Күні:
17.11.2015 жыл
Пәні: Сауат ашу Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік: Оқушыларға ү дыбысы мен әрпін
таныту. Ү дыбысы бар сөздерді оқуға , жазуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік
қорын,тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: өз ойларын еркін жеткізе
алуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс.
Сабақтың түрі:
жаңа сабақ
Көрнекілігі:
суреттер, интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту.
Шаттық шеңберін
құру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат
қағамыз.
Дүниені аралап, Оқып,
білім аламыз.
Өткен сабақтан алған білімдерін
тексеру:
«Ыстық орындық» арқылы өткендерді
қайталату. Әр оқушыға үш сұрақтан қою. Оқушыларға
өтілген дыбыстарды қайталата отырып, тақтаға назар аударту.
Жаңа сабақ:
-Балалар, бүгінгі өтілетін дыбыспен танысу үшін алдымен мына жұмбақты
шешіп көрейік: «Үйрек»
десе – бірінші, «Бүйрек»
десе –
екінші
Бұл қай әріп екенін
Біреу айтып берсінші
Электронды оқулықты пайдалана отырып,
ү дыбысын таныту. «Қарлы кесек» ойыны арқылы ү
дыбысына қатысты бірнеше сөздер айтқызу. Сөйлемдер құрату.
Жұмбақтың шешуін табайық: Баласын
тізіп соңына Сүңгіп
жүріп үйретті Су
жұқпайтын тонына Кім
біледі . . . ? (үйректі) Оқушыларды
дауысты, дауыссыз дыбыстар орнына қойып, үйрек сөзін жаздыру, осы сөзге
дыбыстық талдау жасату. (Қыз балалар дауысты, ер балалар дауыссыз
дыбыстар болып шығады, отырған оқушылар талдайды.)
Оқулықпен жұмыс: оқулықта берілген
сөздерді оқыту, сөздердің мағыналарын ашу. Топпен оқыту. Жұмбақты оқып,
шешуін табу.
«Буынға буын қос» ойыны. Тақтамен
жұмыс.
Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс: Ү дыбысын ауада
жазып көрсету, тақтаға бас әрпін және кіші әрпін жазып көрсету.
Дәптерде берілген үлгі бойынша жазба жұмысын жүргізу.
Сабақты қорытындылау:
- Балалар, бүгін қай дыбыспен таныстық? -Ү қандай дыбыс? Сөздерде
қай жерлерде кездеседі?
Ү дыбысына байланысты жаңылтпаш
жаттату. Үміт түбіт
түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Бағалау:
Бағдаршам бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.