуді ұсынамын.

Жұмбақ шешу арқылы табамыз:

1.    Жатып- жатып инелер,

Жүгіріп жаныңа тез келер.

                                   / кірпі /

2.    Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

                                   / күн /

3.    Қыста ғана болады,

Ұстаса, қолың тоңады.

                                   / қар /

4.    Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

                                   / доп /

5.    Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,

Мен мүдірсем, ол да мүдіреді.

                                   / көлеңке /

6.    Қимылдаса қос шебер,

           Қыруар- қыруар іс өнер.

                                               / қол /

7.    Үйреткен ілімді,

42 білімді.

                        / әліпби/

8.    Жылт- жылт етеді

Жылғадан өтеді.

                    / су /

9.    Шөппін- өніп, соламын,

Көркем сөз де боламын.

                           / өлең /

10.  Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

                                       / сиыр /

Жұмбақ шешіп, жаңа сабақтың тақырыбын аштық.

III «НЕМЕРЕ » ауылы.

Жаңа сабақ. Күрделі сөз.

 Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз: бозторғай, Сарыарқа, ауыл- аймақ, ата- ана, тас көмір, темір жол.

25 –жаттығу. Сөздерді оқу. Екі бағандағы сөздерді салыстыру. Оларға сұрақ қою. Сонда не байқадың? Екінші бағандағы сөздердің жазылуына назар аудару, мағыналарын түсіндіру.

IV «ШӨБЕРЕ » ауылы.

26 –жаттығу. Сызбаға қарау. Неліктен күрделі сөз?

 

Күрделі сөз

 

                                                                      

асық жілік

тасбақа

жиырма–отыз

медколледж

 

 

не?                                  не?                              қанша?                        не?

 

Ауыл аралап шаршап қалдық, біраз сергіп алайық.

Хор «Атамекен».

V «ШӨПШЕК » ауылы.

27– жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Бұл сөздерді неліктен күрделі сөз дейді? Күрделі сөздердің мағынасын түсіндір. Олардың кейбіреулерін қатыстырып сөйлем құрау.

Айбалта–ұзын сапты жарты ай бейнесіндегі кішірек балта.

VI «НЕМЕНЕ » ауылы.

28– жаттығу. Күрделі сөздерді оқып мағыналарын түсіндіру. Күрделі сөздерді жасалу жолдары мен жазылу ерекшеліктеріне қарай топтастыру.

            Алатау, көлбақа, Нұргүл.

            Жапан түз, қара торы, қызыл қоңыр.

            Алыс– жақын, қора– қора, елу– алпыс, үлкен– кіші.

VII «ТУАЖАТ » ауылы.

29– жаттығу. Тіркескен сөздерді оқу. Күрделі сөздерді теріп жазу, олардың қай сөз табынан жасалғанын айту. Күрделі сөздің сөз тіркесіне ұқсастығы мен айырмашылығы неде екенін дәлелде. Ол үшін төмендегі кестені пайдалан.

 

                                                           екі сөз бірігіп бір ғана мағынаны білдіреді, бір ғана сұраққа                                                    жауап береді.

 

            Бұл – күрделі сөз,                

            өйткені                                   өздігінен сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір

                                                           сыңары болады.

 

Тест тапсырмалары.

Қорыту. Күрделі сөздердің жазылу емлесін, жасалу жолдарын үйрендік, жаттығулар орындадық, жұмбақ шештік, сөзжұмбақ құрастырдық, «7 ата » ауылына саяхат жасадық, 7 ата тегімен таныстық, 7 саны қасиетті сан екенін білдік.

            «7 ата »  ауылдарының бәрі сендердің білімдеріңе, ұмтылыстарыңа разы. 7 ата тегімен таныстық. Әрі қазақ халқы 7 санын қасиетті сан деп санаған. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» дейді аталарымыз.

            Балалар, сендер өскенде туған– туысқаныңа мейірімді, жақынын танитын жақсы азамат болып өседі деп сенеміз.

            Бағалау.

            Үйге тапсырма: 76 бет, 30– жаттығу. ( Күрделі сөздерді қатыстырып, өзің тұрған жердің қысқы тіршілігі туралы шығарма жазу.)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі: тақырыбы "Күрделі сөз"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 2711
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тунгатарова Акбупе Бейсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тунгатарова Акбупе Бейсеновна
    Тунгатарова Акбупе Бейсеновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49462
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 131 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе