Инфоурок Начальные классы Презентации"Халықтың мәдени мұралары" өзін-өзі тану ашық сабақ

"Халықтың мәдени мұралары" өзін-өзі тану ашық сабақ

Скачать материал

                                                                         Тексерілді: _______________

                                                                 «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану                                        

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

№: 4

Мұғалімі: Арысбаева Г

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Халықтің мәдени мұрасы.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға халықтың мәдени мұралары туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1.     Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.

2.     Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

5        Т – ережесі:

1.     Тәртіп.

2.     Талап.

3.     Тыныштық.

4.     Тазалық.

5.       Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

     Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2.     Үйге тапсырманы тексеру.

1. №3 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №4, «Атамның өсиеті» өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Халқымыздың қандай салт – дәстүрлерін білесіздер?

2. Салтты сақтау неліктен өсиет етіледі?

3. Ата салтын құрметтеу қандай қасиеттерді дамытады?

4. Өзің қандай салт – дәстүрлерді сақтап жүрсің?

3.     Сабақтың дәйексөзі.

«Мәдени мұра – халық игілігі».

                                                          Нақыл сөз

Сұрақтар:

1. Қандай мұраларды ата-бабадан қалған мирас дейміз?

2. Мәдени мұраға нелер жатады?

3. Атамұра адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

3. Дәйексөзден не түсіндің?

 

4.     Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Әкеден қалған мұра

Ертегі

 

Бір қарияның үш ұлы болыпты. Бір күні қария ұлдарын жинап былай депті:

-  Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Мен сендердің әрқайсыларыңа бір теңгеден берем. Сол теңгеге сендер бір зат алып осы бөлмені толтырыңдар.

Үлкен ұлы әкесінің берген теңгесіне екі қап масақ алып келіп, оны бөлмеге шашады. Бірақ, бөлме екі қап масаққа толмайды.

Екінші ұлы әкесінің берген теңгесіне қауырсын сатып алады:

- Сіздің берген теңгеңіз тек осыған жетті, - деп, қауырсынды бөлмеге шашады, бірақ бөлме оғанда толмайды.

Әкесі балаларына қарап басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:

-  Сен неге үндемейсің? Сен бөлмені немен толтырасың?- дейді.

Сонда кенжесі былай депті:

-Мен мына бөлмені жүрегімдегі шырақпен, жылулықпен толтыруға тырысам. Оны тек бөлмеге ғана емес, бүкіл әлемге, жанымдағы адамдарға ізгілік қасиетімен толтыруға тырысам, - деп әкесіне шырақ жағып көрсетеді.

- Осы шырақтың отындай жүрегімнің жылуымен, ізгілік қарым-қатынасын жасаймын!-дейді кенжесі.

Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері болады деп, кіші ұлын айтыпты. Үлкен баларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.

Сұрақтар:

·Қария үлкен ұлдарының жауаптарына не себепті қанағаттанбайды?

·Бөлмені жүректегі шырақпен, жылулықпен қалай толтыруға болады?

·«Шырақтың отындай жүрек жылуымен, ізгілікті қарым-қатынас» дегенді қалай түсінесіңдер?

·Өздеріңнің қарым-қатынас жасауларыңның сипаты туралы айтып берсеңіздер.

 

5.     Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Мұғалім әр топтың үстел үстіне үй макетінің қатты қағаздан қиылып жасалған іргетасын, керегелерін, шатырын, есік терезесін жайып қояды. Әр қағаздың арғы бетіне мақал – мәтелдердің бір сөзі қалдырылып жазылады.
Балалар мақал - мәтелдерді құрастыра отырып үй макетін жасайды.
1. Бала тәрбиесі -....... бесіктен
2. Адам -....... әдебімен көрікті
3. Тәрбие басы -...... тал бесіктен
4. Үлкенді сен сыйласаң -...... кіші сені сыйлайды
5. Әдепсіз өскен баладан -.... тәртіппен өскен тал артық

 

6. Топпен ән айту.

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
 
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
 
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
 
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.  

 

6. Үй тапсырмасы.

1. №4 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №5, «Жүз мәрте» мәтінін оқып келу.

 

7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Халықтың мәдени мұралары" өзін-өзі тану ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2019 1344
    • DOCX 23 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Арысбаева Гаухар Махмуткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Арысбаева Гаухар Махмуткызы
    Арысбаева Гаухар Махмуткызы
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 34197
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек