Е.Өмірбаев
атындағы орта
мектебі
Сабақтың
тақырыбы:
«Адам және
өсімдіктер
мен жануарлар»
Өткізген:
Оразбекова С.
3
сынып
2009
жыл
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Адам
және өсімдіктер мен жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Адам
және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы
қарым-қатынасты түсіндіріп, меңгеру.
Сабақтың білімділігі: Табиғат
бөлімінде оқылған тақырыптардың білім-біліктілігін
жүйелеу. Адам-табиғат қарым-қатынасын
рухани деңгейде түсіндіру.
Дамытушылығы: Адамның
тірі табиғаттағы ролі мен орнын бағалау. Оқушылардың
танымдылық белсенділігін арттыру, ойлауын дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,
әңгімелеу, топтап оқыту, шығармашылыққа үйрету.
Пайдаланатын құрал: Интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы: I
Ұйымдастыру
II
Үй тапсырмасын тексеру
«Жануарлар
арасындағы өзара қайырымдылық» тақырыбын мәтінін
оқып мазмұндау.
Өткен
тақырыпты қорытындылау.
1) Түлкі
мен қоянның арасындағы қайырымдылық туралы кім айтады?
2) Арқар,
суыр, шақшақайдың достығы туралы кім айтады?
3) Адам
мен жануарлар достығы туралы кім айтады?
Жаңа
сабақ. Адам және өсімдікатер мен жануарлар тақырыбын
өткен сабақтармен байланыстыра отырып түсіндіру.
Табиғат-------өлі
табиғат және тірі табиғат
Тірі
табиғат-------адам, жануар, өсімдік.
|
Тіршілік көзі
|
|
|
|
|
|
Адам
|
|
Жануар
|
|
Өсімдік
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Мәтінді оқып беру.
2.Сұрақ-жауап
арқылы мәтіннің мазмұнына тоқтау.
3.Мәтінді оқушыларға оқыту.
Сергіту
сәті
«Жеміс жинау»
ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту.
1.Өсімдік адамға
не силайды?
2.Өсімдік
шаруашылығының неше түрі бар?
3.Үй жануарларын
ата?
4.Жануарлар бізге
не сыйлайды?
5. Жануарларға
қалай көмектесеміз?
6.Тіршілік үшін не қажет?
Шығармашылық
тапсырма.
Ұйқасын
тап
|
Табиғат туралы мақал-мәтелдер
|
Табиғат
туралы тиым сөздер
|
Адал жанды аяла
Арамзаны............
Отынға ағаш кес
Әдепті болып....
Досыңды жамандама
Бостан босқа..............
Ағызып тер
Бапта........
өс, қаралама, аяма, жер.
|
|
|
Сабақты
қорытындылау. Екі оқушыны салыстырып қорытындылау.
Табиғат
тіршілік көзі.
Табиғатты
аялайық
Үй
тапсырмасы. Адам және өсімдіктер мен жануарлар.
Бағалау.
Е.Өмірбаев
атындағы орта
мектебі
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «Ее дыбысы мен әрібі»
Өткізген:
Оразбекова С.
1
«в» сыныбы
2011-2012
оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Е
е дыбысы мен әрібі.
Сабақтың мақсаты: 1.
Оқушыларды Е е әрібімен, жаңа буындармен, жаңа
сөздермен таныстыру. Сұрақ жауап әдісін пайдалана
отырып сөздермен таныстыру. Тыныс белгісі
бар сөйлемдерді дұрыс оқуға үйрету.
2. Е
е дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату,
дұрыс жазуға, буынға бөлуге, есте сақтауға
үйрету.
3.
Балаларға бағыт бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс
істеп, ой өрістерін дамыта, қорытынды шығаруға
машықтандыру.
Дамытушылығы:
Жеке тұлғаны дамыту. Танымдық қабілеті мен қызығушылығын
арттыру.
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке,
еңбек етуге, әдепті болуға үйрету.
Әдісі: Сұрақ-жауап
әдісі, әңгімелеу әдісі, түсіндіру.
Көрнекілігі: Кеспе
әріптер мен буындар, Ее дыбысы келетін сөздер:
емен, еден, ел, ер т.б.с Ешкі, кесе, ер, емен, суреттері.
Сабақтың барысы: I.
Ұйымдастыру.
А)
Оқушыларды түгендеу.
Ә)
Сабаққа дайындығын тексеру.
II.
Үй тапсырмасын тексеру
1.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
«Аңдар»
мәтінін тізбектей оқып, түсініктерін сұрау
-
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-
Сөз неден құрылады?
-
Сөйлем неден тұрады?
-
Дауыссыздар нешеге бөлінеді?
2.
Тақтада кеспе буындармен жұмыс жасау. Сөздер жазылады.
бұлақ, аңшы, ұста, оқушы, балалар, мақта.
III Жаңа
сабақ. Ее дыбысы мен әрібі. Ой ашар,
Жұмбақ.
Жарға
шығып ойнады,
Ойынға
бір тоймады.
Болсадағы
сақалы,
Секеңдеуді
қоймады.
Балалар бұл жұмбақтың
шешуі қандай дыбыстан басталып тұр? –Е
дыбысынан.
Дұрыс-ақ олай
болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс Е дыбысы мен
әрібі. Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс екенін
оның сөздің соңында, ортасында, басынды кездесе беретінін
сурет бойынша түсіндіру.
Емен, ешкі,
кесе, ер
IV.
Оқулықпен жұмыс.
А) Сөздерді
буынға бөліп оқу.
Е-мен,
не-ме-ре, жел, бел, жер, бес
Ә) Емен
мәтінін оқып түсіндіру. Әңгіменің мағынасын ашу.
Сергіту минуты.
Қуыр-қуыр
қуырмаш,
Балапанға
бидай шаш.
Тауықтарға
тары шаш,
Қасқыр
келсе тұра қаш.
VI
Дәптермен жұмыс.
А)
Ее әрібін ауада жазып көрсету.
Ә)
Дәптерге үлгі бойынша жазу.
Б)
Берілген суреттердің аттарын тақтаға жаздыру.
Үш топ болып болып жарыстыру.
Алма
шие асқабақ
Қауын
үйрек етік
VII. Қорытынды: 1.
Е дыбысы қандай дыбыс?
2. «Сөз
айла» ойыны Е дыбысы келетін бірнеше сөздер
ойлату, жарыстыру.
Үйге тапсырма: 75-
беттегі сөздермен «Емен» мәтінін оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Су.
Судың қасиеті және жай- күйі
Сабақтың мақсаты: Су.
Судың қасиеті және жай-күйі туралы
түсінік беру. Судың барлық ерекшеліктерін
сипаттау: түсін, мөлдірлігін,
иісін, тазалығын тәжірибе жасау
арқылы анықтау.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды
ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа
үйрету. Табиғат ананы қорғап,
аялауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың
жан-жақты ойлануын, ізденуін,
оқығанын есте сақтауын іс жүзінде
қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: тірек-сызба,
қималар, суреттер.
Сабақтың барысы: І
Ұйымдастыру.
а)
оқушыларды түгендеу
ә)
сабаққа дайындығын тексеру
ІІ
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен
Ауа, ауаның қаситеі және маңызын
сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
1. Ауа адамға
не үшін қажет?
2. Ауаның
негізгі қасиеттері қандай?
3. Ауа қандай
жерлерде болады? Оны қалай білеміз?
4. Адам жақсы
өмір сүру үшін қандай ауа қажет? Ол үшін не істеуіміз қажет?
Жаңа сабақ: Су.
Судың қасиеті және жай-күйі тақырыптарын
түсіндіру. Адам өміріне не қажет?
Өткен тақырыптарды еске түсіру.
ауа су тамақ
Адам
өміріне қажет?
жарық жылу
Кітаппен жұмыс: Су
мәтінін оқып,түсіндіру. Сұрақтар арқылы
қорытындылау.
1. Асан
судың қандай қасиетін анықтады?
2.
Судың мөлдірлігін қалай анықтауға болады?
3.
Адам мен судың байланысы туралы әңгімеле?
4. Бұлақ
жағасы неге әдемі?
Судың
қасиетіне 3 топ болып тәжірибе жасау.
І топ.
Екі ыдысты аламыз. Бір ыдысқа сүт,
екінші ыдысқа су құйып салыстырамыз.
Сүт – ақ, Су – түссіз екенін
анқтадық.
ІІ топ. Екі
стаканның біреуіне сүт, екіншісіне су құйып,
олардың ішіне қасық саламыз. Қайсысындағы
қасық анық көрінеді. Судағы
қасық анық көрінеді. Судың иісі жоқ.
Олай болса су түссіз, мөлдір иіссіз.
ІІІ топ. Кесеге,
шыныға, стаканға су құйып, осы ыдыстардағы
судың пішінін қарайық. Судың
пішіні сол су құйылған ыдыстың өзіндей
болады. Олай болса суда тұрақты
пішін болмайды. Су құйылған ыдыстың
пішініндей болады.
Судың жай-күйі туралы сурет
бойынша түсінік беру.
Судың
жай-күйі
сұйық
бу қатты (мұз)
Су туралы мақал-мәтелдер, тыйым
сөздер айттырып, жұмбақ шешу.
Ақ
көрпесін тұйықтап,
Қыстай
жатыр ұйықтап. (Қар)
Тілі
былдыр
Үні
сылдыр. (Жаңбыр)
Дәмі
де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас
кісі жоқ. (Су)
Таусылмайтын
ақ мақта,
Қысы,
жазы тау жақта. (Қар)
Жазда
болмайды,
Қыста
боладды.
Терезеге
қонады,
Әсем
ою ояды. (Қырау
Судың
қасиеттерін қорытындылау:
сұйық иісі
жоқ жұғады
Судың қасиеті
түссіз
пішіні болмайды мөлдір
Үйге тапсырма: Су.
Судың қасиеті және жай-күйі тақырыбын
оқып келу
Бағалау:
Е.Өмірбаев
атындағы орта мектеп
Сынып жетекші: Оразбекова С.
2011-2012
оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Сабаннан «Аққала»
панносын жасау
Сабақтың мақсаты: Аққаланың
бейнесін сабаннан жапсырмалап жасау.
Білімділік мақсаты:
Оқушыларды табиғаттың ғажайып құпиясы мен табиғи материалдардың
қасиетін таныстыру.
Дамытушылық
мақсаты:Табиғи материалдарды сол
қалпында
дұрыс сақтау, өсімтдіктерді кептіру тәсілдерін түсіндіру мен таныстыру арқылы
танымдылық қабілеттерін таныту.
Тәрбиелік
мақсаты: Оқушылардың жұмысқа икемділігін арттыру,
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа
материалды игерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Қайшы,
клей, дайындалған сабан, қатырма қағаз, бор.
Сабақтың барысы:
І Үй
тапсырмасын тексеру:
Сабанды жаңа сабаққа дайындап келу.
ІІ Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
1)
Табиғи
материалдарға не жатады?
2) Табиғи
материалдардан не жасауға болады?
3)
Өсімдіктерді
кептіру жолдары қандай? Қауіпсіздік ережесін жазып қою.
ІІІ Жаңа
сабақ. Сабан, панно туралы суреттер көрсетіп, олардың не зат екенін қайдан
алынатыны туралы түсінік беру.
Сабан
«Аққала» панносын қалай жапсырмалап жасау керек екенін түсіндіру.
а)
Сабаннан панно жасау технологиясы бірнеше кезеңдік дайындық жұмысын қажет
етеді.
ә)
«Аққала» панносына қажетті материалдарды сабаннан кесіп дайындаймыз.
б)
Жасайтын суреттің көлеміне қарай жапсырмалайтын панноны қиып дайындаймыз.
в)
Аққаланы қағаз бетіне саламыз. Сыртқы сызықтары бойынша желімді жағып, қиылған
сабанмен өрнектейміз, ішін әр түрлі қылып сабан қиындыларымен безендіреміз.
ІV
Шығармашылық тапсырма.
1-топ.
Қыс туралы мәтін құрастыру
2-топ.
Аққаланың жасалу жолын түсіндіріп айту.
3-топ.
Аққала, қыс туралы өлең, тақпақтар айту.
V Қорытындылау 1)
Бүгін қандай табиғи материалмен жұмыс істедік.
2)
«Аққала» панносын жасау жолын түсіндіріп айтып беру.
VІ Бағалау
«Е.Өмірбаев
атындағы орта мектебі» ММ
Сабаннан «Аққала»
панносын жасау
Өткізген:
Оразбекова С.
2014-2015
оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.