Инфоурок Математика Другие методич. материалыМатематика пәні бойынша интеллектуалды жарыс 5-6 сыныптар арасында «Бақытты сәт»

Математика пәні бойынша интеллектуалды жарыс 5-6 сыныптар арасында «Бақытты сәт»

Скачать материал

Сайыстың тақырыбы: «Бақытты сәт»

Мақсаты:Оқушылардың математика ғылымын оқуға,үйренуге  және оны зерттеуге  деген құштарлығын жоғарылату,математика ғылымына деген көзқарасын  айқындау,тарихын білу.

Әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік арқылы,түсіндіру,сайыс,бағалау

Көрнекілігі:кеспе қағаздар,ұлы ғалымдардың портреттері,нақыл сөздер,тарихи деректер,альбом,рефераттар және т.б.

Пәнаралық байланысы:тарих,география,дене шынықтыру

Сайыстың барысы:

І.Кіріспе.

    Ең ежелгі математикалық жазбалар екімыңыншы жылдар басынан б.з.д. аралықты  қамтиды . Осыдан 5-6 мың жыл бұрынғы мәдениетті елдерде  ілім-білім  Мысыр мен Вавилон ,Индия мен Қытай –Шығыста. Вавилон, Мысыр  қонысы  Евфрат  пен Тигр қос өзенінің  аралығында ,Индия-Ніл мен Ганг, ал Қытай –Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің атырабын алып  жатты . Сулы жер нулы жер демекші,каналдар қазылып,жер құрғатылып,егін салды . Өнімдер жиналып,қамбаларға құйылды . Бұл өлшеуге,есептеуге әкелді . Сәнді  архитектуралық құрылыстардың  салынуы ,теңізде жүзу,сауда-саттық  және т.б. басқаруға терең математикалық  білімді талап етті .

    О баста мәдениет пен білім,ілім дербес елдерде жеке-дара дамыса,бертін келе сыбайласа,көрекйіп,ілгерідей түсті . Сөйтіп қазіргі электрон,атом,химия,компьютер заманына  ұласты . Математика  ғылымы  мазмұны бай  ғылымға айналды . Математиканың дамуында әр елдің,әр ғылымның өз үлесі бар . Ендеше,бүгінгі  8-сыныпта өтетін «Білім сайысында» ұлы адамдар  және мәдениеті,ілімі дамыған елдер туралы тарих беттеріне шолу жасап,танысамыз.

1-тур: «Қай ғалым?»

1.Ғұлама Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»  атанған ғалым кім?

а.Бируни                          ә.Әл-Фараби                     б.Әл-Хорезми

2. «Миллион» ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім?

а.Ұлықбек                        ә.Ы.Алтынсарин              б.Әл-Фараби

(Ы.Алтынсарин 1879жылы Орынборда шыққан «Начальное  руководство к обучению киргизов русскому языку» деген оқулығы арқылы таратты).

3.Координаталар  жүйесін  ең алғаш енгізген  кім?

а.Р.Декарт                         ә.Г.В.Лейбниц                   б.К.Гаусс

4.Ең алғашқы тікұшақтың  жобасын  салған, математика, физика, астроно-

мия,геология,адам  және жануар физиологиясымен,химиямен айналысқан,бірақ дүние жүзіне  аты басқа жетістігімен танымал болған адам?

а.К.Циалковский                  ә.Ч.Дарвин                        б.Л.до Винчи

5.Евклид геометриясын жалғастырушы ғалым.

а.К.Вейерштрасс                   ә. Р.Декарт                        б.Н.Лобачевский

6.Физика-математика факультетін бітірген,генерал Панфиловтың туысы.

а.Б.Байқадамов                      ә.А.Жұбанов                    б.Н.Тілендиев

(Абай атындағы педагогика институтының физика-математика факультетін  бітірген,қазақтың алғашқы хор музыкасының негізін салушы,күйеу баласы).

7.Алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып,бірақ баспаға шығармаған ғалым.

а.А.Байтұрсынов                   ә.Ы.Алтынсарин               б.Қ.Сәтпаев

8.Бірінші ЭЕМ-ді Кеңес Одағында  қай ғалым жасады?

а.С.А.Лебедев                       ә.  Чебышев                       б.К.Циалковский

9.Көбейту,теңдік белгісін қолданған неміс ғалымы.

а.Г.В.Лейбниц                      ә.К.Гаусс                            б.К.Вейерштрасс

10.XVIIғ.физика және математика ғылымдарындағы  ұлы тұлға.

а.и.Ньютон                            ә.Г.Галилей                       б.Коперник

     2-тур: «Қай  қала?»

1.Пифагор мектебі қай қалада алғаш ашылған?

а.Афина                                   ә.Рим                        б.Кротон

2.VIII ғ.Шығыстың қай қаласында  астрономия-математика мектебі құрылды?

а.Тараз                                    ә.Бағдат                    б.Отырар

3.Ойшыл ақын,терең философ,асқан математик  қай жерде,қай қалада дүниеге келді?

а.Иран,Нишапур қаласы        ә.Самарқан              б.Пәкістан

4. «Даналық үйі» деп аталатын үлкен ғылым ордасы орналасқан қала.

а.Хорезм                              ә.Ферғана                     б.Бағдат   ІХғ.

5.Геометрияның негізін салушы Евклид қай қалада өмірге келді?

а.Мысыр                              ә.Александрия               б.Вавилон

6. «Алгебра атасы» ,он цифрды таратушы ,энциклопедист Әл-Хорезми туған қала.

а.Отырар                               ә.Хорезм                        б.Ферғана

(Қазіргі Өзбекстан Республикасына қарасты  Хорезм облысы Үргеніш қаласында 783 жылы  шамасында туып,850 жылдары қайтыс болған.Түркі тілдерінен араб,парсы,еврей,санскрит –ежелгі үнді тілі,грек тілдерін білген).

7.Математика,физика,философиямен айналысып,ұстаздық  еткен Пифагор (570-500 ж.ж.) қай жерде дүниеге келген?

а.Эгей теңізі ,Самос аралы       ә.Грекия                 б.Вавилон

8.Қазақтың атақты математигі 1956 жылы туған Асқар Жұмаділдаев  еліміздің  қай өңірінен шыққан?

а.ШҚО                          ә.Атырау облысы            б.Қызылорда облысы       

9. «Математика королі» атанған К.Гаусс қай елде  дүниеге келген?

а.Германия                    ә.Италия                          б.Франция

10.Үнділіктер (хиндылықтар)  ежелгі  заманда Рома  деп  қай  қаланы атады?

а.Каир                                 ә.Рим                            б.Афина

3-тур: «Жадыңда жүрсін!»

1.Б.з.д.570-500 жылдары өмір сүрген Пифагордың тәлім-тәрбиелік  мәні бар сөздері кең тараған шешен.Оның мына қанатты сөздері  бізге жетті:

*Тәннің саулығына немқұрайды қарама,уақтылы тамақ ішіп,жаттығулар  жасап жүр.

*Ұйқың келгенде өткен күнде  тындырғаныңды талдамай көзіңді жұмба.

*Білуге тиіс нәрсенің бәрін үйрен,сонда сен  тыныш өмір сүресің.

2.Ежелгі  грек оқымыстысы Евклидтің өмірі туралы мағлұматтар өте аз . Ол туралы небары ел аузында  екі аңыз сақталған.Соның бірі : «Бірде Птолемей патшаның /б.з.д.300-285ж.ж./: «Геометрияны бейнетсіз,оп-оңай түсінудің жолы бар ма?»,-деген сауалына Евклид : «Геометрияда патшалар үшін айрықша жол  жоқ»,-деп жауап қайырыпты.

3.Орыс ақыны А.С.Пушкин : «Арабтар Еуропаға  алгебра мен Аристотельді  тарту етті» деп айтуында терең астар жатыр.Шынында да,алгебраны,арифметиканы Еуропаға әкелген Әл-Хорезми бастаған ғалымдар болса,арситотельді таныстырған Әл-Фараби,Ибн  Сина бастаған тағы басқа философ-ғұламалар.

4.Ғұлама,энциклопедист ғалым,есімі дүние жүзіне әйгілі философ,екінші ұстаз Әл-Фараби  Сырдария өңіріндегі Қарашоқы жерінде 870-жылдары туған. Әл-Фараби атқа шауып,көкпар тартуға ,найзаласуға,ақындық өнеріне үйреніп,түрлі ел тілін үйреніп,тарихымен танысты.Ол мына ғылымдармен айналысты:

философия

астрономия

геометрия

логика

механика

медицина

тарих

лингвистика

музыка

оптика

қолөнер

педагогика

архитектура

арифметика

әдебиет

зоология

ботаника

алгебра

этнография

психология

 

Әл-Фараби-ақын әрі композитор.Ол  мынадай ескі музыкалық құралдарда да ойнай алған:

Сыбызғы

 

флейта

Сырнай

Керней

Дабыл

Домбыра

 

Асатаяқ

арфа

барабан

Т.б.

 

ІІІ.Қорытынды.

1.Тарихи есеп шығару.

    Ғұлама әл-Фарабидың конструктивтік геометриясынан  мысалдар келтірейік:

1.Екі тең квадраттан бір  квадрат құрастыру керек.

     Ол үшін әрбір  квадратты диагоналы бойынша қисақ,төрт үшбұрыш  пайда болады . Олардың диагоналдары – ізелінді квадраттың қабырғасы.Егер  пайда болған үшбұрышты тік бұрышы бойынша бір-біріне  жанастырып қойсақ,онда квадрат шығады.

2.Сегіз тең квадраттан бір квадрат құрастыру керек .

      Екі квадраттың әрқайсысын  төрт квадраттан құрастырып,оларды  диагональдарынан қияйық.Сонда екі квадрат төрт үшбұрышқа бөлінеді . Олардан жаңа квадрат құрастырамыз.

 Сайыс соңында ұпайды көп жинаған оқушы жеңімпаз атанып,марапаттауға ие болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

ФИЛОСОФИЯ                          ЛОГИКА

 

ГЕОМЕТРИЯ                           МУЗЫКА

 

АРИФМЕТИКА                      АЛГЕБРА

 

МЕДИЦИНА                      ТАРИХ

 

  АСТРОНОМИЯ                ҚОЛӨНЕР

 

  ЭТНОГРАФИЯ                 ОПТИКА

 

 ПСИХОЛОГИЯ                 ӘДЕБИЕТ

 

ПЕДАГОГИКА                 БОТАНИКА

 

ЛИНГВИСТИКА              ЗООЛОГИЯ

 

АРХИТЕКТУРА                МЕХАНИКА

СЫБЫЗҒЫ                           ДОМБЫРА

 

АСАТАЯҚ                             ФЛЕЙТА

 

СЫРНАЙ                               АРФА

 

КЕРНЕЙ                               БАРАБАН

 

ДАБЫЛ                                  РАБАБ 

 

Овал: ӘЛ - ФАРАБИ
 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Математика пәні бойынша интеллектуалды жарыс 5-6 сыныптар арасында «Бақытты сәт»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2016 1017
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джумажанова Гульмира Батырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8300
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение возможностей MS Excel в профессиональной деятельности учителя математики

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 196 человек

Курс повышения квалификации

Формирование умений и навыков самостоятельной работы у обучающихся 5-9 классов на уроках математики в соответствии с требованиями ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 453 человека

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 10 регионов

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе