Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Другие методич.материалы "Қош келдің, әз Наурыз!"

Другие методич.материалы "Қош келдің, әз Наурыз!"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Армысың, Әз-наурыз
Мақсаты:
1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
2.Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
3.Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру.
Мұғалім:
Көргенде қуанасың таза әуені
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын – Қазақ елі!
Құрметті ұстаздар, оқушылар,
ата-аналар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!
Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен
жалғасып, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!

Хор : Наурыз
Мұғалім
:

Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау – жаңа, рыз – күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған. Ендеше, ұлыс күніне тербелмеген қалам жоқ болар, содан үзінділер келтірейік:

Зәкәрия :

Ұлыс күні

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!


Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!


Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...


Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын –

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!


Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –

Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

 

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Жанар :

Кел, Наурызым!                                         

Кел, наурызым, шық төріме думандат,

Жұрт қарасын бейнетіңе қайран қап.

Табиғаттың тұмса шағы тамсантып,

Халқым да бір жадырасын сайрандап.


Кел, наурызым, самалыңмен еркелет,

Қырға шығар, жамағатты жетелет.

Бала біткен болып жүр ғой мәз-мәйрам,

Наурыз келген, көктем келген екен деп. 


Кел, наурызым, берекелі жыл басым,

Мәңгілікке замананың құрдасы.

Жылда мені қуанышқа бөлейсің,

Ғасырлардың және менің сырласым.


Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,

Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң.

Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,

Сондықтан да асқақ сенің айбының.


Кел, наурызым, көргенің көп көнесің,

Жия алмаған кездер болды ел есін.

Бұқпантайлап қарсы алатын өзіңді,

Кездер болды, ұмытпайсың, білесің.


Кел, наурызым, ортаймайтын ырысың,

Тәуелсіздік және өзің тынысым.

Жалғастырып ұрпақтарды ұрпаққа,

Аралай бер сәнге бөлеп ел ішін.

Ерназар :

Наурыз                                                   

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

 

Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,

Арқалап арамызға келдің бүгін.

Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,

Жайлауын жарастырдың елдігімнің.

 

Наурыз түріп тастап жер түндігін,

Айығып ақ күмістей серпілді күн.

Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,

Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.

 

Халқымыз қастерлеген ежелден-ақ,

Келе бер аттың басын тежемей-ақ.

Наурыз көжемізден қанып ішкін,

Ұлыстың ұлы күні тұрма қарап.

 

Шуағы жер әлімді жандандырып,

Өріске барады өріп алуан түлік.

Дән сеуіп молшылықты жасаймын деп,

Барады диқан жігіт таңнан тұрып.

 

Бақыттың тігілген соң көк байрағы,

Шарықтап көңіл құсым көкте ойнады.

Нақышын Наурыздың арқау етіп,

Жырларын ақындар да төкті ойдағы.

Данагүл :

Наурыз    

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

 

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

 

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Махамбет :

Наурыз

Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,

Татырған сары уыздың нәрін бізге.

Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,

Жарылқар берекеміз сары күзде.

 

Наурыз – ол емес әсте дырду-думан,

Киік емес қиқулап бір күн туған.

Ол – қыздың кісілікпен көшеленіп,

Рухани есеюі ұлдың туған.

 

Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы.

Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы.


Асылбек :

Молшылық, мейір маңайым             


Келдің бе наурыз – жыл басы,

Бар құтын жиып өлкенің.

Халқың сенің сырласың,

Өзіңнен өрбір көркем үн.

 

Туған жер жұпар тұр аңқып,

Гүл шашып жатыр бар аймақ.

Атады елді қуантып,

Көктемнің таңы арайлап.

 

«Селт еткізер», «Ұйқыашар» -

Ұнатқан түгел қыз, жігіт.

Өргізіп малды, сырды ашар,

Ауылдан шетте үздігіп.

 

Келісіп қызық ойынға,

Келеді ән-жыр айтысқа.

Өрмелеп баған бойына,

Жарысқа, арқан тартысқа.

 

Жастарды көріп жасарып,

Береді қарттар ақ бата.

Тілекпен игі жасанып,

Былай да берік салтқа ата:

 

«Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін.

Әумин!» 

Наурыз сыйы тыныштық                           

Айбек :

Жадырап күннің жанары,

Бетті өпсе жылы самалы.

Сай-сайға ақса жылғалар,

Бұл Наурыз хабары.

Б. Іңкәр : 

Ашылып аспан шүмегі,

Жауынмен құм да түледі.

Көкмайса жұмсақ құлпырған,

Бұл Наурыз кілемі.

Елнұр :

Бусанып тарғыл атырап,

 Нәрленіп торғын топырақ.

Жауқазын өссе күнеске,

Бұл Наурыз – жапырақ.

Назгүл : 

Көз тігіп Күнге барлығы,

Бүршігін жарса әр гүлі.

Халыққа бақыт тілеген,

Бұл Наурыздың жарлығы.

 Бейбіт :

Бөктіріп көктем жаңбыры,

Тіріліп шөптің тамыры.

Бүрленсе жусан бұрқырап,

Бұл Наурыздың таң нұры.

 Қуаныш :

Қауымға қалың дүр болған,

Шаттыққа бөлер жыр болған.

Шапағат төккен мейірлі,

Бұл Наурыз ғой нұр болған.

 Әлия :

Себелеп жаңбыр жауып тұр,

Емшегін бұлттың сауып тұр.

Жақсылық нәрін мол сепкен,

Бұл Наурыз сауық-жыр.

 Теміржан :

Тілегін айтып ұнаған,

Арылса туыс күнәдан.

Көңілде күдік қалдырмас,

Бұл Наурыз – шын адам.

 Мирас :

Тұқымын сеуіп ырыс-құт,

Дем алса диқан тыныс қып.

Тірлік пен байлық бастауы,

Наурыз сыйы тыныштық.

 Еркін :

Тәуелсіз елдің адамы,

Бейбіт күн берік қамалы.

Құт болсын дейік ағайын,

Жаңа күн Наурыз қадамы.

Жаңа жыл: Ж. Іңкәр :

Наурыз бұрыңғыдай көркің бар ма?

Қызығың жоқ кейінгі толқындарға.

Заманнан қалып кеткен мерекесің,

Сен кімге керек едің мен тұрғанда.

Наурыз: Дана :

Сен емес екі туып, бір қалғаным,

"Сен кімге керексің" - деп бұлданбағын.

Мен қазаққа керекпін, сен – өгейсің

Олар менің бауырлас туғандарым.

 

Жүрердей Аяз атаны әулие ғып,

Жаңа жылда немене бар киелік.

Қазақ қашан түсінер бұл мейрамның,

Еш мәні жоқ екенін тәрбиелік.

 

Өз жайыңмен жүрсеңші Жаңа жылым,

Біреудің аттамағын ала жібін.

Табиғаттық заңдылық тамырына,

Қол сұғып жатқаныңа наразымын.

Жаңа жыл:

Адам көп маңайымда топырлаған,

Мен де салют қалмайды атылмаған.

Мен көңілді мереке болғаннан соң,

Бүкіл әлем қызығып отыр маған.

 

Даладан ағаш кесіп, гүлді үземін,

Ол ағашқа ойыншық ілгіземін.

Мені жақсы көретін адамдарды,

Шыршаны шыр айналып жүргіземін.

 

Жаңа жыл келсе халық қуанады,

Есінен бар нәрсені шығарады.

Арақ ішіп, масайрап, салют атып,

Ойына келген ісін қыла алады.

 

Ол күні келер маған мас ағылып,

Ойынан бар шаруаны таса қылып.

Денсаулық үшін алып қояиық деп,

Жататыны болмаса басы ауырып.

 

Ол күні көп балалар бас қосады,

Салют,фейервергпен достасады.

Қызығып ойнайтыны соншалықты,

Көзі шығып кеткенше от шашады.

 

Наурыз дайындығын бос қамдайды.

Бәрібір сенің ісің қош болмайды.

Киіз үй тігіп қойды дегенменен,

Ешкім сені дұрыстап еске алмайды.

 Наурыз:

Жаңа жыл бізді қайда бұрып жатыр,

Ар жағын оның кімдер ұғып жатыр?

Науырызда егілген ағаштарды,

Жаңа жылда балталап қырып жатыр.

 

Жақсылық елді ырысқа жеткізеді,

Көктемі көңілге нұр сепкізеді.

Арақтай арам асқа ауыз салмай,

Наурызды қымыз ішіп өткізеді.

 

Наурызда жан қала ма қуанбаған,

Барлығы бір-біріне жыр арнаған.

Қайдағы аяз атаға мұқтаж болмай,

Тілектерін сұрайды бір Алладан.

 

Сәт туып қалған кезде ойды айқындар,

Белімді бекем буып сайлайтын дәл.

Жаңа жыл, бұрынғыға қарағанда,

Көбейді Наурызды тойлайтындар.

 


Ауысар кезегімен заман деген,

Жақсы жолдас болмайды жаманменен.

Қазақтар да тойлайды Наурызды,

Ат айналып қазығын табар деген.

 

Наурызда күн менен түн теңеледі,

Қала, дала шуаққа бөленеді.

Қыс өткен соң барлығы табиғаттың,

Көктем келген уақытта көгереді.

 

Алмасақ та сый Санта-Клаустан,

Кезеңде шаттанамыз жыл ауысқан.

араздасқан адамдар табысады,

Жүздері бал-бұл жанып қуаныштан.



Шаттықтың шұғыласы шашырамақ,

Менің де қонатындай басыма бақ.

Қай мейрамның жақсысын ақылды адам,

Ажыратып алады осыдан-ақ.

 

Жаңа жыл:

Мен өстіп өңіріңнен өтсем екен,

Кететін уақытым жетсе бекем.

Қазағым, Наурызыңмен жағаласпай,

Күнтізбеңнен сызылып кетсем екен.

Мұғалім :

 Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Иманбай ақсақалдың ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық.
(Ауыл бейнесі. Ортада стол, Ата, немересі, келіні)
Немересі: Жақсылық :Ата осы Наурызтөл деген не?
Ата: Мейіржан :Балам-ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал-жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.
Немере: Жақсылық: Рахмет Ата келесіде біліп жүретін боламын.
(Жастар келеді:
Жәния, Жанатбек, Нарбек, Назерке, Назым) Аталарына көріседі.
Нарбек: Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге көрісіп кетуге келдік.
Ата: Ықылас : Ия балам өркенің өссін!
Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді.
Назым : Ата мерекеңіз арнап бір ән шашу дайындап келдім. Соны орындап берейін.
Ән: «Қош келдің, Наурыз!» орындайтын: Өмірбекова Назым
Жәния : Ата біз сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік. Біз де бір ән орындап берейік.
Ән: Наурыз. Жанатбек, Жәния, Назерке, Нарбек
Ата: Мейіржан : Әй, келінжан бүгін біздің үй үлкен думанға айналды ғой. Айғаным құдағайды шақырып, немеремізді бесікке салдыртып алайық.
Келіні: Айдана :Ата, менде соны ойлап отыр едім. Бәрі дайын болады. Әй, қайным, сен құдағиға барып кел, мен қыздармен бесіктойға дайындық жүргізейін.
(құдағай келеді)
Бәрі көріседі.
Ата: Мейіржан :Құдағай, мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын.Немеремнің атын қоюды Думан ақсақалға жолдап жатырмын.

Думан: Ықылас :Сенің атың Наурызбек. Сенің атың Наурызбек Сенің атың Наурызбек Әкеңнің аты Қадырбек.
Атаңның аты Иманбай.
Анаңның аты Айғанша.
Бақытты бол.
(Келіні Айғаным құдағайға баланы апарады.)
Ата: Мейіржан : Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай.
(бесікке салу дәстүрі)
Әлди-әлди ақ бөпем, орындайтын: Айғаным құдағай.
Ән: Шілдехана. Орындайтын: Нысанбек пен Гүлзинат
Ата: Мейіржан :Құдағай, Думан ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Қадырбай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Жастар «Бастаңғы» жасасын.
Құдағай: Шынаргүл :Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.
Мұғалім :

Бастаңғы  қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.

Қызға қырық үйден тыйым” деген берік қағиданы ұстанған қазақ қыздары, әдетте, мұндай басқосуға жеңгелерімен немесе іні-қарындастарымен бірге келетін болған. Кейде жиын қызықты өтуі үшін сал-сері бозбалалар да шақырылған. Бастаңғыға жиналған қыздар үйлерінен құрт-май, қант-шайларын өздері әкеліп, ортақ дастарқан жайған. Бастаңғының екі түрлі тәрбиелік мәні бар. Алғашқысы баласының үйде отырып томаға-тұйық болып қалмауына, елмен араласуына, замандастарымен жақын танысуына жол ашу; қонақ күте білуге баулу. Енді бірі — қызды қазан-аяқ ұстауға, дастарқан жасай білуге, т.б. үйрету. Сондықтан Бастаңғыны көбіне қызы бойжете бастаған үйлер жасаған. Бірақ Бастаңғы рұқсатсыз, бақылаусыз өтпеген. Өйткені, “шешесі қыдырмашы болса, қызы бастаншыл болады” деген сөз бар. Басқосу барысында жастар әзіл-оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып, әр түрлі өнерлерін ортаға салған. 


«Селт еткізерін» сүр еттей сақтаған сайыпқыран ұяң сұлудың «Ұйқыашарынан» дәмелі. Ұлт ұғымында ғасырлар бойы сақталған бұл игі дәстүрдің астында атан түйеге жүк болар мән-мағына жатыр. Жігіттер «Селтеткізерге» тазалықтың, пәктіктің нышанындай айна, тарақ, иіссу сыйлаған. Қыздар бозбаланы көңілі хош көрсе, жас малдың етіне уыз қосып, дәмдеп тағам пісірген. Аталған дәмнің «Ұйқыашар» аталуы да бекер емес. Себебі, 21-нен 22-сіне қараған түні халық көз ілмей Жаңа жылдың алғашқы таңын күткен. Күн көзі көрінген уақыттан кейінгі екі сағат мезет «Күн сәті» деп саналған. Егер кімде-кім Ұлыс күннің «Күн сәтін» маңдайын тосып қарсы алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға сай жаңа күнді қарсы алу салты қалыптасқан. Кезінде жануарлар да мүшел басына емес, осы құтқа таласқан болар-ау? Жиналған жұртшылық күлімдеп көрінген Күнге сәлем беріп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарасқан. Десе де, сол қыр басында талай жастың серті мен сезімі бәйшешек болып, аппақ көңілдеріндей нәзік қалпымен үлбіреп тұрған-ау. Рауандап атқан наурыз таңы талай сырларға қанық болған шығар, сірә? Сөзсіз, қазақ үйге «Үт кіріп, құт кірген» кез жастық шақтың ұмытылмас сәттерін сыйлаған. Табиғат оянып, тіршілік атаулыға жан жүгірген көгілдір көктемде «Ұйықашардың» уыз дәмі ұғымдының үмітін оятқан. «Селтеткізер» сырғалыны сырлы сезімге бөлеген. Сол заманнан белгі боп ұрпаққа өлең-жыр қалған.

Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.

Ұлдар әні: «Құралай»

Қыздар әні: «Дедім ай ау»

Айтыс : Ақжайна мен Ғалымжан
Мұғалім :

Түрлі-түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.

4 сынып ұлдары «Теңге алу»

4 сынып қыздары «Сақина салу»

2 сынып ұлдары «Арқан тартыс»

2 сынып қыздары «Сиқырлы таяқ»

Мұғалім :

Наурыздың нағыз сәні ол - наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады. Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?
Себебі, Жеті деген киелі санға құрылған.
Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген.

Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.
Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.
Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.
Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.
!
Бата беру. Жанатбек
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!

Альбина

Жарқырасын Атыраудай жеріміз!
Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз
Ел сүйсініп дәулетіне елімнің,
Малға толып жатсын барқыт беліміз!
2-жүргізуші:
Тойла бүгін тауларым мен боз далам,
Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.
Мереке боп келген бүгін Наурызым!
Береке бол ешқашанда тозбаған!




Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров150
Номер материала ДВ-289332
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх