Инфоурок Начальные классы Презентации"Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі"

"Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі"

Скачать материал

Тақырыбы:  «Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.»

Мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білуге, бағалауға үйрету.

ә)дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау, көркем тілде сөйлей білуге дамыту.

б)тәрбиелелігі: Адамгершілікке, сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, көрініс кейіпкерлері, шарлар,т.б.

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сәлеметсіздер ме,құрметті  ұлағатты  ұстаздар!
Сіздерді  дәстүрлі ұстаздар  мерекесімен шын  жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың  отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық  табыстар
тілейміз.
    Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»-- деген  Ы.Алтынсарин  атамыз .Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар .Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі  ұлы еңбек. Сонымен «
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.    

 

ІІ. Негізгі бөлім

Сахна сыртынан Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім! туралы өлең оқылады 

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы, тұра қал.

Мұғалімді келеке еткен бар құлар,

Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

 

Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

 

Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

 

 Махабатты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

 

Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

 

Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:

Жұрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

 

 Жүргізушілер шығады.

І - жүргізуші: - Ау Айдана , сен мұнда қайдан жүрсің?
ІІ - жүргізуші: Қайдан жүрсің қалай? Бүгін ұлы мереке емес пе?! Яғни ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі - бәрі білім, тәлім алған ұлы ұстаздарымыздың төл мерекесі емес пе?!
І - жүргізуші: Әрине солай. Демек, сен.... Мен қателеспесем сол ұстаздарды құттықтау үшін жүрген болдың ғой.
ІІ - жүргізуші: Дәл солай.
І - жүргізуші: Ендеше, не тұрыс, екеуміздің бүгінгі мақсатымыз да, жоспарымыз да бір сияқты. Олай болса, ұлағатты ұстаздарымызды бүгінгі мерекелерімен құттықтайық.

ІІ - жүргізуші: Келісемін.
І жүрг:           Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын!


ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
 ІІ жүргізуші:
Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз
.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар  «: «Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.» атты кешімізге  қош келдіңіздер.

ІІ жүргізуші: Ұстазым,менің,ұстазым,
                         Өзіңмен өткен қыс-жазым.
                          Қалдырған ізің мәңгілік,
                         Жадымда тұрар жаңғырып.
                        Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!! Қарсы алыңыздар ортада мерекелік құттықтаумен Хор «Ұстазым» әні

І жүрг  Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлеміндей отырып сахна төріне оқушыларды шақырамыз. /тақпақтар/

 

Аяулым: Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,

Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.

Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде

Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған

Ақбота: Мұғалімдер күні бүгін шаттық күйге кенелген,

Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.

Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып.

Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.

Назира : Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда.

Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.

Төрдегі орын, Сізге, Ұстаз Сіздікі! Мұғалім

Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.

Бақдәулет:Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,

Шәкірттері оларға гүл, ән де жыр да сыйлады.

Тек сұтаздық мерекесі емес бүгін шынында

Сол ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы.

Мансур: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Перизат: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

 

 

Бекасыл:   Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

 

ІІ - жүргізуші Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

ІІ - жүргізуші  Ал бұлбұл әншілеріміз  асыл ұстаздарға  деген жылы лебізі мен шәкіртті асқақ махаббатын әсем әнімен жеткізгісі келеді екен.
Ендеше сахнаға Алғашқы ұстазым әнімен , Нұраддин Мансур мен Берекет Ардақты ортаға шақырамыз .

І жүргізуші: Айдана,  қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған кім? 
ІІ – жүргізуші: Ыбырай Алтынсарин 

І жүргізуші: Дұрыс айтасың.

ІІ – жүргізуші:  Нұрахмет сен білесң бе,? Биыл Ыбырай атамыздың туғанына 175 жыл болып отыр екен.  Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

 І жүргізуші: Көрініс: Жеміс бағында

Ортаға атасы мен немересі шығады: екеуі бақшаға барып, егілген ағаштары мен гүл жапарықтарын көріп жүреді.

Немересі: Ата ,мынау алма ағашы неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?
Атасы: Оның себебі,  балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары боса кескен. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен

Немересі: Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой.
Атасы:  бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым; мұнан сен де өзіңе үлгі алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Егер ұстазың  қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсе, мұғалімнің  айтқанын ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзеу бала болып өсерсің, бағусыз бетімен кетсең, сенде мынау қисық біткен ағаштай қисық болып өсерсің.
Ұстаздар! Шынында да қисайғанды түзеп, солғанға нәр беріп, төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор-ау. Сіздерге рақмет айтып, мақтан тұтамыз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз, егеменді еліміздің азаматы боламыз деп сенім білдіреміз.

Рөлдерде ойнағандар:

Атасы: Нұрым Бақдәулет

Немересі: Кемелбай Мереке

   1-Жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.

«Қазақ биі» - Аяулым мен Альбинаның  орындауларында
2-жүрг Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

                   Дәметкен апай
Аяулым
Қаншама жыл бұл мектепті басқарады
Түлеп ұшқан жас түлек сан - салалы
Үлесі бар мектепті көркейтуге
Дәметкен апай сізге алғыс жолданады.
            

             Жансауле апай

Нұрахмет: Ұстазым, ақылшым, аялаған.

Бәйтерексіз шәкіртіңіз саялаған.

Үлгі тұтам өзіңізді әрдайым

Шәкіртінен білгенін аямаған

               Құралай апай

Назира: Бар білім бастауыштан басталады.
Шығармыз шыңға биік асқаралы.
Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз
Құралай апай, әлі - ақ ақталады.
Ұмытпас шәкіртіңіз, әрқашанда
Қолына алғаш қалам ұстатқанды.
Алдыңызда әрқашан тағзым етіп,
Тұрады «Ұстазым» деп басын иіп.

Ақбөпе апай

Айдана: Әр адамға құрметпенен қараған

Өз бойынан мол ізгілік тараған.

Талап пенен тәртіпті тек ту етіп

Ақбөпе апай сіздей қайдан бар адам.

                                   

 

 

Ақмарал апай

Альбина: «Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,
Ақмарал апайдан көп сұрарымыз.
Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін
Керек болар тіліміз, құмарымыз.
Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз.
Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз.
Тілейміз Ақмарал апайларға 
Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.
                        Серікбай  ағай

Мереке: Ұл-қызын  мәпелеп аялаған,

Досынан қол көмегін аямаған.

Әрқашанда Серікбай  ағай өнегелі,

Еңбек ету жолында шаршамаған.

                        Гүлжазира апай

Дәулет: Қиын есеп шешу жолын үйреткен,

Оқушысы айтқан сөзін екі етпеген.

Гүлжазира апай мерекеңіз құтты болсын,

Зор денсаулық тілеймін шын жүректен

 

                        Алданбек ағай

Ұлдана: Суреттің сырына қанықтырған,

Үйретуден оқушыны жалықпаған.

Мұғалім көп соның бірі Алданбек ағай

Меркеңіз құтты болсын шарықтаған.

 

                       Асел апай

Әдемі: Мұғалімдік ең құрметті мамандық

Жас ұрпақты өсіретін адам қып.

Ұстаздардан адамзатқа таралған,

Мол мейірімі, ізгілік пен адамдық.

                        Назира апай

Мирас : Айта берсек ұстаздарға, тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген.

Соның бірі     Назира апай ардақты,

Орны бөлек әрқашанда салмақты.

                        Асыл апай 

Аян: Шәкірттерін мәпелеп, аялаған
Біздерден қол көмегін аямаған
Бүгінде ортамызда Асыл апай 
Мектеп үшін еңбегін аямаған

 Әлия апай

Әбілмансур: Спорттан талай шәкірт даярлады.

Шәкіртінен бар білгенін аямады.

Әзілі бірге жүрер өзіменен

 Әлия апай білгенін аямады.

        Жангүл апай

Толғанай: Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

 Жангүл апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

              

 

 Клара апай

Мәди: Келесіз шәкірттерді тәрбиелеп,

Мінезі әр шәкірттің әрбір бөлек.

Жүресіз бәріменде тіл табысып.

Сыпайы мінезіңіз бар, ойың зерек
                        Гүлдерайым апай

Бекасыл: Ағылшын тілі жаңа заман талабы,

Шет елден білім алуға әр баланың арманы

Осы жолдың тілеушісі

Гүлдерайым апай сол саланың маманы

 Айжамал апай

Перизат: Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Айжамал апай үйретсе,
Шырқатамыз бәріміз.
             

2-Жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз
– деп, келесі кезекті әсем әуенді әнге берсек.  Қарсы

алыңыздар, ортада             Ақылшы ұстазым әнімен , Қаршығаұлы Мәди мен Сержан  Толғанайды ортаға шақырамыз

   1-Жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мереке ұстаздар құтты болсын!
- дей келе  оқушыларымыздың сіздерге деген ыстық лебізі мен жүрек қалауымен шыққан өлеңдерін қабыл алыңыздар.

1-Жүргізуші : Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Үнді » билеумен тамсандырған.

«Үнді » биімен – Нұрболат Әдемінің орындауында

2- Жүргізуші  Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
1-
Жүргізуші:  Иә, дұрыс айтасың, Айдана. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
2-
Жүргізуші:- олай болса, ата-аналармен ойын ойнайық.
1-
Жүргізуші ойнайық! Ендеше ортаға екі ата-ана келсін. 
1-
Жүргізуші құрметті ата-аналар, сіздер қазір үйде үй жұмысын орындап отырған ана мен баланың арасындағы диологты құрасыздар. Алдарыңызда алфавит тұр, әрбір әріпті көрсеткен кезде сол әріптен басталатын сөйлемдерді байланыстырып әңгімелесесіздер.
Онда бастайық!
2-
Жүргізуші: керемет! Ата-аналарымызға қошемет көрсетейік.

2-Жүргізуші Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

     Бала десе ойламайды өз қамын

    Керсем дейді күнге де кол созғанын            

    Шәкірттерін өзінен де озғанын

деп сіздердің құрметтеріңізге арналған Фариза Оңғарсынова апамыздың «Ұстазыма» өлеңімен  оқитын Берекетті Ардақты  қарсы алайық.

2-Жүргізуші
Бірге өсіп,ел жайлаған ұл менен қыз,
Асыға сәлем жолдап жүректен біз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.- тағы да бір  әсем бимен қарсы алайық. / «Түрік»  биі

Орындайтындар Жұмабай Перизат пен Түгелбай Ұлдана

1-Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.деп ортаға

2-Жүргізуші Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

Қорытынды бөлім.

1-Жүргізуші:  Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2-Жүргізуші Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.»атты мерекелік кешімізді  аяқтай келе сөз кезегін
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына сөз кезегін береміз.
1-Жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2016 2701
    • DOCX 36.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Асел Тогизбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенова Асел Тогизбаевна
    Есенова Асел Тогизбаевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7891
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Принципы эффективного использования аграрных ландшафтов

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции