Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Материал "Қызды қырық үйден тыйым"

Материал "Қызды қырық үйден тыйым"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Тәрбие. «Қыз қырық үйден тыйым»

Сабақ мақсаты: оқушыларға тәрбие беру, адамгершілікке тәрбиелеу

Бір отбасының ғана емес, бір рулы елдің, қала берді, бүтін бір ұлттың ұлт болып қалыптасуына әсер ететін тұлғаның анса екені даусыз. Ол – қай қоғамның болсын, басты күретамыры. Ананың аялы алақанының жылуы арқылы біз мейірім мен шапағатқа бөленеміз. Ол – аналық махаббаты мен ана сүті арқылы ұлттың асыл қасиетін де, ата-баба өсиетін де, асыл діні мен ана тілін де, салты мен ділін де ұрпақ бойына дарытатын жан. Ал бүгінгі ана – кешегі бойжеткен қыз – ертеңгі асыл әже. Демек, бүгінгі қыздардың қолында бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы тұр. Біз ибалы да инабатты, тәлім-тәрбиелі қыз өсіру арқылы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп отырмыз. Бірақ, сол болашақ ана атанар қыздарымыз жұрт алдында ізеттілігімен көзге ілігіп жүр ме, әлде…
Әлде, олар өздерінің қадір-қасиетін түсінбей, көрінгеннің қолжаулығы болып жүр ме? Сайын даланы сары алтындай сақтап, ұрпағына аманат еткен ата-баба арманы орындалды ма? Бүгінгі әңгіме түйіні осы турасында болмақ.

Кеше…

Атам қазақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойған. Шарананы құрсақтан тәрбиелеп, ата салтын бойына дарытқан. Әсіресе, қыз баланың тәрбиесіне баса көңіл бөлген. Себебі – бүгінгі бүлдіршін қызды «ертең ибалы келін, одан соң абзал ана атанады» деп тәрбиелеген. Демек, ертең елдің батыры мен ақынын, көреген көсемін, сөзуар шешенін, топ жарар дүлдүлін де, өмірге әкелетін – ана. Сол себепті қыз баланы қонақ деп санап, бетінен қақпай, «қызға қырық үйден тыю» дей отырып, еркелетіп, ибалы, инабатты, тәрбиелі, ар-намысын алдыңғы орынға қоятын ару етіп өсірген. Құлағында шолпысы, шашында шашбауы бар жан сұлулығы мен тән сұлулығы тең қазақ қызының басты тәрбиешісі ана болған. «Есті қыз етегін жабады» деп, ұзын көйлек кигізіп, қыздың талшыбықтай бұралған сырт-келбетін сұқ көздерден сақтаған. Аналар қыздың киім киісіне, жүріс-тұрысына, қай ортада болсын, өзін-өзі қалай ұстау керектігіне, үлкеннің алдын кесіп өтпеуді, кішіге ізет көрсетуді құлағына құйып отырған. Қызының алдында әкесін асқар таудай ете білді. Отағасының айтқанын екі етпей, оның қадір-қасиетін балаларының алдында арттыра түсті. Мұны көрген қыз да ертеңгі күні ер адамның алдында қия баспасы, ерін, яғни балаларының әкесін қастерлейтіні анық. Қазақ аналары сонымен қатар, «Қызым үйде, қылығы түзде», «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болады» деп өзіне де барынша шектеу қойып, қызының әрбір ісін бағамдап отырған, «шеше тұрып қыз сөйлеуден» безген. Бойжеткен қыздың еркімен қыдыруын шектеп, құрбы-құрдасымен көңіл көтеру үшін алтыбақан, ақсүйек, бастаңғы, тоқым қағу сынды жастар бас қосатын ортаға ғана жіберетін болған. Бірақ, қыз баланың әр басқан қадамы анаға аян болып отыратын. Ертеңгі күні келін болып түскен ауылда өз отбасының, бір рулы елдің бетіне таңба болмасы үшін ар-намысын аяққа таптатпауды жалықпай санасына сіңіріп, қадап айтып отырған. Атақты «Қорғансыздың күні» шығармасындағы жауыздыққа тап болған қаршадай қыздың күнәдан пәк жерді басқысы келмей, өзін-өзі өлімге қиып, үсікке шалдығуы ертедегі ата-ананың баласын адалдыққа, кіршіксіз пәктікке тәрбиелегендігінің, әдеп пен әдемілікке үндегендігінің басты мысалы бола алады. Ал баршамыз сүйсіне де тамсана қарайтын «Қыз Жібек» фильміндегі мына бір эпизод есіңізде болар. Әлі некесі қиылмаған Жібек пен Төлегенді отауға кіргізген жеңгелері екі жастың ортасына белдік қояды. Бұл халқымыздың ақ некені аттамауды талап ететін әдемі бір салты. Бір-бірін құлай сүйсе де екі жас ата салтын бұзбаған. Осы мысалдардан-ақ бұрындары қыз баланың әр кезде әдептіліктің ауылынан алыстамай, «ар», «намыс», «адалдық» дейтін ұлы ұғымдарды шынайы жүрегімен түсініп, ұятына қылау түсірмегенін аңғаруға болады. Өйткені, ата-ана қыздың намысы – бүкіл бір ұлттың намысы екенін түсіндіре білген. Тіпті, бір қыздың намысы үшін бір рулы ел атқа қонған кезі де аз емес. Сол замандағы қыз тәрбиесі турасында Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп апамыз өзінің «Бабалар аманаты» атты кітабында былай деп жазады: «Қазақ қазақ болғалы қыз сыйлаған, қызын алқалаған текті халық еді. Сандығында кілті жоқ жомарт қазақ сол жомарттығын алдымен қызына жасаған. «Ұл – түтін, қыз – күтім» деп қызға жақсыны кигізіп, дәмдіні жегізіп, жорғаны мінгізген. Үйдің оң жақ төріне отырғызған. Тұрмысқа шықпаған қызды «оң жақтағы қыз» дейтіні сондықтан. «Ұрыс-керіс естіген қыздың мінезінің мәні болмайды» деп, қыз көзінше өрескел, бейпіл сөз сөйлемеген, анайы қылық көрсетпеген. «Бақыты байланады, жолы кесіледі» деп қызға кол көтермеген. Оны айтасың, отырған қыздың аяғынан аттамаған. Мұны кесір деп түсіндірген. Өйткені, еркектің де, әйелдің де тарайтын түбі – қыз. Адамзаттың ұлы анасы, ортақ анасы – Хауа ана да қыз болған. Бүгінгі қыз – ертең бір әулеттің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Желегі желбіреген сол келін өмірге ұрпақ әкеліп, ақ жаулықты ана атанады. Ал аналар – елдің тәрбиешісі, ұлттың беломыртқасы, берекенің бесігі. Іргетасы мықты соғылған үйдің ұзаққа шыдайтыны секілді, жақсы тәрбиенің қаймағын қалқып ішкен қыздан көргенді келін, білікті ана шығады. Әйел-аналар өнегелі болса, елдің көсегесі көгеріп, керегесі кең жайылады. Төрт қанаты түгел, отының басы бүтін болады. Парасатты ананың тіккен шыбығынан бәйтерек өсіп, арғы ұрпағына саясын түсіреді. Осының бәрін терең ойлап, алыстан зерделеген бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген екен. Сөйтіп, қыздың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән беріп, салмақты міндет жүктеген. Қызды тыйып ұстау – тірсектен қағып, еңсесін езу емес, қырық үйден, тіпті, қара күңнен де бір абзал өнеге үйреніп, ұлағатты сөз естіп, оңды талғам көрсін дегені. Қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін айтады. Қызды тектеп ұстауды меңзейді. Тыю деген, міне, осылардан құралады. Оң жақтағы кезде жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан жары болу – парыз». Міне, қазақ қызы осындай тәрбие алып, отбасының ұйытқысы бола білді.

Бүгін…

Бүгінгі жастар «заман осындай» деген желеумен батыстық менталитетке ден қойған. Қыздарымыз бұрымын қырқып, тіпті, шашын сыпырып сәнденсе, жігіттеріміз керісінше, шаш өсіруді жөн көреді. Тіпті, шашы бар аруларымыздың өзі оны сан түске бояп әуре. Бұл – бір. Екіншіден, етек-жеңі қысқарып, кеудесі жартылай жалаңаш киім киіп жүргендер де өзіміздің қаракөздеріміз. Ал ішімдікке сылқия тойып, мас болу мен шылымды бұрқыратып жүруді, тіпті, сәнге айналдырғандай. Жүзінен ұяты төгіліп тұратын қазақ қызы бүгінде ешкімнен қымсынбастан-ақ көше бойында сүйісіп тұрғанын көргенде кімге кінә артарыңды білмей дал боласың. Қазір қыздар үлкеннен именіп, арлану дегеннен ада ма дерсің. «Жаным арымның садағасы» деп санайтын халықтың ұл-қызы неліктен арсыздыққа баруда? Бұған қоғам кінәлі ме? Әлде, балаларының материалдық жағдайын ғана жасап беруді алдыңғы орынға қойып, бала тәрбиесін уысынан шығарып алған ата-ана кінәлі ме? Біреу қоғам десе, енді бірі «қоғам да адамның іс-әрекетінен өзгереді емес пе?» деп дау айтары анық…
Жыл сайын шетелде білім алып жатқан қаракөз қыздарымыздың ішінде жат құшағында кеткендер саны артып келеді. Олар тек шетелдіктің жетегінде кетіп қана қоймай, бірі қылмысқа барса, бірі азаматтық некеде тұрып, балалы болуда, енді бірі, тіпті, сол «күйеуінің» қолынан қаза тауып, келеңсіздікке ұшырап жатқанын жиі естіп жүрміз. Мәселен, осыдан 5-6 жыл бұрын жерлесіміз Әсел Әбдіғаппарова азаматтық некедегі күйеуі америкалық жігітпен бірге жазықсыз жанды жер жастандырған болатын. Тіпті, ол «күйеуінің» қылығына қарсы тұрудың орнына бірлесе отырып, мәйітті көмуге де көмектескен екен. Сол себепті де Әселге Америка заңы бойынша өлім жазасы кесілген еді. Бірақ бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі араласқандықтан, өлім жазасының орнына қырық жылға бас бостандығынан айырылады. Кейін анықталғандай, халықаралық білім бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқу үшін Әсел емес, оның інісі Әсет емтихан тапсырыпты. Белгілі бір себептерге орай, Америкаға Әсел аттанады. Бірақ, ол ата-ананың сенімін ақтай алмай, туған-туысы мен қазақ жұртын әлем алдында ұятқа қалды.
Ал енді өткен жылдың қарашасында Австралияда білім алып жатқан 22 жастағы Сағынай Батырханованың тағдыры да сіз бен біздің есімізден шыға қоймаған болар, сірә. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Австралиядағы Гриффит университетінің бірінші курсында оқитын Сағынай Батырханованы азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуі «пышақтап өлтірді» деген суық хабар ел ішін жайлап кетті. Ал біздің «күйеу баламыз» өзінің кінәсін де мойындаған болатын. Бұл хабардың артынша-ақ интернет беттерінде Малайзияда оқитын бір қазақ қызының некесіз бала туып, сәбиді қоқыс жәшігіне лақтырғаны анықталды. «Көкек ананың» қылмысы әшкереленіп, ол құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына да ілінген болатын. Осылайша, бар-жиған тергенін қалтасына салып беріп, шетелге оқуға жіберген ата-ананың арманы ада болып, үміті өшті. Бейресми деректерге сүйенсек, 2010 жылы 8 мың қазақ қызы шетелдік азаматқа тұрмысқа шығыпты. Бұл көрсеткіштің өткен жылы одан сайын арта түскені тағы да баршамызға аян. Халықтың өсуіне әйелдің құрсағы қызмет атқарады десек, қаншама қаракөз қаймана қазақтың емес, шетелдіктің көбеюіне үлес қосуда. Сонау Кеңес кезінде орыс және басқа ұлт өкілдерінің жетегінде кеткен 100 мыңнан аса қазақ қыздарынан туған жиендердің бірде-бірі қазаққа қызмет еткен жоқ. Сондықтан да қазір шетелде қалған жиендеріміз қазақ үшін қурай басын сындырмасы ақиқат. Осылайша, кешегі ар-намысын бәрінен де биік қойған қазақ қыздарының бүгінгі ұрпағы көрінгеннен қорлық көріп, жаттың қолжаулығына айналуда.
Бүгінде жастар арасында «азаматтық неке» деген пәле шықты. Неке деген аты болмаса, бұл жерде бірге тұратын қыз бен жігіт өзара келіспей қалса, екеуі екі жаққа кете береді. Бір-бірінің алдында ешқандай жауапкершілік сезінбейді. Тіпті, екеуінің арасында бала болса да ешкім ешнәрсеге жауап бермейді. Батыстан келген бұл «үрдіс» те жастар арасында кеңінен белең алып барады. Олар үшін бұл – үйреншікті дүние. Әсіресе, «неке» деген қасиетті ұғымның қадірін кетіріп жүргендердің ішінде өзіміздің қаракөздеріміздің де жетіп артылатыны жаныңа батады. Ал жүкті болып, үйленіп, бір-екі айдан кейін босанатын «дайын келіндердің» санында да шек жоқ.
Бүгінгі қазақ қоғамының тағы бір дерті – жасанды түсік. Әсіресе, бұл дерттің жыл сайын «жасарып» бара жатқаны ішіңді удай ашытады. Бірнеше жыл бұрын мектеп бітірген бойжеткендердің аяғы ауыр дегенді естісек, жағамызды ұстаушы едік. Ал қазір…
Ал қазір «14-15 жастағы мектеп оқушысы жүкті болып, түсік жасатыпты» десе де селт етпейтін болдық. Себебі – бұл үйреншікті құбылысқа айналып барады. Ең қорқыныштысы да – осы. Қарға тамырлы қазақтың ұрпағын тәрбиелеп, өмірге ұлы тұлғалар әкелетін болашақ аналарымыз өзінің ертеңгі тағдырына бүгін балта шауып жатыр. Кей мәліметтерге сүйенсек, еліміз бойынша жылына 200 мыңдай жасанды түсік жасалып, 1643 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалады екен. Ал алғашқы шаранасын жасанды түсік арқылы алдырған қыздың ертең ана атанары екіталай. Бұл жайында дәрігерлер де дабыл қағып айтуда. Бірақ, онымен жасанды түсік «дерті» азаяр емес. Мұны көпшілік бүгінгі интернет пен телеарналарда көрсетіліп жатқан фильмдер мен небір арсыз, ұятсыз бағдарламалардың кесірі деп түсінеді. Иә, таңның атысы, күннің батысы «көгілдір жәшікке» телміретін жастар оң, солын әлі ажырата алмағандықтан, одан теріс тәрбие алмағанда қайтеді?!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.09.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров30
Номер материала ДБ-174815
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх