Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу "Ең асыл қазына" 3 сынып

Әдебиеттік оқу "Ең асыл қазына" 3 сынып

Скачать материал

  Күні:    

Пәні:             әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:                  Түймедағы \ертегі\

Сабақтың мақсаты:  Ертегіні түсініп оқу арқылы сын тұрғысынан ойлап     

                                       талқылауға үйрену, 

Міндеті:

а\ Ертегінің мазмұнын ашады, түсінеді.

б\ Ертегі кейіпкерлерін зерттейді, талдайды , ажырата  алады.

в\ Өсімдіктер мен құстарға қамқор     болады, қорғайды.

Күтілетін нәтиже:

 а\ Ертегінің түрін ажыратады, сурет бойынша әңгімелей алады.

б\ Сыни тұрғыдан ойлайды

в\ Топта пікір алысады.

г\ Ертегі бойынша алған әсерімен бөліседі.

д\ Шығармашылықпен дағдыланады.

е\ мағынаны ажырата алады.

ж\ АКТ-ны пайдалана алады.

Сабақтың әдісі:

Жигсо әдісі, венн диаграмма, Миға шабуыл, Сұрақ жауап әдісі,

Сабақтың көрнекілігі:

   Гүлдер,  сюжетті суреттер,   АКТ, А3, оқулықтағы мәтін, маркер

Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ жауап, жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Бағалау критерийі:

 а\ Сурет бойынша әңгімелеу      2 балл

-суреттің мазмұның ашу              1 балл

-мазмұнын, нақты толық айту     1  балл

б\ Ауызша сұрақтарға жауап      2 балл

-          жауаптың толық болуы      1 балл

-          нақты дұрыс жауап беруі   1 балл

в\ Венн диаграмма                      2 балл

-ортақ қасиетін табу                    1 балл

-ажырата білу                              1 балл

г\ топтың атын қорғау                3 балл

- гүлдерді ажырата білу             1.5 балл            

- мәнерлі сауатты жеткізуі          1.5 балл

д\ Жигсо әдісі бойынша түсіну      4 балл

- мәтіннің мазмұнын ашу              2 балл

-мәтін бойынша ойларын толық жеткізу 1 балл

- топта түсіну                                  1 балл

е\ Бекіту                                           3 балл

    - жауаптың толық болуы          1.5 балл

    - нақты дұрыс жауап беруі       1 .5 балл

ж\ Топтастыру                               4 балл

- сауатты жазу                               2 балл

- ертегінің мазмұнын ашу             2 балл

 

Барысы:

 

І Ұйымдастыру кезең                   2 мин

Гүлдер бойынша топтастыру    

\оқушылар өздеріне ұнаған гүлді алып,раушан гүлі, қызғалдақ, түймедақ болып топтасады\

                      

ІІ Үй тапсырмасын сұрау              10 мин

Сұрақ\жауап бойынша

 

а\ ертегі дегеніміз не?

\халық ауыз әдебиетінің бір түрі\

 

б\Ертегінің қандай түрлері бар?

\шыншыл, қиял ғажайып, хайуанаттар жайлы\

 

в\ сендер оқыған «Балықшы мен балық » ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

\Авторы бар ертегіні әдеби ертегі дейміз\ 

 

Ендеше әр топқа сюжетті сурет беріледі сол сурет бойынша ертегінің мазмұнын айтайық.

 

І топ: Балық ұстап отырған балықшының және Бекзат әйелдің суреті

ІІ топ: Кемпірдің зәулім үйде ханшайым  болып отыруы 

ІІІ топ: балықшының алтын балықтың алдында кемпірдің тілегін айтуы

Топ осындай сурет бойынша мазмұнын айтып шығады.

 

Алтын балық ұстап алсаң қандай тілек тілер едіңдер? Оқушылар өз ойларын, арман ,тілектерін айтып шығады.

Қиялыңдағы   алтын  балықтың суретін салып келдіңдер ма?

 

Салған суреттеріне тілектерінді жазып көршілеріне беріңдер оқушылар салып келген суреттерін, тілек жазып көршілеріне береді.

 

Ауыз әдебиеті үлгісіне жататын ертегі мен әдеби ертегінің

венн диаграммасын  арқылы талдау жасайды.

үш топқа беріледі, жазып болған соң қорғап шығады.

 

                       Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл        2  мин

Топқа не арқылы  бөлініп едік?

\Гүлдер арқылы топтастық.\ 

 Осы гүлдер туралы не білесіңдер?  Әр топ:

\Түймедақ- дәрілік өсімдік. Жер ананың қызы, 350 түрі бар. Ем үшін де, сән үшін де өсіріледі.\

                      

\Қызғалдақ- Қызыл кітапқа енген гүл. Жұлуға болмайды. Пиязшық арқылы өседі. Оның түрлері көп деп айтты. Қызғалдақтың Отаны Қырғызстан деді.\

\Раушан гүл- махаббат символы.  Хош иісті. Тікенекті, көпжылдық.  Әр түрлі түрі бар\.

Түймедағы ертегісі беріледі

Ертегіні үш бөлімге бөліп, үш топқа үш бөлім таратылып берілді.

Жигсо әдісі           15 мин

бойынша мәтінді оқып, бір\біріне түсіндіріп , топта талқылайды.

 Топтан бір оқушы шығып , келесі топқа барып, өздері оқыған бөлім бойынша мазмұнын айтып береді, топ мүшелері ол оқушыға өздерінің бөлімінде не туралы айтылғанын айтып береді. Ол өз тобына келіп басқа топтың мазмұнын айтып ертегінің толық мазмұнын түсінеді.

 

                Бекіту:                 5 мин

Диалогтық әдіс бойынша

Ертегі ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсыңдар?

\әдеби ертегі\

Неге?

\Себебі бұл ертегінің авторы бар\

Ертегідегі балалардың қылығы туралы не айтар едіңдер?

\Ертегідегі балалар ешкімге де жаны ашымайтын, ойын балалары, тәртіпсіз, әдепсіз\

Дала гүлін ойланбастан жұлған адамға не айтар едің?

\Табиғат анадан рұқсат алып, гүлден кешірім сұрай отырып жұлу керек\

Сендер сол балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Оқушылар өздерінің ойларын бір ауыз сөзбен айтып береді.

Қорытындылау         8 мин

Әр топ  ертегідегі кейіпкерлерге сипаттама беріп топтастырады.

І топ  «Бала»

ІІ топ  «Бозторғай»

ІІІ топ « Түймедақ»

                      

Оқушылар жұмыстарын қорғайды

«   мен баланың орынында  болсам...... » топтастыру жұмысынын жүргізу

Әр топ топтастырып, тақтаға шығып,  қорғайды

          

 

 

Бағалау                    2 мин

Бағалау критерийі арқылы топ басшылары топ мүшелерін қояды.

2-10 балл- «3»

11-15 балл- «4»

16-20 балл- «5»

Сабақ аяқталды

Үйге:  176-178 бет оқу тапсырмаларды орындау  1 мин

 

Кері байланыс парағын беру

                   

 

 

 

 

Күні:  

Cабақтың тақырыбы:  Ең асыл қазына \ертегі\

Сабақтың мақсаты:  Ертегінің негізгі идеясын ашу 

Сабақтың міндеті:

а\Кейіпкердің іс әрекетін дәлелдеу, шығармашылық қабілетін жетілдіру

б\Ертегінің негізгі идеясын ашу

в\Жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

а\Ертегінің мазмұнын түсінеді.

б\Кейіпкерлерді салыстырады

в\Болжай алады.

г\Сыни тұрғыдан ойлайды.

д\жұпта , топта пікір алысады.

е\Дәлелдей алады.

Сабақтың әдісі:  Топтасу, Диалогтық оқыту,  Болжау стратегиясы

Көрнекіліктер: Венн диаграмма,болжау кестесі, салыстырмалы карта, концептуалды кесте,автор орындығы

Сабақтың түрі:жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ жауап, талдау

Бағалау критерийі:

а\ Венн диаграмма                         2 балл

-ортақ қасиетін табу                      1 балл

-ажырата білу                                 1 балл

б\Болжау кестесін толтыру           4 балл

-Болжамның нақтылығы               2 балл

-Жазушы ойы мен оқушы ойының сәйкестігі  2 балл

в\Салыстырмалы карта                   3 балл

-Кейіпкерлерді дұрыс сипаттау     1 балл

-Дәйектемелердің нақты болуы     1 балл

-Сауатты толтыруы                         1 балл

г\Топтық жұмыс                               3 балл

-Сауатты жазылуы                           1 балл

-Мазмұнының ашылуы                    1 балл    

-Мәнерлі сауатты  жеткізуі             1 балл

Сабақтың  барысы

І. Ұйымдастыру   2 мин

   Сәлемдесу

   Топтастыру

Еңбек туралы мақал мәтел

Ана туралы мақал мәтел

Ас туралы мақал мәтел

Шаттық шеңбері

Айналаға алақанмен

Жылулықты шашайық

Сәттілік тілеп, күлімсіреп

Біз сабақты бастайық

                        

Сабақтың ережесімен таныстыру

 а\Сабақта бір бірімізді тыңдаймыз

б\Біреудің айтқанын қайталамаймыз

в\Уақытты үнемдейміз,босқа өткізбейміз

 г\Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз

ІІ үй тапсырмасын тексеру        6 мин

Ертегіде гүлді қалай сипаттаған , тауып оқы

Гүлдер туралы суретті тексеру

                     

Бала, бозторғай, түймедақ

Венн диаграммасын жасау, қорғау

                                    

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту    5 мин

Жеке жұмыс

«Ең асыл қазына  » дегенде ойларыңа не түседі? Білетіндерін туралы жазыңдар

Енді жұптасып не білетіндерің туралы тізім жасаңдар.

Жасап болсақ топта талқылауымыз.

Егер де дау тұрғызатын сұрақ болса, жазып қоямыз.

Мағынасын тану

Қазір біз Махмуд Мурадовтың «Ең асыл қазына» ертегісін оқимыз. Ертегіні бірнеше үзіліспен оқымыз.Мен тоқтатқанға дейін оқисыңдар, сонан соң оқыған бөлім бойынша талқылау жасаймыз және сұрақтарға жауап береміз.

Болжау кестесі бойынша жұмыс істейміз  20 мин

 

                       

 

Не болады деп ойлайсың? Дәлелде

Не болды

 

 

 

І үзінді

Ерте заманда әлемнің бір бұрышында Ахмет және Ташмет деген екі жігіт болыпты. Ахмет әр істі сабырмен ойланып барып істейді екен. Бір түйір дәнді, нанның үгіндісін көзі шалса, оны дереу теріп алып, тауыққа немесе ұшқан құсқа береді екен. Ал өзі жегенінен бармақтай нан артылса, мұқият орап қойып, қарны ашқанда жейді.

Ал Ташмет керісінше, бармақтай нан артылмақ тұрмақ, жұдырықтай нан артылса да, тастап жүре береді екен.

Бірде Ахмет жолдасы Ташметке:

 

М: Не  туралы айтты деп ойлайсыңдар?

Болжау кестесіне жазыңдар

 

Келесі үзіндіні оқиық.

 

- Мұның дұрыс емес. Нан- ең асыл қазына, қасиетті зат, - депті.

- Олай емес, -деп таласты Ташмет, - ең асыл қазына-алтын. Жо-жоқ, гауһар.

- Жоқ, ең асыл қазына-нан!

- Жоқ, гауһар!

- Ендеше,жүр, -депті Ахмет,- әлемді шарлайық. Ең асыл қазынаның не екенін сұрастырамыз да, өз көзімізбен көріп қайтамыз.

М: Ташмет келіседі ма?

Ахмет пен Ташмет не істейді?

 

Келесі үзіндіні оқимыз.

Ташмет келісе кетеді. Екеуі жол дорбаларына төрт-төрттен күлше салып алып, сапар шегіпті. ұзақ-ұзақ жол жүріпті, алған беттерінен қайтпай, мол жүріпті. Дала кезіп, асқар таулардан асыпты. Бір күні әбден қарындары ашып, бір бұлақтың басына келіп тоқтапты. Қоржындарынан күлше алып, әрқайсысы өз нанын жепті. Сол арада асыл қазына жайында тағы да таласып қалыпты.

 

М:Сонда Ташмет асыл қазына туралы не айтты? Оның шешімі өзгерді ме?

Ахметтің ойы ше?

Әрі қарай оқимыз,Ташметтің ойы өзгерді ме? Кімде сәйкес келеді, кімде сәйкес келмейді?

 

-Наннан асыл, наннан қасиетті еш нәрсе жоқ,- депті Ахмет.

- Жоқ, гауһар, -депті нан шайнап отырған Ташмет.- Тап қазір барлық зат гауһарға айналып кетсе ғой! Қандай тамаша болар еді.

  Сол кезде аспанда бір құс қалықтап жүріпті. Ол түрін құбылтып алған сиқыршы екен:

 

М: сиқыршының не істемек ойы бар ?

Екі дос сиқыршыны байқады ма?

Әрі қарай оқимыз

 

-Мейлі, сенің айтқаның-ақ болсын, барлық затың гауһарға айналсын! – депті дауыстап.

М: Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?

Кімдікі сәйкес келеді ,кімдікі сәйкес келмейді? Салыстырайық әрі қарай оқимыз

 

Сол заматта Ташметтің аузындағы наны сатыр-күтір етіп, тісін сындыра жаздапты. Ташмет басқа күлшесін алып жейін десе, сындыра алмапты. Ол да гауһарға айналып кеткен, жалт-жұлт етеді  жарқырап сәуле шашады, көзді қариды.

   Ахмет өзінің нанын қамсыз жеп отырады. Ол:

 

М: Енді Ахмет не істейді?

Ташметтің осы кездегі көңіл күйі қандай болуы мүмкін?

Алтын, гаухарларды көргенде ең асыл қазына осы деп қуанды ма?

Әрі қарай оқимыз

 

-Ал менің нанымнан жей ғой! – депті Ташметке. Ташмет нанынан үзіп алып, аузына салған екен, бұл нан да гауһарға айналып кетіпті. Ташмет енді қарны ашып, зар еңірепті.

М:Оқиға немен аяқталады деп ойлайсыңдар?

Ташмет не істейді ,ең асыл қазынаның не екенін түсінді ме?

Ертегі немен аяқталар екен, әрі қарай оқиық

 

-Қане, енді айтшы,-дейді Ахмет. – Адам үшін ең керекті асыл зат не екен?

-Енді білдім,-дейді Ташмет.-Ең асыл, ең қасиетті нан екен.

 

М: Ташметтің наны асыл тастарға айналып кетпесе ең асыл қазына нан екенін білер ме еді?

Өздеріңнің жазған болжамдарыңды ертегідегі негізгі оймен салыстырыңдар.Жазушының ойы мен сендердің ойларың сәйкес келе ме?

Бекіту       5 мин

Топ бойынша жұмыс

Осы ертегінің негізіне сүйене отырып,Ахметті қалай суреттейсіңдер? Ташметті ше?

 

Ертегі кейіпкерлеріне салыстырмалы карта жасап жұпта орындаймыз. Оларды суреттейтін сөздердің астына сол сөздердің дәйектемелерін жазып, топта талқылаймыз да ,қорғаймыз.

 

Ахмет

Ташмет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  5 мин

 

І топ Концептуалды кесте

 

Кейіпкер

Іс  әрекетінен үзінді

қандай мінездің адамы

Соңғы түйін

 

 

 

 

 

                 

 

ІІ топ

Сауаттылық хат

 

Кейіпкерлерге хат жазу  \ Ахмет, Ташмет\

 

                 

 

 

ІІІ топ

Нанды қадірлейік тақырыбында эссе жазу

 

Автор орындығына отырып, хат пен эссені оқиды.

 

        

 

Бағалау критерийі     1мин

 

2-7      балл-                3

8-10     балл –              4

11 – 12  балл -             5

 

Үйге:  180 бет 4-ші тапсырма  1мин

 

Кері байланыс парағын алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы:   Жер мекен

Сабақтың мақсаты:  Мәтіннің мазмұнын  ашу , негізгі ойды ұғыну 

Сабақтың міндеті:

а\Автордың мәтіндегі негізгі ойын түсіндіру

б\Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, өз бетімен шешім қабылдай білуге,қорытынды жасауға үйрету

в\Топта, жұпта жұмыс жасау арқылы достық көмек беруге, бауырмашыл болуға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

а\Мәтіннің мазмұнын түсінеді, әңгімелей алады

б\Сыни тұрғыдан ойлайды

в\Топта пікір алысады.

г\Ізденеді

д\Ертегі құрастыра алады.

е\Сенімділігі мен белсенділігі артады.

ж\ Бірін- бірі құрметтей алады.

Сабақтың әдісі: Топтасу, Диалогтық оқыту, Рөлдік ойын

Көрнекіліктер:Венн диаграмма,сурет,

Сабақтың түрі: Түсіндіру, рөлге ену. Баяндау

Ауызша сұрақ жауап  -      4 балл

- жауаптың толық болуы  - 2 балл

    - нақты дұрыс жауап беруі  - 2 балл

Жеке жұмыста            -      5 балл

- Рөлге дұрыс ене білуі- 2,5 балл

Тапсырманы дұрыс, толық игеруі-2,5 балл

Топтық жұмыста          -    5 балл

Жазу көлемі он сөйлем – 2 балл

Сауатты, мазмұнды болуы- 2балл

Тақырыптан ауытқымау – 1 балл        

 

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезең

Түрлі түсті стикер арқылы топқа бөлу

Қызыл, жасыл,сары

Психологиялық дайындық

Бір бірімізге жақсы тілектер айтып сабағымызды бастайық

ІІ Үй тапсырмасы

Гаухар мен алтынның Ташмет үшін қымбат қазына болу себебін түсіндір.Әр топ өз ойларын айтады.

Венн диаграмма

Ахмет пен Ташмет

Жаңа сабақ

Рөлдік ойындар арқылы оқушылар эстетикалық өзара әрекеттестік түсінік пен сенімділік, белсенділік, бірін бірі құрметтеу алады.

Рөлдік ойын арқылы өтеміз, мәтінді үш бөлімге бөліп, үш топқа беремін.

А\ Реттеуші  топтағы адамдардың жұмысын бөліп реттеп береді

Б\Баяндаушы   Мәтіннің мазмұның баяндап айтып береді.

В\Ізденуші  Мәтіндегі қызықты жерді тауып оқып,Көбелек туралы небіледі, білетіндерін айту

Г\Сөз тапқыш     Мәтіннің мазмұнына қарай мақал мәтел табу, қиын сөздер болса мағынасын ашу

Д\Бейнелеуші   Мәтін бойынша сурет салып қорғайды

Е\Дәнекер  Мәтінді қазіргі өмірмен байланыстыру

 

                          

 

 Сұрақ жауап

Әр топ  топтың баяндаушысына  өзінің оқыған бөліміне  байланысты бір бір сұрақ дайындап , қояды. Баяндаушылар сұраққа жауап береді.

 

                       

 

Әр топты рөлге бөліп тапсырма берілді

Дайындыққа  15 мин   болған соң жұмыстарын қорғайды

Бекіту:

«Көбелек» топтастыру

Қорытынды «Дөңгелек үстел» әдісі

Көбелек туралы ертегі құрастыру

 

                   

 

Рөлдегі оқушылар өздерінің рөлдеріне қарай жазады

Баяндаушы бастайды, ізденуші көбелек туралы ойын жазады, сөз тапқыш мақал мәтел әдемі сөздермен толықтырады,Бейнелеуші көбелекті суреттейді,дәнекер ертегіні аяқтап, реттеуші оқып береді

 Бағалау: « Өзіңді бағала» кестесін толтырып,   бағалайды

 

                   

Үйге тапсырма:  181 бет   5тапсырма

Кері байланыс парағын беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Күні: 10.05.2013

Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс пен түлкі \Тәжік ертегісі желісімен\

Сабақтың мақсаты:   М.Әлімбаев туралы мағлұмат беру, мысал өлеңінің мазмұнын ашу. 

Сабақтың міндеті:

а\Ертегі туралы түсініктерін кеңейту.

б\Ой өрісін дамыту, адам бойындағы сезімдерді тануға, байқауға,оқушы қиялын дамытуға жол ашу.

в\Өтірік пен шынның, әділдік пен зұлымдықтың, мақтаныш пен қарапайымдылықтың арасындағы айырмашылықты тану, адал болуға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

а\Ертегінің негізгі идеясын түсінеді

б\Ертегі кейіпкерлерін салыстарады

в\Қорытынды шығара алады.

г\Сыни тұрғыдан ойлай алады

д\Автор орнында болып ой толғау жаза алады

е\  Бес жолды өлең жаза алады

ж\Жеке жұмыс жасайды, топта пікір алмасады

Сабақтың әдісі: Топтасу, Диалогтық оқыту, Кубизм стратегиясы, өзің үшін жазу стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі:М.Әлімбаевтің суреті,жолбарыс пен түлкінің суреттері, кестелер,автор орындығы

Сабақтың түрі: жаңа сабақ,түсіндіру ,сұрақ жауап

Бағалау критерийі:

Өзіңді бағала кестесі беріледі

Бүгінгі сабақтан не түсіндің?

 

 

 

 

 

Бүгінгі түсінгеніңді қаншаға бағалар едің?

 

 

 

Осы бағаны неліктен таңдадың?

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру

Үй жануарлары

Жабайы аңдар

Құстар бойынша топтасу

 

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

Автор орындығына отырып,

Бала көбелекке ақыл көзбен қарап отырып не айтар едің? Жазған хаттарын оқыту

Осы мәтін негізіне сүйене отырып қандай мақал мәтел айтуға болады?

Әр топ мақал мәтелдер айтады

Жаңа сабақ

Сабақ барысында қалай топтастық?Әр топ өздерінің топтасқан суреттері бойынша әңгімелеп береді

Бүгін біз сендермен М.Әлімбаевтің «Жолбарыс пен түлкі» \тәжік ертегісі желісімен\ ертегісін оқимыз

М.Әлімбаев 1923 жылы Павладар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген.Қазақстанның халық жазушысы, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, балалар поэзиясының классигі.Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер жазушы.1956-1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды.Ақынның алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары»1 952 жылы жарық көрді.Ақынның 52 кітабы жарыққа шыққан.Бірнеше ордендермен марапатталған.

 

Жолбарыс пен түлкі ертегісін мәнерлеп оқыту

.

Мәтіндегі негізгі ой неде?

Топта ақылдасып жауап беру

 

«Кубизм» стратегиясы

І топ Түлкі бейнесін басқа ертегідегі түлкілермен салыстыру

ІІ топ Егер сені басқа біреу мақтаса қандай сезім билеп кетеді?

ІІІ топ Ертегіден қандай қорытынды ой шығаруға болады?

Топ бойынша талқылап ,қорғайды

Осы ертегіге қандай мақал мәтел сәйкес келеді? Жазыңдар мағынасын ашыңдар

Мақал мәтелдер

а\Жағымпаз жасқаншақ

   Жаман мақтаншақ

б\Даңқ қуған далада қалады

   Мақтан қуған масқара болады

в\Мақтанғаннан сақтан

 

Мақтаншақтықты жаман қасиеттердің бірі деген ақын жазушы кім еді?

                            

Абай Құнанбаев

Өлеңді жатқа сұрау

Бес нәрсеге қашық бол

Бес нәрсеге аасық бол

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда

Оған қайғы жемеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек бекер мал шашпақ

 Бес дұшпанын білсеңіз.

 

Сен өзің дос жолдастарыңды жиі ақтайсың ба?

Қазір біз бірімізге мақтау тілек хаттарын жазып көрейік

Жұппен жұмыс

Жазу оны оқу

 

                   

Өз досыңның мінезін қандай жануарға теңер едің? Неліктен?

Бекіту

Ертегідегі түлкі бейнесі сендерге ұнады ма? Неге? Дәлелде топпен жұмыс

Жеке жұмыс

Бес жолды өлең

Бір зат есім

Екі сын есім

Үш етістік

Бір мағыналас сөз

Бір мәндес сөз

          

 

Қорытынды

 

Жеке жұмыс «Өзің үшін жазу стратегиясы» Автордың орнында болсаңдар не істер едің? Ой толғау жазу

 

                 

 

 

Автор орындығына отырып оқу

Бағалау

Өзіңді бағала парағы беріледі, оқушы өзін бағалайды

 

 

Үйге тапсырма

189-190 бет қайталап оқып, сабақта ескерілмей ұмыт қалған қандай жайттар бар екенін тауып келу

Кері байланыс парағын беру

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу "Ең асыл қазына" 3 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 2239
    • DOCX 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна
    Уатаева Карлыгаш Сабырлиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19377
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2690 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 490 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе