Сабақтың тақырыбы:
Бірнеше пайызы берілген санды есептеу.
Сабақтың мақсаты:
1. процентке
арналған есептерді шығару барысында ережелерді қолдана білуге үйрету;
Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту.оқушының пайыздарға қатысты алған
білімін жетілдіру, кеңейту;
2. Оқушыларды
үнемі өз білімдерін қорытындылауға, пысықтауға, толықтырып отыруға тәрбиелеу,
жеке жұмыс жасауға дағдыландыру, білімдерін тереңдету.
3. Оқушылардың
есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа баулу.
Сабақтың түрі:
практикалық
Сабақтың әдісі:
түсіндіру; есеп шығару
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу
дайындығын тексеру.
ІІ. Практикалық кезең:
Биров.Т.Н. Молдабеков М.М «Элементар математика есептер
жинағы»
1.
№292.
Заводтағы барлық жұмысшылардың 35% -і әйелдер, қалғандары ерлер. Әйелдерге
қарағанда заводтағы ерлер 252 адам артық. Жұмысшылардың жалпы санын табыңыз?
Шешуі: Әйел адамдар - 35%;
Eр адамдар - 100% - 35% = 65%
65% - 35% = 30 % ;
252 ---------- 30 %
x ----------- 100% жауабы: 840 жұмысшы
2.
№293. Товарды
1386тг-ге сатқанда 10% пайда
түскен. Товардың өзіндік құнын табыңыздар?
Шешуі: 1386--------------110%
x ----------- 100% жауабы: 1260тг.
3.
№294.
Өндірістік артель өнімін 3348 тг-ге сатып, 4% зиян шекті. Бұл өнімнің өзіндік
құны қанша еді?
Шешуі: 3348 ----------- 96 %
x ----------- 100%
жауабы: 3487,5 тг.
4.
№295. 225кг
рудадан 34,2 кг мыс қорытылған болса, рудадағы мыс мөлшері неше процент?
Шешуі: 34,2 ----------- х %
225 -----------
100% жауабы: 15,2%
5.
№296. Баға
төмендетілуден бұрын 290тг тұратын. 1 пачка папирос бағасы төмендетілгеннен
кейін 260тг тұратын болды. Баға неше процент төмендетілген?
Шешуі: 290-260=30
30 ----------- х %
290 ----------- 100% жауабы: 10,34%
6.
№297.
Товардың килограмы 640тг тұратын еді, баға төмендетілгеннен кейін ол 570
теңге тұратын болды. Товар бағасы неше процент төмендетілген еді?
Шешуі: 640-570=70
70 ----------- х %
640 ----------- 100% жауабы: 10,94%
7.
№298. Жүзімді
кептіргенде шығатын мейіздің салмағы бүкіл жүзімнің салмағының 32% -і болды. 2
кг мейіз қанша жүзімнен түседі.
Шешуі: 2
----------- 32%
x ----------- 100% жауабы: 6,25 кг
8.
№299.
Экскурсия үшін ақша жинау керек болды. Егер әрбір экскурсант 75 теңгеден
шығаратын болса, керекті ақшаға 440тг жетпейтін болды, ал әрбір
экскурсант 80 теңгеден шығаратын болса 440тг артылып қалатын болды.
Экскурсияға шығатын адам нешеу еді?
Шешуі:
75x+440=80x-440
5x=880
x=176 жауабы: 176 адам
9.
№300. 720
теңгені бірнеше адам тең бөліп төлеуге тиіс еді. Егер ол адамдардың үшеуі кем
болса, қалғандарының әрқайсысы 400 теңге артық төлейтін болар еді. Олар неше
адам еді?
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма:
№301. Бірінші томның 60 данасы мен екінші томның 75 данасының
жалпы құны 40500 теңге. Егер бірінші томның бағасы 15%, екінші томның бағасы
10% арзандатылса, онда барлық даналар үшін 35550 теңге төлеу керек болар еді.
Бірінші және екінші томдардың бағасын анықтаңыздар?
Сабақты аяқтау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.