Инфоурок Начальные классы КонспектыӘдебиеттік оқу бойынша Төлеген Айбергенов " Аппақ қыс " (4 "А" класс )

Әдебиеттік оқу бойынша Төлеген Айбергенов " Аппақ қыс " (4 "А" класс )

Скачать материал

              26.01.2017жыл
             Бекітемін:

Пәні: Әдебиеттік оқу                                                                                               

                                                Мұғалімі: Салдырова А М     4"А" класы                                                                                        

Сабақтың тақырыбы:

Төлеген Айбергенов  Аппақ қыс                                       

Мақсаты

1. Төлеген Айбергенов туралы мәлімет бере отырып, «Аппақ қыс» өлеңінің мазмұнын, мағынасын меңгерту.
2. Ақынның қыс мезгілін - ақ қолғапқа, іздерді - рояльдың ақ пернелеріне, сықырлаған қар дыбысын - аппақ әуенге теңеуі арқылы оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды бірізділікке, шапшаңдыққа, суретпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Типі: жаңа материалды меңгерту
Принциптері: білімнің түсініктілігі мен өмірмен байланыстылығы, жүйелілік пен бірізділік, саналылық пен белсенділік, көрнекілік.
Әдістері: түсіндіру, баяндау, тірек - сызба, сөздік жұмыс, тізбектеп оқыту, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, табиғат суреті, ақынның суреті, тірек - сызба, сөзжұмбақ.

 

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,
Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адмдық,
Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

1-топ Жаз
2-топ Қыс
3-топ Көктем
4-топ Күз

Жыл мезгілдеріне байланысты бөлінеді.

Ой шақыру

1.Жылдың төртінші айы? ( Сәуір)
2.Бүгін аптаның қай күні? (Сәрсенбі)
3.120 мен 3 тің көбейтіндісі? (360) 4.Шаршы, тік төрт бұрыш, үш бұрыш нелер? (геометриялық фигуралар)
5.Есік қандай геометриялық фигура? (тік төрт бұрыш)
6.2015 жылы 4 қыркүйекте қазақ үшін қандай жаңалық болды?
(Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты)

7.Қазақтың тұңғыш  математигі? ( Әлімхан Әбеуұлы Ермеков)
8.Пайдалы қазбалар неше түрге бөлінеді? (3 ке) (Жауапты дұрыс берген топтың  ұпайын санап отырамын.

Балалар өз ойларын ортаға салады

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ жасыру
1-топ: Суда қалқиды,    Жылыда балқиды.
2-топ:   Қолы мен қаламы жоқ,    Бiрақ сурет салады көп.
3-топ: Ұшады зырлап, Жанын қинап,     Ұлиды зарлап.
4-топ: Әуеде ақ мамық
            Қалбалақтап ұшады (Қай мезгіл есімізге түседі?)
-Қыс
-Олай болса, балалар біз бүгін Төлеген Айбергенов атамыздың «Аппақ  қыс» атты өлеңімен таныс боламыз.
Төлеген Айбергенов - қазақ кеңес ақыны. 1937 жылы қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты бітірген. Қоңырат ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім болған. 1965 жылдан бастап Алматыға келіп, Жазушылар одағында жұмыс атқарды. 1958 жылдан бастап өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде жариялана бастады. Айбергенов «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968) өлеңдер жинағының авторы.
Тірек - сызбамен жұмыс
Ақ қыс
Ақ қолғаппен құшақтап,
Сақылдайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау - төбе -
Тегіс аппақ сәукеле.
Жатыр іздер жосылған,
Рояльдің басылған
Ақ тіліне ұқсап қап...
Ақ қыс - сұлу ақ өлең,
Табанымның астында
Таңғажайып ақ әлем.
Сырласады, сырлассаң,
Қырға асады, қырға ассаң.
Аппақ әуен сықырлап,
Жырлағалы тұр бассаң.
Жанарынан жаз бүркіп,
Тұр қыс күні сүйкімді.
Оянбасаң, мәжбүр қып
Ашатұғын ұйқыңды.
Құлақ күйін оң бұрап,
Төнеді аспан төбемнен.
Аппақ қардан омбылап
Көктем іздеп келем мен.
Т. Айбергенов
Өлең мазмұнын ашу
Өлең не туралы жазылған? - Қыс мезгілі туралы.
             
Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған? - Ақ қолғапқа теңеген

Сәукеле - қазақтың ұлттық бас киімі. Келін киеді.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, сынып жұмысын, ақынның аты - жөнін жазамыз. Туған жылын, тақырыпты жазамыз.
Жазу барысында оқушы қалай отыру керек? Денеміз тік, дәптеріміз қиғаш тұрады. Сөздік жұмысты көшіріп жазамыз.


 

 

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Шаршағандары басылады

 

«Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы

Мақсаты:топтық жаңа білімді жинақтау,ынтымақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.

 

Шағын топтарға тапсырмаларды таратып беру: 4-топ  Қыс туралы эссе жазу

1-топ  Қыс суреті
2-топ  Қыс туралы мақал-мәтел
3-топ  Бес жолды өлең
Өлеңінен алған әсерім

Шағын топтардағы спикерлер оқушыларға тапсырмаларды бөліп береді де, бірлесе орындайды.

Топ алдында жұмыстарын қорғайды.

Жұмысты қорғауға шығатын оқушыны топ спикері анықтап отырады.

Ой толғаныс

Венн диаграммасы
Бұл өлеңнің авторы кім? Дұрыс, Абай Құнанбаев. Енді Абай Құнанбаев пен Төлеген Айбергеновты салыстырып көрейік.
Венн диаграммасы
● Т. Айбергенов.
1937 - 1967жж. Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген.
● Ұқсастықтары: Ақын. Қыс мезгіліне байланысты өлеңдері бар. Өлеңдері теңеу түрінде
● А. Құнанбаев.
1845 - 1904 ж. ж. қазақ елінің ұлы ақыны
Сұрақтары:
1. Бүгін біз қай ақынмен таныстық?
2. Т. Айбергенов қай жылдары өмір сүрген?
3. Ақын қай жерде дүниеге келген?
4. Төлеген атамыз қандай институтты бітірді?
5. Ақынның қандай өлең жинақтары (кітаптары) бар?
6. Біз қандай өлеңімен таныс болдық?
7. Ақ қыс өлеңінде ақын қысты қалай суреттейді?
8. Қар бетіндегі адам іздерін не нәрсеге ұқсатады?
9. Жүрген кездегі қардың сықырлағанын неге теңейді?

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Ауылымыздың қысын сипаттап жазу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу бойынша Төлеген Айбергенов " Аппақ қыс " (4 "А" класс )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 019 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Реферат на тему "Приемы активизации учащихся в процессе обучения внетабличному делению и умножению на уроках математики в 3 классе".
  • Учебник: «Математика (в 2 частях)», Моро М.И., Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. и др.
  • Тема: Внетабличное умножение и деление
Рейтинг: 2 из 5
  • 05.02.2017
  • 3525
  • 58
«Математика (в 2 частях)», Моро М.И., Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. и др.
Технологическая карта с самоанализом урока окружающий мир по теме "Дорожные знаки"3 класс
  • Учебник: «Мир и человек. Живые обитатели планеты (в 2 частях)», Вахрушев А.А., Алхутов С.М., Раутиан А.С.
  • Тема: 34. Дорога в школу
  • 05.02.2017
  • 1689
  • 45
«Мир и человек. Живые обитатели планеты (в 2 частях)», Вахрушев А.А., Алхутов С.М., Раутиан А.С.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2017 1184
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салдырова Аяжан Мухамбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салдырова Аяжан Мухамбетовна
    Салдырова Аяжан Мухамбетовна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4833
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 444 человека

Мини-курс

Волонтерство: сущность, мотивация, и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов