Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / 5 класс математикадан сыныптан тыс жұмыс "Математикалық дәмхана"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

5 класс математикадан сыныптан тыс жұмыс "Математикалық дәмхана"

библиотека
материалов

Математикалық кафе ” атты сайыс.

Мақсаты:

Білімділік: Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.

Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ойын тақырыбына байланысты плакат, математикаға байланысты нақыл сөздер, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу.

Ойын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.

II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:

Ас мәзірі:

  1. «Мәңгі ұмтылмас» салаттар

  2. «Бешбармақ»

  3. «Біздің столдан сіздің столға» («Балапан» салаты)

  4. «Жеміс» торты

  5. «Жемістер»

  6. «Мезим»

III. Жеңістерді анықтау, марапаттау.

Сайыс барысы:

Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Нақты білімге қызығушылар

Естігенін естіп тұрып,

Оқығанын миға тоқушылар.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Біз оқытқан оқушылардың,

Сәті келді сыналар.

Есепті түрлі – түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысармыз.

Ойлы сұрақ, жеңіл сұрақ бәрі де бар,

Әзіл есепке бүгінгі кеште де орын бар.

Олай болса, бұл не тұрыс,

Кешімізді біз бастайық.

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ – қазыларды ортаға шақырайық!

(Әділ – қазы алқасымен таныстыру)

Сіздерден кафенің «Бухалтерлік мекеме» - деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!


Қымбатты математика жанкүйерлері мен осы залға жиналғандар! Сіздерге осы ойынға қатысушылар атынан қатал да, қатесіз математикалық сәлем!

Математика – бұралаңсыз нақты ілім,

Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.

Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,

Тарқалмайды қуаныш пен шаттығын – деп мектебімізде өтіліп жатқан «Математикалық кафеге» хош келдіңіздер демекпін! Біздің кафемізде бүгін математиканың алғырлары, тапқырлары білімдермен сынасады. Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар ендеше, олармен таныс болыңыздар!


Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от көздерінде жалын бар – дей келе,

ортаға 5 сынып оқушыларынан құралған

«Шаршылар» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық!


Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсатын.

Әрқашанда мектепте,

Шығып жүрген жақсы аты – деп

5 сынып оқушыларынан құралған «Үшбұрыштар» атты тобын ортаға шақырамыз!


Құрметті кафе қонақтары! Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңіздің үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!

Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер әрқашан біздің кафенің таңсық тағамдарына тамсанып, сіздер қызықты да мазмұнды уақыттарыңызды өткізесіздер деген сенім білдіремін! Кафе мәзірінен колориялы тағамдармен қатар, ыстық және суық тағамдарды, сонымен бірге тіл үйіртетін, мәңгі есіңізден кетпес, дәмімен денеңізді балқытатын десерт пен сусындарды таба аласыз. Сонымен бірге біздің кафеде өз қызметін, ас мәзірін ұсынатын даяшылар әрқашан да сіздердің қастарыңыздан табылады. Ендеше, астарыңыз дәмді болсын!

Бұл бөлімде сәлемдесумен қатар, әр топ өздерінің тобымен ұранын айтады.

Сонымен, ортаға: (әр топ өздерінің сәлемін жолдап, ұранын айтады)


1 – сайыс: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар, жұмбақтар, қисын есептер соусынан тұратын «Мәңгі ұмтылмас» салаттарын ұсынамыз.Бұл салаттар сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін командаларға кезектесіп сұрақтар қойылады. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады. Дұрыс жауап 1 балмен есептеледі.

Сұрақтар:

  1. Ол оқушы құралы,

Қатені түзетіп тұрады. (Өшіргіш)

  1. Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (бұрыш)

  2. Алды артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді,

Шыққан еді біздерден. (Түзу)

  1. 90 градусқа тең бұрыш (тік)

  1. 90 градустан үлкен бұрыш (доғал)

  2. Бірге барып класқа,

Бірге үйіңе қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады.(Күнделік)

  1. Бойы екі қарыс сиып тұр сол бойға 25-30 арыс. (сызғыш)

  2. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады . Ал 28 саны қай айда кездеседі?(Ж:28 саны барлық айда бар)

  3. Оңынан да , солынан да жазғанда өзгермейтін цифрлар бар. Ол қандай цифрлар? (989 және 1881)

  4. Жердің формасы қандай геометриялық фигуралар (шар)

  5. 10дм қосу 150см тең қанша см (250см)

  6. Математиктердің ойынша бір поездың екінші поездан айырмашылығы неде?(номерінде)


2 – сайыс: Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте қазақтың ұлттық тағамы «Бешбармақ» ұсынылады.(Мұнда есептер шығарып, сол есептер бойынша әріптерді табамыз. Сол әріптерден сөз құраймыз. Сөздердің орысша, ағылшынша аудармасын айтамыз ) Даяшылар екі топқа тағамдарын апарып береміз.


Көрермендермен ойын

Сұрақтар қою:

1. Бұл заттың пішіні тік төртбұрыш тәрізді. Ол қашық тұратын адамдар келгенде көбінде бар. Ауылға жақын тұратын адамдарда біреуінде де жоқ. Оны сен жай алмайсың. Әрі ол бір жерден сатып алынады. Бұл не? (жол билеті)

2. Бұл зат біреуінің қалтасында, біреуінің сөмкесінде. Бетіңде сандар бар. Ол сан заттар ауысып кетпеу үшін жазылған. Бұл не? (Киім тапсырғанда берілетін белгіше)

3. Онымен ертеректе дүкендерге қолданылған. Әр сатыларында дөңгелек тоқаштар ілінген. Оны қолданғанда өзі сарт-сұрт етеді. Қарапайым калькулятор деп атауға болады. (Есепщот)


3 – сайыс: Келесі кезекте әр команда өздерімен кафеде бірге көңіл көтеріп көрші столда отырған адамдарға ас сыйлауы керек. Ол сыйлық - «Біздің столдан сіздің столға» деп аталады. Мұнда ұсынылатын ас – «Балапан салаты». Бұл ұсынылған астан алу үшін әр команда үй тапсырмасы ретінде әзірлеп келген ребустарын шешеді. Мұнда екі топ бір-біріне ребустарын береді.

(Даяшылар ребустарын әділқазыларға алып барады)


4 – сайыс: Сіздерге «Жеміс» торты ұсынылады. Яғни, жеміс тортының құрамында математикалық ойын қосылған.

Әр бір командадан ортаға бір оқушы шығады. Олар даяшылардың қолынан конверттегі тапсырманы алып орындайды (музыка көмек).

1 – конвертте:

Көзі байланған оқушы тақтаға барып тікбұрышты үшбұрыш бейнелеу керек.

2 – конвертте:

Көзі байланған оқушы тақтаға барып тіктөртбұрышты бейнелеу керек.

5 – сайыс: Енді құрметті қонақтар! Сіздерге «Жемістер» ұсынамыз.

Ол үшін сіздерге, сандарға байланысты мақал – мәтелдер ұсынылады. Сіздер мақал – мәтелдердегі сандарды дұрыс табуларыңыз керек. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

....(екі)жақсы қас болмас, ....(екі) жаман дос болмас.

Досыңды ...(үш) күн сынама, ...(үш) жыл сына.

...(10) рет айтқаннан ...(1) рет көрсеткен артық.

Білгенің бір ...(9), білмегенің ...(99)

Ер қаруы - ...(5) қару.

Жұмысқа ...(үш) жылда үйренеді, жалқаулыққа ...(үш) күнде үйренеді.

...(6) жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.

Болар бала.....-інде (15) баспын дейді, болмас бала ...(25)- інде жаспын дейді.

...(бір) елі ауызға -...(екі) қақпақ.

Жерді ....(екі) рет жыртқан, өнімді ...(екі) есе өнім алады.

Біреуге ...(5) күн алдында келсе, біреуге ...(5) күн кейін келеді.

...(бір) күн тұзын татқанға, ...(40) күн сәлем.

Оқымаған ...(бір) бала, оқыған (екі) бала.

...-ау (6) ала болса ауыздағы кетеді, ...-еу(4) түгел болса төбедегі жетеді.


6-сайыс: Бүгінгі кеште сіздер біздің аспазшылар әзірлеген астардың дәмділігіне риза болып, барлық ұсынылған ас мәзірлерінен бас тартпаңыздар. Кейбір адамдарда қабылдаған астары тез қорытылады, ал кейбірінде іштерін ауыртып мазасыздандырады. Асты көп қабылдаудан іштері ауратындарға, сонымен қатар бүгінгі ас бойларыңызға тез сіңуі үшін сіздерге асқазан үшін таптырмас дәрі «Мезимді» ұсынамыз.

Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу.

Әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қараңғы бөлмеде май шам мен керасин шамы тұр. Бірінші не жағасыз? (шырпы)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?
(бәрі жарылып қалады)

Командалар уақыт бітті. Сайысымызды қорытындылағанша

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Шынымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдап, би белесек-деп, бухгалтерлік мекеменің есебі дайын болғанша 8-класс оқушысы Максатова Томиристің орындауында «МИФ әлемі» атты ән-шашуымызды қабыл алыңыздар.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!-демекші математикалық кафемізге уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров235
Номер материала ДВ-327714
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх