Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

Скачать материал

                                        

 

 

                                 Бастауыш сыныптарда

                               математикадан  жүргізілетін

                                 сыныптан тыс жұмыстар.

 

 

 

 

                            

 

                                                                      Жәңгір хан атындағы   ЖОББ мектептің                

                                                                     бастауыш сынып мұғалімі   Джумагалиева             

                                                                     Бақтыгүл Елемесовнаның  іс –тәжірибесінен.

                                          

           

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

                 Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің     бастауыш сынып мұғалімі                

                ДжумагалиеваБ.Е «Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан   тыс жұмыстар»    

               тақырыбында жазылған   шығармашылық      жұмысына

                        Пікір

       Шығармашылық жұмысында математикалық тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып, математика саласында баланың есте сақтау қабілетін  және логикалық ойлауын, тұрмыста дұрыс қолдана білуге , оқушылардың математикалық сауатын қамтамасыз ету қажеттілігін  жұмысында  көрсете білген.

     Шығармашылық жұмыс кіріспе сөз, математикадан сыныптан тыс жұмыс  түрлері,негізгі бөлім,қорытынды,пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

       Негізгі бөлімде І,ІІ,ІІІ,ІV сынып оқушыларына арналған математикалық санамақтар,қызықты есептер,математикалық ойындар,өлең есептер,логикалық есептер, викториналар,математикалық жұмбақтар,математикалық кеш бағдарламасынан құралған.

      Берілген тапсырмалар  ізденістерге, балалардың білім алуға құштарлығын арттыруға, математикалық сөзжұмбақтарды,өлең есептерді, жұмбақтарды  сабақтарда пайдалануға, мектепте алған білімдерін одан әрі дамытуға, әлеуметтік бейімделуде әр түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білуге ұсынған, математика мен өмірде тығыз байланыстылығына көз жеткізе білген.

 

                              Жоғары санатты  бастауыш сынып мұғалімі:                                    Жамашева Э.А.

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе сөз .……………

Сыныптан тыс жұмыс түрлері. ………

Үйірме отырыстары. ……………

І сынып ……………………

ІІсынып……………………

ІІІсынып…………………

ІV сынып ………………

Кеш. «Жұлдызды сәт» …………………

                                         

                                              

 

 

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

                 Кіріспе.

      Құралда бастауыш сынып оқушыларымен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарға тоқталып, оларды ұйымдастыру тәртібі көрсетілген.Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі құрал болғандықтан,мұнда жалпы сипаттағы материалдармен қатар нақты мәселені қалай ұйымдастыру керектігі  талқыланып, қажетті деген қосымша материалдар берілген.Атап айтқанда  сыныптан тыс жұмыс түрлері –есептерге,викториналарға, математикалық өлеңге,ребустарға, үйірмеге түсініктеме беріліп ,кейбіреулеріне нақтылы фактілермен мысалдар келтіріледі.Ойындардың түрлері -  санмен  әр түрлі заттармен ойындар, ребустар шешу,сөзжұмбақтар ұсынылған. Ұсынылып отырған құрал бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                 

 

 Сыныптан тыс жұмыс түрлері .

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу үшін мұғалімнің білімі терең, жан –жақты дамыған,педагогикалық шеберлігі болуы-басты мәселе.  Мұғалім оқушының жұмыс жүргізуі  кезінде  талап-тілегін,қызығатын мәселелерін қамтуға мүмкіндік табады.Оқушылар  сабақ  үстінде ойлау, өлшеу, есептеу,табу, зерттеу сияқты процестермен кездесіп отырады.Оларды ұштау ,жетілдіру ,дамыту мұғалім міндеттерінің бірі.Осы мағынада математикалық түрлі жаттығулардың, қызықты логикалық есептердің ,ребустар мен ойындардың ролі зор.  Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру  және оны жүргізудің методикалық негізі мынада:  

1.Сыныптан тыс жұмыстар  баланың сабақта алған білімдері мен дағдылары негізінде ұйымдастырылады.

2. Сыныптан тыс жұмыстар   оқушының жеке қажеттіліктерін өтейтіндей бағытта  өтілуі тиіс.

3. Сыныптан тыс жұмыстар  оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

4.Ол үшін мұғалім жоспарлы жүйелі жұмыс жүргізеді.

5 Сыныптан тыс жұмыс түрлері өз мақсатына қарай : сергіту минутындағы қызықты математикалық элементтерін,математикалық   жарыс,математикалық  кеш, математикалық ойындар және т.б. болып бөлінеді.

                                                  

Қызықты есептер- математикадан бастауыш сынып оқушыларына берілетін есептер оқушының жас ерекшелігіне сай болып,оқушыны жігерлендіретін,қызықтыратын,түсіндіруі жеңіл, тілі жатық ,түсінікті қысқа болғаны дұрыс.

Логикалық есептер-   кеңінен ойлауды қажет етеді.Есептің бұл түрі оқушыны  тез қызықтырады,бірақ терең ойлап,белгілі бір заңдылықты қажет етеді.Мұндай есептер ұстамдылыққа,  логикалық ойлауға,қиялдауға тәрбиелейді.

Математикалық тақпақ-мәнерлеп оқылады.Оның оқу үлгісін мұғалім оқып көрсетеді. Мұндай өлеңдер оқушыларды ұстамдылыққа, адамгершілік қасиетке,математиканы сүюге,достыққа тәрбиелейд

Математикалық санамақ-бұл оқушының  ауызша, ойша есептеу арқылы тез есептеуге бейімдейді. Матемаикалық санамақ жолдары ұйқаса келеді.Мұғалім санамақты оқу арқылы есептеп отыруға дағдыландыра алады.

Математикалық ребустар –мұғалім ребусты шешу арқылы математикалық ұғымдарды немесе сандарға байланысты ала алады. Ребус  шешу оқушылардың логикалық ойлауын ,қосып-азайту ,орнына қою арқылы  ұқыптылыққа, тапқырлыққа жетелейді.

Математикалық ойындар – санмен,әртүрлі заттармен ойын, басқатырғылар, сиқырлы квадраттар болып бөлінеді.Ойындар арқылы оқушылар талдау мен салыстыруға , математикалық зандылықты ашуға,зейін мен есті  дамытуға,ұстамдылыққа тәрбиелейді.

 Математикалық викториналар-жарыстың бір түрі. Оны кеште, үйірме отырыстарында  пайдалануға болады.Ол сұрақ  түрінде де, есеп түрінде де айтылады.Викторина сұрақтары түрлі мазмұнды материалды  қамтиды.Оқушы викторинаны шешу арқылы  білімін кеңейтіп ,жан-жақты дамитын болады, сұрақ қойып сөйлеу мәдениетін үйренеді.

Математикалық кеш- математикалық кеш өткізу күрделі мәселе.Кешті өткізудің негізгі мақсаты-оқушылардың математикаға деген ынтасы мен ықыласын, қызығушылығын арттыру.Кеш мазмұнды түрде өтеді.Онда тақпақ, сөзжұмбақ,есеп болуы мүмкін.Кітапшада бір кештің өткізу сценарийі көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сынып.

Математикалық санамақтар.

1. Мамам, папам екеуі,
Үш ұл, тоғыз немере.
Неше шеге жетеді
Киім ілсек шегеге?

2. Шөбі шалғын еңісте,
Жайылып жүр өрісте –
Әңгі есек – жеке,
Екі теке,
Үш түйе,
Төрт бие,
Бес қошқар,
Сиыр – алты,
 Барлығы қанша жалпы?   (Барлығы 21)
3. Қанша бала?
Бір топ бала тоғаннан,
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде, олардан,
Тиді әркімге үш балық.
Айтыңдаршы, ал енді,
Бала саны қанша еді?  (5 бала)
4. Неше қаз?
Көлде ұшты жеті қаз,
Қайта қонды үшеуі.
Ұшып кетті нешеуі?   (4 қаз)

             5. Қанша жаңғақ?
              Жанқалтамда әуелі,
              Он үш жаңғақ бар еді.
              Науат пенен Маратқа,
               Самат пенен Қанатқа,
              Апасына Қанаттың,
              Екі – екіден тараттым.
              Қанша жаңғақ қалғанын
              Айта қойшы, ал жаным? (3 жаңғақ)

              6. Қанша кісі?
              Атам, әжем, ағаммен,
              Әкем, інім және мен,
              Анам және енесі,Енесінің бөлесі –
              Шешіңдерші қанеки,
              Отыр едік шай ішіп.

Жеңгем кірді майысып,
Арқасында кіші інім,

 Саны қанша, айта ғой,
 Үйдегі бар кісінің?  (10 кісі)

7. Қалтам қанша?
     Өзімде бар сан қалта,
     Шалбарда екі жан қалта,
     Арт жағында қос қалта,
Жейдеде екі төс қалта,
 Пиджакта екі іш қалта

·                  
Және екі тыс қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте,
Кәне, ал,
Менің неше қалтам бар?  (11)

8 Ақ қалпақ, көк қалпақ!
Барлығы – алты қалпақ.
Ақ қалпақ бесеу болды,
Көк қалпақ нешеу болды? (1)

9. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қоян, бір түлкі –
Бәрі нешеу, кім білді? (8)
  10. Бес бұтақты ағашта –
         Бұтақ сайын бес алма.
         Біреуін бер Азатқа,
         Сонда қалмақ неше алма?
                                       Қызықты есептер.

    1. Меніменен алты қыз
        Бірге қырдан асты.
        Төрт қыз, бес ұл қосылып
         Неше болды, тапшы?

    2. Екі алма қолға алдым,
         Екі алма қалтаға салдым.
         Үшеуін алды Айша
         Бәрі сонда қанша?

     3. Інім жеті жаста,
         Ағам жиырма жаста.
         Інім ағамнан
         Кіші қанша жасқа?

     4. Үй мен мектеп арасы
          Үш шақырым шамасы.
          Барып келгенде жаяу
          Қанша жүріпсің санашы?

     5. Үйде аға - жеңгем,
         Үш әпке, жездем.
         Апам, әкем, шешем,
         Інім және мен.
          Келді досым Төкен,
         Еріп келді Бекен.
         Барлығымыз қанша?

      Айтшы санын көкем!
    6.  Екі киі

        Алты мүйіз,
        Сегіз балта,
        Тоғыз қалта,
        Отыз малта.

        Жаңылма, бала,

         Түгендеп сана.


 7 Өсіп тұрған бір қайың ағашы тәулігіне 40 литр

 су ішеді екен. Ал осындай екі қайың ағашы 80 литр суды

 қанша уақытта ішуі мүмкін?

 8 Сен қазір 7 жастасың.Әкең және шешең 40 жаста.

Сен 9 жасқа келгенде олар неше жасқа келеді?(42 жаста болады)

9Себетте 6 алма  бар еді.6 алманы бөліп алды.Бірақ сбетте әлі 1 алма бар.Ол қалай?(1 алманы себетімен алды)

10Су жағсына тауықтың,үйректің 7 балапаны келді.

Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр.Сонда 2 балапан қайда?  (2 балапан тауықтыкі)

 

Математикалық ойындар.

«Есте сақта»
Мақсаты: Көззердесін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қажетті құрал – жабдықтар: таңбалар жазылған плакат.
Таңбалар, суреттер, сандары бар плакат.
Ойын мазмұны. Ойынға барлық оқушылар қатысады. Оқушылар зейінін таңба жазылған плакатқа аудару керек. Плакат жабылады. Оқушылар естерінде қалған таңбаларды алдарындағы қағазға жазуы керек. Неғұрлым көп таңба жазған топ жеңімпаз атанады.
«Математикалық телефон».
Мақсаты
: білімді тиянақтау.
Қажетті құрал – жабдықтар: ойыншық телефон (қағаздан дайындаған телефондар).Ойын мазмұны.Оқушыларға тірек сандар беріледі. Мұғалім телефон құлағын көтеріп, бірінші топтың оқушыларымен байланысқа шығады.Мұғалім мысалды айтады, оқушы өзінің жауабын трубкадан айтады. Топ оқушылары қате болса, көмектеседі.
«Қимақ».
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын ұштау.
Қажетті құрал - жабдықтар: қайшы, тапсырмалар жазылған карточкалар.
Ойынның мазмұны. Ойынға жалпы сынып қатысады. Тақтаның алдында жіпті керіп, оған тапсырмалар жазылған карточкалар ілінеді. Шақырылған оқушы көзін байлап, жіптегі карточканы қиып алады. Тапсырманы орындаған соң жетон алады. Сабақ соңында кім көп жетон алса, сол «жеңімпаз» атанады.
«Жұбыңды тап».
Мақсаты: тез есептеу дағдыларын қалыптастыру. 
Қажетті құрал – жабдықтар: төмендегі үлгіде жазылған карточкалар. 20+10, 30, 50+ 20, 70. 
Ойын мазмұны. Көрсетілген үлгідегі карточкалар оқушыларға үлестіріледі. 
Мұғалім «жұбыңды тап!»- деген кезде әр оқушы өз жұбын тауып, қол ұстасып тұра қалулары керек. Ойын осылайша жалғаса береді.

                        

Математикалық викториналар.

           1.Үш бестікпен қосу,азайту амалын пайдаланып ,нәтижесіне 5 – ті шығару керек.

             5     5     5 = 5                    (5+5-5=5)

           2Неше беттік дәптерлер болады? 

             (12, 18, 24, 36 , 48, 96)

3 «Кім қырағы?»  Сандарды 1, 2, 3 орны бойынша топтаймыз.

14 ,16 , 23, 30, 12, 24, 33, 29, 36

(жауабы:  12              23            30

                  14             24            33

                  16             29            36)

4Жұлдызшаның орнында қандай сан тұр?

              **-*=9                            *+**=11

            (жауабы:  10-1=9          1+10=11)

           5 Неше туыс?  7 туыстың бір-бірден қарындасы бар.

            Олар  барлығы   нешеу?
          (Жауабы:7ағасы,бір қарындасы барБарлығы 8 туыс).

          6 Көп нүктенің орнына керекті санды қой.

          3..., ..., ..., ..., 8.            9,..., ...,  ..., ...,  ...,  ...,2.

          7 Нөлді орнына қой.

              ..., 1, 2, ...,4,5,...,...,8.

          8 Көп нүктенің орнына қалдырылған амал

           таңбаларын қой.

          3...1=2        5...4=9       6…1=7          9…1=8       

                                     

 

 

 

 

 

 

 

                             ІІ сынып.

                      Математикалық ойын есептер.

                       1«Торғай нешеу?»
                       Талдан ұшты көп торғай,
                       Емес бірақ көп торғай.
                       Алдында оның бастаушы,
                       Артында оның қостаушы.
                       Және тағы қарасақ,
                       Қайта оны санасақ,
                       Соңында біреу қап келді,
                       Алдында төртеу, топ келді,
                       Үшеуі қатар жарысқан,
                       Түзіліп үшеу қалыспан.
                       Ойың жүйрік болса егер,
                       Торғай нешеу, есепкер                                                                     

                                                            (Бес торғай)
                       2 Көлден ұшты 50 қаз,
                        Қайтып қонды 20 қаз
                        Қонбады оның нешеуі,
                        Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

                       3. 6 аламаның 2-ін
                       Досың сұрап алады.
                       Айтшы сонда нешеуі
                       Өз қолыңда қалады. (4)


    4.Аулада 60 үйрек,
    Қорада 20 үйрек,
   10 үйрек тығылды
   10 үйрек жығылды,
    Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

    5.11 түйе, бес жылқы.
    2 сиыр, бір ешкі
    2 қоян, үш түлкі,
    Неше болды барлығы? (24)


   6.Табақта 55 алма
      Қолымда 5 алма
      Барлығын қосқанда
    Болады неше алма? (60 алма)

7.Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

8.100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

9 .Биік терек алда тұр,
     Басында көп алма тұр.
     Бұтақ сайын бес алма

 Бес бұтақта неше алма?
   Кәне, ойлап бағайық,
   Шешімін тез табайық!
   (Алма теректе өспейді)

   10. Аулада – бес үйрек,
    Қорада – үш үйрек.
    Су іздеп балпаңдап,
    Жөнелді екі үйрек.
    Қора мен аулада
    Санашы неше үйрек?
                                 

                               Қызықты логикалық есептер.
  Картинки по запросу красная шапочка сказка 1.Қызыл Телпек әжесіне еттен, саңырауқұлақтан және орамжапырақтан  14 самса әкелді. Орамжапырақтан жасалған самса еттен жасалған самсадан екі есе көп.Еттен жасалған самса 3. Саңырауқұлақтан жасалған самса нешеу?
Шешуі: 14 – (2*3)= 8 с.
Жауабы: Қызыл Телпек әжесіне саңырауқұлақтан жасалған 8 самса әкелді.

Картинки по запросу қаңбақ шал ертегі 2 Қаңбақ шалдың жасы бір ғасырдан төрт есе көп. Оның жасы нешеде? 
Шешуі: 100 * 4 = 400

Картинки по запросу қожанасыр суреттері 3 Қожанасыр 5 тиындықтан үшеуін жерге қазып көмді де, одан дәл сондай үш тиындарды алды Осылайша ол осы тиындарды үш рет алды үш рет алды. 
Сонда Қожанасырда неше тиын болды? 
Шешуі: 5 * 3 * 3 = 45 тиын

4. 4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?
5. 2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?
6. Алмұрт алмадан ауыр,ал алма шабдалыдан ауыр.Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
7. Бір айда 5 жексенбі бола ма?
8.Үш ат жегілген арба 30 км жүрді.Бір аттың жылдамдығы қандай?
9.Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?
10.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?
                                       

                  Математикалық викториналар.

1 Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады?

2  66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)

3 Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?

4 Ер баланың ағалары жоқ, ал оның қарындасының сіңілісі   қанша болса, сонша ағасы бар. Осы семьяда неше ер бала, неше қыз бала бар?  (Ж а у а б ы: 1 ұл, 2 қыз бар.)

 

 

              Похожее изображение Логикалық есептер.

1 Екі әкесі мен екі баласы үш  алманы  бір-бірден  бөліп қалай бөліскені?  (Ж а у а б ы: Әкенің   баласы және оның баласы   болғаны. Сонда небары үш адам. Олардың үш алманы бір-бірден бөлісуіне болады.)

2 Үш қыз бір сыныпта оқиды.Айгүл,Гүлназ,Айнаш.Айгүл Гүлназдан үлкен,Гүлназ Айнаштан үлкен.Кім сонда үлкені?
3Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?
4 Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?
5 Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса,24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
6  Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

 7 Марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады?
8 Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
9 Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
10 Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

               

 

                   Математикалық сөзжұмбақтар.

Картинки по запросу 2 сынып Математика.Сөзжұмбақ.

 

 

           Картинки по запросу математикалық ребустар 1 сынып

 

           

Картинки по запросу математикалық ойындар слайд бастауыш сынып

                       Математикалық       жұмбақтар.

http://bilim-all.kz/uploads/images/2016/10/07/original/3946b9ee233fb503d0cabd1404da5563.jpg1 Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?
Жауабы 40 кітап

2 Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын. Жауабы 1 және 9

3 Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба?
6 6 6 6 = 5
6 6 6 6 = 6
6 6 6 6 = 8
6 6 6 6 = 24
6 6 6 6 = 30
6 6 6 6 = 48
6 6 6 6 = 66
6 6 6 6 = 180

жауабы

[ ( 6 x 6 ) - 6 ] : 6 = 5
6 + [ ( 6 - 6 ) x 6 ] = 6
6 + [ ( 6 + 6 ) : 6 ] = 8
[ 6 - ( 6 : 6) ] x 6 = 30
( 6 x 6 ) - 6 - 6 = 24
( 6 x 6 ) + 6 + 6 = 48

( 6 + 6 ) x 6 - 6 = 66
( 6 x 6 - 6 ) x 6 = 180

4. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!

Жауабы:  Нәтиже үнемі 1 шығады.

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

                                  ІІІ сынып.

                   Қызықты   есептер.

1Әнуар Сабырдан 5 жас үлкен және Даниярдан 2 жас үлкен. Сабыр үлкен бе, Данияр үлкен бе? Және неше жасқа үлкен?
2. Әкесі, шешесі, ұлы үшеуінің жастарын қосқанда 70 жас. Ал төрт жылдан кейін үшеуінің жастары нешеге жетеді?
3. Сыныптағы 25 оқушының 17-сі ағылшын тілін, кейбіреуі француз тілін де үйреніп жүр, ал 15 оқушы француз тілін үйреніп жүр. Екі тілді де үйренушілер саны қанша?
4. Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды. Екі құс ұшып кетті. Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін?
5. Жол бойына үйеңкі мен жөке ағаштары отырғызылды. Әрбір екі үйеңкінің ортасына екі жөке ағаштары отырғызылған. Егер үйеңкі 20 болса, жөке ағашы нешеу?

6. Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болды. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап.
7. 18 вафлиді тарелкелерге былай салған: біріншісіне – 4, екіншісіне – 5, үшіншісіне – 2, ал төртіншісіне – 7. Осы тарелкелерді екі үстелге қойғанда, бір үстелде екінші үстелден екі есе көп вафли болу керек. Сонда тарелкелерді қалай қоямыз?
8. Әжем, анам және мен – үшеуміз фотосуретке түстік. Әжем анамның сол жағында, анам менің сол жағымда тұр. Біздің фотосуретте қалай тұрғанымызды тап.
9. Назым, Майра және Нұргүл – үшеуі роза, жауқазын, түймедақ гүлдерін сатып алды. Назым мен Майра роза гүлін алған жоқ, ал Майра мен Нұргүл түймедақ гүлін алған жоқ. Кім қандай гүл сатып алғанын тап.
10. Жібек матаның 1 метрі сәтеннен 2 есе қымбат. Енді 8 метр сәтенге көп ақша кете ме, әлде 4 метр жібекке көп ақша кете ме?
                                

 

                                                                                                                                                                                                 «Мақалды жалғастыр» ойыны.

1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды). 
2. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз). 
3. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді). 
4. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ). 
5. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына). 
6. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас). 
7. Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл). 
8. Жүз сом ақшаң болғанша,(жүз досың болсын). 
9. Бесік баласы (бес түлейді).

10. Тоқсан ауыз сөздің(тобықтай түйіні бар). 
11 Білгенің бір тоғыз,    (Білмегенің тоқсан тоғыз)
12 Батыр бір рет өледі, (Қорқақ мың рет өледі)
13 Екі аяқтыда құрдас тату, (Төрт аяқтыда бота тату)
14 Жалғыз ағаш үй болмас,  (Жалғыз жігіт би болмас)

15 Ақылсыз достан мың сақтан.  (Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)
16 Елуінде – ер дана,  (Елуінде – ел жаңа)
17 Қалтаңда жүз теңгең болғанша,  (Өмірде жүз досың болсын)

                              Логикалық есептер.

*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
*марат кешкі сағат 10-да ұйқыға жатты.Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 -ға қойды.Ол неше сағат ұйықтады? *Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
*Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
*Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
*Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн ке*Баспалдақ басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
*. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
* Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
* Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл, велосипед) дөңгелектерінің саны - он болады. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр? 
Өрмекші мен қоңыз қанша?
Бала қорапқа жалпы саны 8 өрмекші және қоңыз салды. Олардың аяқтарының қосындысы 54 екен қорапта неше өрмекші неше қоңыз бар?
               

 

 

 

 

 

 

 

   Математикалық ребустар.

Картинки по запросу математикалық ребустар 1 сынып

 

Картинки по запросу Математикалық ребустар                                                                                                       

                                                                                                                                                                                                                                                           

   Картинки по запросу математикалық ребусКартинки по запросу 2 сынып Математика.Сөзжұмбақ.     

             Картинки по запросу математикалық ребустар 1 сынып

   

                    Картинки по запросу математикалық ребустар 1 сынып

 

 

                      Математикалық жұмбақ «Бұл не?»

 1 Жоқ өзінде бас та,

Қас та,

Мойын да.

Ұзындығы жазулы түр бойында.   (Сызғыш)

2  Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар:

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін-бірі қуғындар.

Ханы үшін де, жаны үшін де

Бермейді ойлар намысын.    (Шахмат)

3  Жиырма төрт батыр,

Бірін-бірі жеп жатыр              (Дойбы)

 4 Екі аяқты бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.   (Велосипед)

5 Тышқаннан басқа батпаған,

Бір шланг, төрт баған.   (Піл)

6 Мың найзалы жалғыз батыр

Жауларына алғызбай тұр. (Кірпі)

7 Жүз төрт түйме,

Он бір ине. (Есеп шот)

8  Қатар жазып саусақты,

  Түйістір екі бармақты.

 Екі қолдың арасы,

Қандай әріп қарашы?    (М)

 9  Төрт әріптен тұрамын,

Түрлі сөзді құрамын.

Т-ны кесіп тастасаң,

Биігірек жер болам.

Қайта ойланып қарасаң,

Сый-құрметі — төр болам.

Жарты Т-дан бастасаң

Лаулап жанған от болам.

Бұл қай сөз?  Төрт)

10 Тұрады жоқты сұрап.  (Икс)

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       ІV сынып.

                          Логикалық  жаттығулар

1.Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? (Ең  үлкені Аяң, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал).

 

2. Қай сан жасырынып тұр?   Жауабы:1)10-9=1   2. 100-99=1

 

 

0

-

 

=

1

 

 

 

 

-

 

 

=

1

 3. 13. 15  Екі санды салыстыр. Екі санның ұқсас белгілерін ата.  Екі санның  бір-бірінен айырмашылығын ата. (Жауабы:Екеуі де екі таңбалы, ондықтары бірдей.ЕКі санның бірліктері әр түрлі, 13,15.)

4.Қызықты шаршылар .Шаршыладың бос торкөзіне сандарды таңдап  қою  керек.Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандый  да бір алдын ала берілген сан болуы керек.15саны

 

1

6

 

5

 

4

 

 

 

   4                     

9

 

     

5

 

 

 

6

5  Қандай сан барлық   санға қалдықсыз бөлінеді?    (Ж а у а б ы: Нөл.)

 6 Көшедегі   өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар   саны қанша болғаны? (Ж а у а б ы:   Отыз бір.)

7 Неше машина керек? Әр машина 5 тонна жүк көтерсе, 20 тонна 200 кг жүкті тасу үшін неше машина керек? (Ж а у а б ы: 5 машина, себебі  4 машинаға жук сыймайды.)

 8 Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км  шабады?

9 .  66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.Е с к е р т у. 66 саны   карточкаға алдын ала жазылады.(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)

10 Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?

 

 

                                               Кім тапқыр?
                         «Ұрылар саны қанша?» ойыны
Заманда сонау алыс бұрынғы өткен
Панасыз, қамқорсыздың күнін кешкен
Жалғыз сиыр, қараша үй айдалада
Бір кемпір жұртта қалды елдің көшкен
Оқшау үйді топ ұры байқап қалды
Ұрлау, тонау кәсібі ойға оралды
Жақын келіп байқастап, жиі-сұмдар
Үйден шығар дыбысқа құлақ салды
Бұл ісін ұрылардың кемпір сезді.
Неде болса тәуекел жұмды көзді
Суды сүтше сапырып, өлеңдетіп
Сонда былай айтыпты мына сөзді
Сапырып-сапырып Сарманға бер
Құйып-құйып Құрманға бер
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш, өзіңнен соң маған бер!
Мұны естіген ұрылардың құты қашты.
«Бес есе бізден көп» деп қатты састы
Байтал түгел бас қайғы болмасын деп
Ел таппақ боп ес барда тұра қашты
Бұл аңыз белгілі еді жұртқа-барша
Айтпақ болдық өлеңғып шамамызша
Қиялы оқтан ұшқыр, ойлы есепкер
Айта ғойшы ұрылар саны қанша?   Жауабы:(2 екі)

 

 

 

 

«Жұлдызды сәт» математикалық кеш бағдарламасы.
Мақсаты: 

• Оқушылардың математика пәні бойынша білімдерін байқау. 
• Ойлау қабілеттерін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. 
• Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеуге үйрету. 
Міндеті: Пәнге деген қызығушылық пен құштарлықтарын қалыптастыру. 
Ресурстар: Интерактивті тақта, сөзжұмбақтар,логикалық тапсырмалар.
« Математиканы өте жақсы меңгермей, озық техниканың негізін түсіну 
қиын».   (А.Н.Колмогоров). 

Қайырлы күн қадірменді көрермендер! 
«Жұлдызды сәт»математикалық кешіне қош келдіңіздер! 
Сергіту сәті 
Әр топ өз белгілері бойынша орындарына барады. Топ басшысы сайланады. Енді 
сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық. 

І . 1. Таныстыру: «Үшбұрыштар» тобы
Ұранымыз: 
Білікті бірді жығар, 
Білімді мыңды жығар. 
Сәлемдесу: 
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, 
Көрсетеміз бізде қандай күш барын. 
Алға қойған мақсатымыз бір екен, 
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым. 

2. «Шаршы» тобы
Ұранымыз: 
Қандай сынақ болса дағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 
Сәлемдесу: 
Армандарға қол созумен келеміз, 
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. 
Білімменен қаруланған тобымыз, 
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз. 
ІІ. Математикалық сұрақтар. (Әр топқа бес сұрақтан

,дұрыс жауапқа бір ұпай). 
«Үшбұрыш» тобына: 
1. Қосу амалының компоненттерін атаңыз? 
2. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99). 
3. Масса өлшемдерін атаңыз? (т,ц,кг,г,мг.). 
4. 8 ондықтан құралған сан? (80). 
5. 1 жылда қанша ай бар? (12). 
«Шаршы» тобына: 
1. Азайту амалының компоненттерін атаңыз? 
2. Ең кіші үш таңбалы сан? (100). 
3. Ұзындық өлшемдерін атаңыз? (км, м, дм, см, мм.). 
4. 10 ондықтан құралған сан? (100). 
5. 1 мүшелде қанша жыл бар? (12 жыл). 
(Әділ қазылар ұпай санын жариялайды). 
ІІІ. «Мақалды жалғастыр» 
(Әр команда шапшаң жауап беру керек,әр дұрыс жауапқа бір ұпай). 
1. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды). 
2. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз). 
3. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді). 
4. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ). 
5. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына). 
6. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас). 
7. Жеті жұрттың тілін біл,(жеті түрлі білім біл). 
8. Жүз сом ақшаң болғанша,(жүз досың болсын). 
9. Бесік баласы (бес түлейді). 
10. Тоқсан ауыз сөздің(тобықтай түйіні бар). 
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады). 
ІV. Сөзжұмбақ құрастыр. (карточка арқылы топқа беріледі). 
V. Логикалық тапсырмалар:
 
«Үшбұрыш» тобына: 
1. Бір килограмм темір жеңілме, әлде бір килограмм қауырсын жеңілме? (Салмақтары бірдей). 
2. 2 әке мен 2 бала тәңертең дастархан басында үш жұмыртқа жеді. Олардың әрқайсысына бір – бір жұмыртқадан тиді. Мұны қалай түсіндіруге болады? (Олар атасы, әкесі, баласы). 
«Шаршы» тобына: 
1. Үстелде шие салынған 3 стакан тұр. Асқар 1 стакандағы шиені жеп қойды да, бос стаканды үстелге қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан) 
2. Жолда келе жатқан екі бала 10 теңге тауып алды. Олардың артында төрт бала келе жатыр. Олар қанша теңге тауып алады? (Ешқандай теңге таппайды). 
VI. Постер қорғау. (уақыт белгіленеді). 
Әр топ өз аттары бойынша үшбұрыш және шаршы туралы қорғайды. 
VII.Рефлексия. Не ұнады? Не түйдің? 
Жұлдызды сәт: 
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. 
Кеш аяқталып, оқушылар марапатталады. 

 

    

 

 

 

  Қорытынды.

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі ,сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс шаралардың негізгі міндеттері : оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды ,тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту.Сөзімді қорытындылай келе ,өзімнің іс –тәжірибемнен байқағаным,оқушының математиканы толық меңгеріп, қиналмай үлгеруі үшін , мұғалім бірінші сыныптан бастап оның логикалық ойлау қабілетін қалыптастыра беруі керек.Қызықты есептер жас ерекшелігіне қарай сараланып  беріліп отырса,тиімді болары сөзсіз.Ең басты көңіл аударатын мәселе-баланың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Беріліп отырған материалдарды мұғалім сабақта немесе сыныптан тыс уақытта қолданса ,оқушылардың математикаға қызығушылығы артар еді.Осындай сабақтар балалардың шығармашылық белсенділігін арттырып,ой қызметінің қиналысын  талап ететін тапсырмаларды орындауға қызығушылығын тудырады.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

1 Б.М.Қосанов, Р.К. Өміртаева «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар».

2 С.Елубаева. «Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс шаралар»

3 Ш.Құрманалина «Математиканың бастауыш курсын оқыту»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

                                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

,

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                          

 

       

                                               

                                                   

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

                                                                                                                                          

                                                                                                                                   

                                                                                                                                          

                                                                                 

                                                                                                                           

                                                                                                                                    

                                                                                                                                  

                                                                                                                                 

                                                                                                                                   

                                                                                                                                  

                                                                                                                                      

                                                                                                                                 

                                                                                                                                   

                                                                                                                                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       

                                                                                                                                      

                                                                                                             

                                                                                                           

                                                                                                      

                                                                                                   

                                                                                                    

                                                                                                        

                                                                                                    

                                                                                                       

                                                                                                

                                                                                     

                                                                                                            

                                                                                                 

                                                                                                             

                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                

                                                                                                             

                                                                                                                 

                                                                                                                  

                                                                                                                  

                                                                                                               

                                                                                                             

                                                                                                                 

                                                                                                             

                                                                                                                             

                                                                                                                 

                                                                                                                 

                                                                                                                   

                                                                                                              

                                                                                                                  

                                                                                                              

                                                                                                               

                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                

                                                                                                                                

                                                                                                                 

                                                                                                         

                                                                                                          

                                                                                                           

                                                                                                                      

                                                                                                                                                                     

                                                                                                        

                                                                                                      

                                                                 

 

 

 

 

 

 

                                           

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                   

                                                                                                                                  

                                                                                                                                

                                                                                                                                

                                                                                                         

                                                                                                                                   

                                                                                                                                       

                                                                                                                                        

                                                                                                                                    

                                                                                                                                 

                                                                                                                                      

                                                                                                                                  

                                                                                                                                

                                                                                                                                      

                                                                                                                              

                                                                                                                      

                                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

              

                                                                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                     

                                                                                                         

                                                                                    

                                                                                                                 

                                                                                                          

                                                                                                            

                                                                                                           

                                                                                                        

                                                                                                        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2017 13717
    • DOCX 597.9 кбайт
    • 321 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумагалиева Бактыгул Елемесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14320
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 488 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 104 человека

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Инвестиционные проекты: оценка, эффективность и стратегии

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе