Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыДоклад на тему "Бала тәрбиесі"

Доклад на тему "Бала тәрбиесі"

Скачать материал

 

Бала тәрбиесі

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы

Абылай хан атындағы №4 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі

Қ.Е. Қазиева

 

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп калыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады»

Н.Ә.Назарбаев

Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы - бала. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан - өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр.

Ұлы үстаз А.С.Макаренко ата-аналарға: «Сіздер баланы тек сөйлеген кезде ғана, оған ақыл айтқан кезде ғана немесе бұйрық бергенде ғана тәрбиелейміз деп ойламаңыздар, баланы өмірлеріңіздің әрбір минутында, тіпті өздеріңіз үйлеріңізде жоқ уақыттың өзінде тәрбиелейсіздер. Сіздер қалай киінесіздер, басқалармен қалай сөйлесесіздер немесе басқа адамдар үшін қалай қуанасыздар, қалай ренжисіздер, достарыңызбен кандай қарым- қатынастасыздар, сіздер қалай күлесіздер, газет-журнал оқисыздар ма - осылардың бәрі бала үшін маңызды» - деген болатын.

Олай болса, бала тәрбиесі кезек күттірмейтін, күнделікті өмірде күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе болып қала бермек.

Баланың бас ұстазы - ата-ана. Ата-аналар бала мәселесіне күнделікті назар аударып, қадағалап отыруы керек. Өкінішке орай, кей ата-аналар бұл мәселеден тысқары жүріп жатады. Кейде баласының қай сыныпта оқитынын, сынып жетекшісі кім екенін де білмей жататын ата-аналар ішінара кездеседі.

Бала тәрбиелеуде ата-аналар мына ұстанымдарды назарына алса деймін:

1.                 Балаңыздың денсаулығына көңіл бөліңіз. Дені сау бала оқу мен тәрбиеге ықыласты болмақ. Кішкентай кезінен денесін шынықтыруды дағды етіңіз. Тазалық пен ұқыптылықты үйретіңіз.

2.                 Баламен сырласыңыз. Баланы бауырыңызға тартыңыз. Сырын сізбен бөлісуге үйретіңіз. Мұқият тыңдап, кеңес айтып, баланың сеніміне кіріңіз.

3.                  Бала қателік жасаса, ұрысудан гөрі түсіністікпен қарай білуге тырысыңыз. Ондай кезде бала онсызда  қорқып тұрады. Керісінше, ақыл айтып, жол көрсеткен пайдалы.

4.                 Бала өз қатарларымен бірде дос болып, бірде ренжіседі, кейде таяқ та жеуі мүмкін. Ондай сәттерде баланың арасына түспеген жөн. Балаңызды жақтап арасына түссеңіз, бала соған әдеттенеді, қит етсе бәрін жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда баланы сырттай бақылау қажет. Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жегендей болса, араласуға тура келеді.

5.                 Балаңыздың немен айналысатынын, қандай іске икемді екенін бақылап отырыңыз. Сол икемділігіне қарай бейімдеу керек.

6.                 Балаға қарым-қатынасыңыз дұрыс болғаны абзал. Үнемі қатты, бұйрық мәнде сөйлеу баланың бойын соған әдеттендіріп, үйретеді. Кейін балаға қатты сөйлемесеңіз, сөз ұқпайтын болады.

7.                 Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз келеді. Кей заттарды міндетті түрде сындырып, ішін ашып көріп жатады. Өздері бір орында отыра алмайды, сұрақ койғыш болып келеді. Мұндай балаларға біз үнемі ұрысып, тәртіпке келтіруге шеберміз. Ал, ол бала айтқанға көніп, қалыпқа түсе қоймайды. Балаңыздың бойынан ондай сипат байқалса, оларда дарындылық белгісі бар екендігін білдіреді.

8.                 Кейбір ата-аналар балаларына өте қымбат заттар алып беріп жатады. Ондай балалар өсе келе көрсеқызар, дүниеқұмар, өзімшіл болатынын омір көрсетіп келеді.

«Баланың жақсысы ата-ананың - ары, абыройы, жаманы - қайғысы, азабы, тіпті бақытсыздығы» десек те артық емес. Уақытының көбін бала үйде өткізеді, сол себепті де ата-ана баласының оқуын, жүріс-түрысын, жолдастарын, киетін киімін қадағалап отырса абзал. Әр апта соңында сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен байланыс жасап, сабағы, тәртібі, басқа да мәселелер жайлы мәлімет алып отырсақ, тәрбие өз жемісін берер еді. Баланың іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады дегім келеді.

Егер, баламыз қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз:

1-    қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»

2-    қателік «Не істесең соны істе, маған бәрібір»

3-    қателік Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»

4-    қателік Балаларды тым еркелету

5-    қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»

6-    қателік Баланы тым көп ақшамен камтамасыз ету

7-    қателік Баланың ісіне көңіл-күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл-күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау.

Құрметті ата-аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз, балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал жақсы айтылган. Сол себептен де:

§     Кішкентайынан көп жапа шеккен бала өскенде кінәмшіл болады

§     Кішкентайынан мазаққа ілінген бала өскенде ұялшақ болады

§     Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала бар кінәні өз мойнына алуға бейім болады

§     Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала өзімшіл болады

§     Кішкентайынан қатыгездікті көп көрген бала өскенде дау-дамайдың ортасында жүреді

§     Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала кейін бауырмал, сабырлы, ұстамды келеді.

Сөзімді Жүсіп Баласағұнның өлең жолдарымен аяқтайын:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы-жаман болса бала - солардан.

Ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата- аналар, өзімізге байланысты.

Әрбір отбасында күннің шуағындай шаттық, жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт болсын деген тілекпен сөзімді аяқтаймын!

 

(Баяндама  ата- аналар жиналысында оқылды)

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Бала тәрбиесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 983
    • DOCX 48.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қазиева Құралай Есімбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қазиева Құралай Есімбекқызы
    Қазиева Құралай Есімбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1060
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 548 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек